Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ертегілер елінде. Вариативтік компонент. Авторлық бағдарлама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Технологиялық карта №1
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:Мақта қыз бен мысық
Мақсаты:
Білімділік: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің қойылымын көрсету арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық: балаларды өнерге бейімдеп, сөздік қорын, әртістік қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Қойылым кейіпкерлері: ертекші, мақта қыз, мысық, дүкенші, сиыр, тауық, ағаш, тышқан.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, атрибуттар,суреттер
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз. Достарымды көргенде, Қуана қарсы аламыз. Сәлем!Сәлем!Сәлем! Жұмбақ жасыру: Өзі жап-жас мұрты бар, Ет пен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйде, Түкті тонын шұп-шұбар |
Шеңбер ішінде қол ұстасып, бір-біріне жылуларын береді. Жауабы: Мысық |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбын айту. -Балалар бүгін біз сіздермен ертегіні оқып қана қоймай, ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзімізді ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Ендеше балалар мен сендерге осы ертегіні оқып берейін. Ертегіні оқып беру. Бірге сахналаймыз. Д/о: «Кім шапшаң?» «Мысық» сөзіне сөйлем құрау Мысық... Оны үйде... Менде... Ол... Сергіту сәті Мысық отыр, Ұйқысы әбден қысып отыр Май берейін, Шайнап отыр, Тышқан берейін, Ойнап отыр! |
Балалар ертегіні ұйып тыңдайды. Үй жануары Асыраймыз Ақ мысық бар Тышқан аулайды Қимылмен орындайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Сабақты қорытындылау: Балаларға «Мақта қыз бен мысық» ертегісін интерактивтік тақтада көрсету, сұрақ –жауап алу. Балалар, менің ертегімді тыңдай отырып, ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарын үшін рахмет!
|
Ертегіні тақтадан көреді. Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегі мазмұнын толық жеткізуді біледі және оны сахналай алады.
Не меңгерді: Ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысы қалыптасады.
Не істей алады:Тілазарлық-жат қасиет екенін түсінеді.
Технологиялық карта №2
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Үйшік
Мақсаты:
Білімділік:Балалардың сөйлеу мәдениетін ,еркін сөйлеп,өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Дамытушылық:Балаларға ертегідегідей жағдаяттарды жұптаса орындату барысында сөйлеу арқылы тілдік қорларын, ойлау қабілеттерін, қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Балалардың бойына мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Ормандағы ағаш үйдің суреті, үстел театры, аңдардың даусы жазылған үнтаспа.
Әдіс-тәсілі: Баяндау, сұрақ-жауап, сахналау.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері -Енді әдемі шеңбер құрып, халқымыздың ұлттық әуеніне, би қимыл қозғалысына біреше жат-тығу орындаймыз. Бірінші жаттығу. «Біз көңілдібаламыз» Екінші жаттығу «Қамажай» Үшінші жаттығу «Қаражорға» Төртінші жаттығу «Балапандар» Бесінші жаттығу «Атамекен»
|
Шеңбер ішінде әуендетіп қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Біздерге ертегілер елінен хат келіпті.Бұл хатта былай деп жазылыпты. «Қымбатты балалар! Сіздерді орманға саяхатқа шақырамын.» -Барамыз ба? -Ендеше біз ертегілер еліне аттанайық.Онда біздісиқырлы жел апарып тастайды.Көзімізді жұмамыз. Көзімізді ашамыз.Біз орманға келдік. -Енді біз бүгінгі тапсырмамыз «Үйшік» ертегісін сахналау. Қане алдымен ертегіде кездесетін кейіпкерлерді анықтап, әркім өзіне тиесілі маскаларды киеді. Ал мен ертекшіболамын. Сергіту жаттығуы Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы қырлы жерлермен, Ытқып ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.
|
Балалар ертегі әлеміне саяхатқа баратындарына қуанады Көздерін жұмып,әуен ырғағымен көздерін жұмып, орманды, тауды, теңізді асып ұшып келе жатқанын елестетеді. Ертегі кейіпкерлерінің маскаларын киген балалар ертегіні сахналауға шығады Балалар қимылмен көрсетеді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Сабақты қорытындылау: -Балалар біздер қайда бардық? -Орманда нелерді кездестірдік? -Балалар, тату –тәтті болып,әрдайым бір-бірімізге көмектесіп дос болып жүрейік. |
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді: Ертегі туралы түсініктерін молайтып,жаңғыртып,ертегі кейіпкерлерін танып атай алады.
Не меңгерді:Берілген ертегінің мән мағынасын түсінді.
Не істей алады:Ертегіні презентация арқылы сахналайды.
Технологиялық карта №3
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Қасқыр мен қойшылар .
Мақсаты:
Білімділік: Ертегіні тыңдауға,ертегі кейіпкерлерінің сөздерін эмоциялық
түрде баяндауға үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге
дағдыландыру
Тәрбиелік:Баланы өз ойын дұрыс, ідемі етіп жеткізуге үйрету
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері,суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын,сұрақ-жауап.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларды шеңбер бойына жинау, шаттық шеңберін ұйымдастыру. |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Жұмбақ жасыру. Белестен шыққан бесті ат, Бүкір келген желісті ат, Бейғам елді іздейді, Малдан күдер үзбейді. Балалар бүгін мен сендерге «Қасқыр мен қойшылар » ертегісін оқып беремін. Мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: Қасқыр не істейді? Қойшылар қасқырды не істейді? Қасқыр не деп жауап берді? Қасқырдың іс-әрекеті дұрыс па? Қойшылар қасқырды не үшін ұрды? 4.Ертегіні мазмұнын сұрақ-жауап арқылы әңгімелету Шаршадыңдар ма балалар, ендеше сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту сәті: Барлық аңдар біздерге, Жиналыпты бір жерге. Аю жетті қорбаңдап, Түлкі келді бұлаңдап, Қасқыр қуып қоянды, Тап беруге шақ қалды, Тісі ақсиып бақылдап, Отыр міне сақ құлақ -Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? -Балалар ертегіні түсіндіңдер ме? -Жарайсыңдар балалар, олай болса біз ертегіні рөлге бөліп сахналап көрейікші.
|
-Қасқыр Сұрақтарға белсене жауап береді. Ертегі мазмұнын әңгімелейді. Қимылмен көрсетеді. Өздері ойнайтын кейіпкерледі таңдап, сахналайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік |
«Сөйлемді аяқта» ойыны Балаларға жабайы аңдардың бейнесі бейнеленген картиналарды көрсетіп, сөздерді аяқтап, қайталауды ұсыну. |
Аю үлкен,ал қоян(кішкентай) Қасқыр ашулы, ал қоян(мейірімді) т.с.с |
Күтілетін нәтиже:
Не білді: Кейіпкерлерді ажырата алады
Не меңгерді: Рөлге еніп, кейіпкерлердің даусын салып үйренеді.
Не істей алады: Ойынға белсене араласады.
Технологиялық карта №4
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:Арыстан, қасқыр және түлкі
Мақсаты:
Білімділік:Балалардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру,
ертегіні сахналай отырып,тіл байлығын арттыру. Ертегі мазмұны
бойынша бейнелеу. Әр түрлі мінез- құлықтарды ажырата білуге
үйрету.
Дамытушылық:Әр түрлі ойындар арқылы оқу іс-әрекетіне қызығушылығын
арттыру.
Тәрбиелік:Балалардыадамгершілікке, адалдыққа, татулыққа, ауызбіршілкке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегінің суреті, конус театры.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Бүгінгі сабағымыз жақы өтсін деген тілекпен, көңіл-күйіміз жақсы болу үшін «шаттық шеңберін» өткізейік. Міне менің қолым, Бәріміз күндей жарқырайық! Бәріміз тату болайық, Бәріміз дос болайық!
|
Балалар «Шаттық шеңберіне» тұрады, қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Балалар бізде бүгін ерекше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға мініп барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.Қане, жолға шығайық. Алдымен көзімізді жұмайық. -Күннің шуағы мол. -Алдымыздан самал жел еседі. Құстардың сайраған дауыстары естіледі. -Сендер көк шөптің үстінде ойнап жүрсіңдер.Барлығың көңілдісіңдер.Міне, сендер ғажайып ертегі еліндесіңдер. Көздеріңді ашып менің ертегімді тыңдаңдар. «Арыстан, қасқыр және түлкі» ертегісін мәнерлеп оқып беру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
Сергіту сәті: «Көңілді аңдар биі» Аю маң-маң басады, Түлкі бұлаң қағады. Қасқыр ылаң салады, Қоян қорқып қашады. Күн сәулесі төгілді, Орман іші көңілді. «Кім зерек» ойыны Шарты:Мына жерде аңдардың дене мүшелері бар, қай мүше қайсынікі екен, кане кім жылдам тауып береді? Жабайы аңдардың балалары Аюдың баласы- қонжық Түлкінің баласы- мыршай Қасқырдың- бөлтірік Қоянның – көжек Тиіннің – тиін баласы Кірпінің – кірпі баласы Түлкінің баласы- мыршай Қасқырдың- бөлтірік Қоянның – көжек
|
Балалар бір бірінің иығынан ұстап, А.Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер» әнінің ырғағымен қозғалады. Көздерін жұмып елестетеді. Ертегіні барлығы ұйып, мұқият тыңдайды. Балалар ойынға белсене араласады Балалар түсінеді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Енді балалар конус театры арқылы осы ертегіні сахналаймыз. |
Балалар қойылымға белсене қатысады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:балалар ертегі мазмұнынигереді, кейіпкерлерін атай біледі.
Не меңгерді:ертегі желісін байланыстырып айта алады, сұрақтарға жауап береді.
Не істей алады:дидактикалық, сюжетті-рөлдік ойындарды белсене ойнайды.
Технологиялық карта №5
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:Кім күшті?
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ертегі мазмұнын түсіндіру, ертегіні мәнерлеп айтуға
үйрету.
Дамытушылық:Еңбектің бәрінен күштіекенін ұғындыру. Ертегідегі
жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге баулу.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер, атрибуттар.
Әдіс-тәсілі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Күндей жадырап, Айдай арайлап. Жұлдыздай жарқырап, Судай таза көңілмен. Бүгінгі күнімізді бастайық. Психожаттығу : «Кубик» арқылы көңіл-күйлерін білдіру. |
Балалар «Шаттық шеңберіне» тұрады, қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
-Таңертең тұрғанда алдымен нені көреміз? -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Жарайсыңдар балалар сендер күзтуралы біледі екенсіңдер.Ендеше бүгінгі оқу –іс әрекетімізді бастайық. Алдымен мен сендерге жұмбақ жасырайын, тездетіп шешуін табамыз. 1.Өзі көзі, Түсі жоқ, Көзі-өзі (Күн) 2.Отқа жанбайды, Суға батпайды.(Су) 3. «Айт!» десе жүгірмес, Су тисе сілкінбес.(Шөп) -Дұрыс балалар, барлық жұмбақтарды да дұрыс шештіңдер. Бүгін мен сендерге «Кім күшті?» ертегісін оқып беремін.
- «Осылардың ішінде ең күштісі қайсысы?- деген сұрақ қойып, балалар жауабын тыңдау.
Сұрақ-жауап:
Сахналау. «Кім күшті» ертегісін
Еңбек туралы мақал-мәтелдер оқып беру. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. |
Ертегіні зерсала отырып тыңдайды
-Қасқыр -Ол төзімді, еңбекқор, тыным таппайды. Балалар рөлдерге бөлініп, ертегі мазмұны бойынша сахналайды Тыңдап, талдайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
«Кім шапшаң» дидактикалық ойыны. |
Балалар ойынға белсене араласады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді: балалар ертегі мазмұнынигереді, кейіпкерлерін атай біледі.
Не меңгерді: ертегі желісін байланыстырып айта алады, сұрақтарға жауап
береді.
Не істей алады: дидактикалық, сюжетті-рөлдік ойындарды белсене
ойнайды.
Технологиялық карта №6
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:Қу түлкі
Мақсаты:
Білімділік: Ертегі кейіпкерлерін аттарымен айтуға үйрету
Дамытушылық:Балалардың тілдік қатынасын ертегі сахналау арқылы
дамыту.
Тәрбиелік:Ертегіойындар арқылы көркем сөзді тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдіс-тәсілі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Алдымен балалар біз бірімізбен жылулық шеңберіне тұрып амандасып алайық Алдымен біз амандасып аламыз Орманға біз барамыз. Қонақ болып қайтамыз, Үлкен кіші бәріне, Сәлемдесіп аламыз. |
Балалар бір бірлері-мен амандасады. Олар орманға баратындарына қуануда |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Ақырын әуен естіледі. -Балалар, орманға жету үшін психологиялық жаттығу жасаймыз. -Ал,балалар, дайындалыңдар, ұшамыз. Аспанда ұшып келеміз. -Балалар аспанда не көріп келеміз? -Дұрыс айтасыңдар. Ал енді төмен қараңдаршы, не көрдіңдер? -Дұрыс айтасыңдар,ендеше төмен-ге ұшақ қалай қонса,бізде солай қонып көрейік. -Олай болса мен сендерге «Қу түлкі»ертегісін оқып беремін. Ертегіні сахналау. Ертегі желісі бойынша сұрақ-жауап. -Ертегі қалай басталады? -Түлкі қандай айла ойлап табады? -Жолбарыс түлкіге қалай алданып қалады? Сергіту жаттығуы Жайқалады ағаштар, Бетімізге жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен болып өседі. Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Шелмен бірге жайқалған. |
Балалар психология-лық жаттығуға дайын екендіктерін білдіреді. Балалар көздерін жұмып, ұшақты көздеріне елестетеді. Балалар аспанда құстар, ұшақ, бұлт көргендерінайтады. -Төменде орманды көргендерін айтады. Балалар ертегіні назар қойып тыңдайды. Балалар сахналайды. Балалар ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді. Қимылмен көрсетеді.
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Дидактикалық ойын «Суретте не жасырынған?» Балалар жасырынған суреттерде не бейнеленгенін табады. Оны сипаттайды, әңгімелейді.
|
Балалар ойынға белсене араласады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:«Қу түлкі» ертегісін біледі
Не меңгерді:Рөлге еніп,кейіпкерлердің даусын салып үйренді
Не істей алады:Кейіпкерлерді ажырата алады.
Технологиялық карта №7
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Қотыр торғай
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ертегіні тыңдауға ертегі кейіпкерлерінің сөздерін
эмоциялық түрде баяндауға үйрету.
Дамытушылық:Ақыл-ойын, бақылағыштығын дамыту
Тәрбиелік:Балаларды зейінділікке, тапқырлыққа, тез ойлау қабілеттерін
арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар
Әдіс-тәсілі: оқу, түсіндіру, ойын, ой сергіту,жұмбақ.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Жылулық шеңберін ұйымдастыру. Қолдарындағы әдемі жүрек ойыншықты бір-біріне беріп тұрып, тілектерін айтады. |
Жылы сөздер айту арқылы амандасады. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінің қандай ерекшелігі бар? -Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды? -Қыста қандай мерекелер болады? -Қыста қандай құстар қоныстанып қалады? -Өте дұрыс, балалар. Ендеше мен сендерге бүгін «Қотыр торғай» ертегісін оқып беремін.
Сөздікпен жұмыс: Шеңгел – тікенекті өсімдік. Сылдырмақ – шеңгелдің гүлі. Жабағы – жылқы, жасына байланысты атауы. Қоспа – тағам. Жүн сабау – жүнді сабаумен (таяқпен) соғып жұмсарту. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
Ертегіні сахналау Кейіпкердің дауыс мәнерін келтіре айтуын қадағалау, бағыт беру.
Сергіту жаттығуы Күнде аспанға қараймыз, Қайтқан құсты санаймыз. Үшбұрыш боп тырналар, Көк жүзінде сырғанар. |
-Қыс -Қар жауады,күн суытады -Ойнаймыз -Жаңа жыл -Торғай,қарға. Балалар ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Атрибуттар киіп, ертегіні сахналайды. Қимылмен орындайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Қорытынды Дидактикалық ойын «Суретте не жасырынған?»
|
Балалар жасырынған суреттерде не бейнеленгенін табады. Оны сипаттайды, әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегінің мазмұнын түсініп, суретке қарап мазмұнын айта білу.
Не меңгерді:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын ойнап келтіреді.
Не істей алады:Ертегіге еніп, қиялдауды үйренеді.
Технологиялық карта №8
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Арыстан мен түлкі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды ертегі мазмұнымен толықтай таныстыру.
Дамытушылық:Ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдауға және дауыс ырғағын
келтіруге үйрету.
Тәрбиелік:Өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, саусақ театры.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, сюжеттік-рөлдік ойын,тақпақтар
айту.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ертеңгілік шеңбер «Сәлемдесу» Келген қонақтармен амандасу |
Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашы-лып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой, Ал қанекей бәріміз, «Сәлем» дейік үлкенге
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Ауа-райында қандай өзгерістер бар?
Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да, шу. Түлкі туралы білетіндерін ортаға салып, қандай ертегілер білетіндерін айтады. Ол ертегілерде түлкі қандай кейіпкер екенін естеріне түсіреді. -Сендер жабайы жануарлар туралы не білесіңдер? -Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді? -Олар немен қоректенеді? Балалар бүгін мен сендерге «Арыстан мен түлкі» ертегісін оқып беремін. Сендер мұқият тыңдап, сосын сұрақтарға жауап бересіңдер.
Олар туралы жұмбақтар шешу: Жол үстінде қу қазық, Жүргіншіге жол азық.
Жазда қыдырады, Қыста тынығады.
Ит сияқты пішіні, Жақтырмайды кісіні. Балалар бүгін мен сендерге «Арыстан мен түлкі» ертегісін оқып беремін. Сендер мұқият тыңдап, сосын сұрақтарға жауап бересіңдер. «Арыстан мен түлкі» ертегісін мәнерлеп оқып беру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
Ертегіні сахналау |
Сұрақтарға жауап береді. -түлкі Суреттерге қарай отырып,оларды атайды. қоян аю қасқыр Балалар ертегіні зер сала тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Балалар рөлдерге бөлініп, ертегіні сахналайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Ойын «Көңілді аңдар». Мадақтау. |
Аңдардың қимылын, дауысын салады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Түлкі аңның ең қу екендігін, ол орманда мекендейтінін білді.
Не меңгерді:Жаңадан ертегіні ықыласпен тыңдап, оны меңгерді.
Не істей алады:Суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере алады
Технологиялық карта №9
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:Ақыл, ғылым және бақыт
Мақсаты:
Білімділік:Ертегінің мазмұнымен толық таныстыру
Дамытушылық:Балалардың әлеуметтік ортада жағымды мінез-құлқын
қалыптастыру.
Тәрбиелік:Балалардың тіл байлығын байыту, сөздік қорын кеңейту.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын,сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Ғажайып жұлдызша» жылулық шеңбері Балаларға үлкен «Ғажайып жұлдызшаны»көрсетіп, бір- біріне беру арқылы бір біріне жақсы тілек айту ұсынылады. |
Балалар қол ұстасып, шеңбер бойына тұрады.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Ол ертегілердегі өздеріне ұнайтын кейіпкерлері жайлы әңгімелету. Д/ ойын: «Қай ертегі екенін тап».
Сұрақ-жауап:
Балалар жауабы тыңдалған соң, адамға бұлардан басқа денсаулық, еңбек, білім қажет екенін айту. Сол сияқты достық, мейірімділік, адалдық сияқты жақсы қасиеттер де адамның ақылына байланысты болатынын түсіндіру.
Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр-шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді.
Аппақ дала, сепкен дән, Сепкен дәнін түсінуге жараған.
Ақыл – азбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен. Ақыл көпке жеткізеді, Өнер көкке жеткізеді. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. Сергіту жаттығуы: Қане, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық
|
Балалар өздеріне таныс ертегілері туралы айтады. Белсене араласады. -Бір-бірінің артықшылығын айтып, таласқа түсті. -Талап, достық,мейірім т.б жақсы қасиеттер -кітап -қарындаш -әріптер Мақалдың мағынасын түсінеді. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Сұрақ-жауап. Ойын «Кім көп біледі?». Мадақтау
|
Бүгінгі өткен сабақ бойынша қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Балаларға адам бойындағы жақсы қасиеттердің маңызын түсіндіру.
Не меңгерді:Ақыл мен ғылым бар жерде бақыт болатынын.
Не істей алады:Ертегі мазмұнын еркін баяндай алады.
Технологиялық карта №10
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:Торғай мен тышқан
Мақсаты:
Білімділік:Торғай мен тышқан туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Қимылды ойындар ойнату арқылы балалардың сөздік
қорларын дамыту.
Тәрбиелік:Құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:торғай мен тышқаның суреттері, атрибуттар, слайд шоу.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды. Қимылды ойын : «Азық жинау» Себеттің ішінен ыдысқа салынған арпа мен тарыны алып шығып, оларды құстардың азығы екенін түсіндіру. |
Балалар әуенмен жерге шашылған құстардың азығын жинау керек. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
ертегібілетіндерін сұрау. Олардың сыртқы пішіндерін, түрлерін сипаттау.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
Сөйлемдерді толық айтуын, байланыстыра сөйлеуіне мән беріп, қадағалау, бағыт беру. Қиналған балаларға жетекші сұрақтар қою. Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап дем алам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам.
Бірлік болмай, Тірлік болмас. Татулық – табылмас бақыт. Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. Ұрыс ырысты қашырар, Ынтымақ халықты асырар.
|
Торғай мен тышқан туралы білетіндерін ортаға салады. Ертегіні зер сала тыңдайды. -Егін екті -Бидай үшін -Тең қылып бөліп берді -Иа Балалар ертегі мазмұны бейнеленген суретке қарап, ертегіні айтып береді. Балалар Орындарынан тұрып,жаймен тербеліп тұрады. Отырады Құсқа ұқсап ұшады Қолдарын жоғары көтереді Мақал-мәтелдердіңмағынасын түсінеді |
Рефлексивті-түзетушілік
|
«Біз нені білдік?» Өткен оқу-іс әрекеті жайлы сауалдар қойып қорытындылау. |
Сұрақтарға жауап беріп, сабақ қорытындыланады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Құстар жайлы білімдерін кеңейді
Не меңгерді:Сұраққа ертегі желісі бойынша толық жауап береді.
Не істей алады:Ертегі желісі бойынша жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді
ажырата біледі.
Технологиялық карта №11
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Қасқыр мен қозы
Мақсаты:
Білімділік:Балалардың үй жануарлар мен жабайы аңдар туралы білімдерін
кеңейту.
Дамытушылық:Балалардың ертегіні мазмұндау тілдерін, ойларын дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды шапшаңдыққа, ептлікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын,слайд шоу.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Шуақ шаша, Алтын таң да. Мөлдір таза ауа да. Табиғаттың бәрі оянды, Оян сен де бар бала. Иә балалар,біз әрбір атқан таңға, келген жаңа күнге жеткенімізге қуанамыз. |
Бір бірімен сәлемдесу, күнге сәлем беру. «Алақай, алақай » деп алақандарын шапалақтайды. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Ит сияқты пішіні, Ұнатпайды кісіні. Аласа ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
Қасқыр – жабайы аң. Орманда өмір сүреді. Қой – үй жануары. Оның төлі – қозы деп аталады.
Ойын «Қайсысы қалай дыбыстайды?» Сиыр мөңірейді. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Ешкі маңырайды.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
|
-Қасқыр -Қой Тыңдайды. Жауап береді Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді. Балалар атрибуттар киіп рөлдерге бөлініп ертегінің мазмұны бойынша сахналайды |
Рефлексивті-түзетушілік |
Дидактикалық ойын: «Аңдардың баласын ата» Аңдардың балаларының суреттерін көрсету. |
Аңдардың баласын қалай аталатыны суреттерге қарап айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Үй жануарлары мен жабайы жануарларды танып, оларды ажырату және олардың адам өміріне тигізер пайдасы мен зияныжайлы толық біледі
Не меңгерді:Барлық үй жануарларына қамқорық жасау керектігін білді.
Не істей алады:Оқу іс –әрекетін бар ынтасымен тыңдап, ойынға белсене араласты.
Технологиялық карта №12
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Қасқыр мен адам
Мақсаты:
Білімділік:Балалардың көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру,
ертегіні сахналай отырып, тіл байлығын арттыру.
Дамытушылық:Әр түрлі сабақтың әдісі арқылыоқу іс-әрекетіне
қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, татулыққа,
ауызбірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар, ойындар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ортаға орындық қойып, кез келген балаға отыруды ұсыну. Ойынға негізі ұялшақ, өзіне сенімсіз, жасқаншақ баланы шақырған жөн. Педагог «күлгін көзілдірікті» киіп (күн сәулесінен қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды ), ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да, ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады. |
Балалар шеңберге жиналады. Балалар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп, ортадағы баланы мадақтайды. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Ит сияқты пішіні, Ұнатпайды кісіні. Қасқыр – жабайы аң. Орманда өмір сүреді.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап:
Сергіту сәті Таңертең күнге қарап тұрасың, Түсте тағы күнге қарап тұрасың. Сонда өзің айтшы кім боп шығасың? Таптым, таптым Күнді баққан, Үкі таққан, Күнбағыс боп шығасың.
|
-Қасқыр Балалар сұрақтарға жауап береді Бастарын алға, жоға-ры, артқа бұрып қаратып, Күннің бағытына қарай қозғайды Алақанын жайып, қолдарын ақырын көтереді Сұраған кейіпте шапалақтау Бір бірінің қолдарынан мықтап ұстап, жоғары көтеріп, күнбағыстың бейнесін келтіреді. Балалар атрибуттар киіп рөлдерге бөлініп ертегінің мазмұны бойынша сахналайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
«Біз не білдік?» Қасқыр-жабайы аң.Ол орманда өмір сүреді. |
Балалар бүгінгісабақта алған білімдерін пысықтайды. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме бере алады.
Не меңгерді:Ертегіге еніп, қиялдауды үйренді.
Не істей алады:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын
ойнап келтірді.
Технологиялық карта №13
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Ұр, тоқпақ
Мақсаты:
Білімділік:Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге
баулу.
Дамытушылық:Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрметке
баулу.
Тәрбиелік:Балаларды ертегі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар,қазан,тоқпақ, есектің суреті.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын,сұрақ-жауап.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Мен қандаймын, қандаймын, Шұғылалы таңдаймын. Күлімдеген күндеймін, Ренжісуді білмеймін. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанасың достарым, Арайлап атқан күнге. |
Балалар қимылмен көрсетеді. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнасыңдар ма? Қандай ертегілерді білесіңдер? Балалар, ертегі туралы ән білесіңдер ме? Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай, ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз.Бұл ертегі «Ұр тоқпақ»деп аталады. Ертегіні мәнерлеп оқып беру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап: -Ертегі қалай аталады. - Шал мен кемпір қалай күн көріпті. - Шал тұзағына не түсіреді. - Қазбайдың үш жақсы нәрсесін ата. - Шал мен кемпір қалай мұратына жетеді. -Ертегі кейіпкерлері кімдер? Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай. Трактор мен комбайн, Жүргізуге мен дайын. Ертегіні сахналау.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Қолдарын жоғары көтеріп, тербеліп тұрады. Бастарын ию Қолдарын алға созып, трактор, комбайн Жүргізген сияқты бейнелеу Балалар атрибуттар киіп рөлдерге бөлініп ертегінің мазмұны бойынша сахналайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Балалар біз қандай ертегімен таныстық? Ертегі сендерге ұнады ма? Өте жақсы балалар, ертегіні жақсы түсініпсіңдер, сұрақтарға жауап бердіңдер, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқтаймыз. |
-Ұр,тоқпақ -иа
|
Күтілетін нәтиже:
Не білді:«Ұр, тоқпақ»ертегісін біледі.
Не меңгерді:Кейіпкерлерді ажырата алады.
Не істей алады:Рөлге еніп, кейіпкердің даусын салып үйренеді.
Технологиялық карта №14
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?
Мақсаты:
Білімділік:Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту,
олардың бір-бірінен ерекшелігі, бәріне ортақ белгілері, қозғалыс,
тіршілік, әрекеті туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Жануарлар жайында сипаттап айтуға үйрету; олардың
төлдерін қалай аталатынын айту.
Тәрбиелік:Үй жануарларын қамқорлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй жануарлары бейнеленген суреттер, олардың төлдерінің
суреттері, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын,әңгімелесу, жеке жұмыс.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар, алдымен сәлемдесіп аламыз. Ұл-қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз. Білер қазақ баласы, «Сәлем сөздің анасы.» |
Қайталап айтады, бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Балалар сендерді аналарың қалай еркелетеді? -Міне,балалар, сендерді еркелет-кенде ата-әжелерің,әке-аналарың төрт түлік малдыңсүйкімді төлдерінің атын қолданады. Балалар сендерүй жануарларының қандай түрін білесіңдер? -Осылардың қайсысы сендерге қатты ұнайды? Жұмбақ жасыру. Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар Бетегелі белге бітем, Найза ұстаған ерге бітем Балаларға үй жануарлары туралы түсінікберу.Үй жануарларына қан-дай жануарлар жататынын атату.
Мысалы: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық. Олардың адамға қандай пайдасы бар сол туралы балаларға сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. б) Бүгінгі сабақта «Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?» ертегісімен танысатындарын хабарлау. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап: -Ертегі тақырыбы қалай деп аталады? -Ертегі кейіпкерлері кімдер? -Ертегі сендерге ұнады ма? г) Ертегіні сахналау Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі |
-Құлыным, ботам, қошақаным. -Ешкі, қой, жылқы, сиыр -Балалар жауап береді. -түйе -жылқы Мұқият тыңдайды. -Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды? -Түйе, жылқы -Иә Атрибуттар киіп, ертегі мазмұны бойынша сахналау. |
Рефлексивті-түзетушілік |
«Дыбысын ажырат» дидактикалық ойыны. Мақсаты: жануарлардың дыбысын ажырата білуге үйрету Сөздік жұмысы: Жылқы-лощадь Түйе-верблюдь |
Ойынға белсене араласады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Үй жануарларының төлдерін ажырата білуді, суретке қарап әңгіме
құрауды үйренді.
Не меңгерді:Түйе мен жылқының толық тыныс-тіршілігімен танысты,білді.
Не істей алады:Атрибуттар кию арқылы ертегіні сахналайды.
Технологиялық карта №15
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Бөдененің құйрығы неге қысқа
Мақсаты:
Білімділік:Құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: Құстардың тіршілігімен таныстыру, ұқсастығы мен
айырмашылығын таба білуге үйрету.
Тәрбиелік: Құстар туралы түсініктерін бекіту, оларға деген қамқорлық
сезімдерін тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар, құстардың суреттері, мультимедиа.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын, көрсету, сергту сәттері.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жылулық шеңбері Біз қамқоршы баламыз, Құстарға ұя саламыз. Жем су беріп қыс бойы, Балапынын бағамыз. |
Балалар шеңбер бойына тұрып қайталайды. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Жұмбақ жасыру. Меңгіл-меңгіл меңгілше, Меңгілде бар тарғылша. Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе табылмас. Балаларға дала құсы бөдене туралы түсінік беру. Бөдененің адамға пайдасы бар ма, сол туралы балаларға сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. б) Бүгінгі сабақта «Бөдененің құйрығы неге қысқа ?» ертегісімен танысатындарын хабарлау. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап: -Ертегі тақырыбы қалай деп аталады? -Ертегі кейіпкерлері кімдер? -Ертегі сендерге ұнады ма? г) Сахналау Сергіту сәті: Құстар қанат қағады, Құстар қанат жаяды Аспанда қалықтап, Құстар ұшып-қонады. Құстар біздің досымыз, Құстарды біз қорғаймыз.
|
-бөдене Балалар тыңдайды. Ертегіні тыңдап, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Атрибуттар киіп, ертегі мазмұны бойынша сахналау. Қимылмен көрсетеді |
Рефлексивті-түзетушілік |
«Құстар қалай ұшады?»ойыны
|
Балалар құстардың дауысын келтіріп, қимыл қозғалыстар жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Құстар, құстардың тіршілігі туралы біледі
Не меңгерді:Құстарға әрдайым қамқорлық көрсету керектігін түсінеді.
Не істей алады:Ертегіні мазмұндап, сахналай алады.
Технологиялық карта №16
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Қарлығаш пен шөже
Мақсаты:
Білімділік:Дала құсы қарлығаш пен шөжемен таныстыру.
Дамытушылық:Ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, тілдерін дамыту.Тәрбиелік:Құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балапандай баламаыз, Әсем сурет саламыз. Біз құстарды құрметтеп, Қамқорлыққа аламыз |
Балалар қайталай отырып, қимылмен көрсетеді. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Өте жақсы балалар,енді орнымызға отырайық. Дидактикалық ойын: «Анасын тап» Шарты:Балаларға үй құстары мен дала құстарының балапандары суреттері үлестіріліп беріледі Жұмбақ шешу: Түгі қара мақпалдай, Төсі ақ сыр жаққандай, Ұшса оқтай зулайды, Көктен жұлдыз аққандай 2) Балалардан қарлығаш пен шөже туралы не білетіндерін сұрау. Қарлығаш-адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Шөже-төбесі сұрғылт, тамақ асты қара, қоңыр дақты кішкентай торғай.
Дидактикалық ойын:«Дыбысынан таны» 3) « Қарлығаш пен шөже» ертегісін мәнерлеп оқып беру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ- жауап: -Қарағай басына кімдер ұя салды? -Шөже торғай балапанын қалай өсірді? -Қарлығаштың балапаны қалай өсті? -Ертегідегі жағымды, еңбекқор кейіпкер қайсысы? Ертегіні сахналау. Сергіту сәті: Қане, қанат жазайық, Құс боп ұшып алайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызды табайық. |
Балалар анасын балапандарымен жұптастырады. -Қарлығаш Сұрақтарға жауап береді. Балалар атрибуттар киіп ролдерге бөлініп ертегінің мазмұны бойынша сахналайды. Балалар қимылмен орындайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
«Құстар қалайдыбыстайды»дидактикалық ойыны Құстардың дауысы жазылған үнтаспаны тыңдату. |
Балалар құстардың қалай дыбыстайтынын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап
келтірді
Не меңгерді:Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты.
Не істей алады:Ертегіге еніп, қиялдауды үйренді.
Технологиялық карта №17
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Сауысқан мен көкек
Мақсаты:
Білімділік:Дала құстары туралы білімдерін жетілдіру
Дамытушылық:Дала құстарының дыбысын ажырата білуге, есту арқылы
қимыл жасауға үйрету
Тәрбиелік: Құстарды қорғай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жылулық шеңбері: «Торғайлар мен автомобиль» ойыны Тәрбиеші «автомобиль», қалғандары «торғайлар» болады. Бөлмеде жағымды баяу әуен ойналады. |
Торғайлар алаңқайда гүлден гүлге секіріп, ұшып-қонып жүреді.Автомобилбдің дауысын естісімен торғайлар өз ұясына ұша жөнеледі. Ұсталған торғай автомобиль болады. Ойын осылай жалғаса береді. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Жұмбақтар шешкізу Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап, Басына бөрік киер, құндыз ұстап. Үстіне ақ камзолын киіп алып, Жүреді екі қолын артына ұстап. Қайталап атымды, Көктемде ән саламын. Кез келген ұяға, Жұмыртқа табамын. 2.Балалардан сауысқан мен көкек туралы не білетіндерін сұрау. Сауысқан – торғай тәрізділер қатарына қарғатұқымдасына жататын кіші денелі, түзу, ірі қысқа тұмсықты құс. Көкек – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айына ұшып келеді.Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды.
Дидактикалық ойын: «Дыбысына қарай ажырат» 3.«Сауысқан мен көкек» ертегісін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: -Сауысқан мен көкек қайда паналайды? -Көкек не деп зар қағады? -Сауысқан қандай іс атқарды? -Ертегі ұнады ма? -Несімен ұнады? 4.Ертегіні сахналау.
|
-Сауысқан -Көкек Балалар білетіндерін ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді. Балалар атрибуттар киіп, ролдерге бөлініп ертегінің мазмұны бойынша сахналайды |
Рефлексивті-түзетушілік |
Сонымен балалар, бүгін біз жаңадан не білдік? |
Балалар сабақтан түсінгендерін айтып, сабақ қорытындыланады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Дала құстарының тағы бір түрімен танысты
Не меңгерді:Ертегіні түсініп, сұрақтарына жауап берді
Не істей алады:Ертегіні нақышына келтіре отырып сахналады.
Технологиялық карта №18
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Бақыт іздеушілер
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйрету,
әдеп әліппесінің кілтін және әдептілік қасиеттерді бойына сіңіру.
Дамытушылық: Есте сақтау, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Балаларды кішіпейілділікке, адамдармен қарым-қатынас жасай
білуге, үлкенді сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды. Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса. Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де
|
Балалар бір бірімен амандасып, өлеңді қайталап айтады. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Балалардың назарын отбасы мүшелері салынған суретке аудару. -Мынау менің отбасым -Отбасы мүшелерін атайықшы -Олар немен айналысуда? Балалар бүгінмен сендерге «Бақыт іздеушілер» ертегісін оқып беремін. «Бақыт іздеушілер» ертегісін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: 1.Ертегі неге бақыт іздеушілер деп аталған? 2.Бай балалары не үшін қызмет жасамақшы болды? 3. Кіші баласы не іздеуге шығады? 4. Кішкентай жігіт қалай сыналды? 5. Бақыт іздеушіге алғаш кім кездесті? 6. Патшаның тілегі не еді? 7. Ағаш түбінде отырған атайдың тілегі қандай? 8. Ертегі қалай аяқталды? 9. Сендер не істер едіңдер? 4.Ертегіні мазмұны бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. Сергіту сәті: «Бір, екі, үш...» |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Ертегіні мұқия тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді
|
Рефлексивті-түзетушілік |
«Өз үйіңді тап» дидактикалық ойын. Тәрбиеші алдын ала үлкен дөңгелек, шаршы үшбұрыш пішіндерді дайындап алады. Ал балаларға осы пішіндердің кіші көлемдерін үлестіріп береді. Ойынды қайталатуға болады. |
Балалар музыка ырғағымен билеп жүреді, музыка тоқтағанда тәрбиеші-нің нұсқауымен «Өз үйіңді тап» дегенде, балалар қолдарыдағы пішіндерімен өз үйлерін тауып жүгіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегінің мазмұнын терең түсінеді.
Не меңгерді:Ертегінің тәрбиелік жақтарын айта алады.
Не істей алады: Ертегіні еркін сахналай алады.
Технологиялық карта №19
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Білгір адам
Мақсаты:
Білімділік:Осыған дейін өткен іс-әрекеттерін қайталау,пысықтау арқылы
білімдерін түйіндеп,сапасына көз жеткізу
Дамытушылық:Өтілген ертегілерді қайталап, жаңа сабақты жұмбақ,
мақал-мәтелдер арқылы түсіндіру.
Тәрбиелік:Балаларды адам бойындағы барлық жақсы қасиеттерге баулу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын,сергіту сәті, дидактикалық ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Дос болайық бәріміз, Жарасыптұр әніміз Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. |
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Бұл мезгілдің басқа жыл мезгілдерінен қандай ерекшеліктері бар? Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін тауып, әр жыл мезгілінің ерекшілігін тағы бір қайталап айтамыз. Жұмбақтар:
Қамбаға астық толатын Қызыл орман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?
Шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?
Нөсерлеткен,селдеткен, Шалшық кешіп ойнайтын, Бұл қай кез деп ойлайсың?
Көк майсалы егісте. Көбелек қуып ойнайтын, Қай мезгіл депойлайсың? Өте дұрыс балаларкішкене сергіп алсақ, ендімен сендерге бүгін өткелі отырғанертегімен таныстырайын. «Білгір адам» ертегісін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: 1.Ертегі неге білгір адам деп аталған? 2.Білгір адам баласына қандай ақыл айтады? 3. Баласы әкесінің ақылын не үшін сынамақшы болды? 4. Ол байдан не үшін қарызға ақша алмақшы болды? 5. Әйеліне қандай шындықты айтты? 6. Әйелі не үшін шындықты айтып қойды? 7. Оны хан не үшін жазамалақшы болды? 8. Ертегі қалай аяқталды? 9. Ханның баласы қалай аман қалды? 4.Ертегіні мазмұнын сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. Сергіту сәті: Жаздай болып жанамыз, Күздей болып өнеміз. Құстар болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. |
Балалар сұрақтарға белсене жауап береді. -Күз -Қыс -Көктем -Жаз Балалар сұрақтарға жауап береді. Ертегінің мазмұнын айтады. Қимылмен көрсетеді |
Рефлексивті-түзетушілік |
Бүгінгісабаққа жақсы араласқан балаларды мадақтау. Қоштасу шеңбері: Біздің топта ұл-қыздар, Әлемдегі бар адамға Тек жақсылық ойлаймыз. |
Жылулық шеңберіне тұрып, бірге айтды. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегі мазмұнын терең түсініп, баяндай білді.
Не меңгерді: Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме бере біледі
Не істей алады:Ертегіні сахналай білді.
Технологиялық карта №20
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Айлакер бала.
Мақсаты:
Білімділік:Балаларды өзара достарымен жағымды қарым-қатынаста
болуға үйрету
Дамытушылық:Ізгі жасау, ақылды болу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік:Татулыққа, достыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын,сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды. Жүректің макетін бір-біріне ұсынып, жақсы тілек, жақсы сөз айту. |
-Дамир сен мейірімдісің. -Айсулу сен ақылдысың -Асылжан сен өте бауырмалсың т.с.с. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: 1. Ертегі неге « айлакер бала» деп аталған? 2. Баласы анасына қандай сұрақ қояды? 3. Анасы баласына «Бақыт» дегенді қалай түсіндірді? 4. Бала қандай шешім қабылдайды? 5. Бала не үшін жолға аттанды? 6. Бала алғаш нені кездестірді? 7. Бала өзін Дию-перілердің алдында қалай көрсетті? 8. Ертегі қалай аяқталды? 9. Бала мұратына қалай жетті? Міне, балалар ақылды болсаң айлаңмен бәрінен де құтылуға болады.Сондықтан ақылды, қайырымды, мейірімді сонымен қатар айлакер болу керек.Кез келген қиындықтан ақылмен айла іздеп құтылуға болады. 2.Сурет бойынша әңгіме құрату. 3.Ертегіні мазмұнын сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. 4.Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі,
Тәрбиеші алдын ала ақ қағазғаүйдің суретін салып, түрлі түсті қарындаштарды үйлестіріп береді. |
Ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді Әңгімеге араласады. Сурет бойынша әңгіме құрайды. Қимылмен көрсетеді. Ойынға белсене араласады.Үйдің суреін бояйды. |
Рефлексивті-түзетушілік
|
«Біз не білдік?» бүгінгі өткен тапсырмаларды қайталау |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Адам бойындағы асыл қасиеттер туралы ойлары толысты.
Не меңгерді:Ертегінің мазмұнын түсінді.
Не істей алады:Ертегі кейіпкерлерін сомдайды.
Технологиялық карта №21
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Лақтар мен қасқыр
Мақсаты:
Білімділік:Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуға, оларды
дұрыс атай білуге үйрету.
Дамытушылық:Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Үй жануарларына қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды.
|
Шеңбер бойына тұрып, жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табасыңдар: Жұмбақтар: 1.Белестен шыққан бесті ат, Бүкір келгенжелісті ат. Бейғам елді іздейді, Малдан күдер үзбейді. 2.Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. 3.Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар. 4.Жол үстінде қу қазық Жүргіншіге жол азық Дұрыс шештіңдер балалар.Енді осыларды қайсысы үй жануарлары, қайсысы жабайы аңдар ажырата аламыз ба? Өте дұрыс. Олай бола бүгін мен сендерге «Лақтар мен қасқыр» ертегісін оқып беремін. «Лақтар мен қасқыр» ертегісін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: 1.Ертегі қалай аталады? 2. Ешкінің неше лағы болыпты? 3. Ешкі тоғайға не үшін кетеді? 4. Аналары тамаққа кеткенде лақтарға кім келеді? 5. Лақтары не үшін есікті ашпады? 6. Қасқыр қандай айла пайдаланды? 7. Аналары лақтарына не үшін риза болды? 8. Ертегі қалай аяқталды? 9. Ешкінің әнін кім жатқа айтады? Ертегіні мазмұнын сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. Сергіту сәті: Біз орманға барайық, Жан жағымызға қарайық. Аю шықты қорбаңдап Қасқыр шықты ырылдап, Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп, Қорықпаңдар балалар, Қызықтаңдар отырып. |
-Қасқыр -Қой Түйе Қоян Қой мен түйе-үй жануарлары. Қасқыр мен қоян-жабайы аңдар. Балалар сұрақтарға жауап береді. Қимылмен көрсетеді. Аюдың қимылын көрсетеді. Қасқырдың қимылын Қоянның қимылын
|
Рефлексивті-түзетушілік |
-Балалар бүгін қандай ертегімен таныстық? -Ертегі кейіпкерлері кімдер? -Ертегі сендерге ұнады ма? «Төлдерін ата »дидактикалық ойыны |
Бүгінгі сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап береді. Ойынға белсене араласады |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Суретке қарап мазмұнын айта білу, ертегіге еніп, қиялдауды үйренді.
Не меңгерді:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын ойнап келтіреді
Не істей алады: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты
Технологиялық карта №22
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Құстар не дейді?
Мақсаты:
Білімділік:Құстар туралы түсініктерін бекіту.Құстардың пайдасы туралы
мағлұмат беру.
Дамытушылық:Құстардың тіршілігімен таныстыру, ұқсастығы мен
айырмашылығын таба білуге үйрету
Тәрбиелік:Құстарға деген қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:құстардың суреттері, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балапандай баламаыз, Әсем сурет саламыз. Біз құстарды құрметтеп, Қамқорлыққа аламыз |
Балалар шеңбер бойын тұрып, әндетіп қайталайды. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Балаларға өтілген ертегілерді сұрақ-жауап арқылы сұрай отырып қайталату. Бүгінгі сабақта жұмбақтардың шешуін тапқыза отырып, қандай ертегімен танысатындықтарын хабарлау. Жұмбақтар шешу. Садақша мойнын иілтіп, Көрген жанды сүйсінтіп, Жүзгенде көлдің сәні өзі, Жердегі құстың еркесі. Бұдыр-бұдыр балшықты, Жинады да талшықты. Ұқсатып қамытқа, Үй салды жабыққа. 3. «Құстар не дейді? » ертегісін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: 1. Ертегі неге «Құстар не дейді?» деп аталған? 2. Қу кісі не деп мақтанады? 3. Тыңдаушылар қуға қандай сұрақ қояды? 4. Қу дұрыс жауап бере алды ма? 5. Ол не деді? 4.Ертегіні мазмұнын сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. Сергіту сәті: Қане қанат қағайық, Мойнымызды созайық. Бір,екі,үш Құс аспанға ұш Бір,екі,үш Құс аспаннан түс Құстар жем жейді, Құстар су ішеді Бір,екі,үш Құс аспанға ұш Құстарға жасау туралы сурет бойынша әңгімелету, өлеңдер оқып беру
|
-аққу -қарлығаш Сұрақтарға жауап береді. Ертегіні әңгімелейді Барлығы қимылмен көрсетеді. Сурет бойынша балалар өз ойларын білдіріп, әңгіме өрбітеді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Жарайсыңдар балалар, енді сабағымызды қорытындылау үшінмен сендерге «Үй құстары мен дала құстары»деген ойын ойнатқым кеп отыр.Ойнаймыз ба? Ойын шарты: Балалар үсел үстіндегі суреттерді бір-бірден алып атауын атап, тақтаға іледі. Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. |
-Ойнайықшы Ойынға барлық бала қамтылды. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Құстар туралы, олардың өмірі жайлы,олардың атауларын білді
Не меңгерді:Құстарға әрдайым көмек керек екендігін
Не істей алады: Құстар туралы өлеідер жатқа айтады, жұмбақтардың шешуін таба алады.
Технологиялық карта №23
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Шалқан
Мақсаты:
Білімділік:Ертегі еліне саяхат жасай отырып ертегінің мазмұнын ашу, үй
жануарлары туралы мағлұмат беру, түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:Байланыстырып сөйлеуге үйрету,мазмұнын жүйелі
әңгімелей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Балалардың бойына мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Шалқан ертегісінің суреті, конус театры.
Әдіс-тәсілі: Баяндау, сұрақ-жауап, сахналау.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Ертеңгілік шеңбер «Сәлемдесу» Күлімде, күн күлімде, жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгінде, Қанат қақсын көгершін. |
Балалар шеңбер бойына тұрып, қайталайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз жылдың қай мезгілі екенін еске түсірейік. -Күз айларын маған кім айтып береді? -Ал, балалар күз мезгілі туралы кім тақпақ біледі. Күз айларының ерекшеліктерін кім айта алады? Балалар бізге қонаққа әже келді. Ортаға әже келеді. -Амансындар ма балалар.Мен сендерге ертегі айтып бергелі келдім. Алдымен жұмбақты қалай шешетіндеріңді білгім келеді. 1.Шықпайды үйден, Тоны жібектен. Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады. Сол аңды үйден табады. 2.Өзі егін екпейді, Егістен ұзапкетпейді. Диханның тұқымын Шашпай тек кетпейді. Қарны тоқ, Қайғысы жоқ, Мысық қуса жетпейді. Бүгін, балалар мен сендерге «Шалқан»ертегісін баяндаймын.Ертегі тыңдауға дайынбыз ба? «Шалқан» ертегісін оқып беру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар: -Балалар ертегі қызық па екен? -Ертегі қалай басталды? -Ертегіде кімдер ойнайды екен? -Ал, енді балалар осы ертегіні рөлге бөліп сахналайықшы. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкене балалар, Үп-үлкенболып өседі. |
-Күз -Қыркүйек, қазан, қараша -күн суытады, жапырақтар сарғаяды -Мысық -Тышқан -Иа -Шал шалқан егеді -Кемпір, қыз, мысық, ит,тышқан Балалар атрибуттар киі ертегіні сахналайды. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Сабақты қорытындылау: -Жарайсыңдар, балалар! Сендер нағыз әртіс боласыңдар.Ертегіні де тамаша ойнадыңдар.Әжей жәй келмепті ертегіні ойнаған балаларға тәттілері бар екен.Сол тәттілерді сендерге таратам дейді.Қане, дәм татайық. |
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді: Ертегіні зейін қойып тыңдайды
Не меңгерді: Сұраққа ертегінің желісі бойынша толық жауап береді
Не істей алады: Ертегі желісіндегі кейіпкерлерге мінездеме беруі.
Технологиялық карта №24
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Бес ешкі
Мақсаты:
Білімділік:Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету
Дамытушылық:Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар, кастюмдер,магнитті тақта.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын, сахналау, сұрақ-жауап.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды. Күн шығыпты алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң!Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе? Бәріміз күндей жарқырап, Бәріміз тату болайық! |
Балалар өлең жолдарын қайталап, қонақтармен амандасады. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Балаларға өтілген ертегілерді сұрақ-жауап арқылы сұрай отырып қайталату. Бүгінгі сабақта жұмбақтардың шешуін тапқыза отырып, қандай ертегімен танысатындықтарын хабарлау. Балаларға жұмбақтар жасыру. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Екі айнасы бар, Екі найзасы бар Төрт жылтырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар. Апан апан Ескі шапан. Иір қобыз, Жарық жұлдыз «Бес ешкі » ертегісін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ –жауап: Ертегі қалай аталады? Кедейдің қандай малдары болыпты? Бай кедейге қандай озбырлық көрсетті? Кедейдің қандай малдары бар? Кедей малдары қасқырдан қалай құтылды? Кедей малдарын қалай шақырды? 4.Ертегіні мазмұнын сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың Құлпынай көп екен. Теріп теріп алайық Қалтамызға салайық |
-Қой -Сиыр Түйе Сұрақтарға жауап берді Ертегіні әңгімелейді Қимылмен орындайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Балалар біз қандай ертегімен таныстық? Ертегі сендерге ұнады ма? -Өте жақсы, балалар, ертегіні жақсы түсініпсіңдер, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, осымен бүгінгі оқу-ісі әрекетіміз аяқталды. |
-Бес ешкі -Иә |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Үйжануарлары туралы, олардың пайдасы туралы тереңінен түсіні алады.
Не меңгерді:Ертегіні түсініп, рөлге еніп ойнай алады.
Не істей алады: Суретке қарап әңгіме құрастыра алады.
Технологиялық карта №25
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Түлкі мен маймыл
Мақсаты:
Білімділік: Балалардытүлкі мен маймыл тіршілігімен таныстыру.
Дамытушылық:Балалардың тілін дамытып, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арртырып,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды. Қуан, шаттан алақай, Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң, Қайырлы күн. Күліп шықты күн бүгін. Қайырлы таң сіздерге де қонақтар |
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
-Балалар,ертегілереліне барамыз ба? -Ертегі дегеніміз не? -Біз қандай ертегілерді білеміз? -Бүгінгі күні біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз, ертегі әлеміндегі қызықтарды тамашалаймыз. Олай болса менің шарттарымды орындаңдар, сол шарттан сендердің дайындықтарыңды байқаймын. Жұмбақ жасыру: 1.Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да, шу. 2.Далада жүр шапқылап, Керемет бір саққұлақ 3.Тәтті көрсе бас салар, Айнымайды баладан. -Өте дұрыс, шартты орындадыңдар, орманда қандай аңдар кездесетінін білдіңдер. Бұлар жабайы аңдар деп аталады.Енді көзімізді жұмып, саяхатқа аттанайық. Тәрбиеші аңдармен таныстырады. Ойын: «Бұл қай аң?» Ойынның шарты: Тәрбиеші бір баланың құлағына аңның атын сыбырлайды. Ендеше балалар мен сендерді кезекті ертегімен таныстырамын. «Түлкі мен маймыл» ертегісін мәнерлеп оқып беру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап: Бұл ертегіде түлкі қандай кейіпкер болып көрінеді? Маймыл ше? «Оларды неге жабайы аңдар деп атаймыз? Олар немен қоректенеді? Өздерің тұратын жерде қандай жабайы аңдар бар? Сергіту сәті: Түлкі деген қу ғой, Жүрген жері шу ғой Жатып алып жағада, Іздегені шу ғой |
Сұрақтарға жауап береді -түлкі -Қоян -Аю Балалар қолдарынан ұстап орманға саяхат жасайды. Бала сол аңның жүріс-тұрысын, қимылын,дыбысын салу керек.Ал қалған балалар қандай аң екенінтабу керек. Балалар зер сала тыңдайды. Сұрақтарға белсене жауап береді. Қимылмен көрсетеді |
Рефлексивті-түзетушілік |
Қорытынды. Сонымен бүгін қандай ертегі кейіпкерлерімен таныстық? Жетекші сұрақтар қою арқылы қорытындылаймыз. |
-Түлкі және маймыл |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегі мазмұнын толықтай түсіне алады.
Не меңгерді:Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көре отырып, оларға
мінездеме бере алады.
Не істей алады:Ойынға белсене араласады, ертегіні сахналайды.
Технологиялық карта №26
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Түлкі мен бөдене
Мақсаты:
Білімділік: Ертегі мазмұнын түсіндіріп, кейіпкерлерге мінездеме бере білу
дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын
арттыру.
Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын көре білуге, аңдарға қамқор болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды. Мен қандаймын, қандаймын. Шұғылалы таңдаймын. Күлімдеген күндеймін, Ренжісуді білмеймін, Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым. Арайлап атқан күнге. |
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Өлеңді бірге айтады. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? Қандай ертегілерді білесіңдер? Балалар, ертегі туралы ән білесіңдер ме? Олай болса әнді орындап берейік. Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай, ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі «Түлкі мен бөдене» деп аталады. Жұмбақ жасыру: Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да, шу. Түлкі туралы не білеміз. Ия балалар, түлкі қу, айлакер. Ол бар аңнан өзінің асырып жүреді.Түлкінің терісі әдемі, оның терісінен ішік, яғни тон тігеді.Әдемі құйрығынан жаға жасайды. «Түлкі мен бөдене» ертегісін мәнерлеп оқып беру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап: Бұл ертегіде түлкі қандай кейіпкер болып көрінеді? Бөдене ше? Сергіту сәті: Кі-кі-кі... |
-Иә -Өтілген ертегілерді айтады -Бәрі бірге орындайды. -түлкі Түлкінің түсі қызғылт сары, сәбіз түстес. Құлағы үшбұрыш,құйрығы бұлаңдаған,үлпіл-дек. Түлкі қу, айлакер. Ол бәрін алдап кетеді. Сұрақтарға жауап береді |
Рефлексивті-түзетушілік |
Қорытынды. Балаларға «Көңілді аңдар» ойынын ойнату. Мадақтау. |
Балаларға ойын ойнату. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегі мазмұнын толықтай түсіне алады.
Не меңгерді:Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көре отырып, оларға
мінездеме бере алады.
Не істей алады: Ойынға белсене араласады
Технологиялық карта №27
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы: Түлкі мен жолбарыс
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға ертегіні мәнерлеп оқып беру, мазмұнын айтуға
үйрету.
Дамытушылық:Есте сақтау, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік:Байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегіге деген
қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Біз ерекше баламыз. Қайырлы таң апайлар, Қайырлы таң, балалар. |
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Өлеңді бірге қайталайды. |
Ұйымдастыру-Ізденістер |
-Балалар қазір жылдың қай мегілі? -Бұл мезгіл басқа жыл мезгілдерінен қалай ерекшеленеді? -Ауа райында қандай ерекшеліктер бар? -Міне, құстардыңда даусы естіліп жатыр. Қане бәріміз көзімізді жұмып,көктем құстарының әсем даусын тыңдайық. Осы кезде қарлығаш ұшып келеді.Онын тұмсығында хат бар екен. -Ойбалалар, қарлығаш бізге не әкеліп тастады? -Бұл ғажайып хат кімнен болады екен, ашып көрейік. (конверт ашылады) Хат бізге ертегідегі түлкіден келіпті. Хат ішінде бізге тапсырмалар бар екен. Тапсырма орындайық. Жұмбақ жасыру: 1.Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да, шу. 2.Барекен бір айуан көпке таныс, Мекені жүрер оның тау мен қамыс. Бұл өзі айласы көп, шапшаң епті, Жүректі бір айуанға қойса бетті. Қайтпайды, жара алмаса не өледі, Жүрмесе тынбайды ол, алмай кекті 3.Жылқы тұмсық, Ешкі құйрық. Есек құлақ. Қорқақ өзі, Қыли көзі Оларды неге жабайы аңдар деп атаймыз? Олар немен қоректенеді? Өздерің тұратын жерде қандай жабайы аңдар бар? «Түлкі мен жолбарыс» ертегісін мәнерлеп оқып беру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап: Бұл ертегіде түлкі қандай кейіпкер болып көрінеді? Жолбарыс ше? Сергіту сәті: Түлкі деген қу ғой, Жүрген жері шу ғой Жатып алып жағада, Іздегені шу ғой |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар көздерін жұмып құстардың дауысын естіп, тыңдайды. Хат әкеледі. Тапсырма орындалады. -түлкі -Жолбарыс -Қоян -Жабайы аңдар -Қасқыр, қоян Қимылмен көрсетеді |
Рефлексивті-түзетушілік |
Қорытынды. Балаларға «Көңілді аңдар» ойынын ойнату. Мадақтау. |
Балаларға ойын ойнату. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді: Түлкі аңының өте қу екендігін, ол орманда мекендейтінін біледі.
Не меңгерді: Жаңадан ертегіні ықыласпен тыңдап,оны меңгереді.
Не істей алады: Суреттер бойынша сұрақтарға жауапбере алады,
дамытушы орталықтармен жұмыс жасай алады.
Технологиялық карта №28
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Қоянның зары
Мақсаты:
Білімділік:Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге
үйрету.
Дамытушылық:Баланаың сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік:Баланы еңбекке, татулыққа тәрбиелу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Мен қандаймын, қандаймын, Шұғылалы таңдаймын. Күлімдеген күндеймін, Ренжісуді білмеймін. Қуанамын мен де, қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге.
|
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілек-терін арнайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
1.Аузы бейне шалғы орақ, Шөп емес ,бірақ малды орады. 2. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. 3.Орғыған қорқақ, көзі қыли, Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
Балалар қоянның суретін қарап, ол туралы не білетіндерін ортаға салады. Оның сыртқы түрін сипаттайды. Қоян туралы қандай ертегі білетіндерін сұрау. Қоянның қандай кейіпкер екенін анықтау. 2. Ертегі «Қоянның зары» а) «Қоянның зары» ертегісін мәнерлеп оқып беру. ә) Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын түсіндіру. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. -Балалар ертегі сендерге ұнады ма? -Ертегі не туралы? -Ертегідегі кейіпкер кімдер? Ертегіден қандай тәрбие алдық? |
-Қасқыр -Аю -Қоян Ертегіні тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді Қимылмен орындайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Дидактикалық ойын: «Қайсысы кімге тиесілі» Суреттер беріледі, соларды сәйкестендіру. |
Балалар ойынға белсене араласа отырып, суреттерді сәйкестендіреді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Қоянның жабайы аңдардың қатарынан екендігін.
Не меңгерді:Ертегінің мазмұнын терең түсініп, рөлге еніп ойнай алады.
Не істей алады: Ойынға белсене араласады.
Технологиялық карта №29
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Арыстан мен адам
Мақсаты:
Білімділік:Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру, аңдармен
таныстыру, олардың мекені туралы әңгімелеу.
Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік
ерекшелігін ескере отырып, жеке-дара жұмыс жүргізу.
Тәрбиелік:Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа,бірлесіп жұмыс істей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шебері: Балалар мына өлеңді тыңдайықшы: Табиғатты қолдай біл, Аң құсыңды қорғай біл. Білуіміз керек біз оны Біз де табиғаттың ұлымыз. Табиғат бөлек демеңіз, Сол үшін жауап береміз.
|
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
-Балалар, бұл өлең не туралы? Дұрыс, ал табиғат дегеніміз не? Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз тіршілік жоқ. Ол барлық тіршілік тіршілік иелерінің бірі жабайы аңдармен танысамыз.Сол жабайы аңдар туралы кезекті ертегіні баяндап беремін. Жұмбақ жасыру: 1.Көлеңкесінен қорқып безектейді, Ал оның баласын көжек дейді. 2.Аузы бейне шалғы орақ, Шөп емес бірак малды орады. 3.Бір аң бар қайраты көп, болған күшті Басынан өткізеді әрбір істі.
Балалар біздің бүгінгі ертегіміз осы аң патшасы арыстан туралы болмақ. Аң патшасы – арыстан туралы қандай ертегі немесе мультфильмдер білетіндерін сұрап, әңгімелету. а) «Арыстан мен адам» ертегісін оқып беру. ә) Ертегі мазмұны бойынша сұрақ-жауап. б) Ертегі мазмұнын сахналау. Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа. Допты алып қолыма, Қойдым оның жолына. Оң қолына қарады, Сол қолына қарады. Тау екен деп ойлады,
|
-Табиғат туралы -Қоян -Қасқыр -Арыстан Балалар тәрбиешінің берген мағлұматын мұқият тыңдайды. Ертегіні зер сала тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді Атрибуттар киіп, ертегі сахналайды. Балалар қимылмен орындайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Дидактикалық ойын: «Аңдардың қорегін тап» Суреттердегі аңдарды олардың қорегімен сәйкестендіру. |
Ойынға белсене араласады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Жабайы аңдардың және балаларының аттарын атап үйренеді
Не меңгерді:Оларға қамқорлықпен қарау керектігін түсінеді.
Не істей алады: Ертегіні мазмұндап, сахналай алады.
Технологиялық карта №30
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс
Мақсаты:
Білімділік:Өз ойларын еркін жеткізуге үйрету
Дамытушылық:Баланың сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Көркем әдебиетке қызығушылығын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жылулық шеңбері: «Достық»ойыны Дос болып біз жүрейік, Ойнайықта күлейік. Достықдеген тамаша, Міне, тұрмыз жараса. |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
Жарайсыңдар, балалар, жақсы айттыңдар. -Балалар мен сендерге бірнеше сұрақтар қойсам жауап бересіңдер ме? -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? Атап өтейікші -Қазір қай ай? Балалар, бүгін біздің ұйымдастрылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: « Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс» -Балалар, мұндай ертегіні бұрын естіген жоқпыз, солай ма? -Ендеше бұл ертегі сендерді қызықтырып отыр деп ойлаймын.Сондықтан мен ертегіні айтып беремін.Ал сендер мұқият тыңдаңдар. « Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс» ертегісін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: - Әкесі балаларына қандай өсиет айтады? - Бірінші және екінші ұлы не себептен бай есігіне барады? - Бай келген адамдарға қандай жұмыс тапсырады? - Кіші ұлын ел қалай атайды? - Бай не себептен «Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыстан» қашпақшы болды? - Ертегі қалай аяқталады? Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдыңнан жел еседі. Кіп кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі.
Ертегіні сахналау.
|
-Көктем -3ай -Иа,естімедік. -Иа Балалар ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Қимылмен көрсетеді. Балалар атрибуттар киіп, ролдерге бөлініп ертегінің мазмұны бойынша сахналайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Дидактикалық ойын: «Қарап ал да ,есіңе сақта» -Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық? -Ертегі не туралы? -Ертегі сендерге несімен ұнады? |
Балалар ойынға белсене араласады. Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Суретке қарап мазмұнын айта білуі.
Не меңгерді:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді.
Не істей алады:Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттері артады.
Технологиялық карта №31
Күні:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегі тыңдай білейік
Тақырыбы:: Ақ тиін мен қасқыр
Мақсаты:
Білімділік:Балалардың әлеуметтік ортада жағымды мінез-құлқын
қалыптастырады.
Дамытушылық:Балалардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын кеңейту.
Тәрбиелік:Өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, атрибуттар.
Әдісі: оқу, түсіндіру, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жүректің макетін бір-біріне ұсынып, жақсы тілек, жақсы сөз айту. -Айсулу, сен өте сұлусың. -Дамир ,сен мейрімдісің. -Жанерке, сен ақылдысың. |
Балалар шеңбер бойына жиналып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды.
|
Ұйымдастыру-Ізденістер |
«Кімге не тиісті?» дидактикалық ойыны.
3 «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақ -жауап: -Ақ тиін қандай жағдайға ұшырайды? -Қасқыр оған не дейді? -Оған қандай сауал қояды? -Тиін не деп жауап береді? -Ақ тиіннің жауабына қандай баға бересіңдер? 4.Ертегіні мазмұны бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгімелету. Сергіту сәті: Қане, қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ енді шеңберге, Алақанды ұрайық. Оң жақтағы балаға, Сол жақтағы балаға Шапалақта шапалақ, Бишілерше бұралып, Дөңгелене билеңдер. Домбыраны қолға алып, Күйшілерше шертейік, Әсем әуен сазымен, Біз өнерді жалғайық |
Ойынға белсене араласады. Балалар ертегі мазмұнын түсінеді, кері баяндап береді. Сұрақтарға жауап береді. Қимылмен көрсетеді. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Бәрі бірге: Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық |
Бәрі бірге айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Не білді:Ертегінің мазмұнын терең түсініп, сұрақтарға еркін жауап береді
Не меңгерді:Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме берді.
Не істей алады: Ертегіні сахналайды, ойынға белсене араласады.