Материалдар / Ересек топ циклограммасы қараша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ересек топ циклограммасы қараша

Материал туралы қысқаша түсінік
Караша айына арналған ересек топ циклограммасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
150
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін_______________________________

Меңгеруші:_____________________________

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024жыл 1 апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

04.11.2024

Сейсенбі

05.11.2024

Сәрсенбі

06.11.2024

Бейсенбі

07.11.2024

Жұма

08.11.2024

Балаларды қабылдау

Балаларды жайдары көңіл күймен қарсы алу. Баланың балабақшаға деген қызығушылығын арттыру. Баладан қандай көңіл күймен келгенін стикер арқылы көрсетіп, сәлемдесуді пысықтау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту). Жаңадан жасалған автотұрақты көрсетіп, ондағы көліктермен жол ережесін және қауіпсіздік ережесін сақтап ойнауына жағдай жасау.

Апта дәйексөзі: «Дені саудың жаны сау»

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен,

кеңес, әңгімелесу

Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, келісім білдіру, жеке басын құрметтеуді үйрету мәселелері бойынша кеңес беру

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды, үстел үсті ойындары,

бейнелеу іс- әрекеті,

кітаптарды қарау және басқалар)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары. Пазлдармен үстел -үсті ойыны. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қалта», «Суретші қай жерде қателесті?», «Не жоқ?» .

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу.

Табиғат бұрышындағы еңбек (бөлме өсімдіктеріне күтім жасату) Балармен жеке жұмыс.

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау

«Кірқоймас» мультфилімін тамашалату.

Міндеттері: Автор сөздерін айту, кейіпкердің мінезін беруді үйрету.

(көркем әдебиет)

Табиғаттағы ауа райының жағдайын бақылауға және бақылаудың нәтижелерін табиғат күн тізбесінде белгілеуге үйрету. (қоршаған ортамен танысу)


Әдеби шығармаларды мұқият тыңдауды үйрету.

Міндеттері:

Шынықтыр сен денені

Теңізші боп егерде,

Жүзем десең тереңде.

Белден басып мұз-қарды, Кезем десең шыңдарды,


Түлеп ұшар жас қанат

Болам десең космонавт, Шарлау үшін әуені,

Қуат керек әуелі.


Жігер керек, от керек.

Ерлік керек, еп керек.

Ол үшін ең керегі

Шынықтыр сен денені.

Д. Қанатбаев

(көркем әдебиет)

Міндеттері:Шығармашылық қиялды дамыту спорт алаңшасын жасау. Топтағы бар заттарды пайдаланып. (құрастыру)



Бестемше ойынын ойнату.


«Геометриялық фигуралар»

Міндеттері: (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб) танып, атай білуге үйрету. Спорттық ойын құралдарының қандай пішінге немесе денеге ұқсайтынын анықтау, салыстыру.

(математика негіздері)


Құрастыру материалдарымен құрастыру ойындары, кітаптарды қарату, (сөйлеуді дамыту)


«Денсаулық сақтау әдістері мен түрлері» туралы кітаптар қарап, түсінік бергізу.

Міндеттері: Кітаптардағы суреттер арқылы ойдан ертегі құрауды ұсыну.

Тәрбиешімен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.

(қоршаған ортамен танысу)

(көркем әдебиет)

Ертеңгілік жаттығу

Қараша айына арналған таңертеңгі жаттығуларды орындату (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтқызу, ас қайырту. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Балаларға жаңалықтарымен бөліседі, жақсы тілектер тілеуді ұйымдастыру.

«Денсаулық дегеніміз не?» тақырыбында әңгімелесу. «Дені саудың жаны сау» деген нені білдіреді ойларын сұрау. Суреттер арқылы түсіндіру. Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдату, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру.

Тепе-теңдікті сақтау

гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру

Еңбектеу, өрмелеу: 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша

еңбектеу;

Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды

бір-біріне домалату;


Қимылды ойын:

Ойыншықты алып кел.

Күн шуақ және жаңбыр

Музыка

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру

Жүгіру: аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру

Секіру: бір орында тұрып, қос аяқпен секіру

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру.


Қимылды ойын:

Күн шуақ және жаңбыр

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу.


Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру

Тепе-теңдікті сақтау

гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру

Секіру: бір орында тұрып, қос аяқпен секіру

Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды

бір-біріне домалату;


Қимылды ойын: Кешікпе

Мысық пен тышқан

Музыка

«Кірқоймас» мультфилімін

Мақсаты:Өз бетінше мазмұндау. Міндеттері:Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдысын дамыту.

(сөйлеуді дамыту)



Кірқоймастың суретін салу.

Теңізші

Мақсаты: өз бетінші шығармашылық әрекет жасауын дамыту.

Міндеттері:Балалардың қалауы бойынша дәстүрден тыс әдіспен өлең желісі бойынша суретін салу, ермексаздан ұжымдық жұмыс арқылы теңізші бейнесін жасау және геометриялық пішіндер арқылы кемені жапсырту.

(сурет салу, жапсыру, мүсіндеу)

Қазақ тілі

Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.

«Кірқоймас»

Мақсаты: ертегіні естеріне түсіру.

Міндеттері:Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді үйрету

(көркем әдебиет)


«Спорттық ойын түрлері» Мақсаты:Сурет бойынша спорттық ойын түрлері туралы әңгіме, үлгі бойынша әңгіме құрастыру.

(көркем әдебиет және сөйлеуді дамыту)


Ойын.

Мақсаты:Бір қатарға балаларды тұрғызып, қалған балаларға тапсырма бердірту. Тапсырма бойынша айтылған бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен),

(математика негіздері)

Серуенге дайындық

Серуендеуде балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбекке баулу, таза ауадағы ойындар арқылы белсенділіктерін күшейту.

Балаларды ретімен (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуін бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру. Достарының киінуіне көмектесуге тәрбиелеу (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Бақылау.

Мақсаты: Балабақша ауласындағы құстарға бақылау жасату. Жем бергізу.

(қоршаған ортамен танысу)


Қимылды ойын «Шымшықтар мен мысық»


«Бассейн»

Міндеттері:Құрастыру ойыншықтарымен бассейн құрастыруды үйрету.

(құрастыру)


Денені таза ауада қалай шынықтыруға болады? Міндеттері: Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу

(сөйлеуді дамыту)


Геометриялық фигураларды Міндеттері: (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб) танып, атай білуге үйрету. Балабақша ауласындағы заттардың пішінін анықтату.

(математика негіздері)

Қимылды ойын «Ұшты ұшты»


Бақылау.

Мақсаты: Балабақша қызметкерлері мен олардың еңбек әрекеттері

туралы білімдерін жетілдіру.

(қоршаған ортамен танысу)


Ұлттық ойын

«Ханталапай»


Бормен желдің суретін салу.

(сурет салу)


«Қауіпсіздік ережелері»

төтенше жағдай кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету


Бақылау.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру. Табиғаттағы өзгерістерді байқату.

(қоршаған ортамен танысу)

Қимылды ойын «Шымшықтар мен мысық»

Үш дөңгелекті және екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындау дағдысын дамыту;

(дене шынықтыру)


Бақылау.

Мақсаты: Бүгінгі ауа райы туралы екеу ара әңгімелесуді ұйымдастыру. Диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға үйрету.

(сөйлеуді дамыту)


Қимылды ойын

«Орамал тастамақ»

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу барысында көркем сөз қолдану.

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін күй тыңдату. Қазақ халық ертегілерін оқып беру (көркем әрекет)

«Күй күмбірі» - балалардың музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру



Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.

(дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).

Бесін ас

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Ойыншықтар»

Міндеттері:Еремексазды қолдану дағдыларын пысықтау арқылы мультфилімдегі ойыншықтарды мүсіндеу, желімді пайдалануды жетілдіру

(мүсіндеу, жапсыру)


Дидактикалық ойын «Ғажайып сандық» Мақсаты: Сандықтан түрлі геометриялық пішіндерді бір бірден әр бала алып, көруін және сипап сезу арқылы зерттеу жасауын ұйымдастыру

(математика негіздері)

«Ғарыш кемесі»

Міндеттері:Құрылыс материалдарынан кеме, ғарыш кемесін жасату.

(құрастыру)


«Жарқыл мен ғажайып көлік түрлері»

Сюжетті-рөлдік, драмалау ойындары



Дене шынықтыру құралдарын ермексаздан мүсіндету. Қырсау, доп және т.б

(мүсіндеу)


«Спорт зал» тақырыбында ұжымдық жапсыруды жасату. (жапсыру).


ғарыш кемесіКеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтауды үйрету. Допты баланың әр жағына қою арқылы, дұрыс атауын үйрету. (математика негіздері)


Спортшыларға өзі таңдаған ойын құралдарын тауып жапсырту.

(жапсыру)



Балалардың қалауы бойынша спорттық ойын құралдарының суретін салу немесе ермексаздан жасату

(сурет салу, мүсіндеу)


Апта бойы жасалған жұмыстардың ішінен ұнағанын қайталап жасауға мүмкіндік беру.

(сурет салу, жапсыру, мүсіндеу)



Балалармен жеке жұмыс















Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Ұнататын әнін дауыстап және төмен дауыспен айтқызу

(музыка)

Еркін ойындар


Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

(қоршаған ортамен танысу)

Дербес ойындар


Қимылды ойын

«Сақина жасыру.»

Ұнататын әнін дауыстап және төмен дауыспен орындату

(музыка)


Еркін ойындар




Еркін ойындар



Үш дөңгелекті және екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындату;

(дене шынықтыру)

Қимылды ойын

«Ханталапай»


Балалардың бастамасымен ойындар

Балалардың үйге қайтуы

Балаларды жылы киіндіру туралы кеңес беру.

Апта бойы бала не үйренгені жайлы сұхбат, әңгімелесу.

«Өнегелі 15 минут» - балалардың ересектермен емін-еркін әңгімелесуі

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024жыл 2 апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

11.11.2024

Сейсенбі

12.11.2024

Сәрсенбі

13.11.2024

Бейсенбі

14.11.2024

Жұма

15.11.2024

Балаларды қабылдау

Балаларды көңілді көңіл-күй, әсем әуенмен қарсы алу.Баладан бақшаға келгенше не көргенін, қандай көңіл күймен келгенін, сыртта ауа райын қандай болып тұрғанын сұрау, баланың жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).

Апта дәйексөзі: «Ешкімге де, ешнәрсеге де қылдай қиянат жасама!» Бауыржан Момышұлы


Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен,

кеңес, әңгімелесу

Баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгімелесу, кеңес беру, логопед, психолог мамандардың кеңесіне жүгіну кестелерін еске салу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды, үстел үсті ойындары,

бейнелеу іс- әрекеті,

кітаптарды қарау және басқалар)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары. (сөйлеуді дамыту)

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу,

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау

«Орман»

Міндеттері: Орманды кім мекендейді? Орманда болдың ба? Ол қандай деп ойлайсың? қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Фильм көрсету арқылы толық ақпарат беру.

(сөйлеуді дамыту)


Табиғат бұрышындағы өсімдіктер, оларға күтім жасау (топрағын қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы түсінікті дамыту. (бөлме жануарларына күтім жасау) Балармен жеке жұмыс.

Балалардың назарын күн тәртібі бейнеленген плакатқа аудару.

Міндеттері: Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.

(математика негіздері) Дидактикалық ойын:«Жануарларды тап, сана», «Айырмашылығын тап», «Орнын тап»


«Ормандағы жануарлар мен құстар қалай өмір сүреді?» Мақсаты: Олар жерде және жоғарыда, жердің астында өмір сүретінін кітаптардан көрсету. Ойын шарты: бір жануарды өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілету. (мысалы: менің алдымда үстел, сол жағымда орындық тұр).

(математика негіздері)



«Әсем менің айналам»

Міндеттері: Қоршаған ортаның әсемдігіне

қызығушылықты дамыту. Орман бейнесін дәстүрден тыс әдіспен салдырту.

(сурет салу)


Құрастыру материалдарымен құрастыру ойындары, кітаптардан жануарлардың суреттерін қарау,


«Орманның пайдасы». Міндеттері: Оның беретін өнімдері туралы ақпарат беру, балалардың ойларын тыңдау.

(сөйлеуді дамыту)


Бестемше ойынын ойнату.



Ертеңгілік жаттығу

Қараша айына арналған таңертеңгі жаттығуларды орындату (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін жетелдіру, тамақтану мәдениетін қалыптастыру.

Табиғи ресурс суға ұқыпты қарауды қалыптастыру

Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру. «Бата» жаттауға баулу(мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын.

Достарым көп бақшада (шеңберге тұру)

Көңілдіміз бақшада (қолдарын жайып)

Достықты біз сүйеміз (бір-біріне қарап, жымию)

Бірге күліп жүреміз

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

қазір күздің нешінші айы?

Күзде қандай өзгерістер болады?

Балалардың жаңалықтарымен бөлісуін, жақсы тілектер тілеуін ұйымдастыру.

«Орман туралы біз не білеміз?» тақырыбында әңгімелесу. Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдату, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен

жүру

Жүгіру: аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру

Секіру: бір орында тұрып, қос аяқпен секіру, 2–3 метр қашықтыққа алға ұмтылып қос аяқпен секіру

Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату;


Қимылды ойын:

Жалауға қарап жүгіру Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу.


Музыка

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру

Еңбектеу, өрмелеу: 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу;

Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату;

Қимылды ойын:

Тышақандар мен мысықтар


Қазақ тілі

Етістіктің болымсыз түрін немесе есім сөздермен қолданылатын «емес» шылауын қолдана білуге үйрету


Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен

жүру

Тепе-теңдікті сақтау: сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 сантиметр) жүру

гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру.

Қимылды ойын:

Жалауға қарап жүгіру

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу.


Музыка

Орманға саяхатқа барасыңдар ма? Ол үшін шынығып, тапсырмалар орындап алайық.

Мақсаты: Әр түрлі заттарды таратып беру, оларды оң қолмен солдан оңға қарай орналастыруды

дамыту.

Ойын. «қай қолымда тап»

(математика негіздері)

«Түлкі мен қоян» ертегісін айтып беру.

Мақсаты: Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау.

Міндеттері: ертегі желісін қайталау.

(көркем әдебиет және сөйлеуді дамыту)


Аю әнін айтқызу. Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (музыка)


«Менің сүйікті жануарым» тақырыбында әңгімелесу.

Мақсаты: зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдануды дамыту

(сөйлеуді дамыту)


«Жидектер мен саңырауқұлақтарды зерттеу».

Мақсаты: Олардың дәмі пішіні түрлерін анықтауы және т.б әрекеттерді жасату

(қоршаған ортамен танысу)


Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Серуенге қызығушылық туғызу. Балалардың өз-өзіне қызымет ету дағдыларын қалыптастыру. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру. Достарына көмектесу дағдаларын жетілдіру.

(сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Балабақша ауласында ағаштардан орман бейнесін жасау. Орманда жүру ережелерін танысытыру. Ағаштарды бақылау, желдің әсерінен түскен бұтақтарды жинау.

Бұтақтардан отырып демалатын орын жасау.

(құрастыру, қоршаған ортамен танысу)


Қимылды ойын

«Мысық пен тышқан»

Дидактикалық ойын

«Ертегіні ата»




Жапырақтардан ормандағы жануарларды бейнелеуді, жапсыру жұмыстарын жасату.

(жапсыру, сурет салу)



Қимылды ойын «Кішкентай маймылдар»


Дидактикалық ойын

«Саққұлақ»


Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу

Табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру

(құрастыру)


Бақылау.

Мақсаты: Орманда өмір сүретін құстар туралы ақпарат беру, суреттерін көрсету. Атауларын атап өз ойларын айтуды үйрету. Олар қалай өмір сүреді, немен қоректенеді зерттеу. Балабақша ауласындағы құстарды бақылату.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Қимылды ойын «Шымшықтар мен мысық»

Куб,шар, цилиндр

тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын жетілдіру. Балабақша ауласында кездесетін пішіндерді табу.

(математика негіздері)


Дидактикалық ойын

«Дауысынан таны» орман жануарларының дауыстары тану, атауды пысықтау.


Бақылау.

Мақсаты: Желді бақылау. Ауа райының өзгеруі туралы айтқызу. (қоршаған ортамен танысу)

Қимылды ойын «Қояндар»


Жидектер туралы жұмбақтар шешу.

Көрсең өскен желісін, Жапырағы қазтабан. Мөлдір қара жемісі,

Қыста емес, жаз табам. (Қарақат)

Бұтаға ілген үлпершек, Іші нәрлі қызыл сөл,

Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)

(көркем әдебиет)

Жидектерді санау, таразыға салып салыстыруды жасату.

(математика негіздері)


Қимылды ойын

«Мекен мен балапандар»

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру.

Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу сәттерінде көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»(сөйлеуді дамыту).Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Тамақтану дағдыларын пысықтау. Өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айтуды үйрету. «Бата беру», «Ас қайтару» дәстүрлерін үйрету. (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін күй тыңдау. «Күй күмбірі» - балалардың музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру. Ертегілер оқып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.

(дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).

Бесін ас

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)

Балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын дамыту, тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Үлкендер еңбегін бағалауға үйрету. (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Ағаштар»

Міндеттері: пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде орналастыру дағдыларын қалыптастыру

(жапсыру)

Орман бейнесін салу. Міндеттері:Түстерді дұрыс таңдау дағдысын жетілдіру.

(сурет салу)

Ермексаздан ағаштарды мүсіндеу, ұжымдық жұмыс. Орман бейнесін жасату.

(мүсіндеу)

«Орман жануарлары» Міндеттері:бейнеленген суреттерді қарау, жануарлардың отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру.

(қоршаған ортамен танысу)

Ермексаздан қалаған орман жануарын жасату.

(мүсіндеу)

Міндеттері:Көлемді пішіндерді құстарды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.

(мүсіндеу)

Дәстүрден тыс әдіспен құстарды бояту.

(сурет салу)

Ең жылдам құс? Туралы өз ойларын айту. фильм тамашалату.

(көркем әдебиет)


Балалардың қалауы бойынша әрекет түрлерін таңдату. Міндеттері:Құрастыру құралдарымен ормандар, жануарлар құрастырту. Ермексаз және түрлі түсті қағаздармен шығармашылық жұмыстарды орындату.

(құрастыру, мүсіндеу, жапсыру)

«Жидектерді теретін себетті жасату». Міндеттері:Көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, құрастыруға мүмкіндік беру. (құрастыру)

Ермексазбен еркін әрекеттер жасату. (мүсіндеу)


Балалармен жеке жұмыс













Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту

Серуен

Еркін ойындар

Балалардың сұранысы бойынша «Үш аю» ертегісін оқып беру.

Қимылды ойын

«Мысық пен тышқан»


«Қауіпсіздік ережелері»

табиғаттағы өмірлік қауіпсіздік негіздерін

үйрету


Футбол - берілген бағытта допты домалату. Допты аяқтарымен бір-біріне домалату дағдысын қалыптастыру;

(дене шынықтыру)


Еркін ойындар Қимылды ойын «Кішкентай маймылдар


Жапырақтардан құстардың бейнесін құрастырту.


Еркін ойындар


Қимылды ойын «Шымшықтар мен мысық»


Дидактикалық ойын

«Жапырақтар»


Балалардың сұранысы бойынша кітаптан ертегі оқып беру. Міндеттері:Әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалату

(көркем әдебиет)

Еркін ойындар

Балабақша ауласында өсетін жидектерге қарап жидектердің суретін салдырту.

(сурет салу)

Еркін ойындар


Қимылды ойын

«Мысық пен тышқан»


Балалардың үйге қайтуы

Орман туралы не білетінін балалардан сұрауын ұсыну.

Оқып берген ертегілерді сахналауды үйде қайталау.

Зерттеу арқылы не үйренгенін сұрауға кеңес беру.

«Өнегелі 15 минут» - балалардың ересектермен емін-еркін әңгімелесуі

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024жыл 3 апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

18.11.2024

Сейсенбі

19.11.2024

Сәрсенбі

20.11.2024

Бейсенбі

21.11.2024

Жұма

22.11.2024

Балаларды қабылдау

«Көңілді смайликтер» арқылы қарсы алып, көңіл-күйлерін сұрау. Балаларды қабылдап, тазалықтарына мән беру. Баладан өз отбасында қандай шаруамен айналысқаны жайлы айтып беруге тарту (сөйлеуді дамыту).

Апта дәйексөзі: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырып деп ...» Абай Құнанбаев


Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен,

кеңес, әңгімелесу

Балаларды қабылдау үстінде ата-аналармен баланың үйдегі отбасы мүшелерімен қарым қатынасы туралы әңгімелесу. Ата –аналармен пікірлесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды, үстел үсті ойындары,

бейнелеу іс- әрекеті,

кітаптарды қарау және басқалар)


Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары. Дидактикалық ойын: «Не жетпейді?» (суреттер бойынша), Ғажайып қоржын (ішіндегі затты сипап сезу арқылы анықтау,атын атау), «Ғажайып сандық».

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау

«Жыл мезгілдері»

Міндеттері:Жылдың қай мезгілі, қай айы келе жатқанын сұрау? Келесі жыл мезгілі туралы не білетіндерін айтқызу. Суреттер арқылы қыс мезгіліне кім қалай дайындалады сұрау? Үй жануарларына қандай күтім керекті туралы ақпарат беру.

Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту.

(қоршаған ортамен танысу)


Міндеттері:Сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылығын арттыру. «Кім жылдам» ойынын ойнату. Тәрбиеші сөз айтады. Балалар сөйлемге айналдырады. Мысалы – «Алма»-алма жедім немесе алма ол жеміс.

(сөйлеуді дамыту)


Құрастыру материалдарымен құрастыру ойындары, кітаптарды қарау, суреттер бойынша әңгімелеу, ертегілер құрастыру.



«Үш торай» мультфилімін тамашалату.

Міндеттері:Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдірту

(көркем әдебиет)


Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ермексазбен және түрлі түсті қағаздармен еркін өз бетінше жұмыстар.


Міндеттері:Бүгін аптаның қай күні? Қазір тәуліктің қай бөлігі? Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Карточкалардан күн тәртібіндегі кезеңдердің суретін көрсетіп атату.

(математика негіздері)




Таңертең, күндіз, кеш, түн тәулік бөліктерін ажырату және атай білу дағдыларын қалыптастыруды жетілдіру

(математика негіздері)


Табиғат бұрышындағы еңбек (бөлме өсімдіктеріне, жануарларына күтім жасау) Балармен жеке жұмыс.


Ертеңгілік жаттығу

Қараша айына арналған таңертеңгі жаттығуларды орындату (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).


Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Өз орнын тауып отыру. Ас болсын сөзін айтуды қалыптастыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Балалардың жаңалықтармен бөлісуін, жақсы тілектер тілеуін ұйымдастыру.

Ауа райы мен климаттық жағдайлардың өзгеруін бақылау. Қазақстанның түрлі аймақтарында ауа райының түрліше болуы туралы түсінік беру. Қысқа дайындық тақырыбында әңгімелесу. Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір-бірден жүру

Жүгіру:

сапта бір- бірден, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру;

Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату;

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру.





Қимылды ойын:

Жалауға қарап жүгіру.

Күн шуақ және жаңбыр

Музыка

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру:

жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір-бірден жүру

Тепе-теңдікті сақтау:

сызықтардың, арқанның, тақтайдың

бойымен жүру

Еңбектеу, өрмелеу: 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша

еңбектеу;


Қимылды ойын:

Өз түсіңді тап

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу.


Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру:

жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір-бірден жүру

Жүгіру:

сапта бір- бірден, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру;

Еңбектеу, өрмелеу: 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу;

Секіру:

бір орында тұрып, оңға, солға бұрылып секіру;


Қимылды ойын:

Автобус кешікпе

Музыка

Кітаптар қарау. Таныс ертегі қойылымын жасату.

(сөйлеуді дамыту)


Қысқа дайындық.

Міндеттері:Қар тазалауға арналған күректер және т.б. Еңбек құралдарды түрлі пішіндегі және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін сақтап мүсіндету.

(мүсіндеу)


Қазақ тілі

Ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.


Міндеттері:Ертегі желісі бойынша ұжымдық сурет салдырту(сурет салу).



Міндеттері:Сазбалшықтан жасалатын ыдыстарды көрсету және жасату.

(мүсіндеу)


«Қысқы зообақ» Міндеттері: «Қысқы зообақ» тақырыбы бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету.

(сөйлеуді дамыту)


Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Табиғи материалдар туралы не білетіндерін сұрау. Табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Бақылау.

Мақсаты: Балабақаша ауласынан жапырақтар, тастар, бұтақтар жинау, санау, салыстыру зерттеу. Геометриялық пішіндердің қайсысына ұқсайтынын анықтату.

(математика негіздері)


Қимылды ойын

«Хан талапай»



Еркін ойындар


«Қауіпсіздік ережелері»

тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы

қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету.

«Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыбында әңгімелесу



Бақылау.

Мақсаты: Ауа райын бақылау. Желдің бағытын анықтау. Балабақша ауласындағы құстарға жем беруді жасату.

(қоршаған ортамен танысу)


Қар бетінде таяқпен жолдар салу. Аяқтарының іздерін бақылату.

(сурет салу)


Қимылды ойын «Поезд»

Қыс мезгіліне көліктер қалай дайындалады? Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру.Көлік жүргізушілері ойыны

(қоршаған ортамен танысу)


Конструктордан көлік құрастыру дағдыларын қалыптастыру

(құрастыру)



Қимылды ойын

«Жалауға қарай жүгір»

Бақылау.

Мақсаты: Далада не бар? Қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту.

(қоршаған ортамен танысу)


Табиғи заттардан (қардан) әр түрлі құрылымдар құрастырту

(құрастыру)



Қимылды ойын

«Өз түсіңді тап»


Кітаптан балалардың сұранысы бойынша кітап оқып беру.

(көркем әдебиет)


Ауладағы ағаштарды санау, бақылау, салыстыру, қарларын түсірткізу

(математика негіздері, қоршаған ортамен танысу)


Қимылды ойын «Трамвай»


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Табиғи ресурс суға ұқыпты қарауды қалыптастыру

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Ереже айту. (сөйлеуді дамыту)


Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

«Күй күмбірі» - балалардың музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру

Электронды кітаптан ертегі қойып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.

(дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Төрт түлік»

Міндеттері: Балалардың дербес әрекеті құрастыру және шығармашылық жұмыстарын орындату.

Төрт түлікке құрастыру құралдарынан қора жасату. Төр түлікті төлдерімен жапсырту, суретін салдырту, мүсінін жасату.

(құрастыру, мүсіндеу, сурет салу, жапсыру)


Бестемше ойынын ойнату.

Міндеттері: Өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атауды жетілдіру (бас, аяқтар, қолдар). Еңбек құралдарын оң қолымен солдан оңға қарай орналастыруды пысықтау

(математика негіздері)


«Оп оңай! Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында фильм көру.

Міндеттері: Өз ойларын айтқызу. Топтағы қыс мезгіліне дайындық жұмысын жоспарлап қатыстыру. (көркем әдебиет)


Міндеттері: Балалардың қалауы бойынша еркін тақырыпта

жапсыру әрекетін жасату.

(жапсыру)


Міндеттері: Топтағы көліктерді санату, салыстыру. Жиын жасату.

(математика негіздері)

«Жарқыл мен ғажайып көлік түрлері»

Сюжетті-рөлдік, драмалау ойындары


Міндеттері: Топтағы гүлдердің мүсінін жасау және қағаздан жасату.

(мүсіндеу, жапсыру)


Міндеттері: Жапырақтармен композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеруін қадағалау;

(жапсыру)


Таныс ертегінің кейіпкерлерінің бейнелерін сомдауға қажетті дауыс ырғағы және тілдің қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)




Балалардың қалауы бойынша дербес әрекеттері.

Міндеттері: Құрастыру және шығармашылық бағытында кітаптар қарау, әңгімелесу

(сурет салу, құрастыру, мүсіндеу, жапсыру)

Балалармен жеке жұмыс




















Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Пішіндер әнін айтқызу

«Торғай» тв

(музыка)


Еркін ойындар

Еркін ойындар

Футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты аяқтарымен бір-біріне домалатуды қайталау;

(дене шынықтыру)



Балалардың қалауы бойынша ән айту, қимылды би билету.

(муызка)


Еркін ойындар

Қимылды ойын

«Жалауға қарай жүгір»


Еркін ойындар

Қимылды ойын «Поезд»


Футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты аяқтарымен бір-біріне домалатуды жетілдіру;

(дене шынықтыру)


Еркін ойындар

Балалардың үйге қайтуы

Қысқа дайындық туралы әңгімелесуді ұсыну.

Бүгінгі күннің қызықты сәттері туралы сұрау.

Апта бойғы қызықты сәттерді әңгімелеу.

«Өнегелі 15 минут» - балалардың ересектермен емін-еркін әңгімелесуі

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024жыл 4 апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

25.11.2024

Сейсенбі

26.11.2024

Сәрсенбі

27.11.2024

Бейсенбі

28.11.2024

Жұма

29.11.2024

Балаларды қабылдау

«Көңілді күн»музыкасын қосып көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, көңіл-күйлерін сұрау. Тазалықтарына мән беру. Балаларды соңғы жаңалықтарды айтып беруге тарту. Сықирлы сандықты көрсетіп одан ертегілер әлемінен келген кейіпкерді алып таныстыру. Ертегі айтып беру және қуыршақ немесе үстел үсті театрын қолданып ойнауына жағдай жасау (сөйлеуді дамыту).

Апта дәйексөзі: «Татулық - табылмас бақыт» Нақыл сөз

Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен,

кеңес, әңгімелесу

Балаларды қабылдау барысында ата-аналармен баланың мінезіндегі өзгерістер туралы әңгімелесу. Ата –аналармен пікірлесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды, үстел үсті ойындары,

бейнелеу іс- әрекеті,

кітаптарды қарау және басқалар)


Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары. Дидактикалық ойын: «Не жетпейді?» (суреттер бойынша), Ғажайып қоржын (ішіндегі затты сипап сезу арқылы анықтау,атын атау), «Ғажайып сандық».

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, ермексазбен және түрлі түсті қағаздармен еркін өз бетінше жұмыстар.

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау

«Ертегі»

Міндетттері: Ертегіні жақсы көре ме? Қандай кейіпкерлері бар ертегілерді тыңдағанды ұнатады? Ертегіні қалай тыңдаған ұнайды? Үстел үсті, саусақ, көлеңкелі театрмен таныстыру. Балалардың сұранысы бойынша үстел үсті театрын пайдаланып ертегі айтып беру.

Балалардың өздеріне пайдалануға ертегіні қайталап айтуға немесе ойдан шығаруға мүмкіндік беру.

(көркем әдебиет және сөйлеуді дамыту)

Көлеңкелі театр арқылы ертегі қойылымын тамашалату.

Міндетттері: Балалардың өздері қайталауға талпындыру.

(сөйлеуді дамыту)


Құрастыру материалдарымен құрастыру ойындары, кітаптарды қарау, суреттер бойынша әңгімелеу, ертегілер құрастыру.

«Ай мен жұлдыз» мультфилімін тамашалау.

Міндетттері: Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдірту

(көркем әдебиет)


Бестемше ойынын ойнату.



Ғажайып қоржын ойын ойнату. Мақсаты: Әр бала қоржыннан бір затты ұстайды, қоржыннан шығармай заттың пішінін, неден жасалғанын неге ұқсайтынын сипаттайды. Балалар сипаттауына қарай затты атап табуын үйрету.

(математика негіздері)




«Мен ертегі кейіпкері болсам» тақырыбында Міндетттері: әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету.

(сөйлеуді дамыту)


Табиғат бұрышындағы еңбек (бөлме өсімдіктеріне, жануарларына күтім жасау) Балармен жеке жұмыс


Ертеңгілік жаттығу

Қараша айына арналған таңертеңгі жаттығуларды орындату (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Өз орнын тауып отыру. Ас болсын сөзін айтуды қалыптастыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Балалардың жаңалықтармен бөлісуі, жақсы тілектер тілеуін жасату

«Ертегілер елінде» тақырыбында әңгімелесу. Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Тепе-теңдікті сақтау: сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 сантиметр) жүру

Жүгіру: аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру,

Еңбектеу, өрмелеу:

көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу;

Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату;


Қимылды ойын:

Тышақандар мен мысықтар

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу.


Музыка

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Тепе-теңдікті сақтау: сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 сантиметр) жүру

Жүгіру: аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру,

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. Бір-бірден сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа және шеңберге тұру


Қимылды ойын:

Жалауға қарап жүгіру.

Автобус

Қазақ тілі

Туыстық қарым-қатынасты («сіңлі», «жеңге», «жезде», «нағашы», «жиен»,

«бөле») білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Негізгі қимылдар:

Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап, жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір-бірден жүру

Секіру:

бір орында тұрып, оңға, солға бұрылып секіру;

Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату;

Қимылды ойын: Поезд

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу.


Музыка

Балалақшаның ұлттық бұрышына бару.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру. Фланелеграф тақтасында жапсырып көруді ұйымдастыру.

(жапсыру)



Кейіпкер

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің көлемін сақтап мүсіндету.

(мүсіндеу)


Ұлттық бұрыштың суретін салуды ұсыну.

Міндетттері: Қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына

сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту. Заттарды тану және атауды үйрету.

(сурет салу).



Мен таңдаған зат

Міндетттері: Қоржыннан алған заттарын мүсіндеп, суретін салдырту

(мүсіндеу, сурет салу)


Ертегі кейіпкерлерін санау, салыстыру

(математика негіздері)

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Табиғи материалдар туралы не білетіндерін сұрау.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Еңбек.

Мақсаты:Аула тазалаушысының қысқы еңбегімен танысу. Көмектесу.

(қоршаған ортамен танысу)


Жабдықтардағы оюлардың геометриялық пішіндердің қайсысына ұқсайтынын анықтату.

(математика негіздері)

Ұлттық ойын

«Хан талапай»


Еркін ойындар


Бақылау.

Мақсаты: Ауа райын бақылау. Құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді тани білу. Ауа райына сай киінуді пысықтау.

(қоршаған ортамен танысу)

Балалақшаның ұлттық бұрышына бару.

Дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерін: «құс қанаты», «бүршік»

элементтердің орналасу ретін, олардың арасындағы қашықтықты сақтауға зейін бөлуін дамыту .

сандықты ою өрнектермен сәндеп сурет салдырту.

(сурет салу)

Ұлттық ойын «орамал тастамақ»

Бақылау.

Мақсаты: Аулаға шығып айналадағы табиғаттың сұлулығын бақауды үйрету. Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу. Патриоттық әндер айтқызу.

(қоршаған ортамен танысу)


Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын жетілдіру.

(құрастыру)



Қимылды ойын

«Кім жылдам»


Дидактикалық ойын

«Ұш, көбелек!»


Бақылау.

Мақсаты: Ауа райын бақылату. Қандай өзгерістер болғанын байқату.

Атай білуді жетілдіру.

(қоршаған ортамен танысу)




Қимылды ойын

«Өз түсіңді тап»


Дидактикалық ойын

Аулада


Кітаптан балалардың сұранысы бойынша ертегі оқып беру.

(көркем әдебиет)


Бақылау.

Мақсаты: Ауладағы ағаштар мен өсімдіктерді санау, бақылау, салыстыру, күтім жасату.

(математика негіздері, қоршаған ортамен танысу)

Ұлттық ойын

«Арқан тарту»


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Ереже айту. (сөйлеуді дамыту)


Күндізгі ұйқы

Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

«Күй күмбірі» - балалардың музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.

(дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).

Табиғи ресурс суға ұқыпты қарауды қалыптастыру


Бесін ас

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Саусақ ойындарын ұйымдастыру. Балаларға таныс "қуыршақты жүргізу" техникасын қолдана отырып, олардың қатысу ниеттерін дамыту. Таныс ертегі қойылымын жасату.

(сөйлеуді дамыту)

Дербес әрекеті құрастыру және шығармашылық жұмыстарын бекіту бойынша ертегі кейіпкерлеріне арнап үйлерді құрастыру, бейнесін жасату, суретін салдырту.

(құрастыру, мүсіндеу, сурет салу)

Өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атауды (бас, аяқтар, қолдар). ойыншықтарын оң қолымен солдан оңға қарай орналастыруын үйретіп дамыту

(математика негіздері)


Міндеттері: Өздеріне ұнайтын ертегілерді сахналату. (көркем әдебиет)


Міндеттері: Ұлттық бұрышта танысқан оюларын қиып жапсыруды ұйымдастыру.

(жапсыру)




Міндеттері: Топтағы гүлдерді санау, салыстыру, күтім жасау құралдарын салыстыру, санату

(математика негіздері)


Міндеттері: Ай мен жұлдыздың мүсінін жасату және қағаздан қиып жапсырту.

(мүсіндеу, жапсыру)


Табиғи заттардан әр түрлі құрылымдар құрастырту. Табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру

(құрастыру)


Ғажайып қоржын бейнесіне оюларды қиып жапсырту.

(жапсыру)




Құрастыру және шығармашылық бағытында балалардың қалауы бойынша дербес әрекеттер жасату. Кітаптар қарау, әңгімелесу. Өздерінің ертегі кейіпкері ретінде суретін салдырту, кейіпкерлердің қолданатын құралдарын мүсіндету. Ертегі кітапшасын қолдан жасату. Әр түрлі бейнелерді қиып жапсырып сәндету. (сурет салу, құрастыру, мүсіндеу, жапсыру)

Балалармен жеке жұмыс
















Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Видео материал арқылы ән айтып, би билету.

(музыка)


Еркін ойындар


«Қауіпсіздік ережелері» - жол қозғалысы ережелерін

үйрету


Конструктордан сандық құрастыру дағдыларын қалыптастыру

(құрастыру)


Еркін ойындар


Дидактикалық ойын:

«Не істеу керек, табамыз»


Балалардың қалауы бойынша ән айту, қимылды би билету.

(муызка)


Еркін ойындар

Дидактикалық ойын:

«Кім алғыр?»


Таныс ертегінің кейіпкерлерінің бейнелерін сомдауға қажетті дауыс ырғағы және тілдің қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Еркін ойындар

Футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты аяқтарымен бір-біріне домалатуды пысықтау;

(дене шынықтыру)


Еркін ойындар

Балалардың үйге қайтуы

«Өнегелі 15 минут» - балалардың ересектермен емін-еркін әңгімелесуі

Баланың үйдегі өзіндік әрекетті жайлы сухбат.

Анасының көмекшісі тақырыбында әңгімелесу.

Бүгінгі күннің қызықты сәттері туралы сұрау.

Сазбалшық туралы не білгенін сұрау

Апта бойғы қызықты сәттерді әңгімелеу.





















ТАҢЕРТЕҢГІ САУЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ КАРТОТЕКАСЫ



Қараша айы І-ІІ апта

(Доппен жаттығулар)

І

Жүру, допты жоғары көтеріп жүру, жүгіру, жәй жүру, шеңбер болып тұру.

ІІ

1б.қ аяқ бірге, қол төмен

1-қолды алғс созу, 2жоғары көтеру,3 алға созу,4б.қ оралу 4-5рет

2 б.қ аяқтың арасы алшақ, қол төмен 1. қолды алға созу2 отыру3 тұру, 4б.қ оралу 4-5 рет

3б.қ аяқтың арасын алшақ қою, қол кеудеде 1 допты алға созу, 2 еңкейіп аяқтың ұшына тигізу, 3 допты алға созу, 4б.қ оралу 4-5 рет

4б.қ тізелеп отыру, қол кеудеде 1 допты оңға, 2 допты солға созу. 5-6рет қайталау

5 допты кеудеде ұстап, қос аяқпен секіру. 7-8 секунд

ІІІ

Еркін тыныс алу.


Қараша айыІІІ-ІV апта

І

Жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, жүгіру, жәй жүру, қолды белге қойып жүру, шеңбер болып тұру.

ІІ

1б.қ аяқ бірге қол төмен1-қолды алға созу, 2 оңға қарай қолды айқастыру, 3 солға қарай қолды

айқастыру. 4б.қ оралу 4-5рет

2б.қ аяқтың расы алшақ, қол белде.1-оң жаққа қарай ийілу,2б.қ оралу 3сол жаққа қарай иілу 4б.қ

оралу. 4-5рет қайталау.

3б.қ аяқтың арасы ашық, қол иықта1-2 алға қолды сермеу, 3-4 артқа қарай сермеу 4-5рет

4б.қ аяқтың арасы алшақ, қол белде.1-қолды алға созу, 2 отыру,3 тұру, 4б.қ оралу 4-5рет

5 Аяқты алмастырып секіру. 7-8секунд

ІІІ

Еркін тыныс алу жаттығулары










ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР КАРТОТЕКАСЫ


Күн шуақ және жаңбыр

Балалар залдың қабырғасынан бір шама алысырақ қойылған орындықтардың арт жағына жүрелерінен отырады да, терезеден қарайды (орындықтың артындағы саңылаудан) Тәрбиеші «Күн шуақ! Ойнап келіңдер!»-дейді. Балалар алаңда жүгіреді. «Жаңбыр, тезірек үйге қайтыңдар!» -деген белгісі бойынша барлығы өз орындарына қарай жүгіреді және орындықтардың арт жағына келіп отырады.


Ойыншықты алып кел.

Ойыншықтарды (сылдырмақ, кішкене кубиктер) бөлімінің, алаңның қарама қарсы жағына орналастырады. Тәрбиеші балаларды өзіне шақырып алады да, ойыншықтарды алып келуін өтінеді. Оның нұсқауы бойынша балалар ойыншықтарға қарай жүреді немесе жүгіреді. Ойыншықтарды тәрбиешіге алып келеді. Ол балаларды мадақтайды, ойыншықтарын қайтадан апарып қоюын өтінеді.

Нұсқау

Ойынды тапсырмалар қосып, күрделенуге болады.Ойыншықтарға тар жолмен немесе онша биік емес заттардың үстімен алып өту.


Кешікпе

Кубиктер мен сылдырмақтарды еденге шеңбер бойымен орналасады. Балалар кубиктердің жанына тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша олар бірін-бірі қағып, соқпай және кубиктерге тиіп кетепй бөлмені айнала жүгіреді. «Кешікпе!» белгісі бойынша балалар өз кубиктеріне қарай жүреді және кубикерге тиіп кетпей бөлмені айнала жүгіреді. «Кешікпе!» белгісі бойынша балалар өз кубиктеріне қарай жүгіреді.


Тышақандар мен мысықтар

Балалар- тышқандар өз індерінде отырады.( бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның жан-жағына қойылған орындықтарға) Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Мысықтың рөлін тәрбиеші атқарады. Мысық ұйықтап кеткенде тышқандар бөлмеде жүгіреді. Бірақ, мысық оянады, керіліп созылады, мияулайды және тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар тез қашып кетеді және індеріне тығылып (орындықтағы өз орындарына отырады) қалады. Барлық тышқандар індеріне қайтып келген соң мысық қайта ұйқыға кіріседі. Ойын 5-6 рет қайталанады.


Нұсқау

Мысық көзін жұмып, ұйықтаған соң ғана, тышқандардың інінен жүгіріп шығуларына болады. Ал індеріне мысық оянып, мияулай бастағанда ғана оралады. Тәрбиеші барлық тышқандардың індерінен жүгіріп шығуын бақылайды. Ойынға ойыншық мысықты да қолдануға болады. Балалар өрмелеп шыға алатын кубиктерді де індері ретінде пайдалануға болады.


Жалауға қарап жүгіру.

Тәрбиеші балаларға екі түсті кішкене жалаушаларды таратып береді. Қызыл және көк түсті. Тәрбиеші бір қолына қызыл, екінші қолына көк жалаушаны алып, екі қолын екі жаққа жаяды. Түсіне қарай балалар екі топқа бөлініп тұра қалады. Бұдан кейін тәрбиеші балаларға алаңның ішінде қыдыруды, жүгіруді ұсынады. Балалар қыдырып жүргенде, Тәрбиеші бөлменің екінші жағына өтеді де: «Бір, екі, үш маған қарай жылдам ұш!» -дейді.Бұл кезде қолындағы жалалаушаларды екі жаққа сермейді. Балалар оған қарай жүгіреді және өз қолдарындағы жалаушалардың түстеріне қарай жалаушаның жанына жиналады. Балалардың бәрі жиналып болған соң, тәрбиеші жалаушаларды жоғары көтеріп, бұлғауды ұсынады.

Ойын 3-4 рет қайталанады.

Нұсқау.

Тәрбиешінің белгісі бойынша бұрын алаңның жан-жағына жүгіріп кетпеуі керек. Ол жалаушаларды бір қолынан екінші қолына ауыстырып отырады, өйткені балалар өз жалаушаларының түсіне қарай оның бірде сол жағына қарай жиналуы керек. Ойынға қосымша белгілермен тапсырмалар енгізуге болады. Мысалы: «Тоқта!» белгісі бойынша ойнаушылардың барлығы тоқтай қалуы, көздерін жұмуы немесе орындарына тұырып шыр көбелек айналуы немесе секіріп билеуі тиіс. Ал, бұл кезде тәрбиеші байқатпай басқа орынға кетіп қалады. Белгі бойынша тәрбиешінің жанына қайтадан жиналады. Жалаушалардың орнына балалардың қолына қол орамал немесе түстеріне сай кубиктер, ленталар беруге болады.


Өз түсіңді тап

Тәрбиеші балаларға 3-4 түсті кішкене жалаушаларды таратып береді.: қызыл, көк, сары, жасыл. Түсі бірдей жалаушасы бар балалар жалаушаның белгілі бір түсімен алдын ала белгіленген бөлменің әр бұрышына жиналады. Тірбиешінің «ойнап келіңдер!» деген кезде балалар өз түстері бар жалаушаның қасына жиналады. Тәрбиеші қай топ бұрын жиналғанын белгілейді. Сонан соң ойын қайталанады.

(5-6 рет)

Нұсқау.

Бірнеше рет қайталанып, балалар ойынды жақсы игерген соң тәрбиеші серуен кезінде тоқталып, көздерін жұмғызып, сол уақытта бөлменің бұрышында тұрған жолаушыларды ауыстырып қояды.


Трамвай

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, екі-екіден калонаға тұрады. Бос қолдарымен олар ұшы байланған жіптен ұстайды. Яғни, кей бала жіпті оң қолмен, кей бала жіпті сол қолмен ұстайды. Бұл трамвай. Тәрбиеші екі қолына үш түрлі –сары, қызыл, жасыл жалау ұстап, бөлменің бір бұрышында тұрады. Ол жасыл түсті сигнал болғанда қозғалуға, қызыл, сары, түсте тоқтауға тиіс екендігін түсіндіреді. Тәрбиеші жасыл жалауды көтергенде- бұл трамвай келе жатыр деген белгі, балалар бөлмені, алаңды айнала жүгіреді. Тәрбиешіге, бағдаршамға дейін жүгіріп келіп, қай түс жанғанын бақылайды. Егер бұрынғыдай жасыл түс болса жүрісті жалғастыра береді. Ал егер сары мен қызыл жанса олар тоқтайды, жасылдың жануын күтеді.

Нұсқау

Ойын кезінде балаларды көшеде жүру ережесімен таныстыру. Егер ойынға балалар аз қатысса екі-екіден немесе бір калонаға тұрғызуға болады. Ойынның сюжетін дамыта түсуге болады; жолшыбай трамвайдың келуін күтіп отырған жолаушылардың аялдамасын ұйымдастырады, аялдамаға жақындағанда трамвай жүрісін баяулатады және тоқтайды. Жолаушылардың бір сыпырасы трамвайдан шығып, біраз жолаушы қайтадан мінеді. Трамвайға шығып-түсу үшін жіпті көтереді. Жіптің ұшына кішкене қоңырау байлаулы. Жүрер кезде бір бала (кондуктар) қоңырауды соғып, белгі береді.

Поезд

Балалар калонаға бір-бірден тұрады. (бір-бірімен қол ұстаспай) Біріншісі паравоз ал қалғандары вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіуге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді» -дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – берте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады. Олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақтар тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан калоннаға тұрады да, поездің қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.


Нұсқау

Алғашында балалар калоннаға кез-келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды - өз вагоныны табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге болады. Мысалы: поезд көлдің жанына тоқтайды, онда балалар қайықта серуендейді, балық аулайды. т.б. бейнелейді.



«Ұшты-ұшты»

Педагог балаларға ұшты-ұшты қарлығаш ұшты дегенде балалар қолдарын көтеріп ұшады, педагог ұшты-ұшты орындық ұшты десе отыра қалады.



«Хан талапай»


Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін алып қызыл түске бояңдар. Осы асық «хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Сендер «ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере-ыршытып біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады.


Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.


Шымшықтар мен мысық

Балалар алаңның бір жағына еденге қойылған скамейкалардың немесе үлкен кубиктердің үстіне шығып тұрады. Бұл үйдің төбесінде отырған шымшықтар. Шеткеріректе мысық отыр. (тәрбиеші немесе балалардың біреуі) Мысық ұйықтап жатыр. «Балапандар ұшты» -дейді тәрбиеші. Шымшықтар төбеден секіріп түседі, қанаттарын қомдап, жан-жаққа ұшып кетеді. Міне, енді мысық та оянды. Ол «Мияу-мияу» дейді және төбеде тығылып үлкен шымшықтарды ұстағысы келіп жүгіреді. Ұстаған шымшықты мысық өз үйіне қарай әкетеді. Ойын 5- рет қайталанады.

Нұсқау

Балалрдың жерге жайылып түсуін, аяқтарының ұшымен секіруін және тізелерін бүгуін қадағалау керек.


Қимылды ойын: «Аққу – қаздар»

Ойынның мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

 

Ойын барысы:

Ойынға қатысушылар арасынан кімдер қасқыр мен қожайын рөлін ойнайтынын белгілеп, қалғандары аққу – қаздар болады. Алаңның бір жағында отағасы мен қаздар тұратын үй сызылып салынады, екінші жағында – қыр астында жасырынған қасқыр. Құс бағушы қаздарды көкке тойынып, бой жазып қайтуы үшін далаға шығарып жібереді. Қаздар үйден едәуір жер алыстап кетеді. Шамалы уақыт өткен соң құс өсіруші қаздарын шақырады. Сөйтіп отағасы мен қаздардың бір – біріне тіл қатысуы басталады:

-         Қаздар, қаздар!

-         Га – га – га.

-         Қарындарың ашты ма?

-         Иә, иә, иә.

-         Аққу – қаздар қайтыңдар!

-         Қыр астында қасқыр бар!

-         Не істеп жатыр ол онда?

-         Шіл жеп жатыр, ол онда.

-         Ал үйге қарай қашындар!

Қаздар үйге қарай қашады, қасқыр оларды ұстап алуға ұмтылады. Ұсталғандар ойыннан шығады. Барлық қаздар ұсталған кезде ойын аяқталады. Соңында қалған ең епті және жүйрік қаз қасқыр болады.

 

Ойын тәртібі:

Қаздар тек алаңнан шықпай «ұшуға» тиіс. Қасқыр оларды «Алүйге қарай қашыңдар!» сөзінен кейін ғана ұстауға ұмтылады.

Тауықтар мен балапандар»

Мақсаты: Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікке, адалдыққа, мейірімге, сыйластыққа тәрбиелеу. Ойынның шарты : Балалардың жартысы тауықтар , ал қалғандары балапандар болады. Балапандары аулада серуендеп, ойнап жүреді де, аналарынан тығылып қалады. Аналары балапандарын іздейді.

Қоймадағы тышқандар

Балалар тышқандарды бейнелейді. Олар алаңның бір жағындағы орындықтармен скамейкаларда отырады немесе түрегеліп тұрады. (тышқандар індерінде) Қарама-қарсы жақта биіктігі 40-50см шамасында жіп керілген, одан әріректе қойма бар. Ойнаушылардың бір жағында мысықтың рөлін ойнаушы тәрбиеші отырады. Мысық ұйықтайды, ал тышқандар қоймаға қарай жүгіреді. Қоймаға кіріп бара жатып, олар жіптің астынан еңкейіп өтеді. Тышқандар қоймаға кіреді де, жүрелеп отырып қатқан нанды кеміре бастайды. Тышқандар қоймадан жүгіріп шығып, індерін тығылады. (Мысық тышқандарды ұстамайды. Ол тек ұстағысы келгенсиді) Сонан соң мысық өз орнына келіп, ұйқыға кіріседі, ойын жалғаса береді. Ойын 5-6 рет қайталанады.

Нұсқау.

Жіптің астынан өткенде оған тиіп кетпеу үшін төменірек еңкеюге тырысады.

Қояндар

Алаңның бір жағына бормен кішкене шеңбер сызылады (5-6) бұлар қояндардың үйшіктері. Олардың алдына орындықтар қойылады. Қарама-қарсы жағында күзетшінің үйі бар. (тәрбиеші отырған орындық) Үй мен қоян күркелерінің арасында қояндар серуендейтін кішкене шалғын бар. Тәрбиеші ойынға қатысушылардың бәрін 3-4 баладан шағын топтарға бөледі. Әрбір топ еденде сызылған шеңберлердің біріне барып отырады. Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша жүрелерінен отырады. (қояндар күркелерінде отыр.) Тәрбиеші күркелеріне кезекпе-кезек барып, қояндарды шалғынға шақырады. Қояндар бірінен кейін бірі орындықтың астынан еңбектеп шыға бастайды. Шалғында жүгіріп, секіріп ойнау бастайды. Біраздан соң тәрбиеші «күркеге қарай жүгіріңдер» дейді. Қояндар үйге қарай асыға жүгіреді. Орындықтың астынан еңбектеп өз торларына кіреді. Күзетші оларды қайтадан серуенге шығарғанға дейін қояндар торда отыра береді. Ойын 4-5 рет қайталанады.

Нұсқау

Еңбек ету үшін орындықтың орнына планканың түреуіне қойылған доғаны немесе керулі жіпті пайдалануға болады.


Кішкене маймылдар

Тәрбиеші балаларға бір-бірден немесе екі-екіден гимнастикалық қабырғаға жақындауды, бетін қабырғаға қаратып тұрып 3-4 тақтайшаға өрмелеп шығуды ұсынады. Бұлар-кішкене маймылдар. Қалған балалар кішкене маймылдардың жемісті ағаштың басынан қалай теріп жүргендерін отырып немесе түрегеліп тұрып қарайды. Бұдан соң ағаштардың басынан басқа маймылдар өрмелейді.

Нұсқау

Балалардың кішкене сатымен өрмелеп шығуға және одан түсуге әбден жаттыққан соң, оларға қабырғаның бір ашық аралығынан келесі аралығына – ағаштан ағашқа тырымысып шығуды ұсына отырып, тапсырманы күрделене түсуі керек.

Дидактикалық ойын


«Бағдаршам» Ойынның мақсатыБалалардың ойлау,есте сақтау қабілетін және тілін дамыту.Ертегілер және ертегілер кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту.

Балаларға екі қызыл және жасыл түсті дөңгелек береді.Тәрбиеші ертегі кейіпкерлеріне байланысты сөздер айтады,бала сөздердің  дұрыс атауын естісе,жасыл дөңгелекті көтереді.

Ал қате болса-қызыл түсті дөңгелекті  көтереді. Содан кейін суреттерді көрсетіп,балалармен бірге әр сөзді қатты,жай және анық қайталап айтуы тиіс.Сөздер қай ертегіде кездесетіні туралы әңгімелеу.

 

Қыз

Мала

Тасқыр

Сауырсақ

Мыз

Зала

Насқыр

Тауырсақ

Тыз

Бала

Басқыр

Бауырсақ

Шыз

Кала

Қасқыр

Сауырсақ








Картотека №1

Ертегіні ата

Мақсаты: балаларға ертегіні айырып айта білуге үйрету. Күрделі сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра білуін қалыптастыра отырып өз ой пікірлерін айта білуге үйрету және жинақтау, талдау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын барысы: Балаларға бірнеше ертегілердің суретін (Коллаж) көрсетеді. Суреттегі ертегілерді қарай отырып, ертегі кейіпкерлерін атап және оларды сипаттайды.


Картотека №2

Саққұлақ

Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, сөйлеуін дамыту Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.

Ойын барысы: Дыбыстар бала оларды табу үшін, анық және кезектесіп шығуы керек. Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан шыққанын табуын ұсынады.


Картотека №3

Ақшақар

Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.

Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Ақша қар, Ақша қар

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма қонасың.


Картотека №4

Жапырақтар

Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.

Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады. Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Картотека №5

Ұш, көбелек!

Мақсаты: Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.

Қажетті құралдар: 2-3 қағаздан жасалған, анық боялған көбелектер ( әрбір көбелекке ұзындығы 50 см жіпті байлайды және оларды бір-бірінен 30 см қашықтықта бауға байлайды. Бауды көбелектер баланың бетінің деңгейінде салбырап тұратындай екі тіреудің ортасына кереді).

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға көбелектерге ұшатындай етіп, оларды үрлеуді ұсынады. Баланың тік тұруын, ауаны ішке жұтқанда иықтарын көтермеуін, бір рет дем шығарып үрлеуін, ауаны жұтпауын, ұрттарын толтырмауын, ал еріндерін алға шығаруын қадағалау қажет.Бала басы айналмас үшін, 10 секундтан артық емес үзілістермен үрлеуі қажет.

Қанаттары әдемі,

Қызыл – жасыл көбелек.

Гүлге қонып қалыпты

Бір ғажайып керемет.

Бар даланы жайнатып,

Гүлден – гүлге қонады.

Көбелектің қанаты

Гүлдей әсем болады.


Картотека №6

Аулада


Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.

Ақ тауық ау ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертемен қыт - қыттайды

Ауламыздан шықпайды.


Балпаң басқан үйрегім

Бұлтыңдайды бүйрегің

Жалпақ тұмсық жем іздеп

Қырқылдайсың,қоймайсың

Тамаққа бір тоймайсың.


Торғай – торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі томпайып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.


Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Мяу – мяу, мяу – мяу.


Картотека №7

Ән – жыр


Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.

Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсету. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйрету.

Әнші төлдер

Жайылымнан кешкілік

Жамырады бес түлік.

Төңірекке тараған

Төлдер әнін естідік.


«Мә-мә» деген әні бар,

Секірер ор, жары бар.

Селтеңдеген лағым

Секіргіш бір жануар.


«Мәә-мәә» деген әні бар,

Жібек тоны - сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйкімді бір жануар.


«Бөө-бөө» деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан,

Мөлдір көзді жануар.


«Мөө-мөө» деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Ойқастаған бұзауым,

Ойнақтағыш жануар.


«Күмбірлеген» әні бар,

Желкілдеген жалы бар,

Желдей өсіп құлыншақ,

Желмен шапқан жануар.

Әдібай Табылдиев

Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.


Картотека №8

Тауық пен балапандар


Мақсаты: Дауысқа еліктеу қабілетін, кеңістікті бағдарлауды дамыту.

Қажетті құралдар: Қораз бен балапандардың бастарының суреттері салынған баскиімдер (балалардың саны бойынша).

Ойын барысы: Тәрбиеші қоразды, ал балалар балапандарды бейнелейді. «Қораз балапандарымен көгалда қыдырып жемді шұқып жейді» (саусақтарымен еденді тықырлатады).

Қораз:

Мен қоразбын,қоразбын

Жалқаулармен аразбын

Таңды бұрын қарсы алып

Елді оятам жар салып.

Ку-ка-ре-ку!-деп нықтап

Айтты өзінше ақылды

Әке-шешең сендерге

Тамақ іздеп кетеді,

Менің күнім «таң атты»,

«күн батты»мен өтеді.

Қызмет етіп теп-тегін

Жүрмеймін босқа,жетеді,

Тым болмаса көңілімді

Көтерсеңдер не етеді?


Балапандар: Қыт-қыт-қыт-қыт,иә-деп,

Сүйер бар балақан,

Мен-сары балапан.

Енеме еремін

Көгалды шоқып көп

Дән іздеп теремін.

Тәрбиеші балалардың өзінен соң «ку-ка-ре-ку, қыт-қыт-қыт-қыт» дыбыс тіркестерін анық айтуларына қол жеткізуі қажет.

Картотека №9

Шөре – шөре


Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Қажетті құралдар: Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқуды жануарлардың суреттерін көрсетумен жалғастырады.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым қайдасың?

Шөре – шөре деп ешкіні шақырады.


Қамбар ата өсірген,

Құла атым қайдасың?

Құрау – құрау - деп жылқыны шақырады.


Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Ауқау – ауқау – деп - сиырды шақырады.


Ойсыл қара баласы,

Ботақаным қайдасың?

Көс – көс деп түйені шақырады.

Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.


Картотека №10

Бип, бип, пыш


Мақсаты: Еліктеу бойынша дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.

Қажетті құралдар: Паравоздың суреті.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Сосын еліктеу сөздерін қайталап айтады.

Бип, бип, пыш.

Мен паравоз алам.

Саяхатқа бет алам,

Бірте-бірте тездейміз,

Тез жетуді көздейміз.


Бип, бип, пыш.

Көп қаладан өтеміз.

Қызықтарға жетеміз,


Бип, бип, пыш.

Гук пыш, Гук, пыш паравоз.

Мықты болсаң басып оз,

Қызық болды кеп қалдық,

Енді жайлап тоқтаймыз,

Бип, бух, пыш.

Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалау.


Картотека №11

Не істеу керек, табамыз


Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту. Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.

Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса,онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді. Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын қадағалау маңызды.Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.


Картотека №12

Кім алғыр?


Мақсаты: Құлақтың есту қабілетін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.

Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда» : - Аюды ал және мәшинеге отырғыз. 22 - Аюды мәшиненің ішінен ал. - Мәшинеге қуыршақты отырғыз. - Қуыршақты мәшинемен қыдырт. Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар қысқа және жеңіл,ал айтылуы ақырын,бірақ айқын болу керек.






Ертегілер



Түлкі мен ешкі

(ертегі)

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе, шыға алмайды. Сол кезде бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келеді. Түлкіні көріп:

-Әй, түлкі батыр, неге апанда отырсың?- деп сұрайды. Түлкі:

-Ой, неғыласың, жаныма рахат тауып тұрмын. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі тұбінде тұп-тұнық суы бар екен,- деп жауап береді.

Мұны естіп ешкі:

-Мен де салқын су ішейін,- деп апанға түседі. Түлкі секіріп ешкінің үстіне мінеді. Онан соң мүйізіне шығады. Мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» - деген осыдан қалыпты.

Кішкентай бағбан

Садықтың әкесі бағбаншы. Ол әкесіне үнемі көмектеседі. Күн жылынып, қар еріп, жер кебісімен олар құмырсқалар сияқты бақта еңбектенеді.

Бір күні олардың қасына Халел жүгіріп келіп:

  • Садық, жүр ойнайық, - деді.

  • Менің жұмысым көп,- деп жауап берді Садық.

  • Осыны да жұмыс деп ойлайсың ба? Әкең бәрін жасай салады. Ойнаған өте көңілді емес пе?

Халел ойыншықтарының бірінен соң бірін шығара бастады. Садық қатты ойнағысы келсе де, өзін жігерлендіріп, жұмысын әрі қарай жалғастыра берді.

Күз келді. Бақта көптеген жемістер мен жидектер пісіп жетілді.

Садық жеміс-жидектерді өзі де жеп, досына да ауыз тигізді. Халел жеміс-жидектерді тойып жеп алып:

  • Қазір мен барлығын да жеп тауысамын, ештеңе қалмайды,- деді.

  • Қалады. Әкем: «Жер-ана еңбекті ойынға айырбастамай, аянбай еңбек еткендерді өз жомарттығымен сыйлайды деген», - деді Садық.

М.Төрежанов




Түлкі мен қоян

(ертегі)

Бip күні болдырып келе жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көрді.

Өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де, қасына шақырады.

      • Қоянжан-ау, Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бipгe өскен, тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық, - депті.

Сонда Қоян:

      • Eкi құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім өзіңде тұр. Ciз етті жақсы көреді дейді жұрт. Сол рас па? – депті.

      • Рас болғанда қандай? Tiпті, ет жемесем басым ауырады.

      • Mінe, осыңыз жаман ғой.

      • Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық жеп едім, оған жаным ашып, жылап та жібердім. Өйткені ол да тipi жүргісі келеді ғой. О, шіркін тipшілік! – депті.

Қоян:

      • Ciз оны өлтірмей тұрып, ойланып көрдіңіз бе? – депті. Сонда Түлкі:

      • Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, - дейді.

      • Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын, сондықтан да жортамын, - деп Қоян тұра жөнеліпті.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!