Материалдар / "Ертегілер елінде" тәрбие сағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ертегілер елінде" тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсатында оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру, тілін, сөздік қорын халық мұрасы арқылы байыту, оларды ертегіні сүйіп оқұға, адамгершілікке, шыншылдыққа елжандылыққа тәрбиелеу көзделді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1109
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертегілер елінде.


Сабақтың мақсатында оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру, тілін, сөздік қорын халық мұрасы арқылы байыту, оларды ертегіні сүйіп оқұға, адамгершілікке, шыншылдыққа елжандылыққа тәрбиелеу көзделді.

Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» сөзі, ертегі кейіпкерлері суреті, киіз үй макеті т.б.

Өтілу барысы:

Жүргізуші:

Өткен күн тамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр, ертегі ой.

Ертегі айтса балалар еліктіріп,

Қиялға қызықтырып ертеді ғой.

1-оқушы:

Ертегіде халықтың мұң-зары бар,

Орман , тау, өрмелейтін құздары бар.

Жамандықпен алысып, жауын жеңген,

Халықның ұлдары мен қыздары бар.

2-оқушы:

Жауларымен алысып жекелеген,

Батыр ма намысын өтемеген.

Ертегімен халқымның ертеңіне,

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.

Жүргізуші:

Кел онда ертегіні шертейік біз.

Ертегі елінде бір саяхаттап,Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

Ән. «Ерте,ерте,ерте»

(осы кезде ертегі кейіпкерлері кіріп, тұрады.)

Хан: Бүгін қандай ертегі айтайық?

Шахризада: сабыр етіңіз, хан ием. Бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегі кейіпкерлері не дейді екен соны тыңдайық.

Ертегі кейіпкерлері өзін-өзі қорғайды.

Керқұла атты Кендебай:

Алмас қылыш жарқылдап қолымдағы ,

Жамандықты жайраттым жолымдағы.

Азу тісін қағып – ап арыстанның ,

Жеті басты аждаһамен алысқанмын.

Ал дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?

Мен батыр Керқұла атты Кендебаймын

Кәнеки , тұра алады жолыма кім?

Мақта қыз:

Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,

Сен мысық мазаны қайта-қайта алдың.

Қатық төктің еңбекті қадірлемей,

Құйрығыңды жұлып ап жазаладым.

Менді қыз:

Мен менді қыз ақыл мен көркі қонған

Жақсылыққа әрдайим серік болған.

Ертегіде хан, қара, батырымен

Жүреді мендей қыздың ақылмен.

Мыстан:

Мен мыстанмын, мыстанмын,

Жақсылыққа дұшпанмын.

Жамандыққа құштармын,

Су астынан шыға мен

Ағяымнан қысқанмын,

Тісімді жұлып лақтырып

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын,

Жас емеспін кәрімін.

Ертегінің сәнімін,

Көркейтуге келгенмін

Ертегілер ауылын.

Қаңбақ шал:

Мен Қаңбақ шалмын қаңбақтаймын,

Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді алдадым ақылыммен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамандыққа жоламаймын,

Мен Қаңбақ шал жел соқса домалаймын.

Дәу:

Мен жалғыз көзді дәумін,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Талай жерде ақылмен алдап кетті,

Қаңбақ шал ма, қалғаны-ай, қап мынаның.

Тазша бала.

Мен Тазша баламын,

Кіп-кішкентай ғанамын.

Қысылғанда сөз табамын,

Қырық өтірік пе керегі

Жаңылмай айтып беремін,

Ақылыма тәнті боп

Алтын үйді басыма,

Той жасады хан қызын

Отырғызып қасыма.

Шахризада: Хан ием, мына ертегі кейіпкерлерін көріп менің бұрынғы айтқан ертегілерім есіңе түсті ме?

Хан: Бәсе, бәсе мен қайдан естідім десем.

Шахризада: Ал хан ием, енді Шық бермес Шығайбай ертегісін айтып берейін.

Хан: Одан әрі не болды?

Шахризада: Сабыр етіңіз, хан ием. Бүгін осымен ертегіміз аяқталды. Жалғасын ертең тыңдайсыз. Қазір Жібектің биін тамашалайық.


Ән. «Ертөстік»

Жүргізуші: Ертегі қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды асқақтатады. Өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегіні сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар.

Осымен «Ертегілер елінде» атты ертеңгілігіміз аяқталды.








Үш бәйтерек-рухани асыл қазына,

өнегелі ғұмыр.


Ұраны: Бәйтерек ағашында мықты, көрікті болып, тәуелсіз Қазақстанның болашағына үлкен үлес қосамыз. Қазақтың Үш бәйтерегі аталып кеткен ұлы тұлғаларымыз

С. Сейфуллин, Б. Майлин ,Жансүгіровтердің өмірі мен шығармашылығын терең түсіндіру, елін сүйген қайраткер лердің еңбектерін оқушыларға үлгі-өнеге ету, олардың білімін тескеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тапқыр сөйлеуге салмақты ой ойлауға баулу кешіміздің мақсаты етіп алынды.

Әдісі: интеллектуалдық сұрақтар мен ұтымды жауаптар, көкпар тартыс.

Көрнекілігі:

«Үш бәйтерек өз елін сүйгендер......

Олар нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, бәйтеректер де – Ілияс, Сәкен, Бейімбет те мәңгілік өмір сүреді»


Роллан Сейсенбаев.

« Бәйтерек ағашы -

тек жақсылықты тілейтін қасиетті ағаш.»

Кіріспе.


2. Бәйге Көкпар –тартыс – 30 ұпай

3. Көптілдік ( полиглот ) - 30 ұпай

4. Жеті-жұмбақ – 10 ұпай

5. Дода - 10 ұпай

6. Лебіздеме сұрақ – 30 ұпай

( ең....ең....ең....)


І Бәйге ( сауалнамалық сұрақ) әр сұрақ - 10 ұпай

1. Сәкеннің ата-анасы қандай адамдар ? ( өнерлі, шебер)

2. Сәкен неше жасында ауылдан кетті ?

( 9 жас. Нілді зауыты)

3. Бейімбеттің туған жері

( Қостанай уезі, Дамбар болысы, 8 ауыл)

4. Бейімбеттің алғашқы медресесі

( Арғынбаев Әбдірахманның медресесі) 5. 1913-14 жылдары қайда былым алды ?

( Троицк, « Уазифа», Уфа «Ғама»)

6. Ілияс қай өлкенің перзенті ?

( Жетісу өлкесі, Талдықорған, Ақсу ауданы) 7. Ілиястың 20 –шы жылдары білім алған жерлері

( Алматыдағы 3 айлық мұғалім курсы, Ташкенттегі

Қазақ Ағарту Институты )

8. Ілиястың анасы неше жасында қайтты ? ( 4 жасында)

9. Сәкеннің азан шақырып қойған аты ( Сәдуақас)

10. Сәкеннің ата-анасы кім ? (Сейфолла, Жамал)

11. Бейімбеттің аты кім ? ( Бимағамбет )

12. Бейімбеттің ата-анасы кім ? ( Жармағанбет, Гүлғизар)

13. Бейімбеттің атасы мен әжесінің аты ? ( Майлы, Байдос)

14. Ілиястың өзі туралы жазған еңбегі

(«Қысқаша өмірбаяным »)

15. І.Жансүгіровтің Хан Кененің қарындасы Қарашашқа

деген өнер құдіретін дәріптейтін поэмасы (« Күйші»)

16. Сәкеннің өз өмірі туралы шығармасы

( «Тар жол, тайғақ кешу»)


ІІ. Көкпар –тартыс


1. Адалдық пен арамдық , талант пен күншілдік , мансап

пен ұждан , достық пен қастандық туралы тебірене

толғаған ақын , мұзбалақ зеңгір тау, сыр сандық , сым

перне , алтын сарай образдары арқылы көркемдік

мұрат, әсемдік идеяларын оқырман қауымға ашып

беретін өлең кімдікі, қалай аталады ? Әрі қарай өзің

толықтыр. ( « Сыр сандық ». Сәкен)

2. Момақан тау, шипа көл, бетегеден киіз төсегендей тыныш алаң , қыз қайың, жігіт қарағай арасында қу бас ілінген ағаштың көлеңкесінде бір қара шал отыр. Бір кездегі төренің қасына еріп, жүйрік ат , сонар саят қызығын көрген, саңлақ мініп, сұлу сүйген Ақан мәнсіз, пәтуасыз дырдаудан жалығады, әсіресе Ақмарқа сұлуға үйлене алмай аһ ұрып қалған соң, көп ортасынан мүлде жырылып, тағы болып, аулықтанып кеткен. («Құлагер». І. Жансүгіров)

3. Жастардың теңдік, еркіндікті аңсап , әлеуметтік әділетсіздікке қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнеленген Бейімбеттің шығармасы ?

4. Айтқан сертіне берік, сезімі мөлдір , пәк махаббатты қастер тұтқан жан ? (Әбдірахман-Шұға)


ІІІ. Көптілдік. ( полиглот)


Шертіп қалсаң тас секілді,

Доп-домалақ бас секілді.

Іші жұмсақ , сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті.

Соғым етіп сайлап қойдым,

Кіндігінен байлап қойдым .

( қарбыз-арбуз-water-melon )

Төбесінде қу бұтақ

Алар екен кім бұтап.

( бұғы – лось - deer )

Иір-иір денесі

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы

Шөлге шыдап бағады.

( түйе – верблюд – camel )

Бұрап қойған сағаттай

Айқайлайды маң атпай.

( қораз – петух - cock )


Құстың атын алған

Аңның затын алған.

( түйеқұс – страус - )

Тіріден өлі туады

Өліден тірі туады.

( жұмыртқа – яйцо - egg )

Шыр-шыр етеді

Құлағыңнан өтеді

Ұстай алсаң сойлеп кетеді.

( телефон- телефон – phone )

Әншейінде біреусің

Қарай салсаң екеусің.

(айна зеркало mirror )

Жас кезінде қара орман

Жыл озған сайын ағарған.

(шаш – волосы - heiare )

ІҮ. Жеті жұмбақ


Әр түрлі ұпай көрсеткіші бар цифрлар ұяшығындағы берілген сұрақтарды жасырады. Оқушы қажет еткен ұяшықтағы санын атап жауап береді.


20.Тіл (сол жақта).

Көлден тартып шалапты

Теріп алдым жүйрікті

Ерттеп міндім сүйрікті

Шөлдеп іштім шортанды.


20 (орта) география. Қазақстан

туының авторы (Ш.Ниязбеков)

20 (сол жақ) математика. Қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысына тең. (1*2*3=6)

30 (сол жақ) тарих. Қашқарияға алғаш саяхат жасаған кім? (Ш.Уәлиханов)

30 (орта) биология. 3 Тұйеқұс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

(Тұйеқұс ұшпайды.)

30 (оң жақ) физика. Дене қай кезде ең салмақсыз күйде?

(ғарышта)

40 (сол жақ) химия. Қандай ұн астық шығымын арттырады, бірақ одан нан пісіруге болмайды?

(Фосфор ұны)

40 (орта) математика. Бөлменің 4 бұрышы бар. әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қарысысында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)

40 (оң жақ) биология. Сиырдың үстіңгі жақ сүйегінде неше тісі бар? (тісі жоқ)


(қазылар 2 оқушыны шығарды)


Ү. Дода


1. С.Сейфуллинның халық аңыздары, пейзаждық көріністер бейнеленген поэмасы қалай аталады?

«(Көкшетау»)

2. Поэмадағы табиғат суреті, портреттік мүсіндер, табиғаттың жасаған бейнелері , қазіргі жер-тау аттарын атап шық. (« Жеке батыр », «Үш қыз», « Жұмбақтас»,

« Бурабай», « Оқжетпес», «Қыз бейнесі»)


3. Шығармадағы қалмақ қызын арашалап алған

батыр кім ? ( Адақ батыр)

4. «Көкшетау» поэмасындағы «Жұмбақ тас» атауы неден болған ? ( қыз тас үстінде тұрып жұмбақ айтқан)

5. «Біздің жақта» әнін тыңдау.

( Мына ән қалай аталады, білсең шығу тарихын айт ?)

6. С.Сейфуллин Қазақстан халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып қашан бекітілді ?

( 1922 жыл қазан айында Кеңстердің ІІІ съезінде)

7. «Егемен Қазақстан » газеті алғашқыда « Еңбекші қазақ» аталған. Міне осы газеттің редакторв С.Сейфуллин болған сол кезде газеттің жауапты хатшысы кім болған ? ( Майлин)

8. С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдық мерейтойына алған наградасы және қашан алды ?

( 1935 жыл . Еңбек Қызыл Ту ордені )

9. Ақан серінің трагедиялы өміріне негіз болған шығарма

( «Құлагер»)

10. Қазақстан әдет-ғұрпында қайтыс болған адамға соңғы рет құрмет көрсетіп , еске түсіру үшін ас беріледі. Ас дәулетті адамдар арасында салтанатты жағдайда өтеді. Сондай ас Ілияс Жансүгіров поэмасында да талған, ол кімнің анасы ? (Сағынбай )

11. Құлагерді соққыға жыққан кім ? ( Батыраш) 12. « Әсем пейзаж . Обашық . Тарғыл өгіз сойған » деп басталатын Бейімбет Майлиннің шығармасы

(«Шұғаның белгісі »)

13. «Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім »

(Әбдірахманды Шұғаның тұңғыш көруі )

14. Б.Майлиннің «Қазағым туралы»өлеңінде және ауыл өмірі туралы шығармаларындағы сүйкімді қаһарман кім ?

( Мырқымбай)

15. Б.Майлин Троицкідегі қандай мектепті бітірген ?

( «Уазифа»)

Лездеме


1. Ең созылғыш металл ( А)

2. Ең жеңіл металл ( А)

3. Ең ұзвндвқ бірлігі не ? (А)

4. Шөлге ең шыдамды жануар . (түйе)

5. Шөлге ең шыдамды өсімдік .( Сексеуіл)

6. Ең үлкен арал ( Греландия)

7. Ең мерген тілді жануар ( бақа)

8.Ең үлкен салмақ бірлігі ( тонна)

9. Ең қара метал (темір)

10. Ең қатты метал ( хром )

11. Ең тез өсетін өсімдік. ( бамбук)

12. Ең терең көл ( Байкал)

13. Ең биік шың (Джома- Лунгма)

14. Аты да , мінезі де бұзық өзен ( Тентек )

15. Қазақстандағы ең үлкен , ең өзең ( Сырдария )

16. Эйфел мұнарасы қай елде ? ( Францияда )















Біз не үйрендік ?


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен білімге құмар, өнерге құштар шәкірттер. « Біз не үйрендік ?» атты шағын интеллектуалды думанымызды ашық деп жариялаймыз. Орамызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, ұздік оқуымен көзге түсген оқушылар қатысып отыр . Осы оқушылармен таныс болайық.

1-оқушының ұстанымы : «Алтын алма, білім ал».

- Сенің мақсатың білімді болып шығу ғой. Ол үшін не

істемексің?

-Онда оқығаныңды ойыңа тоқи біл.

2-оқушының ұстанымы : «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады».

-Сонда сен білімді болдың ғой. Бүгінгі сайыста жеңемін деп отырсың ғой. Ендеше мақсатыңа жет.

3-оқушының ұстанымы : «Көп сөйлеген білімді емес,дөп сөйлеген білімді».

-Яғни, сен көп сөйлемейтін адам болдың ғой. Өзің не дейсің? Әр уақытта дөп сөйлеп жеңіске жете бер.

4-оқушының ұстанымы : «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес».

-Сонда сен көп еңбектенетін бала болдың ғой . Талабың таусылмасын, мұратыңа жет.

5-оқушының ұстанымы Білімі жоқ ұл-жұпары жоқ гул».

-Сондықтан біліміңе сеніп бүгінгі сайысқа келіп отырсың ғой. Олай болса білімің шыңдала берсін,биіктерден көріне бер

6-оқушының ұстанымы Ғалым болсаң елге мәлім боласың ».

-Сонда сенің мақсатың елге мәлім болу ма?

-Әрине, біз саған да тілектеспіз

Жүргізуші: Мен бәріңе де сәттілік жеңіс тілеймін.

Білем деме балам, білмейтінің көп шығар,

Бәрін білетен адам , бұл дуниеде жоқ шығар .

Көп білуге ұмтылған, көз , жұмғанша оқытын,

Көз жұмғанша оқыған көп нәрсені тоқиды.

1-кезең. «Білгенге маржан»

Бұнда сұрақтар оқылады , бірінші болып алдындағы ойыншықты қысып дыбыс берсе сол жауап береді. Егер дұрыс болмаса екінші бала жауап береді. Сұрақтар математика пәніне байланысты.

1 Математика оқулығының авторлары кім?

2. Көбейтудің қасиеттерін ата .

3.Г=36 см тік төртбұрыш қабырғаларының ұзындығы нешеге тең болуы мүмкін?

4. 1-11 сандардың қосындысын тап.

5. 8және 9сандарын пайдаланып неше төрт таңбалы сан жазуға болады?

6. 15 беттік дәптерді нөмірлеу үшін неше цифр керек?

7. Ұзын жіпті ең етіп 30 бөлікке бөлу үшын неше рет қию керек?

8. Мектеп асханасына ас мәзірінде бір тәрелке сорпа мен самса 31 теңге тұрады, ал жарты тәрелке сорпа мен самса 23 теңге тұрады деп көрсетілген. Самса неше теңге тұрады?

9. Әкесі екі баласын ертіп, жолға шықты. Біраз жүргеннен кейін , олардың алдынан өзен кездесті. Өзен жағасында тұрған қайық екі баланы ғана немесе олардың әкелерін ғана көтере алады. Олар өзеннен қалай өте алады?

10. Ерзаттың білеу таяғы бар еді. 5 дм-ін кесіп тастағаннан кейін, таяқтың ұзындығы 50 см болды. Таяқтың бастапқы ұзындығы қандай еді?

11. Бір отбасында 3 ағалы-інілі балалар бар. Олардың үлкеннен сұрағанда «Біздің үшеуміздің жасымызды қосқанда 85-ке тең. Менімен Мағжанның жасын қосқанда 68-ге тең, ал Мағжан мен Ерзаттың жастарын қосқанда 39-ға тең» -деп жауап берді. Балалардың арқайсысы нешеде?

12. 2 қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда 2 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды ?

Әр баланың балын анықтау.

2-кезең: «Өнелі елдін, өнелі ұл-қыз шығар»

Жүргізуші:

Керуен басы білікті болса,

Түйе азбайды.

Қол басы білікті болса,

Сарбаздары тозбайды, -

демекші , бұл ойынның шарты жауап беру. Осы қалташалардың сыртындағы сандар сіздердің ұпайларыңыз болып саналады. Сұраққа дұрыс жауап бере алмаса екінші бала жауап беруге болады. Дайын болсақ бастайық.

1. « Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық» деген жолдар кімнің , қандай , өлең жолдарынан алынған?

2. Мағжанның ауылына келген кім?

3. Теңізді жүзді балықтай деген жолдар нені сипаттайды?

4.Күмән деген мәтінді қандай оқиға болды және қандай жаман әдет туралы сөз болды?

5. «Жақсылардың жақсысы» мәтінінде жабық бөлмеде не болды?

6. «Әке арманы» авторы кім? Кім түралы?

7. Әнші әмірі халықты қалай жинап алды?

8. Үш өзен деген жерде қандай оқиға болды? Қандай құс көмектесті ? Құстың жағдайы қандай еді?

9. Төлеби қандай сөз айтты? Төлебидің төрелегі дегендей оны кім ұнатпады ?

10. Бұқархан Абылайханға не үшін елші жіберген ?

11. Әбу – Насыр кімнің мұрасын оқуға ден қойды?

12. Құсбегі құстардың торда айтысатынын қайдан білді?

13. Үш жолаушы бұлақ басындағы қандай жазуды оқиды?

14. Сабау, білектеу, қарпу сөздері қай кезде қолданылады?

15.Ағайындарды Қазыбектен нені талап етті?

16. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?

17. Шоқан әжесінен қандай қиса оқыды?

18. Мағжан Жұмабаев кім? Қай жерде дүниеге келген?

19. Күбі деген сөздің мағына сын түсіндір?

20. « Қар астындағы ұялар» кімнің әңгімесе?

Ұпай сандарын анықтау. Ұпайы төмен ойыншылар ойынан шығады.

Білікті жықса біреуді,

Білімді мыңды жығады

Инемен құдық қазғандай ,

Білімнің шыңына шығады.

3 – кезең. « Мен елімнің ертеңімін»

Сұрақтар оқылады, дұрыс жауап жасыл бояумен , дұрыс емес жауап қызыл бояумен көрсетіледі.

1- балаға

1.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

2. Ықылас сөзін тағы қалай айтуға болады?

3. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?

4. Ол бізді бұлаққа алып баратын. Нешінші жақта айтылған?

5. Оның әжесі ауылға кетті.

Тәуелді зат есімді тап.

6. Етістіктің түрлерін ата.

7.Болымсыз етістік қалай аталады?

8. Ылғалды топыраққа гүл отырғызды. Сын есімді тап.

9.Әлем сөзіне дыбыстық талдау жаса.

10. Киіз үй жабдықтарын ата .

11. Лақтың жүні үлпілдек , жұмсақ . Құлағы қалқиған , жүрісі жылдам болып келеді.

Матіннің қай түріне жатады?

12. Неше дауыссыз дыбыс бар?

2- балаға:

1. Неше дауысты дыбыс бар?

2. Қатаң дауыссыздарды ата

3. Шағын сөзіне мәндес сөздерді ата.

4. Сөйлем байланысын қалай анықтаймыз?

5. Көрші сөзіне дыбыстық талдау жаса . Осы сөзге байланысты мақал білесің бе?
6.Асан орындықты шегеле.

Туынды етістікті тап.

7. Жаз,айна қандай етістіктер ?

8. Мәтін түрлерін ата.

9. Айдос екінші қабатқа көтерілді.

Қандай сын есім ?

10. Арайлым озат оқушы.

Қандай сөйлем ?

11. Ара гүлге қонды.

Тұрлаулы мүшені ата.

12. Сан есімге байланысты мақал айт.

Жеңімпазды анықтау.

Жүргізуші: Бүгінгі жеңімпазымызды ортаға шақырайық.

«Өнер ағып жатқан бұлақ,

Білім жанып жатқан шырақ».

Бұлақтай мөлдір болып , шырақтай жанып,

өнерлі де, білімді азаматтар мен азаматшалар болыңдар.

Интеллектуалды думан оқушыларды серпілтіп, көтеріңкі көңілмен өз мәресіне жетті.







Тақырып: Шуағын шашқан ұстазым !


І-жүргізуші:

Сәлем бердік ұстаздар, баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамыз да.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

ІІ-жүргізуші:

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Біліммен сұсындатқан шәкірттерін ,

Төл мерекең , ұстазым құтты болсын.

1 – оқушы:

Мектеп-үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенде өсіп сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

2 – оқушы:

Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген – шуағы мол шапағат

Шаршамайтын шалдықпайтын тәйірі.

3 – оқушы:

Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашқан,

Өмірінің өр шақтарын қиғандар.

4 – оқушы:

«Ұстазым » деген ұлы сөз,

Жүректің берген бағасы.

Мұғалім – ұстаз бола ласа,

Баланың көп қой данасы.

Хор. «Ұстазым»

І-жүргізуші:

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетын аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.

ІІ-жүргізуші:

Иә, адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» сөзі қашан да қасиетті , қадірлі. «Ұстаздан тәрбие алған», «Ұстаз алдын көрген» деген сөздермен ұштасып келеді.

І-жүргізуші:

Ұстаздардың әсерлі үнмен , асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың , аналық, әкелік сезімінің сыры сезіліп сыры сезіліп, тұрғандай.

Ән. «Ұстазым»

ІІ-жүргізуші:


Ұлы ұстазым мәпелеп,

Білім бердің бойыма.

Илтипатты қалпыңмен ,

Шуақ бердің ойыма.

І-жүргізуші:

Жалғарда арман құшағын,

Өзіңе мен де ұқсармын,

Жеткенше қайрат, күш-әлім

Биікке самғат ұшармын.-

Дегендей, біздің ортамызда бірқатар оқушылар болашақта политехникалық бағыттағы оқу орындарына барып , әр саладан маман иелері болмақ.

ІІ-жүргізуші:

Осы тұрғыда біздерді жақсылыққа баулып , еңбегін сарп еткен ұстаздарға сөз кезегін береміз.

Ойын. 4 кезеңнен тұрады., сайыс түрінде өткізіледі.

1. Еркін сөйлеу

2. Таң қалмаңыз.

3. Спорт –сенің серігің.

5. Шеберлер сайысы.

Еркін сөйлеу кезінде берілген сұрақ төңірегінде жақсы дәрежеде жауап беру талап етілсе, екінші кезеңде «Таң қалмаңыз» таратылған қағаздағы тапсырманы шартына сай орындау ( шығармадан берілген үзінді бойынша образға еніп, орындау) керек. Үшінші кезеңде спорттық түрлі ойындар ұйымдастырылады. Төртінші кезең шеберлер сайысында әр топтан бір адам шығады. Стол үстінде түрлі заттар , құралдар бар. Соларды пайдалана отырып бір нәрсе жасау тапсырылады.

І-жүргізуші:

Есігін аштық сырлы әлемнің айқара,

Нұрын шаштық аппақ гүлдің қайтара.

Раушан гүлдей , оттай жайнап жүре бер.

Білім беріп жалыңпаған балаға.

ІІ-жүргізуші:

О, Ұстаздар, басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.

Жүрегімнің лүпінен шыққан сөз,

Сая тапсын, , ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.

« Менің сүйікті , ұстазым » тақырыбында жазылған шығармалардың үздік деп танылғандары оқылады.

І-жүргізуші:

Барлық уақытта ұстазды қадірлей біл! Өйткені,

Ұстаздың

Көзінде жылулық бар.

Сөзінде ұлылық бар.

Мінезін осы бастан ұғынып қал !

Жай ғана күлгені ,

Ойлана біл дегені

Сыйламай , ренжітіп жүрме оны !

ІІ-жүргізуші:


Сені ұстазың

Ұялатып терлеткенде ,

Бетіне жел боп келме,

Өйткені ұстазыңды – сағына еске аларсың,

Ер жеткенде !

І-жүргізуші: Бұл өлең жолдары жан тебирентпесі мүмкін емес. Яғни, ұстаздар да өз ұстаздарын сағына еске алатын болар.

ІІ-жүргізуші: Ендеше , өз ұстаздарыңыз туралы сыр шертсеңіздер деп сұраймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!