Материалдар / ЕРТЕ ЖАСТАН КӘСІПТІККЕ БАУЛУ –ТАБЫСТЫ ЖҰМЫСТЫҢ КЕПІЛІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЕРТЕ ЖАСТАН КӘСІПТІККЕ БАУЛУ –ТАБЫСТЫ ЖҰМЫСТЫҢ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада ерте жастан оқушыларды кәсіптікке баулы туралы жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
1031
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕРТЕ ЖАСТАН КӘСІПТІККЕ БАУЛУ –ТАБЫСТЫ

ЖҰМЫСТЫҢ КЕПІЛІ

Туяков Е.К

«№85 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Аннотация

Білім мазмұны жаңарып жатқан мезгілде әр түрлі кәсіптер туралы мәліметтерді бастауыш мектеп бағдарламаларында, тіпті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларында да қарастырған жөн.

Кәсіптік бағдар жұмысының келесі бағыты кәсіптік бейімделу. Оған жас адамның өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға кіруі, нақты кәсіптің ерекшеліктері мен еңбек ету шартына бейімделуі жатады. Кәсіптік бейімделудің табыстылығы кәсіпті дұрыс таңдаудың, бүкіл кәсіптік бағдар жұмысының тиімділігінің негізгі критерийі болып табылады.

Содержание образования обновляется в то же время в разных профессиях элементарных школьных программ, и даже информация о программах обучения и подготовки кадров дошкольного должны быть рассмотрены.

Следующее направление профессиональной деятельности профориентации. Молодой человек включает в себя производство новой социальной среды, она адаптирована к особенностям профессии и трудового договора. Профориентация выбрать правильную профессию, успех в целом является основным критерием эффективности профориентации.


Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз

Әл – Фараби


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына ену стратегиясының аясында ұзақ жылдарға арналған басымдықтар анықталды, оның бірі ретінде ұтқырлық, мультимедиялық, нано және космостық технологияларды, робототехниканы, гендік инженерия, болашақ энергияны бағыттарында салалар ашу ұсынылды.

Ол үшін сапалы білім қажет, жастардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндіктер жасалуы тиіс.Сондықтан білім беру жүйесінің алдында маңызды мәселе тұр: мектеп оқушыларының оқу жетістіктері сыни ойлау, өзіндік ізденіс және ақпаратты терең талдау дағдыларын игеру болып табылады. [1]

Кәсіптік бағдар жұмысы білім беру ұйымдарында, оның ішінде, әсіресе, жоғары сыныптарда қарқынды нақты бағыттарда жүзеге асырылады. Қазіргі әлем,оның ішінде нарық, тез өзгеріп жатқан жағдайда, кәсіптік бағдар жұмыстарының маңызы өте зор.

Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей. Өкінішке орай, біз, балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата – анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Ақпараттың көптігі де, өзін – өзі танудың әліппесі де, оларды қалай пайдалану керектігін білмегендіктен кейде қателесетін жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін – өзі тану арқылы мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуы және оған бейімделу мәселесі туындауда.[2]

Мәселенің өзектілігі қазақстандық экономикадағы индустриалды-инновациялық дамуға байланысты бүгінгі заманғы технологиялық білімі мен дағдысы бар мамандарға деген қажеттіліктің өсуіне орай, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау мен жаңғыртудың үсті-үстіне өрістеп бара жатқанынан туындап отыр. Қазақстандық экономика жағдайында жұмысшы кадрлар мәселесі алаңдаушылық туғызады, соған сәйкес, кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне ауқымды реформалар қажет. Реформалар кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне өндіріске арнап жүздеген мың кәсіби мамандар дайындауға мүмкіндік туғызатын түбегейлі болуы тиіс.

Бұл мәселені шешу оқушыларды уақтылы кәсіптік өзіндік анықталуына даярлаусыз, оқушылардың еңбекке оң көзқарасын қалыптастырмайынша шешу мүмкін емес. Сондықтан келешек мамандыққа жеке қатынасын қалыптастырудың, оның маңызын түсінуінің, еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор.

 Кәсіптер әлемі оқушының көз алдында жылдар өткен сайын әртүске боянған суреттер сияқты түрлі түске бөленіп, өзгеріп отырады, ол сол әлемнен өзінің әлеуетіне, шығармашылық мүмкіндігіне сәйкес өз мамандығын біртіндеп таңдауы тиіс болады.Оқушылар өзінің келешек мамандығы туралы 14-16 жастан бастап ойлай бастайды, сондықтан осы жастағы жасөспірімдер арасында нақты кәсіптік бағдар жүргізу оңтайлы деп саналады. Дегенмен кәсіптер әлемімен танысу бастауыш мектептен, тіпті мектепке дейінгі балабақшалардан басталады, себебі балапандар балабақшаларда өз ата-аналарының, ата-әжелерінің кәсіптері туралы алғашқы ақпаратты әртүрлі ойындар ұйымдастыру арқылы алады.[3]

 Білім мазмұны жаңарып жатқан мезгілде әр түрлі кәсіптер туралы мәліметтерді бастауыш мектеп бағдарламаларында, тіпті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларында да қарастырған жөн.

Кәсіптік бағдар жұмысының келесі бағыты кәсіптік бейімделу. Оған жас адамның өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға кіруі, нақты кәсіптің ерекшеліктері мен еңбек ету шартына бейімделуі жатады. Кәсіптік бейімделудің табыстылығы кәсіпті дұрыс таңдаудың, бүкіл кәсіптік бағдар жұмысының тиімділігінің негізгі критерийі болып табылады. Кәсіптік бейімделу нақты кәсіптік қызметке бейімділігін сақтау және дамытуымен, қоғамдық және жеке еңбек уәждемесінің бірігуімен сипатталады, ол әлеуметті бейімделу мен қатар жүреді. Қазіргі заманда оқушылардың кәсіптер әлемі туралы білімдерінің, өзіндік біліктерінің қалыптасуы отбасы, мектеп және мемлекет үшін аса маңызды мәселе болып отыр. Оқушылардың болашақ кәсібін, мамандығын дұрыс таңдай білуі педагогтардың жұмысына тікелей байланысты, сондықтан олардың бұл бағыттағы қызметтері (ақпараттық, консультация жүргізу, оқушылардың қабілеттерін ашып көрсете білу және т.б.) оқу-тәрбие жұмысының бөлінбес, маңызды бір бөлігі болып табылады. Кәсіптік анықталу нәтижесі оқушылардың ішкі белсенді позициясының қалыптасуына байланысты. Осыған байланысты оқушылардың болашақ мамандығына кезең-кезеңмен дайындалып, оған бейімделуі – олар өздерінің алдында тұрған өмірінің моделін жасауға үйренумен пара пар. Сондықтан мектеп табалдырығынан бастап, білім берудің барлық сатысында мектептерде болашақ кәсіпкерлерге өмірлік және кәсіптік психологиялық- педагогикалық көмек көрсету тұрғысында қарқынды жұмыс жүргізілуі қажет.[4]

  Бастауыш және негізгі орта мектептерде (1-4 и 5–9 сыныптары) сабақтан тыс мерзімдерде әртүрлі қызмет; кәсіптермен танысу жұмыстары жүргізіледі.Әңгімелер, сынып сағаттары, ойындар, өндіріс орындарына экскурсиялар, өңірдің экономикалық және өндіріс орындары туралы мәлімет беру педагогтардың оқушыларға кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу барысында қолданатын жұмыстардың түрлері болып саналады.

Кәсіп пен мамандықты таңдау – екі түрлі ұғым. Кәсіп – адамның қызмет, әрекет ету құбылысы. Осы негізгі қызмет, әрекет ету құбылысын бір шағын формулада жүзеге асыру үшін адамдарға мамандық керек. Мамандыққа ие болған адам күрделі қызмет саласының белгілі бір түрінде ғана жұмыс істей алады. Кәсіптің мамандыққа қарағанда ауқымы кең. Мамандық таңдау – адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселелерінің бірі. Ол болашақта отау құру, ел қатарына ену дейтін жайттармен өзектесіп жатады. Жастарымыздың ақыл-ой мамандықтарын игеруге ынта-ықыластарының төмендегені байқалады. Бірақ, қоғамдық дамудың жаңа жолына түскен егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекетіне ғылым мен техника саласындағы мамандар көптеп керек екенін де ескеру қажет.

Қолданған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2. Оқушыларды ерте кәсіпке бағдарлау. Ибраимова З.Б «Басқару мен білім беру сапасы»кафедрасы аға оқытушысы //Өрлеу .www.orleu-uko.kz/?p=2111

3.  Болашақ талапкердің мамандық  тандауына педагогикалық-психологиялық көмек / Б. Е. Сабырбай,  Ж. М. Зейнуллина // «Бейіндік мектеп» - Қарағанды. – 2012.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!