Материалдар / Есептер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есептер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
есептер шығару
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
714
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

1



Бекишев Қ., Танабаева Б.А.




Шығарылған
химия есептері
(8 – 11 сыныптар)









Алматы: Қазақ университеті, 2018


Page 2

2

УДК 54
ББК 24

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Химия
факультетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.

Пікір жазғандар:
техника ғылымдарының докторы, профессор Н.Қ.Түсіпбаев
химия ғылымдарының кандидаты А.Қазимова




Бекішев Қ., Танабаева Б.А. Шығарылған химия есеп тері. 8-11
сыныптар. - Алматы: «Қазақ университеті», 2018. – 200 б.
Оқу құралында ҚР орта мектептерінің 8-11 сыныптарына арналған
«Химия-8-11» оқулықтарында берілген сандық есептердің қысқаша
шешулері келтірілген. Оқу құралы ҚР жоғарғы оқу орындарының
5В011200 - Химия және 6М011200-Химия мамандықтары бойынша
оқитын студенттер мен магистранттарға арналған. Оны сонымен қатар
абитуриенттер Бірыңғай Ұлттық Тестілеуге дайындалу кезінде, ал жас
мектеп мұғалімдері күнделікті жұмысында пайдалануына болады.













ISBN
© Бекішев Қ., Танабаева Б.А. 2018


Page 3

3

Есеп шығара білу
жаттығу нәтижесіне қалыптасатын өнер.
Д.Пойа
Алғы сөз

Есептердің таным процесіндегі ролі өте зор. Есеп шығару кезінде
оқушылардың ойлау қабілеттері тез дамиды. Сондықтан орта мектепте
математика, физика, химия пәндерін оқыту кезінде сандық және
сапалық есептер шығару өте маңызды орын алады.
Химия есептерін шығару кезінде оқушылар химия ғылымында
қолданылатын негізгі теориялар мен заңдар, ұғымдар мен терминдердің
мазмұнын, қосылыстардың химиялық формулалары мен атауларын,
химиялық реакция теңдеулерін, заттардың физикалық және химиялық
қасиеттерін, математикалық формулаларды еске түсіріп, есептің
шартында тұжырымдалған нақты мәселелерді шешу үшін қолдануға
тырысады, еске түспеген жағдайда оқулықтардан немесе анықтамалық
кестелерден өз бетімен іздеп табуды үйренеді. Осылай сан рет қайталау
нәтижесінде әрі есеп шығару тәжірибесі қалыптасады, әрі химия пәні
терең меңгеріледі. Есеп шығару кезінде пәнаралық байланыстар іске
асырылып, химия ғылымы мен өмірдің байланысы ұштастырылады,
табиғаттың бірлігі туралы көзқарастар қалыптасады. Сонымен қатар
есеп шығару арқылы әр оқушы өз білімі мен біліктілігін тексереді. Есеп
шығару кезінде бұрынғы меңгерілген материалдарды қайталау және
қорытындылау жүзеге асып отырады. Сонымен, есеп шығару арқылы
білім берудің оқыту, тәрбиелеу және дамыту функциялары жүзеге
асырылады.
Осындай маңызды мәселеге ҚР орта мектептерінде осы күнге дейін
жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Бірыңғай Ұлттық Тестілеу, химиялық
олимпиадалар нәтижелерін сараптау, жоғарғы оқу орындарына түскен
студенттердің білімін тексеру және студенттердің педагогикалық
практикасы кезіндегі жүргізілген бақылау жұмыстары оқушылардың
көпшілігінің химия есептерін шығаруды жеткілікті меңгермейтіндігін
көрсетеді.
Оқу құралында ҚР орта мектептерінің 8-11 сыныптарына арналған
Химия оқулығында келтірілген сандық есептердің қысқаша шешулері
келтірілген. «Химия-10» оқулығы есептерінің шешулерін дайындауға
әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және
химиялық технология факультетінің түлегі Мұқанова Акерке қатысты.
Оқу құралы туралы пікірлеріңізді kurmanbekishev49@gmail.com
адресі бойынша авторларға жіберулеріңізге болады.
Авторлар. Алматы, 2018.


Page 4


Page 5

5

§10. Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы
молекулалық массасы

4. Күкірт пен оттектен құралатын қосылыстағы элементтердің атомдар
сандарының қатынасы 1:2. Оның химиялық формуласы қандай?
Шешуі: SO2
Жауабы: SO2

12. Газ күйіндегі азоттың салыстырмалы молекулалық массасы
көміртектің оттекпен түзетін қосылысының салыстырмалы
молекулалық массасымен бірдей. Ол қандай қосылыс?
Шешуі:
Азоттың салыстырмалы молекулалық массасы:

Mr(N2) = 2 ∙ Ar(N) = 2 ∙ 14 = 28

Көміртек пен оттектің қосылысының формуласын CxOy деп белгілесек,
онда оның салыстырмалы молекулалық массасын 12x + 16y = 28 деп
сипаттауға болады. Ол тек х = 1 және у = 1 болғанда ғана мүмкін.

Mr(СО) = Ar(С) + Ar(О) = 12 + 16 = 28

Демек, заттың формуласы СО болғаны.
Жауабы: СО.

13. Қанттың молекуласының құрамына көміртектің 12, сутектің 22,
және оттектің 11 атомы кіреді. Оның химиялық формуласын жазып,
оқыңыздар, салыстырмалы молекулалық массасын табыңыздар.
Шешуі:
С12Н22О11 - оқылуы: цэ – 12 – аш – 22 – о – 11
Mr (С12Н22О11) = 12 ∙ Ar (С) + 22 ∙ Ar (Н) + 11 ∙ Ar (О) =
12 ∙ 12 + 22 ∙ 1 + 11 ∙ 16 = 342
Жауабы: С12Н22О11, Mr(С12Н22О11) = 342

§11. Химиялық формулалар бойынша есептеулер

1. Келесі заттардың: а) MgO; б) CO2; в) Al2O3; г) KMnO4 құрамындағы
әрбір элементтің массалық үлесін есептеп шығарыңыздар.
Шешуі:
а) MgO
Mr (MgO) = Ar (Mg) + Ar (О) = 24 + 16 = 40


Page 6

6


ω(Mg)=
A
r(Mg)
M
r(MgO)
∙100%=
24
40
∙100%= 60%

ω(O)=
A
r(O)
M
r(MgO)
∙100%=
16
40
∙100%= 40%

Жауабы: ω(Mg) = 60%, ω(O) = 40%.

б) CO2
Mr (CO2) = Ar (С) + 2 · Ar (О) = 12 + 2 · 16 = 44

ω(С)=
A
r(С)
M
r(СО
2)
∙100%=
12
44
∙100%= 27,27%

ω(O)=
2 · A
r(O)
M
r(СО
2)
∙100%=
2 · 16
44
∙100%= 72,72%

Жауабы: ω(С) = 27,27%, ω(O) = 72,72%.

в) Al2O3
Mr (Al2O3) = 2 · Ar (Al) + 3 · Ar (О) = 2 · 27 + 3 · 16 = 102

ω(Al)=
2 · A
r(Al)
M
r(Al
2O
3)
∙100%=
2 · 27
102
∙100%= 52,94%

ω(O)=
3 · A
r(O)
M
r(Al
2O
3)
∙100%=
3 · 16
102
∙100%= 47,06%

Жауабы: ω(Al) = 52,94%, ω(O) = 47,06%.

г) KMnO4
Mr (KMnO4) = Ar (К) + Ar (Mn) + 4 · Ar (О) = 39 + 55 + 4 · 16 = 158

ω(K)=
A
r(K)
M
r(KMnО
4)
∙100%=
39
158
∙100%= 24,68%
ω(Mn)=
A
r(Mn)
M
r(KMnО
4)
∙100%=
55
158
∙100%= 34,81%


ω(O)=
4 · A
r(O)
M
r(KMnО
4)
∙100%=
4 · 16
158
∙100%= 40,51%

Жауабы: ω(К) = 24,68%, ω(Mn) = 34,81%, ω(O) = 40,51%.


Page 7

7

2. Берілген заттар жұбының: а) темір сульфиді FeS мен пирит FeS2; б)
магнетит Fe3O4 пен қызыл теміртас Fe2O3 әрқайсысынан 1 тоннадан
алса, қай қосылыста темірдің үлесі көп болады (элементтердің
салыстырмалы атомдық массаларын пайдаланып есептеңіздер)?
Шешуі:
Жалпы қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің массалық үлестерін
олардың формулалары бойынша анықтауға болады. Сонда да болса берілген
есепті қараастырайық!
а) FeS мен FeS2

Mr (FeS) = Ar(Fe) + Ar(S) = 56 + 32 = 88

Химиялық формула бойынша пропорция құрамыз:
Егер 88 г FeS құрамында 56 г Fe болса,
Онда 10
6
г FeS құрамында х г Fe болады. Бұдан: х = 636363,63 г.

Әдетте мұндай пропорцияны қысқаша схемаға ауыстырады:
88 г FeS - 56 г Fe,
10
6
г FeS - х г Fe. Бұдан: х = 636363,63 г.

ω
1
(Fe)=
m(Fe)
m(FeS)
∙100%=
636363,63 г
10
6
г
∙100%= 63,64%

Mr (FeS2) = Ar (Fe) + 2 · Ar (S) = 56 + 2 · 32 = 120

120 г FeS2 - 56 г Fe,
10
6
г FeS2 - у г Fe. Бұдан: у = 466666,66 г

ω
2
(Fe)=
m(Fe)
m(FeS
2)
∙100%=
466666,66 г
10
6
г
∙100%= 46,66%

Жауабы: ω1 > ω2.

б) Fe3О4 пен Fe2О3

Mr (Fe3О4) = 3 ·Ar (Fe) + 4 · Ar (О) = 168 + 64 = 232

232 г Fe3О4 - 168 г Fe,
10
6
г Fe3О4 - х г Fe. Бұдан: х = 724137,93 г.

ω
1
(Fe)=
m(Fe)
m(Fe

4)
∙100%=
724137,93 г
10
6
г
∙100%= 72,413%


Page 8

8

Mr (Fe2О3) = 2 · Ar (Fe) + 3 · Ar (О) = 112 + 48 = 160

160 г Fe2О3 - 112 г Fе,
10
6
г Fe2О3 - у г Fe. Бұдан: у = 700000 г.

ω
2
(Fe)=
m(Fe)
m(Fe

3)
∙100%=
700000 г
10
6
г
∙100%= 70%

Жауабы: ω1 > ω2.

3. Күкірт оттекте жанғанда түзілетін қосылыстың массасы бастапқы
күкірт массасынан 2 есе көп. Зат молекуласы құрамында күкірттің бір
атомы бар екенін біле отырып, қосылыстың химиялық формуласын
табыңыздар.
Шешуі:
2xS + yO2 = 2SxOy

Mr(SxOy)
Mr(S)
=2 ⟹ Mr (SxOy) = 2 ∙ M(S) = 2 ∙ 32 = 64
32x + 16y = 64

Есептің шарты бойынша: х = 1.
Онда: 32 + 16у = 64
16у = 64 – 32 = 32 ⟹ у = 2 Демек, SO2

Жауабы: SO2

§14. Зат құрамының тұрақтылық заңы

5. Ыдыста 1 г кремний мен 1 г оттек бар. Олар өзара әрекеттескен соң
қандай заттар қанша мөлшерде түзіледі?
Шешуі:
1 г 1 г x г
Si + O2 = SiO2
28 32 60
г/моль г/моль г/моль
ν(Si)=
m(Si)
M(Si)
=
1 г
28 г/моль
=0,0357 моль

ν(О
2
)=
m(О
2)
M(О
2)
=
1 г
32 г/моль
=0,03125 моль

ν(Si) > ν(O2),


Page 9

9

Оттектің зат мөлшері кремнийдің зат мөлшерінен кем болғандықтан ол
реакцияға толық түседі, ал, кремний артылып қалады. Сондықтан
есептеуді оттек бойынша жүргіземіз.

Реакция теңдеуі бойынша: ν(SiO2) = 0,03125 моль.
Артылған кремнийдің мөлшері:
0,0357−0,03125=0,00445 моль.

Жауабы: ν(SiO2) = 0,03125 моль, ν(O2) = 0,00445 моль

6. Берілген қосылыстарды құрайтын элементтердің массалық
қатынастарын табыңыздар: а) СаО; б) BCl3; в) Mg3P2; г) CaC2.
Шешуі:
Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына
көбейтіп, массаларының қатынастарын табамыз. Қажет болғанда
қысқартамыз:
а) СаО
m(Ca) : m(O) = Ar(Ca) : Ar(O) = 40 : 16 = 5 : 2
б) BCl3
m(B) : m(Cl) = Ar(B) : 3 · Ar(Cl) = 11 : 106,5
в) Mg3P2
m(Mg) : m(P) = 3 · Ar(Mg) : 2 · Ar(P) = 72 : 62 = 36 : 31
г) CaC2
m(Ca) : m(C) = Ar(Ca) : 2 · Ar(C) = 40 : 24 = 5 : 3

7. Қосылыста мырыштың 1 атомына күкірттің 1 атомы сай келетіні
белгілі. Массасы 9,75 г таза зат алу үшін олардың әрқайсысынан неше
грамм алу керек?
Шешуі:
Есептің шарты бойынша мырыштың 1 атомына күкірттің 1 атомы сай
келетін болса, онда қосылыстың формуласы – ZnS болғаны.
х г у г 9,75 г
Zn + S = ZnS
65 32 97
г/моль г/моль г/моль
ν(ZnS)=
m(ZnS)
M(ZnS)
=
9,75 г
97 г/моль
=0,1 моль

Реакция теңдеуі бойынша: ν(ZnS) = ν(Zn) = ν(S) = 0,1 моль

Олай болса: m(Zn) = ν(Zn) · M(Zn) = 0,1 моль · 65 г/моль = 6,5 г


Page 10

10

m(S) = ν(S) · M(S) = 0,1 моль · 32 г/моль = 3,2 г

Жауабы: m(Zn) = 6,5 г; m(S) = 3,2 г.

9. Бір ыдысқа 1 г кальций, екіншісіне 1 г магний салынған. Екеуіне де
0,5 г оттек жіберілген. Екі жабық ыдыстағы түзілген заттарды, олардың
массаларын және артылып қалған заттардың массаларын табыңыздар.
Шешуі:
1-ыдыс
Алдымен химиялық реакция теңдеуін жазамыз:
1 г 0,5 г х г
2Са + O2 = 2СаO
40 32 56
г/моль г/моль г/моль
Сосын кальций мен оттектің зат мөлшерлерін анықтаймыз:

ν(Са)=
m(Са)
M(Са)
=
1 г
40 г/моль
=0,025 моль

ν(O
2
)=
m(O2)
M(O2)
=
0,5 г
32 г/моль
=0,015625 моль  0,016 моль.

Химиялық реакция теңдеуінен 2 моль кальций атомдары мен 1 моль
оттек молекулалары әрекеттесетіні көрініп тұр. Сондықтан олардың
мөлшерлерін мольдік факторды ескере отырып салыстыру керек:

(Сa)
2
:
(O2 )
1


Табылған мәндерін орындарына қойсақ:
0,025
2

0,016
1


Сондықтан есептеуді кальций бойынша жүргізуіміз керек.

Есептің шарты бойынша: ν(Са) = ν(СаO), ал оның массасы:

m(СаO) = ν(СаO) · M(СаO) = 0,025 моль · 56 г/моль = 1,4 г
ν артық (O2) = ν(O2) – ν(Са) = 0,016 моль – 0,0125 моль = 0,0035 моль

Оның массасы:
mартық (O2) = νартық(O2) · М(O2) = 0,0035 моль · 32 г/моль = 0,112 г

2-ыдыс. Жоғарыда есептегеніміздей жолмен шығарамыз:


Page 11

11

1 г 0,5 г х г
2Mg + O2 = 2MgO
24 г/моль 32 г/моль 40 г/моль

ν(Mg)=
m(Mg)
M(Mg)
=
1 г
24 г/моль
=0,042 моль

ν(O
2
)=
m(O2)
M(O2)
=
0,5 г
32 г/моль
=0,015625 моль  0,016 моль.

(Mg)
2
:
(O2 )
1

Табылған мәндерін орындарына қойсақ:

0,042
2

0,016
1

Сондықтан есептеуді оттек бойынша жүргізуіміз керек.

Химиялық формула бойынша пропорция құрамыз:
Егер 1 моль O2 - 2 моль MgO түзілсе,
Онда 0,016 моль O2 - х моль MgO түзіледі. Бұдан: х = 0,032 моль.

m(MgO) = ν(MgO) · M(MgO) = 0,032 моль · 40 г/моль = 1,28 г

νартық(Mg) = ν(MgO) – ν(O2) = 0,032 моль – 0,016 моль = 0,016 моль

Оның массасы:
mартық(Mg) = νартық(Mg) · М(Mg) = 0,016 моль · 24 г/моль = 0,384 г

Жауабы:
1- ыдыс: m(СаO) = 1,4 г; νартық(O2) = 0,0035 моль; mартық(O2) = 0,112 г;
2-ыдыс: m(MgO) = 1,28 г; νартық(Mg) = 0,016 моль; mартық(Mg) = 0,384 г.

§16. Зат массасының сақталу заңы

5. Сынап оксиді HgO ыдырағанда 4 г оттек пен 50,2 г сынап шықты.
Реакцияға кіріскен күрделі заттың массасы қанша?
Шешуі:
2HgO → 2Hg + O2↑
Зат массасының сақталу заңы бойынша реакцияға түскен заттардың
(реагенттердің) массаларының қосындысы реакция нәтижесінде
түзілген заттардың (өнімдердің) массаларының қосындысына тең. Олай
болса:


Page 12

12

m(HgО) = m(Hg) + m(О2) = 50,2 г + 4 г = 54,2 г

Жауабы: m(HgО) = 54,2 г.

§18. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса

5. Мөлшері: а) 0,2; б) 2; в) 5 моль суда қанша молекула болатынын
есептеп шығарыңыздар.
Шешуі:
a) N(H2O) = ν(H2O) · NA = 0,2 моль · 6,02 · 10
23
моль
-1
= 1,204 · 10
23


б) N(H2O) = ν(H2O) · NA = 2 моль · 6,02 · 10
23
моль
-1
= 12,04 · 10
23

в) N(H2O) = ν(H2O) · NA = 5 моль · 6,02 · 10
23
моль
-1
= 30,1 · 10
23
Жауабы:
a) N(H2O) =1,204 · 10
23
, ә) N(H2O) = 12,04 · 10
23
, б) N(H2O) = 30,1 · 10
23


6. Берілген атомдар санын моль өлшемімен өрнектеңіздер:
а) 12,04∙10
23
атом темір; б) 3,01∙10
23
атом сутек;
в) 6,02∙10
23
атом көміртек.
Шешуі:
а) ν(Fe)=
N(Fe)
NA
=
12,04 · 10
23
6,02 · 10
23
моль
−1
=2 моль

б) ν(H)=
N(H)
NA
=
3,01 · 10
23
6,02 · 10
23
моль
−1
=0,5 моль

в) ν(C)=
N(C)
NA
=
6,02 · 10
23
6,02 · 10
23
моль
−1
=1 моль

Жауабы: а) ν(Fe) = 2 моль; б) ν(H) = 0,5 моль; в) ν(C) = 1 моль.

7. Көлемі 1 л суда қанша молекула бар және оның (зат) мөлшері қанша
болады?
Шешуі:
Есептің шартында айтылмағандықтан судың тығыздығын 1 г/мл деп
аламыз. Демек: m(H2O) = V(H2O) ∙ ρ(H2O) = 1000 мл ∙ 1 г/мл = 1000 г.
ν(H
2O)=
m(H
2O)
М (H
2O )
=
1000 г
18 г/моль
=55,5 моль

N(H2O) = ν(H2O) · NA= 55,5 моль · 6,02 · 10
23
моль
-1
= 334,44 · 10
23
=
= 3,34 · 10
25
молекула.


Page 13

13

Жауабы: ν(H2O) = 55,5 моль, N(H2O) = 3,34 · 10
25
молекула.

9. Берілген реакция теңдеуіне сай: 4Fe + 3O2 = 2Fe2O3 массасы 5,6 г
темір әрекеттескенде шығатын темір (III) оксидінің массасын және зат
мөлшерін есептеп шығарыңыздар.
Шешуі:
5,6 г х г
4Fe + 3O2 = 2Fe2O3
56 г/моль 160 г/моль

ν(Fe)=
m(Fe)
M(Fe)
=
5,6 г
56 г/моль
=0,1 моль
Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
4 моль Fe - 2 моль Fe2O3,
0,1 моль Fe - х моль Fe2O3. Бұдан: х = 0,05 моль.
Оның массасы:
m(Fe2O3) = ν(Fe2O3) · M(Fe2O3) = 0,05 моль · 160 г/моль = 8 г

Жауабы: ν(Fe2O3) = 0,05 моль, m(Fe2O3) = 8 г.

II тарау. Оттек. Оксидтер. Жану
§21. Оттектің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы

5. Судың және құмның (SiO2) құрамындағы оттектің массалық үлесін
(%) есептеңіздер.
Шешуі:
Mr(H2O) = 2 · Ar(H) + Ar(O) = 2 · 1 + 16 = 18

ω(O)=
A
r(O)
M
r(H
2O)
· 100%=
16
18
· 100%= 88,88%

Mr(SiO2) = Ar(Si) + 2 · Ar(O) = 28 + 2 · 16 = 60

ω(O)=
2 · A
r(O)
M
r(SiO
2)
· 100%=
32
60
· 100%= 53,33%

Жауабы: 88,88%; 53,33%.

6. Глюкозаның С6Н12О6 құрамында қанша пайыз (%) оттек бар екенін
табыңыздар.
Шешуі:


Page 14

14

Mr (C6H12O6) = 6 · Ar (C) + 12 · Ar (H) + 6 · Ar (O) = 72 + 12 + 96 = 180

ω(O)=
6 · A
r(O)
M
r(C
6H
12O
6)
· 100%=
72
180
· 100%= 40%

Жауабы: ω(O) = 40%.

7. Алюминий оксиді (Al2O3) табиғаттағы боксит құрамында 25%
мөлшерінде кездеседі. Массасы 1 т бокситтегі алюминийдің және
оттектің массалық үлесін (%) есептеп шығарыңыздар.
Шешуі:
m(Al2O3) = 1000 кг · 0,25 = 250 кг

Алюминий оксидінің формуласы бойынша пропорция құрамыз:
Егер 102 г Al2O3 құрамында - 54 г Al болса,
Онда 250 кг Al2O3 құрамында - х кг Al болады. Бұдан: х = 132,35 кг.

ω(Al)=
m(Al)
m(боксит)
· 100%=
132,35 кг
1000 кг
· 100%= 13,23%

Егер 102 г Al2O3 құрамында - 48 г О болса,
Онда 250 кг Al2O3 құрамында - х кг О болады. Бұдан: х = 117,64 кг.

ω(О)=
m(О)
m(боксит)
· 100%=
117,64 кг
1000 кг
· 100%= 11,76%
Жауабы: ω(Al) = 13,23%; ω(O) = 11,76%.

§22. Оттектің физикалық қасиеттері. Оттекті алу

9. Калий перманганаты KMnO4; калий хлораты KClO3; сынап (II) оксиді
HgO құрамындағы оттектің массалық үлесін (%) табыңыздар. Оларды
оттектің массалық үлесінің арту ретімен орналастырыңыздар.

Шешуі:
Mr(KMnO4) = Ar(K) + Ar(Mn) + 4 · Ar(O) = 39 + 55 + 64 = 158

ω
1
(O)=
4 · A
r(O)
M
r(KMnO
4)
· 100%=
64
158
· 100%= 40,5%

Mr(KClO3) = Ar(K) + Ar(Cl) + 3 · Ar(O) = 39 + 35,5 + 48 = 122,5


Page 15

15

ω
2
(O)=
3 · A
r(O)
M
r(KClO
3)
· 100%=
48
122,5
· 100%= 39,18%

Mr(HgO) = Ar(Hg) + Ar(O) = 201 + 16 = 217

ω
3
(O)=
A
r(O)
M
r(HgO)
∙100%=
16
217
∙100%= 7,37%

Жауабы: ω1 ˃ ω2 ˃ ω3.

10. Массасы 12,25 г бертолле тұзы KClO3 айырылғанда бөлінетін
оттектің зат мөлшерін есептеңіздер.
Шешуі:
12,25 г х моль
2KClO3 → 2KCl + 3O2↑
83,5 г/моль 3 моль

ν(KClO
3
)=
m(KClO
3)
M(KClO
3)
=
12,25 г
83,5 г/моль
=0,15 моль

Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
2 моль KClO3 - 3 моль O2,
0,15 моль KClO3 - x моль O2. Бұдан: х = 0,225 моль.

Оның массасы: m(O2) = ν(O2) · M(O2) = 0,225 моль · 32 г/моль = 7,2 г

Жауабы: ν(O) = 0,225 моль, m(O2) = 7,2 г.

§23. Оксидтер. Олардың атаулары

5. Мыс екі түрлі оксид түзеді. Олардың құрамында 79,9% және 88,8%
мыс бар. Сол оксидтердің формуласын тауып, әрқайсысын атаңыздар.
Шешуі:
1) ω(Cu) = 79,9%; ω(O) = ω(зат) – ω(Cu) = 100 – 79,9 = 20,1%.

Заттың массасы 100 г үлгісін қарастырған ыңғайлы. Ондағы мыс пен
оттектің массалары сәйкесінше: m(Cu) = 79,9 г; m(О) = 20,1 г;

Мыс пен оттек атомдарының зат мөлшерлерін х және у моль деп
белгілесек, оксидтің формуласы CuxOy болады.

x∶y=
m(Cu)
M(Cu)

m(O)
M(O)
=
79,9
64

20,1
16
=1,25∶1,25=1∶1


Page 16

16


Яғни, оксидтің эмпирикалық (ең қарапайым) формуласы: CuO

2) ω(Cu) = 88,8%; ω(O) = ω(зат) – ω(Cu) = 100 – 88,8 = 11,2%

Заттың массасы 100 г үлгісін қарастырған ыңғайлы. Ондағы мыс пен
оттектің массалары сәйкесінше: m(Cu) = 88,8 г; m(О) = 11,2 г.

Мыс пен оттек атомдарының зат мөлшерлерін сәйкесінше х және у
моль деп белгілесек, оксидтің формуласы CuxOy болады.
x∶y=
m(Cu)
М(Cu)

m(O)
М(O)
=
88,8
64

11,2
16
=1,387∶0,7=2∶1

Демек, заттың эмпирикалық формуласы: Cu2O

Жауабы: 1 – CuO, 2 – Cu2O.

§24. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану

4. Мына заттар: а) алюминий; б) натрий; в) күкіртсутек Н2S жанғанда
қанша грамм оксид түзілуі мүмкін? Химиялық реакция теңдеулерін
жазып теңестіріңіздер.
Шешуі:
Есептің шартында реагенттердің массалары айтылмағандықтан оны
өзіміз таңдауға тура келеді. Мысалы, біз реагенттердің массасы 1 г
үлгілерін алып, есептеулер жүргізейік:
a) Алюминийдің жануы:
1 г х г
4Al + 3O2 = 2Al2O3
27 г/моль 102 г/моль

ν(Al)=
m(Al)
M(Al)
=
1 г
27 г/моль
=0,037 моль

Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрастырамыз:
4 моль Al - 2 моль Al2O3,
0,037 моль Al - x моль Al2O3. Бұдан: х = 0,0185 моль.

m(Al2O3) = ν(Al2O3) · M(Al2O3) = 0,0185 моль · 102 г/моль = 1,89 г


б) Натрийдің жануы:


Page 17

17

1 г х г
4Na + O2 = 2Na2O
23 г/моль 62 г/моль

ν(Na)=
m(Na)
M(Na)
=
1 г
23 г/моль
=0,0435 моль

Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрастырамыз:
4 моль Na - 2 моль Na2O,
0,0435 моль Na - x моль Na2O. Бұдан: х = 0,0217 моль.

m(Na2O) = ν(Na2O) · M(Na2O) = 0,0217 моль · 62 г/моль = 1,35 г

в) Күкірсутектің жануы:
1 г х г у г
Н2S + O2 → Н2О + SO2
34 г/моль 18 г/моль 64 г/моль

ν(Н
2S)=
m(Н
2S)
M(Н
2S)
=
1 г
34 г/моль
=0,03 моль

Реакция теңдеуі бойынша: ν(Н2S) = ν(Н2O) = ν(SO2) = 0,03 моль

m(Н2O) = ν(Н2O) · M(Н2O) = 0,03 моль · 18 г/моль = 0,54 г
m(SO2) = ν(SO2) · M(SO2) = 0,03 моль · 64 г/моль = 1,92 г.

Жауабы:
a) m(Al2O3) = 1,89 г; б) m(Na2O) = 1,35 г;
в) m(Н2O) = 0,54 г; г) m(SO2) = 1,92 г.

7. Массасы 260 г ацетилен С2Н2 толық жанғанда түзілетін көміртек
диоксидінің массасын есептеңіздер.
Шешуі: 260 г х г
2С2Н2 + 5О2 = 4CO2 + 2H2O
26 г/моль 44 г/моль
ν(C
2H
2
)=
m(C
2H
2)
M(C
2H
2)
=
260 г
26 г/моль
=10 моль

Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
2 моль С2Н2 - 4 моль CO2 ,
10 моль С2Н2 - x моль CO2. Бұдан: х = 20 моль.

m(CO2) = ν(CO2) · M(CO2) = 20 моль · 44 г/моль = 880 г


Page 18

18

Жауабы: m(CO2) = 880 г.

§27. Химиялық реакциялардың жылу эффекті

5. Бір моль NO түзілуі үшін 90,37 кДж жылу қажет. Мөлшері 9037 кДж
жылу сіңірілгенде қанша грамм азот (II) оксиді түзілетінін есептеңіздер.
Шешуі:
Пропорция құрамыз:
1 моль NO - 90,37 кДж,
х моль NO - 9037 кДж. Бұдан: х = 100 моль.

m(NO) = ν(NO) · M(NO) = 100 моль · 30 г/моль = 3000 г

Жауабы: m(NO) = 3000 г.

7. Термохимиялық теңдеу:
2Н2О = 2H2 + O2 – 571,6 кДж
Осы реакция кезінде 285,8 кДж жылу жұмсалған болса, қанша моль су
айырылған?
Шешуі:
Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
2 моль Н2О - 571,6 кДж,
х моль Н2О - 285,8 кДж. Бұдан: х = 1 моль.

Жауабы: ν(Н2О) = 1 моль.

§28. Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемі. Газдардың
салыстырмалы тығыздығы

4. Оттек пен көмірқышқыл газының тығыздығын (қ.ж.) есептеңіздер.
Шешуі:
Газдардың молярлық массалары:
М(О2) = 32 г/моль М(СО2) = 44 г/моль
ρ=
m
V
, 1 моль газ үшін: ρ=
M
VM


ρ(О
2
)=
M(О
2
)
V
M
=
32 г/моль
22,4 л/моль
=1,428 г/л

ρ(СО
2
)=
M(СО
2
)
V
M
=
44 г/моль
22,4 л/моль
=1,964 г/л


Page 19

19

Жауабы: ρ(О2) = 1,428 г/л; ρ(СО2) = 1,964 г/л.

5. Мынадай газдар қоспасы: 0,3 моль Н2, 0,4 моль N2, 0,3 моль СО2
қалыпты жағдайда қандай көлем алатынын есептеңіздер.
Шешуі:
V(Н2) = ν(Н2) · VM = 0,3 моль · 22,4 л/моль = 6,72 л
V(N2) = ν(N2) · VM = 0,4 моль · 22,4 л/моль = 8,96 л
V(СО2) = ν(СО2) · VM = 0,3 моль · 22,4 л/моль = 6,72 л

∑V = V(Н2) + V(N2) + V(СО2) = 6,72 л + 8,96 л + 6,72 л = 22,4 л

2-әдіс:
Авогадро заңынан шығатын салдар бойынша, идеал газдардың бірдей
мөлшерлерінің алатын көлемдері де бірдей. Есептің шарты бойынша
қспадағы газдардың жалпы мөлшері (қоспа) = ν(Н2) + ν(N2) + ν(СО2) =
0,3 + 0,4 + 0,3 = 1,0 моль. Оның қалыпты жағдайдағы көлемі 22,4 л.

Жауабы: ∑V(газдар қоспасы) = 22,4 л.

6. Массасы 128 г күкірт (IV) оксидінің зат мөлшерін және оның
қалыпты жағдайдағы көлемін есептеңіздер.
Шешуі:
ν(SО
2
)=
m(SО
2)
M(SО
2)
=
128 г
64 г/моль
=2 моль
V = 2 моль · 22,4 л/моль = 44,8 л
Жауабы: 2 моль; 44,8 л.

7. Оттек бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 болатын газдың
салыстырмалы молекулалық массасын анықтаңыздар.
Шешуі:
M
r
(газ)= D
(O2)
(газ) · М
r
(O
2
)=2 · 32=64

Жауабы: Mr(газ) = 64.
8. Мөлшері 1,5 моль көміртек (IV) оксидінің массасын табыңыздар.
Газдың осы мөлшері қалыпты жағдайда қанша көлем алатынын
есептеңіздер.
Шешуі:
m(СО2) = ν(СО2) · M(СО2) = 1,5 моль · 44 г/моль = 66 г

V(СО2) = ν(СО2) · VM = 1,5 моль · 22,4 л/моль = 33,6 л


Page 20

20

Жауабы: m(СО2) = 66 г; V(СО2) = 33,6 л.

9. Массасы 460 г азот (IV) оксиді қалыпты жағдайда қандай көлем
алады?
Шешуі:
ν(NО
2
)=
m(NО
2
)
M(NО
2
)
=
460 г
46 г/моль
=10 моль

V(NО2) = ν(NО2) · VM = 10 моль · 22,4 л/моль = 224 л

Жауабы: V(NО2) = 224 л.

10. Көлемі 5 м
3
метанды СН4 толық жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) оттек
газы қажет?
Шешуі:
Реакция теңдеуі: 5000 л х л
СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О
22,4 22,4
л/моль л/моль

Метанның зат мөлшері:

ν(СН
4
)=
V(CH
4
)
V
M
=
5000 л
22,4 л/моль
=223,2 моль

Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
1 моль СН4 - 2 моль О2,
223,2 моль СН4 - х моль О2. Бұдан: х = 446,4 моль.

Оның көлемі:
V(СН4) = ν(СН4) · VM = 446,4 моль · 22,4 л/моль = 10000 л = 10 м
3


Жауабы: V(СН4) = 10 м
3
.



§29. Химиялық реакциялардағы
газдардың көлемдік қатынастары

3. Сутек пен азоттың аммиак түзе әрекеттесу реакциясында газдардың
көлемдерінің қатынасы қандай?
Шешуі:


Page 21

21

3 моль 1 моль 2 моль
3H2 + N2 = 2NH3
22,4 л/моль 22,4 л/моль 22,4 л/моль
67,2 л 22,4 л 44,8 л
3 1 2
Жауабы: 3 : 1 : 2.

4. Қалыпты жағдайда 4 л сутек пен 4 л оттек алынған. Әрекеттескеннен
соң сол жағдайда қанша көлем газдар қоспасы шығады?
Шешуі:
Реакция теңдеуі:
2H2 + O2 = 2H2O

Қалыпты жағдайда (Т = 0
о
С, р = 101,325 кПа) су сұйық күйде болады
деп есептесек, оның көлемін газдармен салыстырғанда ескермеуге де
болады.
2H2 + О2 = 2H2О Σ
Бастапқысы 4 л 4 л - 8
Әрекеттескені 4 л 2 л 0 6
Қалғаны 0 2 л 0 2

Жауабы: 2 л.

III тарау. Сутек. Қышқылдар. Тұздар
§30. Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы

8. Массасы 4 г кальций судың артық мөлшерімен әрекеттескенде неше
грамм сутек газы бөлінетінін есептеңіздер.
Шешуі: 4 г х г
Са + 2Н2О = Ca(OH)2 + H2↑
40 г/моль 2 г/моль

ν(Ca)=
m(Ca)
M(Ca)
=
4 г
40 г/моль
=0,1 моль

Реакция теңдеуі бойынша: ν(Са) = ν(H2) = 0,1 моль, ал оның массасы:

m(H2) = ν(H2) · M(H2) = 0,1 моль · 2 г/моль = 0,2 г

Жауабы: m(H2) = 0,2 г.


Page 22

22

10. Массасы 2,4 г магний сұйылтылған тұз қышқылының артық
мөлшерімен әрекеттескенде қанша грамм магний хлориді түзілетінін
есептеңіздер.
Шешуі:
2,4 г х г
Mg + 2HCl = MgCl2 + H2↑
24 г/моль 95 г/моль

ν(Mg)=
m(Mg)
M(Mg)
=
2,4 г
24 г/моль
=0,1 моль

ν(MgCl2) = ν(Mg) = 0,1 моль
Оның массасы:
m(MgCl2) = ν(MgCl2) · M(MgCl2) = 0,1 моль · 95 г/моль = 9,5 г

Жауабы: m(MgCl2) = 9,5 г.

11. Мөлшері 0,1 моль алюминий қанша моль тұз қышқылымен
қалдықсыз әрекеттесетінін есептеңіздер.
Шешуі: 0,1 моль х моль
2Al + 6HCl = 2AlCl3 + H2↑
2 моль 6 моль

Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрайық:
2 моль Al - 6 моль HCl,
0,1 моль Al - х моль HCl. Бұдан: х = 0,3 моль.

Жауабы: ν(HCl) = 0,3 моль.

§31. Сутектің физикалық қасиеттері

5. Оттек, сутек және көмірқышқыл газдарының ауа бойынша
салыстырмалы тығыздықтарын есептеңіздер. Қай газ суда жақсы ериді?
Шешуі:
1) Mr(ауа) = 29, Mr(О2) = 32
D(ауа)(O
2
)=
M
r(O
2)
M
r(ауа)
=
32
29
=1,103
Демек, оттек газы ауадан 1,03 есе ауыр

2) Mr(ауа) = 29, Mr(Н2) = 2.
D(Н2
)(ауа)=
M
r(ауа)
M
r(Н
2)
=
29
2
=14,5


Page 23

23


Сутек газы ауадан 14,5 есе жеңіл

3) Mr(ауа) = 29, Mr(СО2) = 44.

D(ауа)(CO
2
)=
M
r(CO
2)
M
r(ауа)
=
44
29
=1,5

Көмірқышқыл газы ауадан 1,5 есе ауыр

Жауабы: Аталған газдардың барлығы суда нашар ериді. Сондықтан
оларды суды ығыстыру арқылы жинауға болады. Оттек суда аз
ерігенмен, оның еріген мөлшері балықтардың тыныс алуына жеткілікті.
Көмірқышқыл газын суда еріту арқылы газдалған сусындар жасайды.
Сонымен қатар оны жоғары қысымда еріту арқылы «Советское
Шампанское» сияқты ашқанда атқылайтын сусындар жасайды.

§32. Сутектің химиялық қасиеттері, қолданылуы

4. Мөлшері 2 моль қорғасын (II) оксидін сутекпен тотықсыздандырып,
таза қорғасынның қанша мөлшерін алуға болатынын есептеңіздер.
Шешуі: 2 моль х моль
H2 + PbO = Pb + H2O
1 моль 1 моль
1 моль PbO - 1 моль Pb,
2 моль PbO - х моль Pb. Бұдан: х = 2 моль.

Жауабы: ν(Pb) = 2 моль.
6. Массасы 8 г мыс (II) оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда қанша
грамм таза мыс және қанша грамм су түзілетінін есептеңіздер.
Шешуі: 8 г х г у г
H2 + CuO = Cu + H2O
80 64 18
г/моль г/моль г/моль

ν(CuO)=
m(CuO)
M(CuO)
=
8 г
80 г/моль
=0,1 моль
Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
1 моль CuO - 1 моль Cu,
0,1 моль CuO - х моль Cu. Бұдан: х = 0,1 моль.

ν(Cu) = ν(H2O) = 0,1 моль


Page 24

24

m(Cu) = ν(Cu) · M(Cu) = 0,1 моль · 64 г/моль = 6,4 г
m(H2O) = ν(H2O) · M(H2O) = 0,1 моль · 18 г/моль = 1,8 г

Жауабы: m(Cu) = 6,4 г; m(H2O) = 1,8 г.

§33. Қышқылдар. Құрамы, алу жолдары

6. Массасы 8 г күкірт (VI) оксидін сумен әрекеттестіргенде күкірт
қышқылының қандай массасын алуға болады?
Шешуі: 8 г х г
SO3 + H2O = H2SO4
80 г/моль 98 г/моль

ν(SO
3
)=
m(SO
3
)
M(SO
3
)
=
8 г
80 г/моль
=0,1 моль

ν(SO3) = ν(H2SO4) = 0,1 моль

m(H2SO4) = ν(H2SO4) · M(H2SO4) = 0,1 моль · 98 г/моль = 9,8 г

Жауабы: m(H2SO4) = 9,8 г.

7. Зат мөлшері 2 моль фосфорды жағудан алынған фосфор (V) оксидін
суда ерітіп, неше грамм ортофосфор қышқылын алуға болады?
Шешуі:
4Р + 5О2 = 2Р2О5 (1)
Р2О5 + 3H2O = 2H3РO4 (2)
(1) Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
4 моль Р - 2 моль Р2О5,
2 моль Р - х моль Р2О5. Бұдан: х = 1 моль.

(2) Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
1 моль Р2О5 - 2 моль H3РO4,
1 моль Р2О5 - у моль H3РO4. Бұдан: у = 2 моль.
m(H3РO4) = ν(H3РO4) · M(H3РO4) = 2 моль · 98 г/моль = 196 г

Жауабы: m(H3РO4) = 196 г.





Page 25

25

§34. Қышқылдардың химиялық қасиеттері

8. Зат мөлшері 0,1 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде,
нәтижесінде бөлінетін сутектің мөлшері қанша болады? Қанша грамм
алюминий хлориді түзіледі?
Шешуі:
0,1 моль х г у моль
2Al + 6HCl = 2AlCl3 + H2↑
2 моль 133,5 г/моль 1 моль

ν(Al) = ν(AlCl3) = 0,1 моль
Оның массасы:
m(AlCl3) = ν(AlCl3) · М(AlCl3) = 0,1 моль · 133,5 г/моль = 13,35 г

Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
2 моль Al - 1 моль H2,
0,1 моль Al - х моль H2. Бұдан: х = 0,05 моль.

Жауабы: ν(H2) = 0,05 моль; m(AlCl3) = 13,35 г.

9. Массасы 6,2 г натрий оксиді қанша грамм күкірт қышқылымен
қалдықсыз әрекеттеседі?
Шешуі:
6,2 г х г
Na2O + H2SO4 = Na2SO4 + H2O
62 г/моль 98 г/моль

ν(Na
2O)=
m(Na
2O)
M(Na
2O)
=
6,2 г
62 г/моль
=0,1 моль

ν(Na2O) = ν(H2SO4) = 0,1 моль

m(H2SO4) = ν(H2SO4) · M(H2SO4) = 0,1 моль · 98 г/моль = 9,8 г

Жауабы: m(H2SO4) = 9,8 г.


§35. Тұздар. Құрамы және химиялық қасиеттері

8. Массасы 1,6 г мыс (II) оксидін толық еріту үшін 10%-дық күкірт
қышқылының (тығыздығы 1,066 г/см
3
) қандай көлемі қажет екенін
есептеңіздер.


Page 26

26

Шешуі:
1,6 г х г
CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O
80 г/моль 98 г/моль

ν(CuO)=
m(CuO)
M(CuO)
=
1,6 г
80 г/моль
=0,02 моль

Реакция теңдеуі бойынша: ν(CuO) = ν(H2SO4) = 0,02 моль

m(H2SO4) = ν(H2SO4) · M(H2SO4) = 0,02 моль · 98 г/моль = 1,96 г

Пропорция құрамыз:
1,96 г - 10%,
х г - 100%. Бұдан: х = 19,6 г.
Оның көлемі:
V=
m
ρ
=
19,6 г
1,066 г/см
3
=18,3 см
3

Жауабы: V(H2SO4) = 18,3 cм
3
.

IV тарау. Су. Ерітінділер. Негіздер
§38. Ерітініділердің концентрациясы.
Еріген заттардың массалық үлесі

2. Орман ағаштарын зарарсыздандыруға жұмсалатын мыс (II) сульфаты
CuSO4 ерітіндісін дайындау үшін 14 кг CuSO4 және 156 кг су жұмсалды.
Дайындалған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?
Шешуі:
m(ерітінді) = m(CuSO4) + m(су) = 14 кг + 156 кг = 170 кг

ω(CuSO
4
)=
m(CuSO
4
)
m(ерітінді)
· 100%=
14 кг
170 кг
· 100%= 8,24%

Жауабы: ω(CuSO4) = 8,24%.

3. Еріген заттың массалық үлесі 20% 500 г ерітінді даярлау үшін қанша
грамм тұз және қанша грамм су қажет?
Шешуі:
m(ер.зат) = m(ерітінді) · ω(ер.зат) = 500 г · 0,2 = 100 г

m(еріткіш) = m(ерітінді) – m(ер.зат) = 500 г – 100 г = 400 г


Page 27

27

Жауабы: m(ер.зат) = 100 г, m(еріткіш) = 400 г.

4. Ас тұзының 0,9%-дық ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады
және ол медицинада қолданылады. Дәріханада 500 г 0,9%-дық ерітінді
дайындау үшін массалары қандай ас тұзы және су қажет?
Шешуі:
m(ер.зат) = m(ерітінді) · ω(ер.зат) = 500 г · 0,009 = 4,5 г

m(еріткіш) = m(ерітінді) – m(ер.зат) = 500 г – 4,5 г = 495,5 г

Жауабы: m(ер.зат) = 4,5 г, m(еріткіш) = 495,5 г.

5. Жарақатты зарарсыздандыру үшін йодтық спирттегі 10%-дық
ерітіндісі қолданылады. 200 г йод ерітіндісін дайындау үшін қанша
грамм йод және спирт қажет.
Шешуі:
m(ер.зат) = m(ерітінді) · ω(ер.зат) = 200 г · 0,1 = 20 г

m(еріткіш) = m(ерітінді) – m(ер.зат) = 200 г – 20 г = 180 г

Жауабы: m(ер.зат) = 20 г, m(еріткіш) = 180 г.

6. Массасы 500 г 10%-дық күкірт қышқылының (H2SO4) ерітіндісі
берілген. Егер ерітіндіге 0,5 л су қоссақ, онда ерітіндінің молярлық
концентрациясы қандай болады?
Шешуі:
Күкірт қышқылының көлемін анықтаймыз:
Массалық үлесі 10% күкірт қышқылының тығыздығы 1,12 г/мл.

V(H
2SO
4
)=
m(H
2SO
4)
ρ(H
2SO
4)
=
500 г
1,12 г/мл
=446,43 мл

m(еріген зат) = 500 г · 0,1 = 50 г

ν(H
2SO
4
)=
m(H
2SO
4)
M(H
2SO
4)
=
50 г
98 г/моль
=0,51 моль
V(ерітінді) = 446,43 мл + 500 мл = 946,43 мл = 0,9463 л

С
М=
ν
V
=
0,51 моль
0,94643 л
=0,54 моль/л

Жауабы: СМ = 0,54 моль/л.


Page 28

28

§39. Судың құрамы және физикалық қасиеттері

2. Эвдиометрде 1 мл сутек және 6 мл оттектен тұратын қоспа жарылған.
Жарылыстан кейін қандай газ қалды және оның көлемі қанша?
Шешуі:
2H2 + O2 → 2H2O
Бастапқы 1 мл 6 мл -
Әрекеттескені 1 мл 0,5 мл -
Қалғаны - 5,5 мл

Жауабы: оттек газы қалды, V(O2) = 5,5 мл.

4. Көлемі 18 см
3
судың массасы қандай?
Шешуі:
Есептің шартында судың тығыздығы берілмеген. Сондықтан оны  = 1
г/мл деп аламыз. 1 см
3
= 1 мл екенін ескерсек, V(Н2O) = 18 мл.

m(H2O) = V(H2O) ∙ (H2O) = 18 г ∙ 1 г /мл = 18 г

Жауабы: m(H2O) = 18 г.

5. Массасы 72 г су айрылғанда түзілетін сутек пен оттектің массаларын
табыңыздар.
Шешуі:
72 г х г у г
2H2O = 2Н2↑ + О2↑
18 г/моль 2 г/моль 16 г/моль

ν(Н
2О)=
m(Н
2О)
M(Н
2О)
=
72 г
18 г/моль
=4 моль

Реакция теңдеуі бойынша: ν(H2O) = ν(H2) = 4 моль
Оның массасы: m(H2) = ν(H2) ∙ M(H2) = 4 моль ∙ 2 г/моль = 8 г

Түзілген оттектің мөлшерін реакция теңдеуі бойынша пропорция
құрып, есептейміз:
2 моль H2O - 1 моль О2,
4 моль H2O - х моль О2. Бұдан: х = 2 моль.

Оның массасы: m(О2) = ν(О2) ∙ M(О2) = 2 моль ∙ 32 г/моль = 64 г

Жауабы: m(H2) = 8 г, m(О2) = 64 г.


Page 29

29

§42. Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі

5. Массасы 50 г 16%-дық сілті ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм
сілті алу керек?
Шешуі:
m(ер.зат) = m(ер-ді) ∙ ω(ер.зат) = 50 г ∙ 0,16 = 8 г

Жауабы: m(ер.зат) = 8 г.

6. Массасы 78 г калий сумен әрекеттескенде калий гидроксидінің
қандай массасы және қанша мөлшері түзіледі?
Шешуі: 78 г х г
2К + 2Н2О = 2КОН + Н2↑
39 г/моль 56 г/моль

ν(К)=
m(К)
M(К)
=
78 г
39 г/моль
=2 моль

Реакция теңдеуі бойынша: ν(К) = ν(КОН) = 2 моль

Оның массасы: m(КОН) = ν(КОН) ∙ M(КОН) = 2моль ∙ 56 г/моль = 112 г

Жауабы: m(КОН) = 112 г; ν(КОН) = 2 моль.

§45. Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы

7. Массасы 7,4 г кальций гидроксиді қанша грамм фосфор қышқылымен
әрекеттеседі?
Шешуі:
7,4 г х г
3Са(ОН)2 + 2Н3РО4 = Ca3(PO4)2 + 6H2O
74 г/моль 98 г/моль

ν(Ca(OH)
2
)=
m(Ca(OH)
2
)
M(Ca(OH)
2
)
=
7,4 г
74 г/моль
=0,1 моль
Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:
3 моль Са(ОН)2 - 2 моль Н3РО4
0,1моль Са(ОН)2 - х моль Н3РО4. Бұдан: х = 0,066 моль.

m(Н3РО4) = ν(Н3РО4) ∙ M(Н3РО4) = 0,066 моль ∙ 98 г/моль = 6,53 г

Жауабы: m(Н3РО4) = 6,53 г.


Page 30

30

8. Массасы 10 г кальций карбонатын айырғанда қанша көлем (қ.ж.)
көміртек (IV) оксиді алынады? Осы газды кальций гидроксиді ерітіндісі
арқылы өткізгенде қанша грамм тұз тұнбаға түседі?
Шешуі:
10 г х л
СаСО3 = СаО + СО2↑
100 г/моль 22,4 л/моль

ν(CaСO
3
)=
m(CaСO
3
)
M(CaСO
3
)
=
10 г
100 г/моль
=0,1 моль

Реакция теңдеуі бойынша: ν(СаСО3) = ν(СО2) = 0,1 моль

V(СО2) = ν(СО2) ∙ VM = 0,1моль ∙ 22,4 л/моль = 2,24 л

СО2 + Са(ОН)2 = СаСО3↓ + Н2О

ν(СО2) = ν(СаСО3)

m(СаСО3) = ν(СаСО3) ∙ M(СаСО3) = 0,1 моль ∙ 100 г/моль = 10 г

Жауабы: V(СО2) = 2,24 л; m(СаСО3) = 10 г.

10. Массасы 8,7 г натрий бериллатын алу үшін натрий сілтісімен неше
грамм бериллий оксиді әрекеттесу қажет?
Шешуі:
Есептің шартында айтылмағандықтан, сілтіні құрғақ деп санаймыз:
х г 8,7 г
2NaOH + BeO = Na2BeO2 + H2O
25 г/моль 87 г/моль

ν(Na
2BeO
2
)=
m(Na
2BeO
2
)
M(Na
2BeO
2
)
=
8,7 г
87 г/моль
=0,1 моль

Реакция теңдеуі бойынша: ν(Na2BeO2) = ν(BeO) = 0,1 моль
Оның массасы: m(BeO) = ν(BeO) ∙ М(BeO) = 0,1 моль ∙ 25 г/моль = 2,5г

Жауабы: m(BeO) = 2,5 г.

§46. Негіздердің алынуы және қасиеттері

7. Массасы 28 г литий суда ерігенде көлемі (қ.ж.) қандай сутек түзіледі?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!