«ЕРТЕГІЛЕР МЕН СИҚЫРЛАР УАҚЫТЫ
- ЖАҢА ЖЫЛ»
атты Жаңа Жалдық
қойылым сценарийі
Мақсаты: Жаңа Жылдық көңіл-күй
сыйлау
Өткізілетін орны:
«Балдәурен» РОСО
филиалы
Қатысушылар: 14 – ауысымға қатысушы
балалар, педагогикалық ұжым, қонақтар,
қызметкерлер
Сценарий
құрастырушы: Касенова
А.
ЗАЛ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ
МЕРЕКЕГЕ САЙ СӘНДЕЛГЕН, ӘУЕН
ОЙНАЙДЫ
Фанфарлар ойналады. Жүргізушілер
шығады.
Жүргiзушi: Жаңа жыл – жаңа қадам,
жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа
бақыт!
Ит жылы кеп қалды
ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа
уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша
халық!
Қуанышқа, шаттыққа
тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек
тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар
салайық!
Жүргiзушi 2: Қайырлы күн, қымбатты
достар! Келер жыл сіздерге
қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Ұшқыр
арман-қиялдарыңыз бен ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді,
табысты әрі мақсатты жыл болуын тілейміз! Сәтсіздіктер өткеннің
еншісінде қалып, өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік
дәуіріне жол ашылғай!
Жүргізуші
1: Please welcome to the new Year Ball, in the island of
children's dream "Baldauren"!
Жүргiзушi: Мәңгілік рухты елдің
ұланы біз,
Мәңгілік тәуелсіз ел
жыр-әніміз,
Құлатпай көк байрақты биік
ұстап
Мәңгілік шыңға шығар
қыранымыз!
Қазақстанның тәуелсіздігі деген өте қасиетті ұғым.
Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау
барлығымыздың парызымыз. Осы жылы елордамыз Астана
қаласының 20 жылдығын атап
өттік.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың
бейнеқұттықтауы.
Жүргiзушi:
Бүгiн
сiздердi «Балдәурен - Шымкент» Республикалық оқу-сауықтыру
орталығының директоры
Баржақсымов Бірлік
Қадірбекұлы қарсы
алады!
Жүргiзушi: Жұлдызды аспандағы
жанып тұрған,
Көрінді бүгін міне жаңа
нұрдан.
Жаңа жылда жаңаша жылу
таптым,
Бүгін мен де қоршаған
адамдардан!
Балалар асханада
жиналады, ортаны босатып, орындықтар мен Жаңа Жылдық үстел шетінде
орналасады.
Іс-шараның
барысы:
1 -
картина
Үкі ортаға жүгіріп шығып,
айналып, басымен ағашқа
соғылады
Үкі: Ой басым, басым-ай,
басым.
Челлендж
Үкі: Мен не істеп кеттім? Жаңа
Жылдық сыйлықтар әлі де дайын емес, ал мен болсам мұнда челлендж
билеп жүрмін. Не істесем болады? Не істесем болады? Есімім
Нұрболат, жегенім шоколад, уайымдамандар, бәрі жақсы болады. Маған
көмектесетін бір адам бар,
қазір...
Әуен ойнайды, ортаға
Алладин шығады.
Алладин: Алладин, қызметіңізге әзірмін,
қандай көмегім қажет?
Үкі: Мен сені емес, Мистер
Пропперді шақырып едім. Сен не істеп
жүрсің?
Алладин: Мистер Проппер демалыста,
орнына жарты ставкаға кіріп алдым. Не істеуім қажет, айта
берсенші
Үкі: сағаттың 12 соғуына аз қалды,
ал балаларға арналған кеш дайын
емес.
Алладин: Уайымдама (беліндегі лампаны
алып, үйкелеп Джин
шығады)
Джин: Ассалаумағалейкум Үкі
мырза,
Балалардың барлығы сізге
ырза
Үкі: Риза болмайтын
сияқты
Джин: Не болып қалды? Көңіл –
кұйіңіз түсіп қалды
ғой
Алладин: сен қалай ойлайсың, мен сені
не үшін шақырдым... әрине бізге сенің көмегің қажет болып
тұр.
Джин: Мен көмекке әрдайым дайынмын,
біз барлық мәселені шешеміз. Ол сосын, ал дәл қазір біз барлығымаз
бірге би билеп көңіл
көтерейік.
Музыкалық
ойын
Үкі: Рахмет сендерге, біраз көңілім
көтеріліп қалды.
Алладин: Бұл әлі басы, ең қызығы енді
басталады. Ал қазір,
та-дааааам
Ортаға үлкен сыйлық
шығарылады
Үкі: Бұл не?
Сыйлық?
Жүгіріп барып, ашуға
асығады
Үкі: Кітап?
Джин: Иә, сіз балаларға мереке
сыйлағаныңыз келді ғой. Міне, бұл сізге, бұл ертегіні қалай
қызықсты етіп шынайы оқысаңыз, ол дәл солай болып алдымызға шыға
келеді.
Алладин: Ұзақ созбай, тездетіп
бастайық
Үкі: Ерте, ерте, ертеде, Балдәурен
атты патшалықта...
Ортаға Олаф
шығады
Олаф: Анда барам жоқ, жоқ, Мұнда
барам жоқ, жоқ. Сені іздедім, үмітті
үзбедіім..
Кристоф: Олаф, саған не болды? Сен не
іздеп жүрсің?
Олаф: Сен сонда өзің байқамайсың
ба?
Кристоф Олафты айналып, жан
– жағынан қарап, ойланып
тұрады
Кристоф: Жоқ, сонда да
байқамадым.
Олаф: Эхххх...
Олаф пен Кристоф ойын
ойнатады
Ортаға Свен сәбізбен
шығады
Олаф: Свеееен... ( сен алғаныңды
білгем)
Кристоф: Олаф, ашуланба, терең дем
ал
Екеуі дем
алады
Олаф: (терең демалып, ашуын әрең
ұстап) Мен... ашулы емеспін, ашулы емеспін... (Айқайлап айтады) Мен
өте қатты ашулымын!!! Бұл менің
мұрыным
Свен артқа шегіне
бастайды
Кристоф: Мүмкін, бірақ бұл әлі нақты
емес
Олаф: Свен, тезірек қашқанын дұрыс
болады
Үшеуі де сахнаның сыртына
жүгіріп кетіп
қалады
2 –
картина
Ортаға Эльза мен Анна ән
айтып шығады
Бишілер би
билейді
Эльза: Анна тоқта, қоқыс шелегін ала
кетші...
Анна: Эльза, бұның не? Мен сенімен
ойнайын десем, сен болсаң әзілдеп тұрсың. Қойшы,
ойнамаймын.
Эльза: Өз көңілімді өзім көтермесем,
ешкім көтермейді.
Анна: Не болып
қалды?
Эльза: Дала болсы қыс, Жаңа Жыл да
келе жатыр, ал мен бір бөлмеден шықпай отыра беремін. Маған тіпті,
аулаға да шығу
қауіпті.
Анна: Қазір біз сенің көңілінді
көтереміз...
Ортаға Кристоф, Свен мен
Олаф спорласып
шығады
Олаф: Айттым ғой мен саған, тиіспе,
тиіспе, ал ол болса алды да жеп
қойды
Кристоф: Болды Олаф, қоя салшы, Свен
әдейі істеген жоқ
қой!
Анна: Не болып қалды, неге дауласып
жатырсыздар?
Олаф: Свен менің мұрынымды алып,
палау жасағысы келді.
Кристоф: (күліп) Қайдағы палау, оливье жасайын
деп едік
Кенеттен Миньен ортаға
шығады
Миньон: С Новым Годом, С Новым
Годом!!!
Бәрі Миньенге қарап
қалады
Кристоф: Сен не істеп
жүрсің?
Миньон: Ой, не та дверь, мультфильм
перепутал. Ну ладно, вы продолжайте, я
пошел
Олаф: Бәсе, неде
тоқтадық?
Анна: Қоя тұрыңдаршы, бізде одан да
үлкен мәселе бар. Эльзаның көңіл-күйі жоқ, қонақтар болса келіп
қалатын уақыт болды.
Кристоф: Ендеше, жылдамдатып бәрін
аяқтап, қонақтарымызды күтіп, Жаңа Жылды қарсы алайық, сол кезде
көңіл-күй өзі келеді.
Есік
қағады
Олаф: Алайқай, келді, келді, қонақ
келді
Қонақ
1: Келе жатқан Жаңа Жыл құтты
болсын.
Қонақ
2: Жаңа Жыл – құт – береке, ырыс
әкелсің!
Анна: Келіңіздер, Жаңа Жылдық
дастархан дайын! Мерекені бірге қарсы
алайық!
Қонақ
3: Рахмет, бірақ біз үйге
қайтамыз. Жаңа Жылды отбасымызбен бірге, өзіміздің дәстүрімізбен
қарсы аламыз. Біз сіздерді тек алдын ала құттықтау үшін
келдік
Олаф: Отбасылық дәстүр? Ол қалай
сонда? Анна, ал бізде қандай дәстүр бар? Біз қалай
тойлаймыз?
Анна: (Көңілсіз) Салт дейсің бе? Жүріңдер
сыйлықтарды аша
берейік!
Оркестр
3 –
картина
Олаф: Эхх, дәстүр, дәстүр деп,
барлығының көңіл-күйі түсіп кетті. Ол қалай
екен?
Ортаға Индеец жүгіріп
келеді
Индеец: осин-попсин, барбарамия
киргуду
Олаф: Не дейді? Не істеп жүр
мұнда?
Индеец
2: Миньонды көрмедің
бе?
Олаф: Еее, бұлар да адасқан жандар
екен ғой. Әне анау жаққа қарай
кетті
Индеецтер кетіп
қалады
Олаф: Адамның сөзін қайта – қайта
бөліп, қайда тоқтаған
едім?
Басын қасып, ойланып, еске
түсіреді
Индеец: (Сыбырлап) Дәстүр,
дәстүр...
Олаф: А, иә, рахмет. Сен ба тағы,
осылар қайдан ғана пайда бола береді? Ааа бұл жерде есік бар ғой.
Үлкен құлып қойып, жауып тастау
керек.
Есікті тіреп, жауып
қояды
Олаф: <