Ертегі құрастыру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегі құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тауда қалған сәби" ертегі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тауда қалған сәби» ертегі


Кебек батыр мен Еңлік сұлудың артында ұл қалады. Ата-анасы қаза болғаннан кейін, баланы таудағы үңгірге тастап кетеді. Бала күні бойы шырылдап жылайды. Ертесіне Кебек батырдың ағасы сәбиді алып кетуге келеді. Бала жатқан үңгір бос боп шығады.

Баланы Хамит деген атқан оғы құр қайтпайтын сұр мерген тауып алады. Хамиттың Күнекей деген сұлу әйелі мен Сырым деген жар дегенде жалғыз ұлы болады. Хамит күніге аң аулап, құс атып отбасын осылай асырап жүреді. Әйелі Хамиттың әкелген олжасынан ас әзірлеп, ұлының тәрбиесімен айналысып үйіне ие болып отыратын. Тауып алған баланы Ақшоқы деп атап кетеді.  

Арада бірнеше жыл уақыт өтеді. Хамит қартаяды. Ақшоқы екі иығы қақпақтай, жауырыны тоқпақтай ержүрек, батыр болып өседі. Құралайды көзге атқан сұр мерген, сөзге шешен болады. Бұл отбасының татулығын көре алмаған көршілері Ақшоқыға асыранды бала екендігін айтып қояды. Ақшоқы ата-анасынан мән жайды сұрап, Тобықты елін іздеуге жолға шығады.

Тобықты елінде айқай-шу болып жатады. Сұрастыра келе Нысан абыздың немере қызын серуенге шыққанда, оны жалмауыз кемпір кеткен екен. Нысан абыз немере қызын құтқару үшін ел-елге хабар жібереді. «Кімде –кім менің қызымды жалмауыз кемпірден құтқарса, қызымды сол батырға тұрмысқа беріп, болашағын болжап беремін» -деп жар салып жатыр дейді. Ақшоқы бұл хабарды естіп, Нысан абыздың немере қызын құтқаруға сапарға шығады.

Ақшоқы асу-асу таулардан, ойлы-ойлы жерлерден өтіп, шаршап –шалдығып бір үңгірге келіп демалуға отырады. Үңгірдің іші қап-қараңғы, әрі салқын екен. От жағып жылынған соң, көзі ілініп қалың ұйқыға кетеді. Кенеттен құлағына ырылдап келген дауыстан шошып оянып кетеді. Қараса жаралы қырдың қызыл түлкісі екен, оның әлсірегені сонша үңгірге келе сала жерге құлаған екен. Ақшоқы әкесінің қасында жастайынан жүргеннен мұндай жаралы аңдардың бірнешеуін емдеп жазғанын көргені бар болатын. Дереу сыртқа шығып емдік шөптерді іздеп жүріп табады. Түлкіні емдеп аяққа тұрғызады. Өзін емдеп жазған жаннан жөн сұрай бастайды. Ақшоқы жалмауыз кемпірді іздеп жолға шыққанын айтады. Түлкі Ақшоқының жақсылығы үшін жалмауыз кемпірдің үйіне өзі ертіп алып келеді.



Күн жүріп, түн жүре отырып, жалмауыз кемпірдің үйіне де жетеді. Сөйтіп жайлап ақырын басып, үйдің ішіне кіреді. Осы кезде артынан адам иісін сезіп, жалмауыз кемпір келеді. Ақшоқыны сиқырлай бастайды, бірақ әсер етпейді. Батырды жеңе алмайтының білген жалмауыз кемпір алды артына қарамастан қаша жөнеледі.
Жан-жағына қараса тор ішіндегі отырған абыздың немере қызын көреді, қызға оны құтқаруға келгенін айтады. Ақшоқы абыздың немере қызын алып, аман-есен еліне оралады.

Нысан абыз айтқан уәдесін орындайын деп, батырды өзіне шақырады. Көз алдына Кебек батыр елестей береді. Жөн сұраса келе, абыз өксіп-өксіп жылап жібереді. Еңлік пен Кебектің басынан өткен оқиғаларды жіпке тізіп, Ақшоқы батырға баяндап береді.

Ертесіне Ақшоқы батыр абыздың қызын алып, өз еліне оралады. Жол жөнекей жалмауыз кемпірді жолықтырады. Кемпір бұларды танып, батасын береді.

Елге келген кезде ата-анасы қатты қуанып, 40 күн тойын, 30 ойын өткізеді. Осылайша Ақшоқы батыр өз мұратына жетеді.





8 «А» сынып оқушысы

Кадырова Алтын

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
286
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі