Материалдар / Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
706
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика

Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика - баланың отбасындағы, бөбекжайдағы, балабақшадағы күн тәртібінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады. Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді. Ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады. Оянғаннан кейін арнайы іріктелген дене жаттығуларын орындаудан көрінетін ертеңгілік гимнастика баланың бүкіл организмін біртіндеп әрекет ету жағдайына тартады. Дене жаттығуларын орындау ми қыртысының қозуын, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің реакциясын күшейтеді. Миға барлық - көру, есту, тірек-қимыл, тері рецепторларынан келетін импульстардың тұтастай тасқыны жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін, тұтастай организмнің тіршілік қызметін туғызады, қалпына келтіреді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ертеңгілік гимнастикаға жатады немесе отбасында және интернат үлгісіндегі мекемеде бала оянғаннан кейін іс жүзінде дереу жасалатын дене шынықтыруды осылай атайды. Күндізгі топтарда ол сауықтыру, ұйымдастыру маңызын сақтайды. Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі. Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра (сумен ысқылау, құю, душ) орындауы барынша жақсы сауықтыру тиімділігіне жеткізеді. Ертеңгілік гимнастикамен ұштастырылған су процедурасы жүйке жүйесінің жалпы жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктерін жақсартады, оны нығайтады, шынықтырады, қоздыру, тежеу процестерін теңестіруге көмектеседі, алмасу реакциясын жақсартады, тұмаудың, жұқпалы аурулардың иммунитетін қалыптастырады, балалардың балғындық, жеңілдік, шаттық сезімін туғызады. Балалардың организмін шынықтыру мақсатында судың температурасы жүйелі түрде, бірақ біртіндеп төмендетіледі: бұл орайда дәрігердің көрсетуіне сәйкес әрбір балаға жеке-жеке қарау қатаң сақталады. Сөйтіп, шынықтыру процедурасымен өзара байланыстағы ертеңгілік гимнастика баланың күні бойы шат көңілді жағдайын жақсартатын, сақтайтын маңызды, сан салалы дене шынықтыру - сауықтыру процесі болып табылады. Ертеңгілік гимнастиканы жүйелі түрде өткізу жаттығуларды балалардың бұрын үйренген жаттығуларынан алдын ала іріктеп алуды талап етеді. Iріктеліп алынған жаттығулардан күнделікті пайдалануға арнап кешендер жасалады. Жаттығуларды кешенді түрде іріктеп алу дене бітімін дұрыс қалыптастыру мақсатында бұлшық еттердің негізгі топтарын белсенді жұмысқа біртіндеп қатыстыру, оларды дамыту және нығайту жолымен организмнің тіршілік қызметін арттыруды көздейді. Бұлшық еттердің әр түрлі топтарын белсенді жұмысқа тартуды көздейтін, белгілі бір тәртіппен орналастырылған жаттығулар әрбір кешеннің мазмұнын құрайды. Бұл орайда жаттығулардың мынадай жүйелілігі: 1) иық буындарының, көкірек қуысының қозғалғыштығын дамытуға және омыртқаның түзуленуіне жәрдемдесетін иық белдеуі бұлшық еттерін дамытуға, нығайтуға арналған; 2) құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық еттерін дамытуға арналған, осы бұлшық еттерді нығайтуға бағытталған, ішкі органдарға массаждаушы ықпал жасайтын; 3) арқа бұлшық еті мен омыртқаның иілгіштігін дамытуға, нығайтуға арналған, осы бұлшық еттерді дамытуға көмектесетін, ішкі органдарға массаждаушы ықпал жасайтын, аяқ буындарын дамытатын, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар белгіленеді. Нақты жаттығуларды кешенді түрде іріктеп алу белгілі бір топтың балаларының мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын, сондай-ақ олардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескере отырып, әр жастағы топқа арналған балабақша бағдарламасымен анықталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларында ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика үшін күн тәртібінде сағат 9.00-9.20-ға (жас ерекшелігіне қарай) дейінгі уақыт аралығы белгіленген. Ертеңгілік гимнастика организмнің функциялық жағдайына пайдалы әсер ететін жүруден, жай жүгіруден, жалпақ табандылықтың алдын алуды, кеңістікте бағдар ұстауды көздейтін ұзаққа созылмайтын жаттығулардан басталады, одан кейін балалар жалпы денені дамытатын жаттығуларды орындау үшін бірнеше тізбекті сапқа немесе шеңбер жасап тұрады. Бұдан кейін біртіндеп қарқынды, ал одан соң баяу жүріске ауысатын жүгіру (немесе секіру) өткізіледі, ол орнында тұрып аяқ басумен және тоқтаумен аяқталады. Сөйтіп, ертеңгілік гимнастика процесінде бұлшық еттердің барлық негізгі топтары бүкіл организмді әрекет ету жағдайына келтіре отырып, біртіндеп жұмысқа қосылады. Жүгіру немесе секіру кезінде денеге мейлінше көп ауыртпалық түскеннен кейін, ол біртіндеп төмендейді (жүру кезінде), ал тоқтау сәтінде организмнің жағдайы бұрынғы қалпына келеді. Ертеңгілік гимнастикада заттарды (жалаушаларды, таяқтарды, құрсауларды т. б.) балаларға дәл үлестіріп берген жағдайда оларды қолдану өте тиімді болады. Ертеңгілік жаттығу кезіндегі музыка. Ертеңгілік жаттығу процесінде музыка балалардың эмоциялық өрлеуін, өмірді қуана түсінуін туғызады. Ертеңгілік жаттығу үшін музыкалық шығармаларды таңдап алу оған енгізілген жаттығулардың сипатымен анықталады. Сөйтіп, ертеңгілік жаттығу музыкалы маршпен үндескен ширақ жүріспен басталады. Керісінше, ертеңгілік гимнастиканың соңындағы жүру ағзаны тыныштандыру үшін беріледі. Осыған орай қорытындылаушы марш та байсалды болуға тиіс. Ересектер тобында гимнастиканы ән айтып жүрумен бастау ұсынылады. Ән айту балалардың көңіл күйін сергітеді және ерекше әрі пайдалы тыныс алу гимнастикасы болып табылады. Музыка жетекшісі болмаған кезде тәрбиеші соқпалы аспаптардың бірін - дабылды, барабанды пайдаланады, оның үстіне музыка күйтабақ, үнтаспа, теледидар арқылы берілуі де мүмкін. Ертеңгілік жаттығуды өткізу әдістемесі. Сауықтыру, тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру үшін ертеңгілік жаттығу күн тәртібі бойынша белгіленген дәл уақытында өткізілуі керек. Ертеңгілік жаттығу бірінші кішкентайлар тобынан бастап енгізіледі. Жаттығуларды (кешендерін) іріктеп алу және гимнастика жасау уақытының ұзақтығы әрбір жастағы топ балаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламамен» анықталады. Ертеңгілік гимнастикаға енгізілген жаттығуларды балалар дене тәрбиесі сабақтарында алдын ала үйренеді. Алайда олар қимылдың қай түрін болса да дәлме-дәл қайталамайды, бірақ онымен ортақ негізге ие. Мысалы, ертеңгілік жаттығудағы «таяқты бастан жоғары тұрған қалыпта тізеден бүгілген аяққа тигізу» жаттығуы сабақтар кезінде дайындалады, балалар қолдарын жан-жаққа созған, жоғары көтерген қалыпта немесе сол сияқты жаттығуды жалаушамен, құрсаумен, с. с. орындаған кезде аяқтарын тізеден бүгіп тұрып, екі қолын шапалақтайды. Мұндай бір типтегі жаттығуларды арнайы үйренуді талап етпей, ертеңгілік жаттығуға дайындайды, сонымен бірге сан алуан заттарды пайдалану жолымен дағдылануға жүйелі түрде жаттықтырады. Нұсқалар қаншалықты көп пайдаланылса, қимыл дағдысы соншалықты жақсы қалыптасады, жаттығу дәлірек орындалады және сауықтыру тиімділігі елеулі болады. Ертеңгілік жаттығудың әрбір кешенін пайдалану ұзақтығы 7-10 күн (немесе 1 апта). Осы мерзім ішінде кешенде жаттығудың міндеті жөнінен осы сияқты нұсқа енгізілуі мүмкін. Ертеңгілік жаттығуда жаттығулар үйретілмейді, сондықтан тәрбиеші жаттығуды алдын ала түсіндіруді, көрсетуді пайдаланбайды. Кішкентайлар тобында және жылдың бірінші жартысында естиярлар тобында тәрбиеші ойын тәсілдерін қолдана отырып, балаларға өзімен бірге жаттығу жасауды ұсынады. Болашақта естиярлар (жылдың екінші жартысында), ересектер, дайындық топтарында ол жаттығуды қысқаша айтады, бастапқы қалыпты ұстауға команда береді (мысалы: «Hегізгі тұру қалпын ұстаңдар!»). Бұдан кейін балалар жаттығуды тәрбиешімен бірге орындайды. Ертеңгілік гимнастиканы бұлай ұйымдастыру тиімді: балалар мінсіз үлгіні тікелей қабылдайды, оны дұрыс қайталап жасайды. Алайда тәрбиеші барлық жаттығуды үнемі жасай бермейді. Егер, мысалы, алдына қарай еңкейіп, басты төмен түсіру немесе кеудені айналдыру орындалса, бұл жағдайда тәрбиеші балаларды көрмейді, мұндайда оған балалардың жаттығуды орындауын бақылау, олардың қарқынын реттеу, қажет болған жағдайда қысқаша нұсқаулармен көмектесу тиімдірек болады. Тәрбиеші дем шығаруды сөзбен немесе дыбыспен естіртуді талап етіп, балалардың тыныс алуын бақылайды. Бұл тәсіл жаттығуды музыкамен орындаған кезде де сақталады. Әрбір жаттығудың аяқталуы музыкалық фразаның аяқталуымен дәл келеді, осыған сәйкес балалар бәсең дауыспен: «төмен», «отырыңдар» және басқа сөздерді айтады. Жаттығулар басталғанға дейін және олар аяқталысымен ересектер тобының балалары негізгі қалыпты ұстап (өкшелерін қосып, аяқтарының ұшын ажыратып) тік тұрады. Аяқтары осындай қалыпта тұрғанда олар тәрбиешінің нұсқауымен келесі жаттығуды орындау үшін тұрған қалпын өзгертеді, сондай-ақ жүруді бастайды. Жүру аяқталысымен олар қайтадан негізгі тұру қалпын қабылдайды. Бұл баланы денесін (мүсінін) дұрыс ұстауға үйретуге, жинақтылығын, ұйымшылдығын қалыптастыруға көмектеседі. Кішкентайлар мен естиярлар топтарының балалары тік қалыпта тұрады. Иықтың кеңдігіндей етіп аяқтарды бір-біріне параллель ұстайды, мұның өзі табанның формасы өзгеруін болдырмайды. Ертеңгілік гимнастиканың соңында жүрістің қарқыны біртіндеп төмендеп, аяқты онша биік көтермей орнында тұрып аяқ басумен аяқталады. Бұл баланың тамыр соғуын нормаға келтіреді. Ертеңгілік гимнастикадан кейін балалар өздеріне дәрігер белгіленген қандайда бір сумен шынықтыру процедурасына (сумен сүртіну, құю, душ) ауысады. Әр түрлі жастағы балалар топтарындағы негізгі талап жасына байланысты шағын топтарды ескеру болып табылады. Осыған байланысты ертеңгілік гимнастиканың жаттығуы әрбір шағын топқа арнап бағдарламаға және балалардың мүмкіндіктеріне сай жеке іріктеліп алынады. Әрбір шағын топпен гимнастика өткізудің жүйелілігі тұтастай тәртіппен анықталады. Әр түрлі жастағы балаларды бәріне ортақ жаттығуларды орындауға біріктіруге болмайды: мұндай жағдайда жасы кішкентай балалар неғұрлым ересек балаларға есептелген шамасы жетпейтін жаттығуларды орындайды да шаршап-шалдығады, ал ересектер кішкентайларға арналған жаттығуларды орындап қызығушылығын жоғалтады және олардың денесіне қажетті дене күші ауыртпалығы түспейді. Көрсетілгендердің бәрі де организмді сауықтыру міндетін, ертеңгілік гимнастикаға тән көңіл көтерілуін бұзады. Ертеңгілік жаттығу өткізу үшін жағдайлар. Ертеңгілік гимнастика фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде, таза шөпті, ашық алаңда өткізіледі. Стационарлық топтың балалары ертеңгілік гимнастикаға труси, тапочка киіп шығады. Yйінен келген балалар да киімдерін ауыстырады. Мұндай тәртіп бүкіл жыл бойы біртіндеп организмді салқын температураға үйретеді, ертеңгілік гимнастикаға шынықтыру процедурасының - ауа ваннасының маңызын береді. Егер ертеңгілік гимнастика таза ауада өткізілсе, балалар күзгі-қысқы маусымда арнаулы костюмдар киеді, ал гимнастикадан қайтып келген соң су процедурасын қабылдайды. Терезелері ашық залдағы (күзде және қыста) немесе таза ауаға шыққан кездегі гимнастика арты жүгіруге ұласатын ұзаққа созылмаған, организмде жылылықты қалыптастыратын және жүректің, өкпенің күшті жұмыс істеуін туғызатын, вегетативтік жүйке жүйесінің функциясын жандандыратын тез жүріспен басталады. Жүгіру біртіндеп белсенді, шапшаң қарқынды, артынша баяулайтын жүріске және балаларды шеңберге немесе тізбекті сапқа тұрғызуға ауысады. Оттегіні көп талап ететін бұлшық еттер жұмысы процесінде тыныс алу тереңдейді, организмде күшті жылу пайда болады және салқындау қаупі жойылады. Жүйелі түрде қайталаған жағдайда жылылықты реттеу процесі жетіледі, салқын температураға үйрену қалыптасады. Олар тоңбайтын, салқыннан қорықпайтын болады, жүйке жүйелері нығаяды, таза ауада жаттығуға құлшынатын болады. Эмоциялық-жағымды қатынастарды тәрбиелеудің зор маңызы бар. «Біз спортшылармыз!» - дейді балалар. Төмен температура кешеніне кіретін барлық жаттығулар неғұрлым ширақ қарқында беріледі. Бұл организмді тезірек жылыту үшін және балалардың бойында жылылықты реттеудің физиологиялық процесіне әсер ететін, терінің температурасын қалпына келтіруге көмектесетін жағымды эмоциялардың пайда болуы үшін қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!