Тақырыбы: «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке
сыйлаған»
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды
жалғастыру.
Күз мезгіліндегі өнім
көкөністерден көрініс
сахналандыру.
Балалардың ойын, ән, билер
арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін
көтеру.
Табиғатты сүйіп, қорғауға,
аялауға тәрбиелеу.
Музыка ойнап,
әсем безендірілген залға балалар келіп
кіреді.
Жүргізуші: Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала
келді.
Армысыздар ұстаздар мен
ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне
береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр
төгіп.
Балалар бізге қонақ келе
жатқан сияқты.Ол кім болды
екен?
Күз
ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға
күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің
достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала
келдім.
1. Ашулы қонақ бұл
анық,
Тонып шешсе
жыладық. (Пияз)
2. Сырты
қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
3.Түбi
толған құмалақ. (Картоп)
4.Жерде жатып
желіндейді,
Күз түскенше
желінбейді.
(қауын)
Жүргізуші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп
тұр.
«Көк майсалы көрікті,
алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар?
(Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған
өлең шумақтарымызды
тыңдайық)
2.Інкар: Күздің қазан
айында
Алма,алмұрт
піседі
Жапырақтар
сарғайып.
Сыбдыр-сыбдыр
етеді.
3.Інжу: Көбейді құт
береке
Астық толы
қамбамыз
Құтты болсын
мереке
Алтын күзді
тойлаймыз.
4.Нұртас: Падают, падают
листья
В нашем лесу
листопад
Красные желтые
листья
По ветру вьются
летят
5.Алияр: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз
келді
Жемістерін
жинауға
Шақырады
біздерді
6.
Торали: Берекелі,мерекелі
Келді жомарт Алтын
күз!
7.Бекарыс:
Бау-бақшада,орманда
Сары жапырақ
төгілді.
Жүргізуші: Өнерліғой
балалар
Көңілдері пәк
жайсан
өлең айтып
берейік
Алтын күзге біз
арнап
деп ортаға бүлдіршіндерімізді
қарсы алайық.
Ән: «Қолшатыр»
Жүргізуші: Күз ханшайымы, Сұлу қыздарымыздың биін
тамашалайық.
Би: «Алтын
күз»
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді,
керемет!
Жүргізуші:
Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары
күз.
Балаларымыздың күз
мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын
тыңдайық.
2.Айару: Алтынға бояп
өңірді.
Күзде келді
көңілді.
Бау-бақшада,орманда
Сары жапырақ
төгілді.
3.Архат: Алма пісіп,алмұрт
түсіп
Күзде бақтар
жайнайды.
4.Ескендір: В парке желтый
звездопад
Это листики
летят
Падают,кружатся
На землю
ложатся
5.Айза: Алты сары
қызыл,көк
Алуан,алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз тартады
атырап.
6.
Алдияр: Құстар қайтты ән
салып
Бұлт шарлады
аспанды,
Қыс келеді жар
салып.
Күзгі суық
басталды.
7.Н.Раяна: Жапырақтар
сылдырлап
Алтын күз міне келіпті.
8.Азамат:Қыркүйек,
қазан,қараша
Күздің бұлар
айлары.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіле көл
бетіне,
Бишілер билеп кетті
тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін
көрсетуде.
Жүргізуші: Ұлдарымыз бен
қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Саңырауқұлақтар»
1.жүргізуші Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны
түсініп.
Кезегімізді өлең
шумақтарына берейік.
2.М.Әмір: Жапырақтар
сарғайған
Күн бұлтты
болады
Жаңбыр жиі
жауады
Құстар ұшып
барады.
3.Нұрасыл: Бүгін мейрам,бүгін
той
Күзгі мейрам біліп
қой.
4.Ерке: Вянет и
желтеет
Травка на
лугах
Только
зеленеет
Озимь на
полях.
5.Айсезім: Қамба толды астыққа
Алғыс саған, Алтын
күз!
6.
Аделина: Күзде жауын бұлт-
тұман,
Сары жапырақ
жауады.
7.Даулет:Күздін айы
тамаша
Жеміс жидек
піседі.
8.Әділ: Күзде жауын,бүлт
түман
Сары жапырақ
жауады.
Сары құйын
ұйытқып
Сапырады
даланы.
9.Ж.Әмір: Күн шуаққа
маужырап
Ұшты кенет
жапырақ.
Жүргізуші
Ән: «Кап,кап
тук-тук-тук.»
Күз ханшайымы: Керемет!
Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне
баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше
сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті
қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке
сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі,
астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл
айналып.