«Приозерск қаласы «Балақай»
бөбекжайы» КМҚК
Тақырыбы: «Төрлет наурыз
төріме!!!»
Тәрбиешілер: Исиркова
Г.И.
Досмуратова
Ж.У.
2017-2018
ж.
Тақырыбы: «Төрлет наурыз
төріме!!!»
Күні: 16.03.2018
ж
Өткізілу
түрі:
Ертеңгілік
Өткізілу
орны: Музыка
залы.
Ұйымдастырушылар:Досмуратова Ж.У, Исиркова
Г.И.
Жүргізушісі: Досмуратова
Ж.У.
Қатысатын бала
саны: 15
Қатысатын
кейіпкерлер: Жүргізуші, әже, тазша
бала.
Көрнекілігі: гүлдер, ойынға қажетті
заттар.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат
беру;
Дамытушылық:
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық
салт-дәстүрін
дәріптеуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік:
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін
қалыптастыру.
« Төрлет наурыз
төріме!!!»
Балалар залға көңілді
ән-күймен, ұлдар кіреді содан кейін қыздар кіреді
қыздар.
Жүргізуші:Құрметті
қауым!
Наурызға арналған мерекелік
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
Күн мен айға
әлемнің,
Берем ыстық
сәлемін.
Қарттарыма
сүйсеніп,
Сәлем берем
иіліп!
Қымбатты ата-аналар, балалар,
қонақтар, құрметті менің әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа
жылымызды алып ортамызға қайта
оралды.
Наурыз – мұсылман қауымның
ұлттық мейрамы.
Наурыз – жыл басы. Наурыз
ұлыстың ұлы күні.
Бұл күні ата-аналарымыз бен
әжелеріміз үй үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын
береді.
Тойдың көркі ән дейді
халқымыз
Сіздерге деген балаларымыздың
жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!
Музыка залға бір
бала атқа мініп шауып келген «Сүйінші, сүйінші» Сара апамның
ауылында «Ашамайға міңгізу» тойы басталды.Келіңіздер! Көрініздер!
Қуанышқа ортақ болыңыздар –деп жар
салады.
Тәрбиеші: Міне ботам, сүйіншіңді алағой
деп оған ырымын береді.Ал балалар ендеше Сара апамның ауылына тойға
барайық.
Сара апамның
ауылына келдік:
Ақ
әже: Сәлеметсіздер ме,
ботақандарым! Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты
болсын!
Міне наурыз
мейраммен менің немеремнің тойыда бірге келіп
қалды!
Кіріңдер,
төрлетіңіздер, жоғары шығындар.
Әже: Абылай немеремнің алдында
балалар қандай тілек айтар екен.
Балалар:Бақытты
болсын!
Дені сау болсын!
Қайрат Нұртастай әнші болсын!
Тақпақтар:
Бекарыс
Наурыз тойы –елдің
тойы.
Көктем тойы –төлдің
тойы.
Әжеме еріп
наурызда.
Араладым туыстарды
да.
Мерей
Жасасын деп ұлыстың
Наурыз!
Құтты болсын айтты
атамыз.
Барлық үйге кіріп
шығып,
Барлық үйден дәм
татамыз!
Жанболат
Наурыз келді тойға
ұласқан!
Наурыз тойы құтты
болсын!
Ырыс тасып
берекелі
Өмір сүрсін бақытты
елім!
Диас
Баяу самал
еседі,
Сиқырлы қобыз
секілді,
Үлкендер де жастар да
,
Наурызға асығып
кетеді.
Асылхан
Келіңіздер,
келіңіздер!
Бәйге мен айтыс
болады,
Осы мейрамда
көрсетіңдер,
Бойдағы бар
өнерді.
Оғлан
Сіздерді ерекше бір той
күтуде,
Наурыздық, шұбат, қымыз
бар.
Бауырсақпен балдай шайда
бар,
Келіңдер бірің
қалмаңдар!
Ерасыл
Әртүрлі гүлдер де
жетерлік,
Міне бәйшешек, міне
нәркес.
Қош келдің сүйікті
мерекеміз.
Айзере
Шаттығымыз-жырымыз.
Жаңа
наурыз-жылымыз
Ақ тілеумен
осындай.
Бақ боп үйге
кіріңіз.
Батырхан
Арпа, бидай
бастаған
Жеті дәмнен
аспаған.
Наурыз көже
ежелден.
Бұл тойдағы бас
тағам!
Тамирлан
Қош келіпсің
Наурыз!
Арман тойы
халықтың.
Қуанышы
халықтың,
Құтты болсын
қадамың!
Анна
Би биледік
бәріміз!
Егін өңін
толқытқан,
Елдің көңілін
шалқытқан.
Бас иеміз-
Наурыз!
Арнур
Сені тойлап қарсы
алып,
Бар әлемге жар
салып,
Сәлем бердік, біз
сізге!
Аяжан
Наурыз
тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр
аңыз.
Қызып дулы
мереке
Қызық думан
құрамыз.
Әже: Рахмет
қарлығаштарым!
Енді рәсімді
бастайық. Осы салт –дәстүр туралы айта
кетейің.Баланың буыны бекіп, 4 - 5
жасқа келгенде немесе ат үстінде өзін ұстай алатын болғанда атқа
мінгізу салты өткізіледі. Себебі ұлтымыз «Ат - ер қанаты» деп
түсінген ұрпақты ат үстінде ойнайтын етіп жетілдіру, жауынгер етіп
тәрбиелеу, еңбекке баулу мақсатынан туған. Балаларға арналып алдын
ала ат дайындап ер-тұрман әзірлейді. Баланы атқа мінгізген күні
арнайы атқа мінгізу тойы жасалады. Бұл қазақтың көшпенді
тіршілігіне байланысты туылған
салты.
Ал, ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақжол
болсын
Көрші
әже: Апа, біздің балалар наурыз
мейрамына және тойыңызға арнаған шашаулары
бар.
Би: «Шашу»
Әже:Ой құлындарым, ботақандарым
қандай жақсы би биледіңдер, рахмет сендерде көп
жасандар.
Би: «Ұлдар
биі»
Көрші
ауыл: Көрші ауылдың наурыз көжесіне
шақыру. Олжас.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер!
Төрлетіңіздер! Наурыз құтты болсын, ұлыс оң болсын. Ақ мол
болсын!!!
Наурыз тойы болғандықтан,
балаларымыздың өнерін тамашалап, би билеп
тойлатайық.
Тақпақтар
2 Жүргізуші
: Ал ендігі кезекті біздің
ұлдарымыздың биін тамашалаңыздар.
«Наурыз көже» пісіру
көрінісі.
Әже: Наурыз күні жеті түрлі тағам
қосылған наурыз көже дайындалады: су, Тұз, соғымнан қалған ет,
езілген құрт, бидай, тары, күріштен қазан толы наурыз көже
пісіріледі. Жиналғандар наурыз көжені тоя
ішеді.
Наурыз көжені тойып
ішу- «жыл бойына тоқшылық болсын» деген ұғымды білдіреді. Әр үйдің
дастарқаны бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамға толы
болады.
Би: «Ұлдар
биі»
Музыка залға Тазша бала
келеді.
Сәлематсіздер ме?
Мен Тазша баламын осы ауылда той болып жатқан естіп мен де келіп
қалдым. Мен өзімен бірге ойындар әкелдім. Қандай наурыз мейрам
ойынсыз өтеді.Сондықтанда қазір біз ойын
ойнаймыз.
Ойын: «Арқан тарту»,
«Асық».
Ән: «Наурыз
көктем»
Әже: Батасын
береді.
Құрметті ата-аналар,
балалар мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп
рахмет.