Есік және терезе қораптарын дайындау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Есік және терезе қораптарын дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал технология пәнінің мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары. Ұстаздарға көмегі тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Есік және терезе қораптарын дайындау, жинау

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға есік және терезе алды тақтайын дайындау, жинау әдістерін меңгерту, терезе бөлшектерін құрастыру жолын үйрету.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін, өнерге қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Топпен және өз бетінше жұмыс істей білуге баулу;

б) дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін арттыруға ықпал жасау, шапшаңдыққа баулу.

Пән аралық байланыс : математика, сызу, биология

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Сабақтың көрнекілігі: құрал - сайман түрлері

Сабақтың түрі: сарамандық

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу, қажетті құрал-саймандарды жұмысқа дайындау

Қауіпсіздік ережесін еске салу.

Үй тапсырмасын тексеру:

Топсаларды орнату, әрлеу жұмыстары

Жаңа сабақты түсіндіру.

Есіктердің бірнеше түрлерін айрықша атауға болады.

Ені 850 мм, бір бағытқа ашылатын есіктер;Екі бөлімнің бір жағы ашылатын есіктер;Бірдей екі бөлімі екі бағытқа ашылатын есіктер.Мұндай есіктердің биіктігі шамамен 2000 мм болады.

Сонымен қатар, торкөзделген, қималанған, әйнектелген есіктер қолданылады.

Есіктің жаймасы (полотно) 30 мм – 50 мм аралығында болады.

Белдікті (шпонка) есіктер де жиі кездеседі. Мұндай есіктердің ерекшелігіне беріктік, қарапайымдық және жылу сақтау қасиеттерін атап өтуге болады. Есіктер қалыңдығы 40-50 мм-лік тақтайшалардан құрастырылады. Тақтайшалардың жиектеріне ширек немесе тығын қағылады. Дайын болған тақтайшалар қатарлап тегіс жинақталады, жіктері біріктіріледі. Жіктері конуспен қағылады. Оның қалыңдығы тақтайшаның 1/2-1/4 бөлігіндей. Жіктің қалыңдығы табанында 50 мм, жоғарыда – 35 мм болу керек. Белдіктер қарапайым немесе құйылған түрде, трапеция пішінді болады.  

Үйде жылжымалы есіктерді де орнатуға болады. Жылжымалы есіктерді сыртқы есіктер үшін қолданған тиімсіз. Оларды әдетте ішкі бөлмелердің есіктері үшін қолданады.

Есікті қолдан жасауға да болады. Есік неғұрлым қарапайым болса, оның қолданылуы да жеңіл. Ең жеңілі – қаңқалы (каркасты) есіктер. Қаңқалы есіктерді қалыңдығы 30 мм және жалпақтығы 40 мм ағаш кесектерінен құрастырып, екі жағын жұқа шеремен (фанерамен)қаптайды.  Есіктің жасалу сызбасы



Сұрақ-жауап, дайын үлгілерді көрсету арқылы бекіту.

  1. Терезе неше бөліктен тұрады?

  2. Жұмыс реттілігін қалай анықтаймыз?

  3. Бөлшектер қалай бекітіледі?

Ағашты қолмен өңдеу барысында сақталатын техника қауіпсіздігі ережелері:
1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп, мұқият тексеру керек (верстактың қысқыш қораптары т.б.)
2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама.
3. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.
4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды,материалынды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Тәжірибе жүзіндегі жұмыс:

Б ұйым жұмыс реттілігі арқылы жасалады.

  • Жұмыс реттілігін анықтау

  • Бөлшектерге керек өлшем сызықтарын сызу

  • Шеге орнын белгілеу

  • Бұрыштың туырлығын бұрыштықпен тексеру.
    Бөлшектерді құрастырып терезе алды тақтайын дайындау

Терезе бөлшектері керек өлшемдер бойынша кесіліп, зімпара қағазымен ысқылап, тегістеп өңдейміз. Өңдеп бөлшектерді құрастырамыз.

Ол үшін бірінші жасалатын жұмыс реттілігін анықтап аламыз.

  1. Бөлшектерге өңдеу жұмысын дұрыс жүргізілгенін тексеру.

  2. Қажетті өлшемдерді анықтап, бөлшектерге сызу.

  3. Шеге орнын белгілеу

  4. Екі бұрышты ұштастырған кезде бұрыштың туырлығын бұрыштықпен тексеру.

  5. Терезе бөлшектерін шегемен бекіту.

  6. Терезе алдына арналған тақтайды орнату.

Қорытынды.
Оқушылар жұмысты аяқталған соң, өздерінің жасаған жұмыстарын қорғап, қорытынды жасайды. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерін талдап, білімдерін бағалау.
Оқушылар еңбек құралдарын жинап мұғалімге тапсырып, кезекші шеберхананы жинастырады

Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2018
1398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі