Материалдар / Ерлікке тағзым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерлікке тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
9- мамыр Жеңіс күніне орай өткізілетін кештің сахналық қойылымы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2021
557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерлікке тағзым

Мақсаты: Жеңістің 74 жылдығына орай оқушыларға қазақстандықтардың ерен ерлегі мен еңбегін насихаттау; Жеңістің қадір- қасиетін түсіндіру; отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: фильм көрсету, слайдтар, кітап көрмесі.

«Жаңашыл ұлдан отаншыл ұл артық»

Мұхтар Шаханов


Барысы

  1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жеңістің 74 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отырған «Ерлікке тағзым» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

  2. Жүргізуші: XX ғасырдағы қанды қасірет II Дүниежүзілік соғыс еді. Оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты, майданға 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 110 миллион адам қолына қару алды.

  1. Жүргізуші: ССРО- Германия соғысына Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар- ошарсыз кеткендері қаншама?

  2. Жүргізуші: Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,

Кеудесін оққа төсеп лаулағандар.

Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,

Жеңіс тойын 74 жыл тойлағандар.

Сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.


Көрініс

Автор: 1941 жыл.Тыңдаңыздар, тыңдаңыдар! Кеше Совет Одағына неміс фашистері тұтқиылдан шабуыл жасады. Жаудың дивизиялары елге баса көктеп кірді. Ел үшін, жер үшін, барлық ер азаматтар, Отан қорғауға аттаныңыздар!


Қызы: «Аттан!» деді,

Сен қазір аттанасың,

Жауынгердің рөлін атқарасың.

Аттан, әке, аттан!

(Әкесін келіп құшақтайды).


Әкесі: Тыңда, балам, тыңда, күнім.

Болуға жара қолқанат.

Кәрі анаң, сәби інің-

Барлығы саған аманат.

Әжесі: (Баласын сүйіп келініне қарап):

Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келін- ау, көздей қалтаға топырақ салып беріп жібер.

Келін: Кебін киген өледі,

Кебенек киген кедеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді. ( Наннан бір ауыз тістетіп, жарының соңынан жылап қалады, әскери әуен ойнап тұрады)

Автор: Арадан 4 жыл өтті. 1945жыл. 1.Әйел: Мына сұрапыл пәле соғыс бітпеді- ау... Азаматтарымыздан хабар да жоқ, ошар да жоқ. 2.Әйел: Қайта соған қуансаңшы.Өткен жолы, білесің бе, анау көрші кемпірдің баласынан хабар келеді деп жүргенде «қара қағаз» келгенін. Қазір хабар жоғына қуану керек. Әйтеуір тірідағы. Пошташы: Сәлеметсіздерме, хат келді. Марқұм Күреңбай ақсақалдың үйі қайсы? 1. Әйел: Мынадан кейінгі үй. 2. Әйел: Аманшылық хабар ма екен? (Әженің үйі жақтан жоқтаудың дауысы шығады, екі әйел де аяныш күй танытып қайыр болсын айтуға көршісінің үйіне беттейді, бригадир сахнаға шығады) Бригадир:Амансыңдар ма! Балалар да шаршаған болар? Дамылдап алыңдар кішкене. Демалыңдар! 1. Қарт: Әбеке- ау! Біздің армия жайлы, майдан жайлы қандай хабарың бар айта отыр. Бізге қарағанда сауаттысың ғой. 2. Қарт:Ой, құдайға шүкір, біздікілер Герман жеріне кіріп,фашист жауызды ойсыратып жеңіп жатқанға ұқсайды. 1. Қарт: Әп, бәрекелді! Арам қатқырларға, иттерге де керегі сол. ( Осы кезде бір бала жүгіріп келеді) Бала: Пошташы Наурызбай атам келе жатыр. 2. Қарт: Пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетіпті. Наурызбай:Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін мойындапты. Жеңіс! Жеңіс! Біз жеңдік! ( Барлығы пошташыны қаумалап сүйіп, бір- бірінен сүйінші сұрап жатыр) Қыз: Анашым әкеме хат жазып едім, Наурызбай атайдан беріп жіберейінші. Анасы: Қәне сен жазған хатыңды мына халыққа оқып берші. (Қыз хатты оқиды, оқып болып сахнадан жай басып шығып кетеді) 1. Әйел: Эй, айналайын- ай! Осындай балаларды жылататындай неткен соғыс бұл?! Осындай балалардың қаншасы ауылда әке- ағаларының тілегін тілеп, жолға ұзақ қарап, келіп қалардай көздерін жол жақтан алар емес. Азаматтарымыз елге аман – есен оралса екен... (Сахна жабылады) 1. Жүргізуші: Осы соғыста Совет Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандық болған. 2. Жүргізуші: 1945 жылы 30- сәуір кешінде, 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Райхстаг қабырғасына ең алғаш ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға жуық созылған қантөгіс аяқталды. Ән: « Қазақстан» 10 «А» сынып оқушысы Қасымхан Абайұлының орындауында қабыл алыңыздар! 2. Жүргізуші: Ия, Айдана Қазақстандықтардың ерлігі үшін сен не айтар едің? 1. Жүргізуші: Қасымхан бұл жеңіс бүкіл әлемге, оның үстіне біздің Қазақстанға оңай келмегені хақ. Әди Шарипов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Талғат Бигелдинов, Мұсабек Сеңгірбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аттары аңызға айналған кісілерді тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті. Осы ауылдан майданға аттанған Мақажанов Рақым, Елжақыпов Түсіпбек, Дүйсекеев Шәкім, Жақыпбеков Шайқыман, Жұмаділов Төкен, Арқонов Жұмаш, Исқаков Ілияс, Исқақов Ғазиз, Қаскин Сағынтай, Сапақов Хамит, Қойсанов Қадір, Дүйсекеев Шайқым, Исқақов Саруар, Айдаров Асқар, Тайшин Таңат, Тайшин Айтмағанбет, Кенжетаев Дәулет, Мұстафин Қажай, Қойсанов Нәдір ерліктері мәңгі есте сақталады. 2. Жүргізуші: Аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне 74 жыл. 74 жыл бейбіт көктем таң атқалы, 74 жыл- шуақты күн тартты әнін. Есімде сонан бері 74 рет, Ашылды Жеңіс күннің парақтары. Талай құс сонан бері қайта айналды, Соғыста өлгендер тек оралмайды, Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді, 74 жыл үзілмеді құстар әні, Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні. 1. Жүргізуші: Жеңіс күні- 9- мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. 2. Жүргізуші: Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн. 1. Жүргізуші: Фашизмді жеңген қаhарман Совет халқының мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні. 2. Жүргізуші: Үйіне, отбасына, ата- анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымыз сарыла күткен сағыныш күні. 1. Жүргізуші: Бұл күн- сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқан рухтарының аспандайтын күні. 2. Жүргізуші: Бұл күн- бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн. 5 «Ж» сынып оқушыларын Жеңіс жайлы өлеңдерімен қарсы алыңыздар! 1. Жүргізуші: Қайғы- мұңнан арылып, бейбітшілік күнін тойлағанымызға 74 жыл! Жауынгер батырлардың ерліктері – біздерге үлкен үлгі. Оларды өз заманының патриоттары деп білеміз. 2. Жүргізуші: Қасиетті Жер- Ананың төсінде бейбіт өмір, бейбіт еңбек орнасын. Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жербетінде тыныштық сақталсын! 1. Жүргізуші: Осымен «Ерлікке тағзым» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!