Материалдар / Ертеңгілік "Жаңа жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешлеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2020
267
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты:Балалардың жана жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көніл күй ортасын ұйымдастыру.Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету,хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру.Би қимылдарын қызуғышылықпен,ыр,ақты сақтай орындауға тәселдіру.

Кейіпкерлер:

Жүргізуші: Ляззат Еслямовна

Аяз ата: Акторе Лесбай

Ақшақар: Самал Кенжебулатовна

Аю: Гулистан Камашевна

Түлкі: Зауреш Аманжоловна

Доныз: Самал Назаровна

Тышқан: Жаныл Нургазина

Күлдіргіш: Сая Кенжиновна

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы болсын!
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Айгөлек» тобында!
(балалар келіп орындықтарына отырады)
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Күлдіргіш:

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата - аналар кіреді)
Күлдіргіш: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Жасыл шырша»


Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Аю: - Сәлеметсіндерме балалар! Жана жыл құтты болсын!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тарс-тұрс, шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.(осы кезде аю балалардын ішінен Машаны тауып алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)


Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет


Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Тышқан
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Біздін балалардын өнерін тамашаланыздар.
«Аяз Ата ақшақар биі»

Балалардын дайындаған тақпақтар:


Айтуар

Елочка нарядная,
Красавица стоит,
Огоньки сияют,
Новый год спешит!



Айғаным
Будет много счастья,
Радости, добра,
Будет год волшебным,
Будут чудеса!


Алишер
Будут и подарки,
Праздничный салют,
Дед Мороза дети,
Очень, очень ждут!



Акерке

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды


Ән: «Шыршаға бардық»


Алихан
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып


Айтыбек
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке-ана
Құтты болсын жаңа жыл


Рамазан
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.



Әмина

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Аружан

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күттік, сағындық,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.





Баязид

Дед мороз! Красный нос

Всем подпарки он принес

А спегурочка пришла

Всем подарки раздала


Дамир

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды

Аяз оны басқарды


Ән: «Кішкентай шыршамыз»

Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)





Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!