Ертедегі қазақ халқы
химияны және химиялық құбылыстарды
білген
Тәуелсіздік алғаннан кейін
жүріп жатқан қоғамды жаңарту үдерісіне байланысты өткен тарихымызды
қайта таразылап, мәдени, рухани және ұмытылған немесе тыйым
салынған нысандарымызды қайта қарауға тура келді. Осындай өзекті
мәселелердің бірі- туған халқымыздың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан
бай тарихын, мәдени мұрасын қайта жаңғырту немесе жаңа заман
таабына сай бүгінгі өмірде кеңінен пайдалану. Халқымыздың мәдени,
рухани байлықтары әр заманда да, әр кезеңдерде де әр адамның азамат
болып қалыптасуына зор әсер еткені, әлі де әсер ете беретіні
белгілі.Сондықтан халқымыздың өткен өміріне, тұрмыс-тіршілігіне,
салт-дәстүр, әдет-ғұрпына ғылыми тұрғыдан әділ баға беріп, келешек
жас ұрпаққа пайдалы, қажетті дүниелерді үнемі насихаттап отыруды
дәстүрге айналдыру қажет.
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие
беру ісін қайта құру ұлттық рухани мұраны жаңғырту, оның мазмұнын
қайта қарап, жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді. Білім беру ісін
жақсарту –өскелең өмір талабынан туындаған заман
талабы.
Қазақ халқының мәдени
мұраларын химия сабағына пайдалану жолдары мен әдіс-тәсілдері
мыналар: ертедегі қазақ халқының тіршілік болмысы, халықтың
шығармашылығы (ауыз әдебиеті, сазды өнері, сәндік- қолданбалы,
тұрмыстық затары, ұлттық ойындары және қару жарақ), салт дәстүрлері
мен әдет –ғұрыптары, даналық ой-пікірлері мен
көзқарастары.
Қазақстан территориясын
мекендеген ертедегі ата-бабаларымыз тіршілік барысында кен іздеп
тауып, одан тұрмыстық құрал –жабдықтар жасаған.Кенді тауып, оны
қорытып, одан түрлі бұйымдар жасау кезінде химия ғылымының
әдіс-тәсілдерін, металл алу және металл өңдеу жолдарын
игерді.
Археологиялық қазба
мәліметтердің дәйектері бойынша Қазақстан аймағында өмір сүрген
ертедегі халықтар тас ғасырдың өзінде-ақ бұйым жасауды үйренген.
Металл өңдеу р қазақтар XVІІ ғасырға дейін жалғастырып келді.
Құралды алдымен ағаш, сүйек, тастан, кейіннен металдан
жасаған.
Осыдан 3-7 мың жыл бұрын мыс
дәуірі кезінде Жезқазған,Қоңырат,Алмалы, Саяқ, Бесшоқ,Кенқазан,
Бозшакөл, Шатыркөл,Құладыр т.б. жерлерде кен орындары ашылған. Сақ
ғұн тайпалары ұсталары тотыққан көк, жасыл, басқа да түсті мыс және
қорғасын ұсталары (галенит, мырыш), қалайы минералдарын анықтай
білді. Жер бетіндегі осы минералдардың шоғырларын пайдаланып, ол
біткен соң әрі қарай жер астын тереңдетіп,қазған. Ертедегі тас
ғасырда, мұз дәуірінен соң Қазақстан аймағында көп ағаштар,
ормандар, тікенекті бұталар көп өскен. Осы ағаштарды металл
қорытуға пайдаланды. Атап айтсақ, ұлы ғалым Қ.Сәтбаев өз
зерттеулерінде Жезқазған өңіріндегі ерте кездегі қазылған мыс
кендерінде мыстың 5 пайыздан жоғары болғандығын жазған. Кен қазуға
шой балға пайдаланған.Кеннің тығыз қабатын от жағып, қатты қызған
кезде мұздай су құйып, шытынатып, бөлшектеп
алған.
Ертедегі кеншілеріміз кезінде
құйма жасаудың тамаша үлгісін көрсетті. Олар қоланы мыс пен қалайы
қоспасынан алса, жезді мыс пен мырыштан алды.
Мысалы,
Қола үшін имыстың 10 бөлігіне
қалайының 1 бөлігін, үстеме ретінде қорғасын, мырыш, т.б.
металдарды қосқан.
Ертедегі қазақ халқы өмір сүру
барысында табиғатта металдарды, химиялық қосылыстардыт және
химиялық құбылыстарды (реакция) игерді.
Қазақ халқының ертедегі
дүниетанымы
және қазіргі химиялық
түсінік
Қазіргі химия ғылымы
түсінктері
|
Ертедегі қазақ халқының
қоршаған орта туралы
түсінігі
|
«Заттар» туралы алғашқы
ұғым
|
Тәңірі, алла, көк аспан, қара
жер
|
Химиялық
элементтер
|
Алтын күміс, мыс, темір,
сынып, қалайы
|
Химиялық
құбылыстар
|
Оттың жануы, темірдің тат
басуы, сүттің ашуы, судың
қайнауы
|
Заттар
(бұйымдар)
|
Қару-жарақ, қазан, ошақ,
кетпен,сырға, жүзік, т.б.
|
Газдар
|
От,бу,
түтін,жел
|
Ерітінділер
|
Сүт, айран, қымыз, су, т.б.
сусындар
|
Қоспалар
|
Қола,
жез
|
Қосылыстар
|
Ашудас,тотияйын,сақар
|
Ертедегі ата-бабаларымызда зат
туралы түсінік пен олардың сипаттамасы жайлы мәлімет қалыптасты.
Яғни құрамында, қасиетіне, күйіне көңіл аударды. Атап айтсақ, тұзды
қатты күйіндегі дәмін татсаң да ащы және суға ерітсең де дәмі ащы
екенін білді.
Олардың заттың құрамы туралы
білімі: жай (алтын,күміс, мыс, темір), күрделі заттардан (су,тұз,
сірке), құймалардан (жез, қола) тұрды. Ал заттардың қасиеті деген
кезде олардың күйі (сұйық, қатты, бу), түсі (сары, ақ,
қара,көк),иісі (мүсәтір), дәмі (қышқыл, тәтті, ащы), қатуы (мұз),
қайнауы (су) және ерігіштігі (тұз, қант) болатынын аңғарды және бұл
қасиеттерін күнделікті тұрмыста практика жүзінде пайдалана білген.
Ата-баларымыз қазіргі заманғы химия ғылымының терминдерін
қолданбағаны болмаса, табиғаттағы «заттар», «құбылыстар», және
ондағы жүретін «химиялық үдерістер» туралы түсінігі болған. Ол
нақты әрі дұрыс бағытта дамып, қазіргі ғылыми дәлелдемелермен
астасып жатыр. Мәселен, қоршаған ортада «даму», «өзгеру»,
«қозғалу», «басқа заттарға айналу» үдерісі жүріп жатқандығын, оның
өзіне тән заңдылықтары бар екенін адамдар ертеден –ақ сезінгендігі
анық. Мысалы, ағаш жанып күлге айналса, оның біраз бөлігі ұшып
кетеді, осы кезде жарық пен жылу бөлінеді. Сүт ашып, қышқыл айранға
айналады. Қайтап тұрған суға түскен тағамдық зат түрін де, дәмін де
өзгертеді. Шын мәнінде бұлардың бәрі химиялық құбылыстар екенін
ата-бабаларымыз ерте кезден –ақ сезген.