Материалдар / Ертеңгілік тақырыбы: «Ұмытылмас Желтоқсан»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ертеңгілік тақырыбы: «Ұмытылмас Желтоқсан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанды сүюге ,өз елін қорғауға,туған елді көркейтуге тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарын еске алу,рухына тағзым ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2018
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тексерілді:

«Күншуақ»балабақша

әдіскері: С.Б. Темірбекова

«____» ______2017ж









Ертеңгілік тақырыбы:

«Ұмытылмас Желтоқсан»















«Өнер» тобы











Өткізген:А.Б Амантаева







2016-2017 оқу жылы



1

Ұмытылмас желтоқсан

Мақсаты: Отанды сүюге ,өз елін қорғауға,туған елді көркейтуге тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарын еске алу,рухына тағзым ету.

Көрнекіліктер: Слайд

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,әріптестер,балалар!

-Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген,тәуелсіздік туын ең алғаш рет көтерген әйгілі Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар жайлы еске аламыз.

-Бүгінгі ертеңгілігімізге өнер тобын ортаға шақырайық .

-1986жылы 16желтоқсан Алматы қаласындамыңдаған қазақ жастары назарлық білдіріп ,шеруге шықты.Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайланын!» деген тілек білдірді.

-Осы кезде үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді.Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді.

- Қайрат,Ләззат,Сәбира апа-ағаларымыздың ерлікткрін ешқашан естен шығармаймыз. Олардың аруақтарына бір минут үнсіздік жариалаймыз.

/бала-р орындарыннан тұрып үнсіздікпен тұрады/


Тәрбиеші: Өнер тобының «Жастар» биімен қарсы алыңыздар

Ақсұлтан

Біз қазақпыз-

Ел үшін атқа мінген

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген

Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

Нұраби

Біз қазақпыз-

Қастерлеген баба салтын

Аман бол,айналайын дана халқым

Күн туса атқа қонам бір сен үшін

Міне,жаным,міне қаным,міне антым

Медина 1986 ж 28-желтоқсанда Қазақстан жазушылар одағында Колбин бастаған топ халықтың ұл-қыздарын ұлтшыл,нашақорлар,бұзақылар деп айыптады.











2

Медина

Нашақор деп,ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала жапқан күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн


Дильназ

Дәл осы кезде қазақ жастары бұдан әрі төзуге болмайтынын түсінді. Ашу-ыза мен намыс қайнаған қазақ жастары шеруге шықты.

Жап-жас қазақ қыздары қазіргі Желтоқсан көшесімен тіке өрлеп

«Менің Қазақстаным» әнін шырқаған .

Ән ұран «Өнер»тобы


Нұралы

Бұрық етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты,бауырлар

Жанайық жансақ маздап біз


Дильназ

Шектеліп ана тіліміз

Оқылмай өлен-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?




3

Дилда

Өткен күндер тарих болып барады

Еске алсақ мұңды әуенге салады

Елі үшін еңіреген әрбір жан

Ұмытылмас ,ел есіміеде қалады

Жанерке

Тарих куә өткен менен кеткенге

Қан майданда қара қанды төккенге

Ұлтым деген ұл-қыздардың еңбегі

Көркеюмен осы күнге жетенге


Тәрбиеші: «Жапырақтар» биі өнер тобының қыздарың қөшеметпен қарсы алыңыздар

Нұрислам

Әп сәтте ел басына Колбин келген

Ұйқы қашып кеткендей болды елден

Дінмұхамед ағамыз қайда кетті

Құрмет тұтып ,ардақтап ,елі сенген

Инабат

Өшпесін бейне,өлмесін мұра

Қалдырған ізің өшпейді

Мұндай азған қу заман

Қалыбында тұрмайды

Сеңгін келсе бүгінге

Ертеңінен түңілме

Арина

Тарихым жатыр тасымда

Тіл қатып келер ғасырға

Азаттық дейтін ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

Айша

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да-Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып

Абақтыға тастаған да –Желтоқсан

Мансур

Жас арудың жанарында-Желтоқсан

Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халықымның

Қара құман қабағында –Желтоқсан

Тәрбиеші: Слайдпен таныстыру

Ойын «Күш сынау»





4

Ділда

Желтоқсан –заман,толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәті үміт пен күдік ,наланың

Желтоқсан –Қайрат, Ләззат пенен Сәбира

Құрбаны болған жаланың!


Бекназар

Қақап күнің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн

Шарапат

Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн

Көрніс :

Милиционер-Нұралы:

Ұстандар бұзақыны! Әкетіндер,жауып тастандар

-Савицкиді өлтірген сен бе?

-Сен өлтірген! Мойнына ал!


Қайрат –Нұраби:

-Жоқ мен емес

-Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппандар!

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты-құрбандақ»

Атам десең атыңдар



Милиционер-Нұралы:

Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың. Бұзақы!


Қайрат –Нұраби:

Мен қазақпын-мың өліп,мың тірілген

Жүрегімде таныстым мың тілімен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген


5

Айшолпан

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктері мәңгілік сақталады

Жания

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім-өз қолымда

Еркіндігім –Елтаңбам!

Бегімсұлу

Құт-береке –шыңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Хор «отан»

Хормен балалар аяқтайды: Желтоқсан оқиғасында құрбан болған қаһармандар аруағына басымызды иеміз,тағзым етеміз

Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын.






  1. Тәрбиеші

  2. Балалардың залға кіруі

  3. Үнсіздік бір минут

  4. «Жастар» биі

  5. Тақпақтар

  6. Монолог Дильназбен Медина

  7. Ән ұран

  8. Тақпақтар

  9. Жапырақтар биі

  10. Тақпақтар

  11. Слайд

  12. Ойын «Күш сынау»

  13. Тақпақтар

  14. Көрніс

  15. Тақпақтар

  16. Хор отан



  1. Тәрбиеші

  2. Балалардың залға кіруі

  3. Үнсіздік бір минут

  4. «Жастар» биі

  5. Тақпақтар

  6. Монолог Дильназбен Медина

  7. Ән ұран

  8. Тақпақтар

  9. Жапырақтар биі

  10. Тақпақтар

  11. Слайд

  12. Ойын

  13. Тақпақтар

  14. Көрніс

  15. Тақпақтар

  16. Хор отан


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!