Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еріншектің ертеңі бітпес

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарына арналған қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Еріншектің ертеңі бітпес


Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

3.​2.​5.​1* оқыған/тыңдаған материал бойыншаөзпікірін (меніңойымша ..., меніңкөзқарасымбойынша ..., себебі ...) дәлелдеу

3.​3.​2.​1 жиіқолданылатынсөздер мен фразаларданқұрастырылғаншағынмәтіндегінегізгіойдытүсіну.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді,негізгі ойын анықтайды

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіндегі оқиғаға қатысты өз пікірін дәлелдейді, ойын еркін жеткізеді.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің тақырыбына қатысты ойын айтады;

- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Тілді мақсат

Қоқыс, оңай, қиын.

Жіктік жалғаудың жекеше және көпше түрі

Мен гүлге суды құя+мын Біз гүлге суды құям+ыз

Құндылықтарды дарыту

Жалқаулыққа, еріншектікке жол бермеу керектігін түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім


ІІ бөлім. Қайырымды бала № 6

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер«Менің атымның құпиясы»

Оқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайды да, әрқайсысы «Менің атым Айжан, мен алманы жақсы көремін!», Менің атым Қанат! Мен «Қазақ тілін» жақсы көремін» деп жалғаса береді, яғни өз есімінен басталатын бір сөзді айтады.

 

Оқушылар бейне көру арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжап айтады.

Сабақ мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушыларға арналған сабақ мақсаты жазылады)

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін;

  • мәтіннің тақырыбына қатысты ойымды айтамын;

- мәтіннің негізгі ойын анықтаймын.





Таныстырылым № 2

Еріншек етікші (аудио ертегі)

https://www.youtube.com/watch?v=ruWlRyT_7cQ 1:40

Таныстырылым № 3

Сабақтыңортасы

(30 мин)


Жаңа сөздерді меңгерту: қоқыс, оңай, қиын.

1. Осы сөздердің мағыналарын суреттер, синонимдері арқылы түсіндіру.

Оңай – жеңіл, қиын – күрделі, қоқыс (суреті көрсетіледі) – қоқсық, қоқыр-соқыр

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- сөздерді мәнерлеп оқып беру;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды, қайталайды, тізбекпен оқиды;

- дұрыс айтады: қиын – қыйын.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

Қоқыс құбырыоңай есеп,қиын жұмыс.

4. Сөйлемдер құрастыру.

Біздің үйде қоқыс құбыры бар. Мен оңай есептерді шығардым. Әкем қиын жұмыс атқарады.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 


(Ө) Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі. Алдын-ала дескриптормен танысады.Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

1. Жаңа сөздерді айтады

2. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды?



(Т) Оқылым алды тапсырмасы. Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.

«Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырып бойыншаассоциация жүргізіледі, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.





Оқылым кезіндегі тапсырма

(Т)Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Не туралы оқығандарын топта талқылайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Анасы Қадишаға не деді?

2. Қадиша қалай жауап берді?

3. Қадиша қандай қателік жіберді?

4. Сен Қадишаның орнында болсаң, не істер едің?

5. Қадиша – қандай қыз?

6. Автор не айтқысы келді?

Кері байланыс: Оқушылардыңжауаптарынмұқияттыңдау,мадақтау. Қысқажауаптардыдақабылдау.Жауапберугеталпынысжасағаноқушығақолдау көрсету.


Сергіту сәті

Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 

Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (Адымдайды) 

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды) 

Жақсы! (Алақандарын соғады) 


Оқылымнан кейінгі тапсырма

(Т) Оқушылар суретті пайдаланып, әңгіме құрайды. Қадиша мен жалқау мысықтың әрекетін «Венн диаграммасы» арқылы салыстырады, әр топ өз жұмысын қорғайды, өз ойларын дәлелдейді. Қажет болған жағдайдақолдау көрсету.



Кері байланыс:Оқушыларжауабын қорытындылап, еріншек, жалқау болмауға шақыру.


(Ө) Жақша ішіндегі тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді жазады.

Қадиша, (талға, гүлге, ағашқа) су құйшы. Апа, қуыршақтарымды (ертең, бүгін, таңертең) жинаймын. Апа, (шырын, тамақ, ботқа) ішемін.


(Ұ, МК)Грамматикалық қоржын. «Кофе таяқшалары» әдісі

Мұғалім бұл тапсырманы орындатпас бұрын мысалдар арқылы жіктік жалғауларының жекеше және көпше формасымен таныстырып кетеді.

Орындау барысы: оқушылар кофе таяқшыларына жазылған кофе ішетін стақанынан бір сөйлемді таңдап алады.Таңдап алған сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны айтады, содан кейін жазады.

Мен гүлге суды ертең құя... Мен үйді ертең жинай...

Сен бүгін құя... Сен киноны ертең көре...

Сіз таңертең құя... Сіз қуыршақты ертең жинай...

Ол ертең құя... Ол бүгін кино көре...

Біз бүгін құя... Біз тамақты ертең істей...

Сендер ертең құя... Сендер үйді бүгін жинай...

Сіздер таңертең құя... Сіздер тамақты ертең істей...

Олар ертең құя... Олар бүгін үй жинай...


Тиісті қосымшалар тақтада жазылады:

-мын

-сың

-сің

-ді

-мыз

-сыңдар

-сыздар

-сіздер

-ды

-міз



(Т, МК) «Идеялар себеті» әдісі

Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келугежағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын, идеясын ортаға салады.

Жағдаят: Анаң інің/қарындасың екеуіңе үйді жинап қоюды тапсырды. Бірақ ініңнің/қарындасыңның көмектескісі келмейді. Не істейсің? Оны үй жинауға қалай көндіресің?



Дескриптор:

1. «Менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...» деген сөздерді қолданады;

2. Өз пікірлерін дәлелдейді;

3. Сөйлемдегі сөздердің жалғауларын дұрыс жалғайды


Таныстырылым № 5

Қоқыс

Оңай

Қиын


Таныстырылым № 7









Таныстырылым № 8










Таныстырылым № 9













Таныстырылым № 10
















Таныстырылым № 11





Таныстырылым № 12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2023
526
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12