Материалдар / ЕРТЕҢГІЛІК: АНА- АСА ҚЫМБАТТЫ ЖАН МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЕРТЕҢГІЛІК: АНА- АСА ҚЫМБАТТЫ ЖАН МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материял мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне пайдалы. Бұл материялда аналар мен ақ жаулықты апалар мерекесіне арналған өлеңдер мен тақпақтар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
450
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

45 бейімделген орта мектебі









Ертеңгілік

«Ана- аса қымбатты жан»

0 «В» мектепалды даярлық тобының

тәрбиешісі: Катишева А.К.



Өскемен қаласы: 2017-2018 жыл



Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан» 

Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 
-балалардың назарын жалпы әрекетте, қатысу тілегін қалыптастыруға, эмоциялық қабылдауын ынталандыру; 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б 
Ертеңгіліктің барысы: 
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуен ырғағында айналып, жүріп өтеді.

Тәрбиеші:

Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!
- Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер! 
Барлық балалар хормен: Мереке - құтты болсын!
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

А.Алихан

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа сүйер панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы анашым

Диана

Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз

Азалия

Құтты болсын, ардақты анам,

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын, жадыраған

Қуанышты берекең

Даниал

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Жансая

Айналайын, анашым,

Көкте нұр боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

Жанель

Анам мені: «Айым» - дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Анам мені: «Күнім» - дейді,

Мен қуансам, күлімдейді.

Еркежан

Анам менің асыл жан,

Құшағынан нұр шашылған.

Күн секілді күледі,

Сипап ылғи басымнан.

Е. Айханым

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Әмина

Бақытты гой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар!

Алина

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» - дейтін.

Төрежан

Әже деген көп шығар,

Әже дейі жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай әсем күлкісі.

Дастан

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Меруерт

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.


Би: «Модники» Сәншілер

Ойын: (қыздармен) «Анама көмектесемін» Шарты: Ортаға екі қыз аналарымен шығады. Белгілі бір уақытқа керіліп тұрған жіпке қыздар салфетканы киім ретінде іледі, анасы қыстырғышын қыстырады. Солай екі жұп жарысады. Жеңген топты мадақтайды.

Би: «Павлин»

Би: «Көңілді,әзіл биі»

Ойын: (ұлдармен) «Кім жүйрік?» Шарты: екі ұл бала аналарымен ортаға шығады. Аналары орындықта отырады, ұлдар әуен басталған сәттен алдарындағы үстелге қарай жүгіріп барып, үстіндегі жүректердің біреуін алып, анасының қасына келіп, анасының бетінен сүйеді. Осылайша әуен аяқталғанша жарысады. Кім көп жүрек жинаса, сол жеңімпаз болады.

Тәрбиеші: Балаларымыздың аналары мен апаларына деген тағы да тақпақтары бар екен, тыңдап көрейік.

Тақпақтар:

Ж.Айғаным

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.

Райымбек

Қайырымды, қасиетті

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес ақ әжем


Томирис

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құттықтап,

Ән маржанын шашайық

С.Айханым

Көгімде күн болып,

Жұлдыздай болып жанасың.

Аман болшы әрдайым

Аяулы анашым.

Олжас

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегіме сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Фатима

Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

Таир

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Исін жұпар аңқытқан,

Ол аналар, аналар.

Ерали

Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді,

Мен үшін анама,

Ешкім де жетпейді.

Алискер

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.


Ерасыл

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.


Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі биіміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Би: «Өзбек»

Хор: «Ақ мамам» 

Тәрбиеші:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Тәрбиеші: Келесі кезекте мектебіміздің директоры: Оралхан Рахымжановичке, оқу ісінің меңгерушісі: Айнұр Кабидолдақызына соз берейік.
-Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға ...
































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!