Материалдар / Ертегі еліне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегі еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен бірлескен жұмыс. Ата-аналармен бірлесе отырып ертегіні сомдау барысында, балалардың ертегілерге деген қызығушылықтарын арттыра түсу, ата-аналармен балабақшаның жұмысын сабақтастыруды дамыту.Балалар тілін дамытуда, ертегіні сахналау,театрландыру ерекше рөл атқарады. Сондықтан да, ертегіні сахналау балабақша үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2022
545
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ертегі кейіпкерлерінің көніл-күйін жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: Ертегілер арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойларын дұрыс жеткізе алуларына дағдыландыру, сөздік қорын байыту. Ата-аналармен бірлесе отырып ертегіні сомдау барысында, балалардың ертегілерге деген қызығушылықтарын арттыра түсу, ата-аналармен балабақшаның жұмысын сабақтастыруды дамыту.

Тәрбиелік: балаларды еңбекке , татулыққа тәрбиелеу

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, сұраққа жауап беру.

Қажетті құралдар: үстел , ыдыстар, сүт, сыпырғыш, иінағаш, мейіз, маскалар, ағаш, тауық киімі, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, тары,қайшы.

Қатысушылар:

Ертекші әжей- Мади әжесі

Автор сөзі: Абдрахиева Алфера Тельмановна тәрбиеші

Мақта қыз- Аружан

Мысық- Айзат Нүркеновна (Айлана мамасы)

Сиыр- Лейла әжесі,Мирас,Алихан

Ағаш- Қайсар Толқынович (Аружан папасы),Арыстан, Нұрислам

Сушы қыздар Арзув (Нұрислам тәтесі), Кәусар

Дүкенші- Гульмира Амангелдіқызы (Мирас мамасы), Мади

Тауық- Гүлбану (Алихан тәтесі), Лейла,Хансұлу

Тышқан- Анар Ануарбековна (Арыстан мамасы)

Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн ,қараңдаршы бізге қонақтар келіпті.Бәріміз қонақтармен сәлемдесейікші:

Амандасу рәсімі,

«Балауса» атты бақшаның.

Тәрбиелі баласы

Алдыменен үлкенмен,

Амандасып алады

Қайырлы таң, апайлар!

Қайырлы таң, достарым!

. -Бүгін біз сендер мен ертегі әлеміне саяхатқа барамыз Бұл саяхатқа біз жалғыз бармаймыз бізбен бірге біздің сүйікті ата-аналарымыз да барады.

- Сендерге ертегілер ұнай ма?(жауап)

-Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауап

-Сіздерге қандай ертегілер ұнайды?

Ата-аналар жауабы.

-Жарайсыңдар балалар ,ата-аналар көп ертегілерді біледі екнсіңдер.,

Қане дайынбыз ба, ендеше осы ертегілер мекеніне аттанайық.

(Ертегілер әні орындалады)

Балаларды ертегі елінде әжей қарсы алады. Балалармен амандасып алып, төрге жайғастырады.


Әже: -Жарайсыңдар балалар сендер бүгін ата-аналарыңмен келген екенсіңдер

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.



Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде,

Баяғы заманда өте кәрі адам болыпты. Кәрілігінен көз жанары солып, тізесі дірілдеп, құлағы естімей қалыпты. Ол қасықты қолына дұрыс ұстай алмағандықтан дастарханға жиі-жиі көжесін төгіп алатын. Кейде тіпті аузындағы тамағы да түсіп қалатын. Ұлы мен келіні жақтырмай тыржиып, жүректері айнып, қартты пештің ар жағындағы бұрышқа отырғызып ескі ыдыстан тамақ беретін болды. Ол мұңлы жүзбен, суланған көзін жыпықтатып дастарханға жаутаңдайқарайтын. Бір күні қолы дірілдеп тамақ салған ескі ыдысын түсіріп алды. Быт-шыт болған ыдысты көрген келіні қартты жекіп ауыр-ауыр сөздер айтады. Қария ауыр күрсініп, төмен қарап отырып қалады. Осыдан былай қарияға асты ағаш итаяққа құйып беретін болады.

Күндердің бір күнінде ұлы мен келіні шай ішіп отырғанда үйге бір кесек ағаш алып 4 жасар ұлдары кіріп келеді. Әкесі: «Балам ағашты неге әкелдің? Не істегің келіп жүр?» – деп сұрайды.

Баласы: – Сендерге ыдыс жасайын деп едім, қартайғанда осы ыдыстан тамақ беремін,-деп жауап береді.

Не ексең соны орасың деген осы.



Тәрбиеші: Әже сіздің айтқан әңгімеңіз жақсы екен тәрбиелік мәні бар, өте ұнады, балалар сендерге ұнады ма?(балалар жауабы) ,ал сендер ата-аналарыңды сыйлайсыңдар ма?оларға көмектесесіңдер ме? (балалар жауабы)Бұл әңгемеден ата-аналар нені түсіндіңіздер?( жауабтар)

Жақсы! әже біз сізге құр қол келген жоқпыз.Иә, балалар?(балалар жауабы)Біздің сізге дайындаған ертегіміз бар еді ,ол Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.,соны тамашалап көріңізші.(әженің жауабы)

Ерте, ерте, ерте де,
Ешкі жүні бөртеде...
«Ертегі» деген ханым бопты
Балаларды жақсы көріпті,
Сиқырлы ертегілері көп бопты,
Қане соны тыңдайық,
Ақылын тоқып алайық.

Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.Олар өте дос болыпты

(Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.)

Мақта қыз (Мысығын шақырады)

 - Мысығым менің, қайдасың?

- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)

- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)

(Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.)

Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қыз 

Мысығым-ау, мысығым,

Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де,

Бетін жуған пысығым.

Піш - піш десем, келе ғой,

Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда піш-піш деп,

«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.

Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.

 Мысық:

Менің атым мысық,

Екі көзім қысық.

Тышқан аулап отырамын

Сүт-көжемді ішіп –дейді

 Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың? Мяу, мяу

Мақта қыз: Айтпаймын!

Мысық: Ендеше, мен сенің сүтіңді төгемін.

Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Олай болса мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)

Мысық: Берші, құйрығымды! Мяу, мяу

Мақта қыз: Бермеймін! Сүтімді қайтарып бер!

Мысық: Онда мен тездетіп сиырға барайын

Тәрбиеші:Сөйтіп, мысық сүт іздеп сиырға келеді.

 Сиыр 

Менің атым сиыр,

Өрісім алыс қиыр.

Етім үшін, сүтім үшін,

Адамдар маған үйір - дейді.

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған сүт берші!

Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.

 Ағаш

Мен жасыл ағашпын,

Күтсеңдер гүл ашам,

Жолыңа нұр шашам,

Жапырағым азық,

Бұтағым қазық.

Саяма сағаларсың,

Салқындап дем аларсың.

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!

Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар:

Су - тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.

Тазалықтың негізі,

Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.

Мысық: Мяу, мяу қыздар маған су беріңдерші.

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.

Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші -: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.

Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.(мысық шаршағанын көрсетеді)

 Тауық 

 Мен ақ тауықпын,

Өзім қақсауықпын.

Күніне бір жұмыртқа табам,

Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

 Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.

Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан

Мен тышқанмын,

Өзім дән екпеймін.

Егістен ұзап кетпеймін,

Айналам толы ән,

Қоймам толы дән,

Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып

Тәрбиеші: Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.

Мысық: - Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.

Тышқан: Сен мені жемеші мен саған дән беремін.

Тәрбиеші: Тышқан бір уыс тары береді,

Мысық дәнді алып тауыққа келеді

Мысық: Тауық, тауық балапандарың бір ән айтып берсе мен дән беремін

(балапандар «Қошақан» әнін айтады)

Тәрбиші: Мысық жұмыртқаны алып дүкеншіге келеді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды алып қыздарға келіп (Мади ағылшын тілінде тақпақ тауық туралы айтады)

Мысық: Қыздар, қыздар маған су туралы өлең айтып беріңдерші

Қыздар: Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен, әрдайым,

Таза бетің, маңдайың,

Тазалықтың досы

Су дегеніміз осы.

Тәрбиеші: мысық рахмет айтып сағызды қыздарға береді қуанған қыздар мысыққа су береді, суды алып ағашқа былай -дейді

Мысық: Ағаш мен саған су әкелдім,сендер бой жазу жаттығуын үйретіңдерші

Ағаш: Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай бұтақтар

Үлкен болып өседі

Тәрбиші: Бой жазып алған мысық суды ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық алып сиырға жөнеледі.

Мысық: Сиыр ау, сиыр мен туралы қандай ән білесің, айтып берші(«Мяу,мяу мысығым » әнін оындайды )

Тәрбиеші: Мысық қуанып, еркелеп қалады,рахмет айтып сүтті алып Мақта қызға келеді

Мысық: Мақта қыз, сүтің міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын

Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз сүтін ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Әже: Балалар, ата-аналар ертегі маған өте ұнады, ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!

Тәрбиеші: Әже сізге де көп-көп рахмет!Біз сізден жақсы өнеге алдық,келесі кездескенше сау болыңыз!Біз енді тобымызға барайық.

(барлығы топқа келеді)

Тәрбиеші: Балалар,ата-аналар сіздерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? қандай әсер алдыңыздар?( (жауабтар) Жақсы олай болса «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей осы кішкентай бүлдіршіндерімізді тәрбиелеуге еш шаршамай, жалықпай қоян қолтық жұмыс жүргізе берейік, және де сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахметімді айтамын.Бүгінгі оқу іс-әрекетімді мына жақсы тілек сөзбен аяқтайын «Ертеңіңізді ойласаңыз балаңызға ертегі оқыңыз!»

Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған апайларға да рахмет! Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңыздар!

(Сыйлықтар тарату)




Бүгінгі өткізген оқу іс-әрекетімнің тақырыбым: «Ертегі еліне саяхат» мақсатым: балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына деген сүйіспеншілігін еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру,тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайта түсу, және де «Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы балабақша мен отбасы сабақтастығы» атты жылдық міндеті жүзеге асыру болып табылады. Бұл балалар балабақшаға есігін биыл алғаш ашып отыр, бүгінгі күнге дейін балаларымның тілдерін дамытуда көп еңбектендім, әрине ата-аналарға да айтар алғысым шексіз.Бірінші күннен бастап тіл табысп кеттік.Бірлесіп атқарған жұмысымыздың нәтижесін, өздеріңіз көргендей жаман емес. Балалар тілін дамытуда, ертегіні сахналау,театрландыру ерекше рөл атқарады. Сондықтан да, ертегіні сахналау балабақша үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу мен үшін үлкен табыс. Ал, енді осы сәтті пайдалана отырып қазақ ертегілерін насихаттау барысында мына сыйлықтарымды ұсынуға рұқсат етіңздер.

Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы.Мысалы: ойынға киетін кепка, футболка , сумка және күнделік сыртына, қағаз пакет, қойын дәптер, шокалад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттері салынса Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса. Үйде ұйықтар алдында балалар тыңдаса. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!