Материалдар / Ерте жас тобы қараша циклограмма
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ерте жас тобы қараша циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерте жас тобының караша айына арналған циклограммасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
70
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін_______________________________

Меңгеруші:_____________________________

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024жыл 1 апта

Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

04.11.2024

Сейсенбі

05.11.2024

Сәрсенбі

06.11.2024

Бейсенбі

07.11.2024

Жұма

08.11.2024

Балаларды қабылдау

Қал жағдайын,көңіл күйін ата-аналардан сұрау. Денсаулығын тексеру . Жеке жайлы жағдай жасап қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата аналар өтініштеріне қарай баланың көңіл күйіне зейін аудару

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Баланың қалауы бойынша ойын орталығында ойыншықпен ойнау жағдайын жасау. Көніл күйін көтеруге арналған дыбысты ойыншықтарды көрсетіп зейінін қалыптастыру

Түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі реттілікпен жинату.

(Сенсорика)

және көркем әдебиет)

Күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың атауын

білдіретін сөздермен толықтыру. Ойыншықтарды атағанда сол ойыншықты алып келуін ұйымдастыру.

(Сөйлеуді дамыту

Жаю және жинастыру, алу және салуға арналған ойыншықтармен ойынды қайталу пысықтау

(Сенсорика)

Сазбалшықты алақан арасына ала білуды жұмырлауды, аузына салмауды пысықтау (Мүсіндеу)

Жалпақ және көлемді иллюстрациялары бар кітаптарды қарау, ішіндегі танитын бейнелерін эмоция арқылы немесе сөзбен жеткізуін пысықтау.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Таңертенгі жаттығу

Қатарға тұрып тәрбиешінің соңынан еріп шеңбер бойлап жүру.

Аяқтың ұшымен, қолдарды жоғары көтеріп жүру (10 секундтан бастап, мен зообақтағы жирафпын деп айтқызу)

қолды бүгу және қайта жазу

қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу.

Аяқтардың сыртқы жанымен жүру. (20 секундтан жоғары, мен аюмын)

Таңғы ас

Гигиенналық шаралар:

жуыну кезінде: қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақанымен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту;сүлгісін сақтайтын орынды білу

Орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру; тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айту. тағам атауларын (ботқа, су, сүт) білдіретін сөздермен толықтыру.

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Әннің әуені мен сөздерін тыңдауға,назар аударуға үйрету. Алақандарын соғып, қимылдату (музыка)

Балалардың қалауы бойынша ойындар орталығына бөлу (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Міндетері:заттардың түстерін (қызыл, көк) білдіретін сөздерді түсінуді. Шарлар мен доптарды түсіне қарай себеттерге жинауды үйрету. Түстерді атату.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Еңбектеу, өрмелеу. 2 метр қашықтыққа дейін бөренеден аттап өту,

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Домалату, лақтыру. бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Домалату, лақтыру. допты екі қолмен алға лақтыру

Музыка

Әндерді мазмұны бойынша түсініп тыңдауды, олардың көңіл- күйін эмоционалды қабылдауды

үйрету

Алақандарын соғып, қимылдатуды дамыту

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Еңбектеу, өрмелеу. 2 метр қашықтыққа дейін бөренеден аттап өту,

Домалату, лақтыру. допты екі қолмен алға лақтыру

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Еңбектеу, өрмелеу. құрсаудан еңбектеп өту (диаметрі 45 сантиметр).

Домалату, лақтыру. бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.

Дидактикалық ойын

«Не жоқ?»

Пирамидалар

Мақсаты:Түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамиданы

бірізділікпен жинастыруға үйрету

(Сенсорика)

Үлкен, кіші ұғымын

білдіретін сөздерді түсіну.

Мақсаты:Топтағы ойыншықтардың үлкенін және кішісін көрсету. Бірге айту, сұраныс бойынша үлкен кішіні көрсету.

Жалпақ және көлемді иллюстрациялары бар кітаптарды қарау, ішіндегі танитын бейнелерін эмоция арқылы немесе сөзбен жеткізуін дамыту.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Қоңыраулар

Мақсаты: Естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын қоңырауларлармен ойын ойнауын жетілдіру

(Сенсорика)

Сазбалшықпен ойын

Мақсаты:Сазбалшықтан

дөңгелек пішіндерді мүсіндей білу мен қолданылған материалдарға ұқыпты қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

(мүсіндеу)

Серуенге дайындық

Киіміне арналған шкафты білу, өз киімін танып, көрсетуді, атауды дамыту. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию. Ойыншықты ұқыпты ұстап әрекет жасауға ынталандыру. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Ауа-райы жағдайын ескере отырып, күн сайын серуендер ұйымдастыру. Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру. Күннің жылы кезінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету

Серуен

Бақылау.

Мақсаты: Ағаштармен өсімдіктерге қарап бақылауын ұйымдастыру

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қимылды ойын: «Шарды ұста»

Серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (өсімдіктерді, бөгде және лас заттарды ұстамау, ауызға салмау, сондай-ақ құммен және сумен ойындарда лас суды ішпеу және төкпеу, құмды, топырақты шашпау).

Ойыншықтармен ойынату.

Міндетері:Жануарлар бенесіндегі ойыншықтарды көрсету, олардың дауыстарын (қозы -мәәә, бұзау - мөөө, мысық - мияу, ит – аб-аб) деп қайталап келтіруін үйрету.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Көңілді муызкаға

алақандарын соғып, қимылдатуды жетілдіру

(музыка)

Қимылды ойын:

«Тәй-тәй»

Міндетері:Сазбалшықты алақан арасына алап жұмырлауды білуді, аузына салмауды пысықтау. Мысыққа арналған доп жасату.

(Мүсіндеу)

Қимылды ойын: «Шарды ұста»

Міндетері:Үй жануарларын танып, олардың дауыстарына еліктеуді үйрету. (Қоршаған ортамен таныстыру)

Қимылды ойын:

«Ұстап алам»

Серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (өсімдіктерді, бөгде және лас заттарды ұстамау, ауызға салмау, сондай-ақ құммен және сумен ойындарда лас суды ішпеу және төкпеу, құмды, топырақты шашпау).

Қимылды ойын: «Шарды ұста»

Міндетері:Шарлардың түрлі түсті тығындарын қорапқа, шелекке ауыстырып салуын жетілдіру (Сенсорика)

Серуеннен оралу

Тізбекте жүру, асықпау. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Киімі тұратын орынды тауып аяқ киімін шешу қабылетін дамыту (дербес қимыл әрекеті).

Түскі ас

Тамақтану алдында және лас болған кезде қолын жууға, 1 жас 1ай - 1 жас 3 айда қою тамақты қасықпен өз бетінше жеуге, ал 1 жас 6 айда – сорпа тамақты ішуге үйрету (нанды сорпамен бірге ішу, тек өз тәрелкесіндегі тамақты ішу), ересектің көмегімен майлықты қолдану, тамақтан соң ересектерге ілтипат білдіруді жетілдіру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Күндізгі ұйқы

Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білуін пысықтау.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдату. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)

«Күй күмбірі» музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Ұйқыдан кейін және күні бойы киініп-шешіну кезінде балаларды шынықтыруды жүзеге асыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білуін үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Түбекке сұрана білу дағдыларын қалыптастыру, өзінің түбегінің орнын білу; тек өз түбегіне отыруын үйрету.

жуыну кезінде: алақандарын бір-біріне үйкелеу, өзінің заттарын, сүлгісін сақтайтын орынын табуды үйрету.

Бесін ас

Үстел басындағы өзінің орнына, қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан өзі тұруын жетілдіру.

Тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айтуын меңгерту;

(мәдени-гигиеналық дағдылар).

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Сазбалшықты алақан арасына алып жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеуді дамыту

(Мүсіндеу)

Дидактикалық ойын:

«Не жоқ?»

Сазбалшықты алақан арасына алап жұмырлауды білуді, аузына салмауды пысықтау.

(Мүсіндеу)

Дидактикалық ойын:

«Түрлі түсті моншақтарды тізу»

Топтағы табиғат бұрышын тамашалатуды үйрету.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Дидактикалық ойын:

«Көпіршік»

Белсенді сөздікті жақын адамдардың атауларымен (ана, әке, ата, әже), білдіретін сөздермен толықтыру.фото

суреттерге қарап тануын қалыптастыру.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Дидактикалық ойын:

«Саққұлақ»

Топтағы өсімдіктерге деген қызығушығын дамыту, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Табиғат бұрышын бақылауын жетілдіру

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Дидактикалық ойын:

«Жапырақтар»

Балалармен жеке жұмыс

Серуенге дайындық

Киіміне арналған шкафты білу, өз киімін танып, көрсетуді, атауды дамыту. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию. Ойыншықты ұқыпты ұстап әрекет жасауға ынталандыру. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Жиі ойнайтын сүйікті ойыншықтарын алып, шығу негізінде еркін

ойындарын ойнату

Қимылды ойын

«Тәй-тәй»

Көңілді муызкаға алақандарын соғып, қимылдатуды пысықтау

(музыка)

Қимылды ойын:

«Шарды ұста»

Пирамидалармен

ойнату

Мысықтың және күшіктің дауысын салуды ұйымдастыру.

Қимылды ойын

«Тәй-тәй»

Доппен ойындар.

Қимылды ойын: «Шарды ұста»

Қимылды ойын

«Тәй-тәй»

Пирамидалармен ойын

Балалардың үйге қайтуы

Балалардың балабақшаға жылы киініп келу жағдайларын талқылау.

Үйде ойындар ойнауды ұсыну

Табиғи материалдармен ойын ойнауды ұсыну

Үйде доппен ойнауды ұсыну.

Апта бойғы жұмыстар бойынша ақпарат беру.

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024жыл 2 апта

Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

11.11.2024

Сейсенбі

12.11.2024

Сәрсенбі

13.11.2024

Бейсенбі

14.11.2024

Жұма

15.11.2024

Балаларды қабылдау

Қал жағдайын,көңіл күйін ата-аналардан сұрау. Денсаулығын тексеру . Жеке жайлы жағдай жасап қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Ата аналар өтініштерін қабылдау, баланың көңіл күйіне зейін аудару

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Баланың қалауы бойынша ойын орталығында ойыншықпен ойнау жағдайын жасау. Көніл күйін көтеруге арналған дыбысты ойыншықтарды көрсетіп зейінін қалыптастыру

Топтың жатын бөлмесін аралату үшін тізбекке тұрғызу.

Пойыз болып жүріп саяхат жасату. Кереует, шкафты көрсетіп, атауын қайталап айтқызу.

(қоршаған ортамен таныстыру)

Қуыршақты тамақтандыру ойынын ойнату

(Сенсорика)

Алақан арасына ала білуді, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды домалақтау әдісін үйретуді жалғастыру.

(Мүсіндеу)

Естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын музыкалық ойыншықтармен

ойнату.

(Сенсорика)

Текше, кірпіш ұғымын білдіретін сөздерді түсіну.

Топтағы текшелермен кірпіштермен ойын ойнату.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Таңертенгі жаттығу

Қатарға тұрып тәрбиешінің соңынан еріп шеңбер бойлап жүру.

Аяқтың ұшымен, қолдарды жоғары көтеріп жүру (10 секундтан бастап, мен зообақтағы жирафпын деп айтқызу)

қолды бүгу және қайта жазу

қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу.

Аяқтардың сыртқы жанымен жүру. (20 секундтан жоғары, мен аюмын)

Таңғы ас

Гигиенналық шаралар:

жуыну кезінде: қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақанымен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту;сүлгісін сақтайтын орынды білу

Орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру; тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айту

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Көңілді муызка қою. Әннің әуені мен сөздерін тыңдауға,назар аударуға үйрету. Алақандарын соғып, қимылдату (музыка)

Балалардың қалауы бойынша ойындар орталығына бөлу (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Қуыршақты көрсету. Оны ұйықтатамыз.

Міндеттері:Ол үшін не істейміз? Бесік немесе кереуетке салу. Тербетіп ызыңдап ән айтқан кейіп танытуды үйрету. (Сенсорика)

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен (ені 25-30 сантиметр) жүру

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. құрсаудан құрсауға өтуге үйрету; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету.

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Еңбектеу, өрмелеу. 2 метр қашықтыққа дейін бөренеден аттап өту

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Еңбектеу, өрмелеу. құрсаудан еңбектеп өту (диаметрі 45 сантиметр).

Музыка

Әндерді мазмұны бойынша түсініп тыңдауды,

ересектің көрсетуі бойынша сәйкес қимылдармен сүйемелдеуді

үйрету

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен (ені 25-30 сантиметр) жүру

Еңбектеу, өрмелеу. 2 метр қашықтыққа дейін бөренеден аттап өту

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. құрсаудан құрсауға өтуге үйрету; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету.

Еңбектеу, өрмелеу. құрсаудан еңбектеп өту (диаметрі 45 сантиметр).

Киімдерін атағанда дұрыс тану, атауды үйрету. Қысқа сөйлеммен, толық жауап беруді үйрету.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Бүгін қуыршақ қонаққа келді деп оның сыйлықтарын көрсету - шағын доптар мен сазбалшық. Міндеттері:Сазбалшықты таныстырып, әр түрлі заттар жасауға болатынын айтып түсіндеру. Сазбалшықты жеуге болмайтынын ескерту. Алақандарының ортасына салуды үйрету. Қолдарымен қысып сосын домалақтап доп жасайық деп жасауына жағдай жасау.

(Мүсіндеу)

Сөздік қорларын белгілі қимылдарды (ал, бер, аш, тұр, жібер,бар) білдіретін сөздермен толықтыру. Балаларға әр түрлі заттар беріп, ал, бер, аш, тұр, жібер,бар деген тапсырмалар беру. Балалардың түсініп орындауын бақылау.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Құртты көрсету көлемі,түсі ,дәмі қандай сұрау.

Саз балшықты алақан арасында домалақтау әдісімен үлкен құрт жасату

(Мүсіндеу)

Қуыршаққа тамақ беру, киіндіру арқылы қолының моторикасын дамыту

(Сенсорика)

Серуенге дайындық

Киіміне арналған шкафты білу, өз киімін танып, көрсетуді, атауды дамыту. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию. Ойыншықты ұқыпты ұстап әрекет жасауға ынталандыру. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Көңілді муызка қою. Алақандарын соғып, қимылдатуды жетілдіру

(музыка)

Қ/О «Ұстап аламыз»

Балалардың дербес әрекеті.

Еркін ойындар.

Айналасындағы заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру,

«болады болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Орамалды көтеріп астындағы допты көрсету «міне ол бар» деп, орамалды қайта жабу. Балаларға көрсетпей допты басқа жерге алып қою, енді жоқ деп ойнату. Доп деп атауын қалыптастыру

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қ/о «Жетіп ал»

Балалардың дербес әрекеті.

Еркін ойындар.

Орамалды көтеріп астындағы мысықты көрсету «міне ол бар» деп, орамалды қайта жабу. Көрсетпей мысықты басқа жерге алып қою, енді жоқ деп ойнату. Мысықтың дыбысын салуды үйрету.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қ/О «Ұстап аламыз»

Балалардың дербес әрекеті.

Еркін ойындар.

Топ, топ, топ, топ басайық (шеңберге тұру)

Жалаудан күн жасайық (жалаушаларын көтеру)

Жаса, жаса, алтын күн (бір орында аяқты нық басып жүру)

Жаса, жаса, алтын күн

Тақпағын айту, іс қимылын жасату. (Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Қ/о «Жетіп ал»

Балалардың дербес әрекеті.

Еркін ойындар.

Айналасындағы заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру,

«болады болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Орамалды көтеріп астындағы күшікті көрсету «міне ол бар» деп, орамалды қайта жабу. Көрсетпей күшікті басқа жерге алып қою, енді жоқ деп ойнату. Күшіктің дыбысын салуды үйрету (Қоршаған ортамен таныстыру)

Қ/О «Ұстап аламыз»

Балалардың дербес әрекеті.

Еркін ойындар.

Серуеннен оралу

Тізбекте жүру, асықпау. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Киімі тұратын орынды тауып аяқ киімін шешу қабылетін дамыту (дербес қимыл әрекеті).

Түскі ас

Тамақтану алдында және лас болған кезде қолын жууға, 1 жас 1ай - 1 жас 3 айда қою тамақты қасықпен өз бетінше жеуге, ал 1 жас 6 айда – сорпа тамақты ішуге үйрету (нанды сорпамен бірге ішу, тек өз тәрелкесіндегі тамақты ішу), ересектің көмегімен майлықты қолдану, тамақтан соң ересектерге ілтипат білдіруді жетілдіру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Күндізгі ұйқы

Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білу.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Тыныш ұйықтауы үшін жайлы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)

«Күй күмбірі» музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Ұйқыдан кейін және күні бойы киініп-шешіну кезінде балаларды шынықтыруды жүзеге асыру. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білу. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Түбекке сұрана білу дағдыларын қалыптастыру, өзінің түбегінің орнын білу; тек өз түбегіне отыру.

жуыну кезінде: алақандарын бір-біріне үйкелеу, өзінің заттарын, сүлгісін сақтайтын орынын табуды үйрету.

Бесін ас

Үстел басындағы өзінің орнына қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан өзі тұруды қалыптастыру. Тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айтуын қалыптастыру;

(мәдени-гигиеналық дағдылар).

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Ойыншық бауырсақтарды көрсету. Көлемі,түсі қандай сұрау. Осындай бауырсақ жасаймыз деп сазбалшықты алақан арасында домалақтау әдісін қайталап пысықтау

(Мүсіндеу)

Кітаптарды қарап ата апа, ана әке, аға, әпке сөздерін айтуын пысықтау. Мейірімділік көрсету қабілетін-адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыруды қалыптастыруға арналған ойыншықтармен ойындар ойнату (сенсорика)

Кітаптардан ата апа, ана әке, аға, әпкені көрсетіп, сөздерін айтуын пысықтау. (Қоршаған ортамен таныстыру)

Алақан арасына ала білуді, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды домалақтау әдісін үйретуді жалғастыру.

(Мүсіндеу)

Балалармен жеке жұмыс

Серуенге дайындық

Киіміне арналған шкафты білу, өз киімін танып, көрсетуді, атауды дамыту. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию. Ойыншықты ұқыпты ұстап әрекет жасауға ынталандыру. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Ауа-райы жағдайын ескере отырып, күн сайын серуендер ұйымдастыру. Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру. Күннің жылы кезінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету

Серуен

Қ/о «Жетіп ал»

Еркін ойындар

Жеке әңгімелесулер

Қ/О «Ұстап аламыз»

Ағаш пен гүлді бақылау.

Қ/о «Жетіп ал»

Қ/О «Ұстап аламыз»

Балалардың дербес әрекеті.

Еркін ойындар.

Көңілді муызкаға алақандарын соғып, қимылдатуын дамыту

(музыка)

Қ/о «Жетіп ал»

Еркін ойындар.

Балалардың үйге қайтуы

Балалармен көп ойындар ойнап, сөйлеу дағдыларын қалыптасыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуге келісу.

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024 жыл 3 апта

Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

18.11.2024

Сейсенбі

19.11.2024

Сәрсенбі

20.11.2024

Бейсенбі

13.11.2024

Жұма

22.11.2024

Балаларды қабылдау

Қал жағдайын,көңіл күйін ата-аналардан сұрау. Денсаулығын тексеру . Жеке жайлы жағдай жасап қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Ата аналар өтініштерін қабылдау, баланың көңіл күйіне зейін аудару

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Баланың қалауы бойынша ойын орталығында ойыншықпен ойнау жағдайын жасау. Көніл күйін көтеруге арналған дыбысты ойыншықтарды көрсетіп зейінін қалыптастыру

Көңілді муызкаға алақандарын соғып, қимылдатуын бекіту

(музыка)

Суреттерден мысықты және күшікті тану, оларды атап, дыбыстарын салуды менгерту.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Кітаптан үй жануарларын қарау, дыбыстарын дыбыстап, аттарын атауды дамыту.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Баланың қалауы бойынша ойын орталығында ойыншықпен ойнау жағдайын жасау.

Топ, топ, топ, топ басайық (шеңберге тұру)

Жалаудан күн жасайық (жалаушаларын көтеру)

Жаса, жаса, алтын күн (бір орында аяқты нық басып жүру)

Жаса, жаса, алтын күн

Алақандарын соғып, қимылдату (музыка)

Таңертенгі жаттығу

Қатарға тұрып тәрбиешінің соңынан еріп шеңбер бойлап жүру.

Аяқтың ұшымен, қолдарды жоғары көтеріп жүру (10 секундтан бастап, мен зообақтағы жирафпын деп айтқызу)

қолды бүгу және қайта жазу

қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу.

Аяқтардың сыртқы жанымен жүру. (20 секундтан жоғары, мен аюмын)

Таңғы ас

Гигиенналық шаралар:

жуыну кезінде: қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақанымен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту;сүлгісін сақтайтын орынды білу

Орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру; тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айту

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын.

Топ, топ, топ, топ басайық (шеңберге тұру)

Жалаудан күн жасайық (жалаушаларын көтеру)

Жаса, жаса, алтын күн (бір орында аяқты нық басып жүру)

Жаса, жаса, алтын күн

Алақандарын соғып, қимылдату (музыка)

Балалардың қалауы бойынша ойындар орталығына бөлу (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Кітаптардан құстармен жануарларды көру, дауыстарын, қимылдарын салдырту. Басы, құйрығы, қанатын тани білу дағдысын қалыптастыру.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Домалату, лақтыру. допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып)

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Домалату, лақтыру. бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Домалату, лақтыру. допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып)

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Домалату, лақтыру. бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.

Музыка

Әндерді мазмұны бойынша түсініп тыңдауды,

қосылып ән айтуды үйрету (айта алуына қарай).

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Домалату, лақтыру. допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып)

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Домалату, лақтыру. бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.

Шарларды ойнауға беру және сазбалшықтан мүсінін жасауды үйрету.

(Мүсіндеу)

Тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны салу дағдысын жетілдіру. (Сенсорика)

Ыдыстармен ойнауға жағдай жасау және сазбалшықтан табақ мүсінін жасауды үйрету.

(Мүсіндеу)

"болмайды", "болады" сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Ойыншықтар арқылы іс әрекетті жасап көрсету.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Логиканы дамыту үшін тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді пішіні бірдей бірнеше сақинаны салу дағдысын дамыту.

(Сенсорика)

Серуенге дайындық

Киіміне арналған шкафты білу, өз киімін танып, көрсетуді, атауды дамыту. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию. Ойыншықты ұқыпты ұстап әрекет жасауға ынталандыру. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Ауа райындағы өзгерістерді тамшалату. Жаңбыр мен қарды тану. Ұстап көруіне жағдай жасау. (қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар

Қимылды ойын «Тәй тәй»

Дидактикалық ойын «Кім екенін тап»

Қимылды ойын «Түсіне қарай жина» доптармен ойын ойнату

Қимылды ойын «Шарды ұста»

Айналасындағы заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру,

«болады болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Балалардың дербес әрекеттері

Қимылды ойын «күн мен түн»

Серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (өсімдіктерді, бөгде және лас заттарды ұстамау, ауызға салмау, сондай-ақ құммен және сумен ойындарда лас суды ішпеу және төкпеу, құмды, топырақты шашпау).

Жапырақтармен, бұтақтарды жинап себетке салу. бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру дағдысын қалыптастыру (Сенсорика)

Жапырақ, ағаш, тас, суды тану, атаулары атау.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қимылды ойын «Түсіне қарай жина» доптармен ойын

Балалардың дербес әрекеттері

Жемсауытқа ұшып келетін құстарды, үй құстары туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Құстар сияқты қолдарын қағуды үйрету (қоршаған ортамен таныстыру)

Құстарға арналған сазбалшықтан табақ мүсінін жасауды ұсыну.

(Мүсіндеу)

Еркін ойындар

Қимылды ойын «Тәй тәй»

Серуеннен оралу

Тізбекте жүру, асықпау. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Киімі тұратын орынды тауып аяқ киімін шешу қабылетін дамыту (дербес қимыл әрекеті).

Түскі ас

Тамақтану алдында және лас болған кезде қолын жууға, 1 жас 1ай - 1 жас 3 айда қою тамақты қасықпен өз бетінше жеуге, ал 1 жас 6 айда – сорпа тамақты ішуге үйрету (нанды сорпамен бірге ішу, тек өз тәрелкесіндегі тамақты ішу), ересектің көмегімен майлықты қолдану, тамақтан соң ересектерге ілтипат білдіруді жетілдіру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Күндізгі ұйқы

Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білу.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Тыныш ұйықтауы үшін жайлы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)

«Күй күмбірі» музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Ауа ванналарының ұзақтығы 2-3 минуттан (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білу. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

баланың түбекке сұрана білу дағдыларын қалыптастыру, өзінің түбегінің орнын білу; тек өз түбегіне отыру.

жуыну кезінде: алақандарын бір-біріне үйкелеу, өзінің заттарын, сүлгісін сақтайтын орынын табуды үйрету.

Бесін ас

Үстел басындағы өзінің орнына қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру. Тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айтуды дамыту;

(мәдени-гигиеналық дағдылар).

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Логиканы дамыту үшін көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыруды қалыптастыруға арналған ойыншықтармен ойындар ұйымдастыру (сенсорика)

Аю, аю тұршы (орындарынан тұру)

Бетіңді жушы (екі қолымен бет жуу)

Айнаға қарашы (айнаға қарау қимылы)

Шашыңды тарашы (шаш тарау қимылын жасау) тақпағындағы білетін сөздерін айту. қимылдарын жасату.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Шарлардың түрлі түсті тығындарын қорапқа, шелекке ауыстырып салуды үйрету.

(сенсорика)

Ыдыстармен ойнауға жағдай жасап және сазбалшықтан табақ мүсінін жасауды үйретуді жалғастыру.

(Мүсіндеу)

Құстар туралы кітаптар қарау, суреттерін ойыншықтарын тану. Мейірімділік көрсету қабілетін-адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Балалармен жеке жұмыс

Серуенге дайындық

Киіміне арналған шкафты білу, өз киімін танып, көрсетуді, атауды дамыту. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию. Ойыншықты ұқыпты ұстап әрекет жасауға ынталандыру. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Ауа-райы жағдайын ескере отырып, күн сайын серуендер ұйымдастыру. Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру. Күннің жылы кезінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету

Серуен

Қ/о «Жетіп ал»

Еркін ойындар

Жеке әңгімелесулер

Ермексаздан жалпақ пішіндерді күлше мүсіндей білу мен қолданылған материалдарға ұқыпты қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

(мүсіндеу)

Қ/О «Ұстап аламыз»

Ауа райын бақылау, жел, жаңбыр, суық екенін байқату. Ағаштардың тербелгенін тамашалату.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қол қимылын дамытуға арналған ойыншықтармен ойындар ойнату(сенсорика)

Қ/о «Жетіп ал»

Қ/О «Ұстап аламыз»

Балалардың дербес әрекеті.

Еркін ойындар.

Бала, бала, балақан (қолдарын көтеріп)

Кәне, қайсы алақан? (алақандарын көрсету)

Саусақтарың әйбәт (саусақтарын қимылдату, ойнату)

Былай, былай ойнат.

Алақандарын соғып, қимылдатуды үйрету

(музыка)

Қ/о «Жетіп ал»

Еркін ойындар.

Балалардың үйге қайтуы

Балалармен көп ойындар ойнап, сөйлеу дағдыларын қалыптасыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуге келісу.

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024жыл 4 апта

Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

25.11.2024

Сейсенбі

26.11.2024

Сәрсенбі

27.11.2024

Бейсенбі

28.11.2024

Жұма

29.12.2024

Балаларды қабылдау

Қал жағдайын,көңіл күйін ата-аналардан сұрау. Денсаулығын тексеру . Жеке жайлы жағдай жасап қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Ата аналар өтініштерін қабылдау, баланың көңіл күйіне зейін аудару

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Баланың қалауы бойынша ойын орталығында ойыншықпен ойнау жағдайын жасау. Көніл күйін көтеруге арналған дыбысты ойыншықтарды көрсетіп зейінін қалыптастыру

«Шалқан» ертегісін оқып беру. Кітаптағы суреттеріне қарап, ата, апа, қыз сөздерін айтуды және іс әрекетін жасауды үйрету. (Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Баланың қалауы бойынша ойын орталығында ойыншықпен ойнау жағдайын жасау. Көніл күйін көтеруге арналған дыбысты ойыншықтарды көрсетіп зейінін қалыптастыру

Үстел үсті ойындарын ойнату.

Тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны салу дағдысын жетілдіру.

(Сенсорика)

Құстарға арналған сазбалшықтан табақ мүсінін жасауды ұсыну.

(Мүсіндеу)

Таңертенгі жаттығу

Қатарға тұрып тәрбиешінің соңынан еріп шеңбер бойлап жүру.

Аяқтың ұшымен, қолдарды жоғары көтеріп жүру (10 секундтан бастап, мен зообақтағы жирафпын деп айтқызу)

қолды бүгу және қайта жазу

қолдың білектерін сермеу, айналдыру, қолдың алақандарын жоғары, төмен қарату, саусақтарды жұмып, ашу.

Аяқтардың сыртқы жанымен жүру. (20 секундтан жоғары, мен аюмын)

Таңғы ас

Гигиенналық шаралар:

жуыну кезінде: қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақанымен жуу, ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту;сүлгісін сақтайтын орынды білу

Орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру; тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айту

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын.

Бала, бала, балақан (қолдарын көтеріп)

Кәне, қайсы алақан? (алақандарын көрсету)

Саусақтарың әйбәт (саусақтарын қимылдату, ойнату)

Былай, былай ойнат.

Алақандарын соғып, қимылдату (музыка)

Балалардың қалауы бойынша ойындар орталығына бөлу (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Шалқанның сазбалшықтан мүсінін жасауды үйрету.

(Мүсіндеу)

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Домалату, лақтыру. допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып)

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Домалату, лақтыру. бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен (ені 25-30 сантиметр) жүру

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. құрсаудан құрсауға өтуге үйрету; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету.

Музыка

Ересектердің орындауындағы әнді тыңдауға, ойын әрекеттерін орындауға, музыка сипатының ауысуына назар аударуға жетелеп үйрету.

Дене шынықтыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен (ені 25-30 сантиметр) жүру

Домалату, лақтыру. допты екі қолмен алға лақтыру, допты алға домалату (отырып, тұрып)

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. құрсаудан құрсауға өтуге үйрету; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету.

Домалату, лақтыру. бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.

Суреттерден шалқан ертегісінің кейіпкерлерін тану, оларды атап, қимылдарын салуды менгерту.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Доптармен ойнауға жағдай жасау және сазбалшықтан доп мүсінін жасауды үйрету.

(Мүсіндеу)

Ересектердің сөздерін тыңдай білуге, "Бұл не?", "Не істеді?" сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге үйрету (Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны салу дағдысын жетілдіру.

(Сенсорика)

Серуенге дайындық

Киіміне арналған шкафты білу, өз киімін танып, көрсетуді, атауды дамыту. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию. Ойыншықты ұқыпты ұстап әрекет жасауға ынталандыру. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Ауа-райы жағдайын ескере отырып, күн сайын серуендер ұйымдастыру. Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру. Күннің жылы кезінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету

Серуен

Күнді бұлтты байқату. Күн бар жоқ деп, күннің бүлттың арасына тығылып қалатынын байқату.

(қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар

Қимылды ойын «Тәй тәй»

Жапырақтармен, бұтақтарды жинап себетке салу. бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіруді менгерту (Сенсорика)

Дидактикалық ойын «Кім екенін тап»

Қимылды ойын «Түсіне қарай жина» доптармен ойын

Кітаптан үй жануарларын қарату, дыбыстарын дыбыстап, аттарын атауды дамыту.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Балалардың дербес әрекеттері

Қимылды ойын «Тәй тәй»

Жел жаңбыр, жапырақ, тас суды тану және атын атауын үйрету

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қимылды ойын «Түсіне қарай жина» доптармен ойын

Балалардың дербес әрекеттері

Жемсауытқа ұшып келетін құстарды, үй құстары туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру (қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар

Қимылды ойын «Тәй тәй»

Серуеннен оралу

Тізбекте жүру, асықпау. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Киімі тұратын орынды тауып аяқ киімін шешу қабылетін дамыту (дербес қимыл әрекеті).

Түскі ас

Тамақтану алдында және лас болған кезде қолын жууға, 1 жас 1ай - 1 жас 3 айда қою тамақты қасықпен өз бетінше жеуге, ал 1 жас 6 айда – сорпа тамақты ішуге үйрету (нанды сорпамен бірге ішу, тек өз тәрелкесіндегі тамақты ішу), ересектің көмегімен майлықты қолдану, тамақтан соң ересектерге ілтипат білдіруді жетілдіру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Күндізгі ұйқы

Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білу.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Бесік жырын айтып беру (көркем әрекет)

«Күй күмбірі» музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Ауа ванналарының ұзақтығы 2-3 минуттан (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау, киіміне арналған шкафты білу. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

баланың түбекке сұрана білу дағдыларын қалыптастыру, өзінің түбегінің орнын білу; тек өз түбегіне отыру.

жуыну кезінде: алақандарын бір-біріне үйкелеу, өзінің заттарын, сүлгісін сақтайтын орынын табуды үйрету.

Бесін ас

Үстел басындағы өзінің орнына қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру. Тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдану, тамақтан соң алғыс айтуды дамыту;

(мәдени-гигиеналық дағдылар).

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыруды қалыптастыруға арналған ойыншықтармен ойындар ойнату (сенсорика)

«Шалқан» ертегісін кітаптардан оқып беру. Балалардың білетін жерлерін қосылып айтуға жағдай жасау.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Пирамидаларды жинату.

(сенсорика)

Ыдыстармен ойнауға жағдай жасап және сазбалшықтан табақ мүсінін жасауды үйрету.

(Мүсіндеу)

Күнге қарайық (шеңберге тұру),

Шашымызды тарайық (бастарын жоғары көтеру).

Керіліп, дем алайық (күнге созылу),

Бойымызды жазайық (қолды белге қою).

Қимылдарын сөзбен сүймелдеуді үйрету

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Балалармен жеке жұмыс

Серуенге дайындық

Киіміне арналған шкафты білу, өз киімін танып, көрсетуді, атауды дамыту. Киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию. Ойыншықты ұқыпты ұстап әрекет жасауға ынталандыру. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Көңілді муызкаға алақандарын соғып, қимылдату дағдасын дамыту

(музыка)

Қ/о «Жетіп ал»

Еркін ойындар

Жеке әңгімелесулер

Әртүрлі заттарды мүсіндету. Балалардың өздері жасаған заттарын допқа, ыдысқа, шарға ұқсатуын жетілдіру.

(мүсіндеу)

Қ/О «Ұстап аламыз»

Ауа райын бақылау, жел, жаңбыр, суық екенін байқату. Ағаштардың тербелгенін тамашалату.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қол қимылын дамытуға арналған ойыншықтармен ойындар ойнату (сенсорика)

Қ/о «Жетіп ал»

Қ/О «Ұстап аламыз»

Балалардың дербес әрекеті.

Еркін ойындар.

Көңілді муызкаға алақандарын соғып, қимылдатуды жетілдіру

(музыка)

Қ/о «Жетіп ал»

Еркін ойындар.

Балалардың үйге қайтуы

Балалармен көп ойындар ойнап, сөйлеу дағдыларын қалыптасыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуге келісу.

Қимылды ойындар

Тәй-тәй

Балаларды жүруге үйрету ойыны. Тәрбиеші баладан 1,5-2 метр қашықтықта тұрып, төмендегі жаттауды айтып баланы өзіне шақырады.

Тәй-тәй,
Тәй-тәй,
Күле қойшы, бөпешім.
Тәй-тәй,
Тәй-тәй,
Жүре қойшы, бөпешім.

Жетіп ал.

Тәрбиеші әр түрлі ойыншықты қолына алып, қане біздің балақай үлкен болып өсіпті деп ойыншықты жоғары көтереді. Бала созылып, аяғының ұшына тұрып жетуге тырысады.

Ұшақтар

Балаларды ойын алаңына еркін тұрғызып, тәрбиеші өзі ұшақ болып көрсетеді. Тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып, қолын жанына созып ұшады. «Ұшықтар қона бастады!» дегенде барлық бала өз орындарына келіп, қолын тізесіне қойып қона бастайды. Тәрбиешінің бастауымен ойын жалғасады.

Шарды ұста

Тәрбиеші ортаға көп үрленген шарларды жайып тастайды. Ойын басталды деген кезде (тәрбиешінің көмегімен) балалар шарды ұстап тәрбиешіге береді немесе себетке салады. Кім көп шар жинаса сол бала жеңімпаз атанады. 10-15 сек. Ойын жалғасады.

Кім жылдам

Балалар тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші қолындағы сылдырмақты жоғары көтеріп сылдырлатқанда. Балалар тәрбиешінің қасына жүгіріп жиналады. Кім бірінші келсе, сол жеңімпаз. Ойын басынан қайталана береді.

Ұстап аламыз

Балаларды еркін жіберіп, ұстап аламын деп арттарынан тәрбиеші қуады. Кім бірінші ұсталады, сол жеңіледі.

Күн мен түн.

Балаларды орындыққа немесе жерге отырғызып қояды. Тәрбиеші балаларға күн деген балалар орнынан тұрып, жүреді. Түн дегенде орындарына немесе жерге отырып беттерін алақандарымен басады.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН

«Не жоқ?»

Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту, жылдамдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Ойын құралдары: ойыншықтар.

Ойын барысы: ойыншықтарды қатар-қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде педагог ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін табады.

«Түрлі түсті моншақтарды тізу»

Мақсаты: Түстеріне қарай тізуге үйрету.

Ойын құралдары: Әрқайсысы бес данадан ақ, сары , жасыл түсті диаметрі -2 см моншақтар, жіптер.

Ойын барысы: Қонаққа қуыршақтар келеді, өзімен бірге моншақтары бар қорапты әкеледі. Балалардан моншақ жасаап берулерін сұрайды.

Тәрбиеші балаларды қораптан моншақтарды бір түсті етіп алып жіпке түзуді үйретеді сосын балалар жеке-жеке таңдаған түстегі моншақтарды ретімен алып, жіпке тізеді. Тәрбиеші ұштарын байлап қуыршақтардың алдына қояды.

Көпіршік

Мақсаты: Демалу, дыбысты айту қабілеттерін дамыту. Тыныс алуды қимыл-әрекетімен сәйкестендіру.

Ойын барысы: Балаларды шағын топпен қол ұстасып бір-біріне иықтарын тигізіп шеңбер етіп тұрғызады да, бұл шағын көпіршік деп түсіндіреді. Оның ортасына қарай үрлесек ол үлкейеді деп ортаға қарай үп- үп- үп- деп үрлетеді. Көпіршік үлкейіп балалар арасы қолсозым жағдайға жеткенде «пақ» етіп көпіршік жарылады, балалар сол кезде отыра қалады. Ойын қайталанады.

Саққұлақ

Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, сөйлеуін дамыту

Ойын құралдары: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.

Ойын барысы: бала дыбыстар табу үшін, анық және кезектесіп шығуы керек. Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан шыққанын табуын ұсынады.

Жапырақтар

Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.

Ойын құралдары: Жұқа қағаздан жасалған сары және қызыл жапырақтар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады. Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!