Материалдар / Ертегі және театр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертегі және театр

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2022
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Балабақшада балалар театр іс – әрекетін ұйымдастыру жолдары.


Үйірме: "Біз және театр"


Кіріспе.

Ертегі – халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс - әрекетін, барлық мұң - мұқтажын, күрес - тартысын, талап - тілегін шыншыл ертегілерде бейнелеп, суреттеген.

Театыр үйірмесінің өзектілігі

Жобаның басты мақсаты

Жаңашылдығы

Жобаны іске асыру сатылары

І кезең -дайындық кезеңі.

ІІ кезең – негізгі кезеңі.

ІІІ кезең – қорытынды.

Жалпы, Театр өнері балаға не береді, оның маңыздылығы неде?- деген сұрақ төңірегінде ой қозғасақ, алдымен театр өнері баланың эмоциональды ашылуына, қымсыну мінезінен арылуына, сөз мағынасын сезіне білуге және көркем бейнелей білуге, қиялдай, ойлап құрастыра білуге үйретеді, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді. Атақты педагог Сухомлинский : «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» - деген екен.

Осындай ғылыми дәйектерді негізге ала отырып, соңғы кезде педагог мамандар кездесіп жүрген көптеген проблемаларды шешу мақсатында балабақшада «Балалар театр әлемі» атты жоба жасақталды.


І кезең -дайындық кезеңі.

1. Театыр үйірмесіннің жұмысы бойынша шығармашылық топты дайындау және құру.

2. Тәрбиешілермен, ата-аналарды үйірме идеясымен таныстыру.

3. Ата-аналармен біріккен жұмыстар ұйымдастыру, сауалнамалар

жүргізу.

4. Көрнекілік материал, көркем әдебиеттерді, бейнематериал жинақтау;

5. Қойылатын ертегіні таңдау, өзгерістер енгізу.

6. Декарациялар мен костьюм үлгілерін жасақтау.

Міндеттері:

театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

сөздік қорларын байыту;

ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;

байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;

Әдіс-тәсілдер:

балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;

қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;

қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)

ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.

Жұмыстың нәтижесі:

Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:

балалар тілі дамиды;

сөздік қорлары толығады;

байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна \театр\ ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен- дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады.

Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып,мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спетакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер  дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгіларінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.

ІІ кезең – негізгі кезеңі.

Ертегі сценарийлерін әзірлеу

Театыр түрлерін дайындау.

. Ертегі рольдеріне балалар таңдап алу.

Таңдалған ертегі мультфильмдерін көрсету, сценариймен таныстыру.

Ертегіні қою.

Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау жұмыстары жүргізіледі.
Заманауи тұрғыда өзгертілген ертегілерді сахналауға тоқталатын болсақ:

«Маша мен аю» ертегісін де кішкентай қыздың орманда достарынан адасып қалып, орманда аю үйіне келіп, аюдан құтылудың жоспарын құрып, тапқырлық танытып, ата мен әжесіне аман – есен қосылса, ал «Жеті лақ» ертегісінде ертегішінің ертегі айтуынан бастау алып, ормандағы ешкі мен лақтарының алаңсыз өмірлерін бейнелеу және де ешкінің орманға кеткен кезіндегі қасқырдың озбырлығы, оның арам ойының жүзеге аспауы, аңшының тапқыр әрекетінің арқасында ешкінің балаларына аман –есен қосылуын сахналанса, «Алтын бақ» ертегісінде қыздың анасына деген махаббатын бейнелеп, ондағы қыз ұйқыға кеткен кездегі көрген түсін сахналау арқылы табиғаттағы қураған жерді гүлдендіру, өсімдіктердің мәз болуы, би өнерімен ұштастырып сахналанады. Ал «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінде жайлаудағы әжесінің немересіне айтқан ертегісін сахналау арқылы залым айдаһардың бейнесін сомдап, ондағы маса, түлкі, уәзірлердің жаман пиғылдарын әшкерейлеу, қарлығаштың адам баласына дос екендігін көрсету. «Сиқырлы қылқалам» ертегісінде Аспан ананың баласының зеріккен кезіндегі сиқырлы қылқалам арқылы жылдың төрт мезгілді бейнелеп салу кезіндегі әр жыл мезгіліндегі балалардың іс –әрекетін сахналау.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісінде немере үшін ең мейірімді де, қамқор жан ата мен әже болса, біз өз қазақ ертегімізді таңдаганымызда, осы әже мен немере арасындағы бір тәтті байланысты орнатқымыз келді. Сондықтан ертегінің түрлендіру мақсатында да бар мейірім шуағын немересіне төгетін, бар тәттісін немересіне арнайтын әженің ертегіні немереге баяндауы арқылы өрбіту. Ертегіде де ата бабаларымыздың бізге мұра ғылып тастап кеткен салт - дәстүр, ою - өрнек, киіз үйінде қамту көрсету. Ертегі желісі басталмай тұрып, бірінші көріністе, киіз үйде әже ұршығын иіріп, ал бала ертегі кітабын оқып отырады. Бұл жерде балаға біздің ата - бабаларымыздың киіз үйді баспана жасап, жаз жайлауда өмір сүргендігінен, киіз үйдің құрылысынан ( шаңырақ, уық, кереге,сықырлауық) да мағлұмат беріліп кеткен болатын. Енді осы шаңыраққа қонақтап ұя салған қарлығаштың киелігін түсіндіру арқылы әже құстарға, тірі табиғатқа деген қамқорлыққа шақырады. Бала бойына ұлттық рухани адамгершілік қасиеттерді сіңіреді.

Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының  құпияларын айтатаын болсақ;

Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді.

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі –қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі.

Театр түрлері:

Қуыршақ театры.

Саусақ театры.

Көлеңке театры.

Ойыншықтар театры.

Саусақ  театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.

Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.


Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Үстел үстіндегі театры.

тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрден, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер - театр»; магнит театры; «мочалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады .

Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін  үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.

Балалардың бал тілін дамытуда, ойлау қиялдау қабілеттерін өмірді танып білуде ертегілердін атаратын рөлі зор.

Shape1 Shape2

















Shape3 Shape4





























Shape5



Shape6 Shape7













Shape8 Shape9 Shape10

Shape11





Shape12 Shape13



Shape14

































Shape15 Shape16





Shape17

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!