Тақырыбы: «Жаңа
жыл»
Жүргізуші:Қымбатты қонақтар ,ата аналар,
балабақша ұжымы, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен
құттықтаймыз!Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық,
отбасыларыңызға ынтымақ , бірлік тілейміз!
Құтты болсын
ағайын!
Жаңа жылың
тағыда
Қол соғып қарсы
алайық
«Жұлдызай» тобын
ортаға
Олай болса , ортада ортаңғы
«Жұлдызай» тобының бүлдіршіндерін қарсы
алайық.
Ән:«Шырша»
Жүргізуші:Балалар, бүгін қандай
мереке?
Балалар: Жаңа
жыл!
Есік қағылып ішке күлдірген
кіреді.
Күлдірген: Сәлеметсіңдер ме балалар, мені
сендерге Аяз ата мен Ақшақар жіберді.
Жүргізуші: Балалар, сонау алыстан бізді
құттықтап Күлдірген келіпті ендеше күлдіргенге өнерімізді
көрсетейік
Тақпақтар:
Жаннұр:
Жасыл шырша
жанында,
Айнала ойнап ән
салдық.
Өзіміздің
қалада
Жаңа жылды карсы
алдық
Альмира:
Бақша іші
мереке,
Ойын күлкі асқақ
ән.
Жақсы әпкелер жаңа
кеп,
Мерекені
бастаған.
Б.
Айгерім :
Оралдың өлкеме
,
Жаңа жыл
армысың.
Оранды ақ
көрпеге,
Асқар қарлы
шың.
Аруа:
Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты
баршаны.
Той-маскарад
басталды,
Аяз оны
басқарды.
Аллая:
Қалып едік
сағынып,
Күтіп алдық
жабылып
Жолын қойдық жарық
қып,
Шыршаларға шам
іліп.
Аружан
Жылдың әнін
бастайын,
Аяз-Ата кеп
қалды,
Майысады жас
қайын,
Көтере алмай көп
қарды.
М
.Айгерім:
Жаңа жылды қарсы
алдық,
Мініп алып
күймеге.
Мен де бірге ән
салдым.
Араластым биге
де.
Сайда:
Ақ қырауға
малынған
Сақалы да, мұрты
да,
Аяз ата
сағынған.
Сәлем берді
жұртына,
Мариям:
Аппақ тонға
оранып,
Базарлықты мол
алып.
Келді алыс
сапардан,
Аяз ата
оралып.
Алана:
Жаңа жылым мол
болсын,
Басқан қадам оң
болсын.
Төрле-төрле жаңа
жыл,
Бізге құтты жол
болсын.
Ұлдана:
Ақшақарым
армысың,
Жылдағыдай
бармысын.
Мың-мың сәлем айта
алам,
Солай жауап
қайтарам.
И.Айша:
Әдемілеп біз
ілген,
Ойыншықтар
тізілген.
Қандай әсем
шыршамыз,
Ән салайық
баршамыз.
Сабрина:
Қандай әсем
шартарап,
Шаттық күйге бөлеп
тұр,
Кәмпиттерін
арқалап!
Аяз ата келіп
тұр.
Айзере:
Мұз өрнектің бәрі
асыл,
Оюларды
аңғарам.
Қарағайдың
жап-жасыл.
Күйіне мен таң
ғалам.
Анелья:
Жаңа жыл, жаңа
жыл,
Асыр салып, ойна
күл.
Ата анадай
мейірімді,
Жаңа жылдың
жанары.
Алиша:
Ал балалар
тұрайық,
Би- билейік
тұрмайық.
Өлең айтып, жыр
айтып,
Дөңгелене
зырлайық.
Күлдірген: Рахмет балалар,
сендерге
Би:«Үнді»
Жүргізуші: Балалар бізге көптеген
қонақтар келді, бірақ бізге алі Аяз ата мен Ақшақар келмеді.
Бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды
шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата
,
(Есік ашылып ішке Аяз ата мен
Ақшақаркіреді.)
Аяз
ата:
Амансыңдар ма
ұлдарым,
Амансыңдар ма
қыздарым.
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
жырларың,
Аталарын сендерге
.
Шаршап келді
алыстан,
Керемет бір ән
тыңдап.
Келіп тұр аз
демалғым.
Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар қош
келдіңіздер.
Әсем ән мен биде
бар,
Отыр ата сәл
демал.
Ән:
«Аяз
ата»
Жүргізуші: Ата біздің сыйымыз
таусылмайды, балалар сіздерге арнап би дайындапты
тамашалайық.
Би: «Аяз
ата»
Жүргізуші: Ендігі кезекте ұлдарымыздың
тақпақтарына берейік.
Тақпақ:
Абдрахман:
Аяз ата ақ
сақалды,
Ақ таяқты тақ
ата.
Асып өтіп асқар
тауды
Жеттің бізге тақ
ата.
Нұрали:
Жаңа жыл, жаңа
жыл
Жаңа жылда –жаңа
жыр.
Жасыл шырша
жанында
Жадырап бар бала
жүр.
Мағжан:
Жапалақтап ақша
қар,
Жауды күнде
қайталап.,
Қырға шықты
балалар
Шаңғыларын
арқалап.
Әбілхайыр:
Жасыл желек
жамылған
Асыл моншақ
тағылған
Міне, сұлу
шыршамыз,
Көптен күтіп
сағынған.
Алдияр:
Аспан жерге
төгеді
Ақ күмісін
уыстап.
Жаңа жылда
келеді
Бізге қарай
жылыстап.
С.
Темірлан
Ауыл маңы қар
аппақ
Қызықтар көп не
түрлі.
Ақ дәптерді
парақтап,
Қыс отырған
секілді.
Хафиз:
Үйренеміз өнерді
біз,
Шетімізден
шеберміз.
Аяз ата өзіңізге
,
Әнде салып
береміз.
Әлім:
Тауда туып, тауда
өскен,
Шырша келді
ортаға.
Қандай жақсы
шыршамыз,
Ән шырқайық
баршамыз.
Ж.
Маулен:
Жүзімізде күлкі
ойнап,
Қанаттанды
жанымыз.
Шаттанамыз
бәріміз.
Мейрам:
Жаңа жылды қарсы
алып,
Жасаймыз біз жылда
бір.
Жарқын- жарқын ән
салып,
Жалғасады жырға
жыр.
М.
Темірлан:
Далада қар
борайды,
Ақ мамыққа
орайды.
Мұз болады
қатады,
Жып-жылтыр боп
жатады.
Өркен:
Жасыл шырша қош
келдің,
Сені күтіп жүрдік
біз.
Көркейсін деп сенің
жүзің,
Ойыншықтар ілдік
біз.
С.
Нұрасыл:
Ақ қар жапты
ортаны,
Ақ жамылды
айнала.
Жарқыратып
шамдарын,
Шырша келді
ортаға.
А.
Нұрдәулет:
Келді тағы жаңа
жыл,
Қуантуға
біздерді.
Құтты болсын жаңа
жыл,
Құттықтаймыз
сіздерді.
Нұртілеу:
Тамаша,
тамаша,
Шыршамыз тұр
жараса.
Басында әсем
жұлдыз,
Көз тоймайды
жараса.
А.
Нұрасыл:
Тамаша сый
алып,
Келді Аяз
атамыз.
Шаттанып ,
қуанып,
Шырқап ән
айтамыз.
Әлинұр:
Келдім міне
еліме,
Келдім міне
жеріме,
Шаттыққа бөлеп әр
үйді
Шығам енді
төріңе.
Ойын:
« Көмекшілер»
Аяз ата
:
Келіңіздер,
келіңіздер
Тақпақ айтып
беріңіздер.
Жомарт Аяз
атадан
Сыйлық алып
көріңіздер.
Жүргізуші: балалар Аяз атамызға мәнерлеп
ағылшын тілінде тақпақ айтып берейік
Тақпақ ағылшын
тілінде
Анелья , Б.
Айгерім.
Аяз
ата: Рахмет, жарайсыңдар
балалар.
Жүргізуші :Ата біздің сыйымыз әлі
таусылмады. Балалар сізге арнап би билеп
береді.
Би: « Гумми- гумми
»
Аяз
ата :Балалар , сендерге көп –көп
рахмет, барлықтарын өнерлі, ізетті
екенсіңдер!
Аяз
ата: Ал балалар олай болса мына
керемет кештерің үшін , мың бұралған билер мен әсем әндерің үшін
көптен көп – көп рахмет.
Аяз
ата:
Ал балалар,
балалар
Біз бармаған қала
бар.
Асқар тау бар ,дала
бар,
Соларға тез
жетейік.
Рұқсат болса
кетейік.
Ақшақар: Сау болыңдар балалар
!
Аяз ата
: Жаңа жыл құтты
болсын!
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздерге көп-
көп рахмет. Біз сіздерге ризамыз келесі жыл келгенше, балаларда
ренжітпейміз және де өзіңізді асыға
күтеміз.
(Бәрі
бірге)
Біз тілейміз жаңа жылдық
шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдақ
бақытты.
Ән: «Аққала»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен жаңа
жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп -
көп рахмет жылдан жылға аман есен жете
берейік.
Сөз кезегін балабақша
меңгерушісі Лазат Мақсұтқызына беріледі.
МКҚК №58 «Өркен»
балабақшасы
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Жасыл шырша
жанында»
Мектепке дейінгі ортаңғы
«Жұлдызай» тобы
Дайындаған: Ұ.Ж.
Бекеева
Б.Б.
Жаманқұлова
Астана
2015