Материалдар / Ертеңгілік "Берекелі Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Берекелі Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша арналған ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
354
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Берекелі Алтын күз
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Кейіпкерлер:Жүргізуші,Күз ханшайымы,Шалқан ертегісінің кейіпкерлері,балалар.

Балалар әдемі сазды әуенмен саз залына кіріп орналасады.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Балбала» тобының дайындаған «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

1-ші бала: Аспанды сұрғылт бұлт
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып
Жауын көп жауады.

2-ші бала: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін

3-ші бала: Ағаштарды жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Құстар қайтып барады
Көк аспанды қалықтап.
«Ән» «Күз»
Би: «Саңырауқұлақ»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет, үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім. Қасында көкөністер бар.





Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!


Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысын.
Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз (Балалардың қазақша, орысша, тақпақтары )

Күз ханшайымы: Рахмет Мен өзіммен бірге ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай қарайсыздар балалар.

Ойын: « Егін жинап аламыз»

Ән: « Алтын күз»

Би «Жапырақтар»
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Ия, балалардың барлығы да өнерлі екен. Ал ендеше ойын ойнайық.

Ойын: «Кім тез»

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар, сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Жұмбақтар:
1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан қызыл түлкіні.
Құйрығыннан суырып,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
2.Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар.
Қалай оны шешемін
Бұл не? ( Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. ( пияз)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты шеше алдыңдар.
Балалардың таппақтары:

Жүзім :                                         

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын,

Өзім әбден тойыппын.

Алма:                                                                 

Бір тістеп өзін алғамды,

Дәмі аузымда қалғанды.

Домалантып жеймін мен,

Күнде қызыл алмамды .

Қауын:                                         

Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай, ауырын.

Қияр:                                                  

Қызықтың ба қиярға,

Алда жей бер ұял ма.

Көтергенше берейін,

Қапшығыңа сияр ма?

Өрік:                                                

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Бал татыған дәмім бар.

Көктемде ерте гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.

Асқабақ:                                           

Асқабақтың дәмі,

Таңдайымда әлі.

Кептірілген дәмі,

Таптырмайтын дәрі.

 Қызанақ:                                    

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.

Қарбыз:                                    

Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шылады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады

Қызылша: Көкөністің ішінде

Менің атым қызылша

Денсаулығын нығайтып

Қызмет етем адамға

Қызанақ: Қызара піскен бақшада

Қызанақты білерсің

Шырыныммен етіме

Тояттап-ақ жүрерсің

Сәбіз: Қызыл-сары сәбізбін

Жер бетінде бұрымым

Көзге берер күш қуат

Дәруменнің бірімін

Қияр: Бақшада көп өсетін

Мен кәдімгі қиярмын

Жұлып алып жесеңіз

Қырт-қырт етіп тұрамын.


Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.


( Осы кезде әуен ойналып Шалқан ертегісі басталады.)

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй

Күндердің бір күнінде шалқан күнің ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға тамсанып қарайды.

Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты ғой.

Тәрбиеші: Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.

Ата: Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды. қой көмекке, кемпірмді шақырайын.

Кемпірім, кемпірім,келші қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қалдым.Кел екеуміз бірге тартайық.

Кемпір: Ой шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тарсақ тартайық.

Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды. Кемпір қызың көмекке шақырады.

Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Қыз: жарайды апа сізге көмектесейін.

Тәрбиеші: қыз көмекке келіп, шалқанды рет ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін шақырады.

Қыз: Ақтөс, ақтөс, көмекке келші.

Ит: Аф, аф, аф, көмектес, десендер көмектесейін.

Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдаң, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты шақырады.

Ит: мысық, мысық бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.

Мысық: мияу, мяу, көмектесіп жіберейін.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.

Тышқан: әрине көмектесіп жіберемін.
Олар, тарта, тарта шалқанды суырып алады.

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Міне, меңін сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге денсаулық шаттық және әкелсін!
Ән: «Жаңбыр»
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз.

Осы кезде әуен ойналып Күз ханшайымы қоштасып, шығып кетеді.

( Осы кезде найзағайдың күркірі естіледі)

Балалар, Күн жауғалы тұр, біз жауынан қорықпаймыз. Ән саламыз «Осень»

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін, көп енбек ету керек. Сондықтан сіздер енбекшіл, болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар






















02.09.2012 20:59






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!