Мағынаны таныту.
«Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы» тақырыбын
жаздыртады және 7.2.2.3. Электронды кестеде диаграммалар құру оқу
мақсатын жеткізеді.
Тақырып бойынша оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын
түсіндіреді.
Диаграмма – кесте ішінде орналасқан сандық
мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеудің бір тәсілі. Кітап
беттеріндегі кестелерге мәліметтерді енгізу және есептеу жұмыстары
өте жеңіл іске асқанмен, оларды салыстыру, талдау қиынға
түседі. Міне сондықтан диаграмма құрылады.
Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:
Excel бағдарламасында диаграмма құру өте жеңіл жүзеге асады. Ол
үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграммалар
шеберін
іске қосу жеткілікті. Бұл диаграммалар шебері біраз дайындық
жұмыстарын жасайды
Диаграмманың түрлеріне:
Гистограммалар – мәліметтер жинағын салыстырмалы түрде
көрсетуде ыңғайлы. Оларды жылдық көрсеткіштерді, өнімнің бірнеше
жылдар бойына өндірілу деңгейімен салыстырмалы түрде сипаттауға
пайдаланады.
Сызықты диаграмма – бұлда гистограмма сияқты, бірақ
діңгек бағыты басқаша орналасқан. Гистограммадан айырмашылығы
сызықты сатылық көрсеткіш (х-діңгегі) тігінен, ал мәндік көрсеткіш
(У-діңгегі) көлденең орналасқан діңгектік сызық әсіресе
салымтырмалы көрсеткіші үшін өте қолайлы.
Арада уақыт өткен сайын бет алыс бағытын анықтау үшін, мысалы ақша
айналымындағы курстық ауытқуын бақылау үшін, салыстыру үшін, сызба
диаграммалар қолайлы.
Айналма диаграммалар- тұтастық бөліктерді көрсететін
сызбалар. Оларды пайдалану арқылы бүтіннің құрамдас бөліктері
қандай үлес алатынын көруге болады. (мыс: барлық бюджет және оның
баптары-бөлек, бөлек. Барлық инвестициялық портфель және оған
енетін инвестициялар көлемі) айналма диаграмма тек бір ғана атаулы
мәліметтер жинағын көрсетеді.
Нүктелік диаграммалар – статистикада кеңінен
пайдаланады. Олар арқылы шашыраңқы мәліметтерді көрсетуге
болады.
Мыс:
белгілі бір тауардың күнделікті сатылуын талдау қажет болады, ал
кей уақытта ол тіпті сатылмай қалады. Сондай кезде нүктелік
диаграмма жасалады.
Салалы диаграмма – сызба түрі сияқты салалы диаграмма
мәліметтердің кейбір уақыт ішіндегі өзгерісін білдіреді.Бұл
диаграмма айналма диаграмма сияқты бүтіннің бөлшекке қатынасын
көрсетеді.
Жапырақты диаграммалар – көбіне зат туралы түсінік алу
қиын болған жағдайда қолданылады. Олар мәліметтердің нәтижелері
әртүрлі болғандағы сәйкестікті көрсетуге арналады. Жүйеліліктің
барлық тарауы бойынша берілетін мәліметтердің қатынасын, ара
салмағын көрсетуге пайдаланылады.
Үстіңгі қабат
диаграмма – бұл мәліметтер көлемі көп болғанда, әртүрлі
ауыспалы өзара байланысты мәліметтерді көрсетуге пайдаланылады.
Үстіңгі қабат диаграммалары жергілікті жердің бедерін көрсететін
карта сияқты көлемді мәлімет жиынтығы үшін «биіктікті» немесе
«ылдиды» көрсетеді.
|