Материалдар / Ертеңгілік "Келді міне, Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік "Келді міне, Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Келді міне, Алтын күз!» 2. Қатысатын балалар саны: (15 бала) 3. Ұйымдастырушылар: Саатбекова Н.А. 4. Мақсаты: Келді міне, алтын күз!» атты ертеңгілігін өткізу арқылы балалардың күз туралы түсініктерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру. 5. Безендіруге арналған көрнекіліктер: Күз ханшайымының бейнесі, жапырақтар мен түрлі-түсті шарлар, себеттерге салынған жеміс-жидектер. №1.Тақпақтар №2 «Кап-Кап» әні №3. Ойын «Жемістерді пішініне қарай ата» №4. Би «Жапрақтар» №5. Ойын «Кім жылдам?»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК жанындағы «Еркетай» шағын орталығы















Ертеңгілік

Тақырыбы: «Келді міне, Алтын күз!»












Тәрбиеші: Cаатбекова.Н.А.















Приозерск қ

2020 жыл





1. Тақырыбы: «Келді міне, Алтын күз!»

2. Қатысатын балалар саны: (15 бала)

3. Ұйымдастырушылар: Саатбекова Н.А.

4. Мақсаты: Келді міне, алтын күз!» атты ертеңгілігін өткізу арқылы балалардың күз туралы түсініктерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру.

5. Безендіруге арналған көрнекіліктер: Күз ханшайымының бейнесі, жапырақтар мен түрлі-түсті шарлар, себеттерге салынған жеміс-жидектер.

1.Тақпақтар

2 «Кап-Кап» әні

3. Ойын «Жемістерді пішініне қарай ата»

4. Би «Жапрақтар»

5. Ойын «Кім жылдам?»

Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен балалар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің «Келді міне, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 
Бұлттар төгіп жерге шөгіп, 
Дымқыл тұман басады, 
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады. 
Бой жаза алмай, ойнай алмай, 
Денең мұздап тоңады, 
Бөбектерім айтыңдаршы 
Бұл қай кезде болады? Балалар күзде болады.

1.Тақпақтар:

Нұржас:

Берекесін сайлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Алихан:

Күзім ау күзім ау,

Мінезің бұзық ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық ау.

Рамазан:

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.


Жүргізуші:

Ал, балалар,балалар, 
Енді бері қараңдар 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші.
Залға күз ханшайымы кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым, 
Өмірге көп қосқаным, 
Күз сыйлығын алыңдар 
Сыйлығына қаныңдар. 
Молшылыққа кенеліп, 
Шаттық әнге салыңдар. 

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: -Ал, балалар күз ханшайымына өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық. 

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар!

2.Ән: «Кап-кап»

3.Тақпақтар:

Нұрислам:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

Аружан:

Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Нұрали:

Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын, күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын,

Алақай-ау күн жақын.

4.Ойын «Жемістерді пішініне қарай ата»

Шарты: Ортаға бір баланы шығарып, көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз. Жемістерді сипап көріп, пішініне қарай ажыратады.


Жүргізуші: Еркін күліп ойнаймыз
Ертеңді де ойлаймыз
Достығымызды қастерлеп
Алтын күзді тойлаймыз – деп, балаларымыздың «Жапырақтар» биін қабыл алыңыздар.

5. Би «Жапрақтар» биі

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі билейсіңдер! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

-Сау бол, Күз ханшайымы! Ендігі кезекте біздің қонақтарымызбен ойын ойнайық. Ойын «Кім жылдам» деп аталады.

6.Ойын «Кім жылдам?»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Келді міне, Алтын күз!» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!