Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу 7-cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы

      (сабақтың тақырыбы)


Бөлім:

Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу

Педагогтің аты-жөні

Бопишева Балым Суйнгалиевна

Күні:


Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.2.3. Электронды кестеде диаграммалар құру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Электрондық кестеде диаграмма құру жолдарын біледі.

Көпшілігі: Электрондық кестеде диаграмма құру барысында диаграмманың түрлері мен элементтерін біледі.

Кейбірі: Диаграммалардың барлық түрлерін құру және диаграмманы форматтай алады

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ-тың басы

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Оқушыларды түгелдеу.

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру

  • Сыныпты жұпқа бөлу. Оқушылар туған күндері бойынша ретімен тұрады да, 2 оқушыдан жұпқа бөлінеді. (Практикалық тапсырмалар орындауда оқушылар бір-біріне көмектесіп, білімдерін толықтырады, түзейді.)

  • «Сәлем!» жаттығуы

  • бас бармағын түйістіргенде – әрқашан;

  • сұқ саусағын түйістіргенде – барлық жағдайда;

  • ортаңғы саусағын – үлкен;

  • аты жоқ саусағын – жетістіктер;

  • шынашағын түйістіргенде – тілеймін.


Өткен сабақтарды еске түсіруде оқушылардың білімдерін тексереді. Сұрақтар қояды.

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Ұяшық дегеніміз не?

  3. Белсенді ұяшық дегеніміз не?

  4. MS Excel программасы не үшін қолданылады?

  5. MS Excel программасын қалай іске қосамыз?

  6. MS Excel программасында құжатты қалай сақтаймыз?

  7. MS Excel программасында жол мен баған қалай белгіленеді?

  8. MS Excel программасында құжат қалай аталады?

  9. MS Excel программасында кестеге қандай ақпарат түрлерін енгізе аламыз?

  10. MS Excel программасында «=» (теңдік) не үшін қолданылады?

  11. А1:D5 ауқымында неше ұяшық бар?

  • Амандасу




  • Мұғалім нұсқаулығы бойынша жұпқа бөлінеді



  • «Сәлем!» жаттығуын орындайды







Белсенділік танытқан оқушы жауап береді.





























3 балл












Интерактивті тақта








Слайд арқылы

Сабақтың ортасы

Мағынаны таныту.

«Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы» тақырыбын жаздыртады және 7.2.2.3. Электронды кестеде диаграммалар құру оқу мақсатын жеткізеді.

Тақырып бойынша оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіреді.


Диаграмма – кесте ішінде орналасқан сандық мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеудің бір тәсілі. Кітап беттеріндегі кестелерге мәліметтерді енгізу және есептеу жұмыстары өте жеңіл іске асқанмен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседі. Міне сондықтан диаграмма құрылады.

Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:

  • тор

  • тақырып- диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

  • аңыз- диаграммада берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Excel бағдарламасында диаграмма құру өте жеңіл жүзеге асады. Ол үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграммалар шеберін   іске қосу жеткілікті. Бұл диаграммалар шебері біраз дайындық жұмыстарын жасайды

Диаграмманың түрлеріне:

Гистограммалар – мәліметтер жинағын салыстырмалы түрде көрсетуде ыңғайлы. Оларды жылдық көрсеткіштерді, өнімнің бірнеше жылдар бойына өндірілу деңгейімен салыстырмалы түрде сипаттауға пайдаланады.

Сызықты диаграмма – бұлда гистограмма сияқты, бірақ діңгек бағыты басқаша орналасқан. Гистограммадан айырмашылығы сызықты сатылық көрсеткіш (х-діңгегі) тігінен, ал мәндік көрсеткіш (У-діңгегі) көлденең орналасқан діңгектік сызық әсіресе салымтырмалы көрсеткіші үшін өте қолайлы.

Арада уақыт өткен сайын бет алыс бағытын анықтау үшін, мысалы ақша айналымындағы курстық ауытқуын бақылау үшін, салыстыру үшін, сызба диаграммалар қолайлы.

Айналма диаграммалар- тұтастық бөліктерді көрсететін сызбалар. Оларды пайдалану арқылы бүтіннің құрамдас бөліктері қандай үлес алатынын көруге болады. (мыс: барлық бюджет және оның баптары-бөлек, бөлек. Барлық инвестициялық портфель және оған енетін инвестициялар көлемі) айналма диаграмма тек бір ғана атаулы мәліметтер жинағын көрсетеді.

Нүктелік диаграммалар – статистикада кеңінен пайдаланады. Олар арқылы шашыраңқы мәліметтерді көрсетуге болады.

Мыс: белгілі бір тауардың күнделікті сатылуын талдау қажет болады, ал кей уақытта ол тіпті сатылмай қалады. Сондай кезде нүктелік диаграмма жасалады.

Салалы диаграмма – сызба түрі сияқты салалы диаграмма мәліметтердің кейбір уақыт ішіндегі өзгерісін білдіреді.Бұл диаграмма айналма диаграмма сияқты бүтіннің бөлшекке қатынасын көрсетеді.

Жапырақты диаграммалар – көбіне зат туралы түсінік алу қиын болған жағдайда қолданылады. Олар мәліметтердің нәтижелері әртүрлі болғандағы сәйкестікті көрсетуге арналады. Жүйеліліктің барлық тарауы бойынша берілетін мәліметтердің қатынасын, ара салмағын көрсетуге пайдаланылады.

Үстіңгі қабат диаграмма – бұл мәліметтер көлемі көп болғанда, әртүрлі ауыспалы өзара байланысты мәліметтерді көрсетуге пайдаланылады. Үстіңгі қабат диаграммалары жергілікті жердің бедерін көрсететін карта сияқты көлемді мәлімет жиынтығы үшін «биіктікті» немесе «ылдиды» көрсетеді.

Тақырыпты жазады. Мұғаліммен өзара байланысқа түседі.










































































Презентация

Picture 3


ДК, MS Excel программасы





















































1-тапсырма. Мәтінді оқу және ақпаратты басшылыққа ала отырып диаграмма құрғызады.

Қала экологиясының жақсаруына біріншіден қоршаған ортаға түрлі ластаушы заттарды тастауды азайту жатады.

Табиғат ортасында қағаздың шіруіне – 10 жыл, консерві банкісіне – 90 жыл, пластмассаға – 500 жыл, айнаға – 1000 жыл уақыт қажет.

Дескриптор:

  1. Мәтінді оқып, ақпаратты түсінеді.

  2. Excel-ді қосып, ақпаратты кестеге түсіреді.

  3. Кестедегі ақпаратқа шекаралық жиек қояды.

  4. Кестедегі ақпаратқа диаграмма тұрғызады.

  5. Диаграмманы безендіреді.

Мәтінді оқу және ақпаратты басшылыққа ала отырып диаграмма құрады. Қажет жағдайда мұғалімнен қолдау көрсетіледі.



3 балл

Таратпа беттер, ДК, MS Excel программасы


2-тапсырма. Диаграмма бойынша мақал-мәтелді табуды орындатады

Диаграмма бойынша қазақтың мақал-мәтелдерін табады.

1 балл


Сабақтың соңы

Бекіту тапсырмалары.

Семантикалық картаны үйлестіреді


Жол

Баған

Ұяшық

Диаграмма

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі

MS Excel

=







Латын әріпімен







Араб цифрларымен







Ақпараттың графикалық кескіні







Жол мен бағанның қиылысуы







Кестелік процеессор








Семантикалық картаны толтырады.


3 балл

Семантика-лық карта













Кері байланыс: «Табыс сатысы» түсіндіреді.


«Табыс сатысы» кері байланысқа ауызша жауап береді.


Плакат, стикер

Үйге тапсырма. Алдағы апта бойынша ауа райына диаграмма құруды береді.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.


Күнделік


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
870
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12