Материалдар / Еркін жазу арқылы оқушы тілін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еркін жазу арқылы оқушы тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
материал қазақ тілі мұғалімднрі мен колледж студенттеріне арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еркін жазу барысында қазақ тілі сабақтарындағы «Тіл ұстарту» сабақтарын түрліше жандандыруға болады. Мысалы: Сын есім тақырыбын өткен соң, оқушыларға «Гүлмен тілдесу» тақырыбында диалог, шағын эссе жаздырту. Оқушы әрекеті қандай болмақ? Еркін тақырыпта жұмыстану барысында оқушылардың өзіне тақырып таңдатқан дұрысырақ, өз тәжірибемнен байқағанымдай, бұл оқушының қиялын шарықтайтын тұсы. Оқушылардың таңдаған тақырыптары: «Үңгірдеге бір күн, бір түн», «Ақ желкен астындағы ой», «Жеті қабат жер астына саяхат», «Мен көрмеген керемет» т.б. Әрине еркін тақырыпта жазылған жұмыстардың барлығы кереметтей болып шықпасада, оқушының ой-қиялын қозғауға, сауаттылығын дамытуға түрткі болады. Еркін тақырыпта жұмыстану не береді?

-оқушы мен мұғалім арасында сенімділік пайда болып, бірлесе жұмыс атқаруға

әркез даяр болады;

-еңбектерін бағалауға үйренеді;

-бір – бірін жаңа қырынан тани түседі;

-тыңдауға дағдыланады, пікір алмасады.

Оқу үрдісіне берері:

-қиялдауына әсер етеді;

-жазу үстінде ойлау қабілеті дамиды;

-өзіндік жазу мәнері қалыптасады;

-әдеби – көркем тілде жазуға, ойлануға, сөйлеуге дағдыланады.

Өз тәжірибемде оқушылардың тілін, ойын дамыту барысында жоғарда атап өткен жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы көптеген жұмыстарды

оқушылар өздіктерінен орындап «Оқушының шығармашылық портфолиосын» жинақтауы. Портфолио мазмұны:

-Мектеп қабырғасында жинақтаған шығармашылық жұмыстары;

-Газет -журналдарда жарияланған еңбектері;

-Қойын дәптердегі жазулар;

-Ақын-жазушылардың қанатты сөздері;

-Көркем әдебиеттен өздеріне ұнаған үзінділер; т.б

Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары — оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі. Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу — мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс. Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсатын А. Жапбаров төмендегіше көрсетеді: «Жазу жұмыстарын жүргізудегі басты міндет — шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көрген, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой — түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс». Тілді оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстары оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін жазба жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады. Жазба жұмыстарының түрлеріне жаттығулар, түрлі мәтіндер, диктант, мазмұндама, шығарма, т.б. жатады. Жазба жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырыптың ыңғайы мен мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту мақсатында жүргізіледі, яғни, жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалдарды оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл — ой әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады. Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой — тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс. Жаттығулар мен тапсырмалар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді.

Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады. Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол — оқушылардың шығармашылық еңбегі. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат — оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге машықтандыру. Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі — мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін сөздер мен сөйлемдерді бір — бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мазмұндама жаздыру- оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігі мен мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең бастысы — қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: дайын мәтін бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!