2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Азапты жылдардың ақ құрбандарына арналған "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" оқиғасына жазылған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2023
158
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Азапты жылдардың ақ құрбандары

(«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» трагедиясына 300 жыл)

Эссе



Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты

бастан өткерді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды,

Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты,

қуғын-сүргінді, соғысты көрді.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан


Жүрегімнің түкпіріндегі бұл тақырып менің ғана емес, бүкіл қазақ жұртын алаңдатқан, қазақ деп соққан әрбір жүректі «дір» еткізген өте қайғылы оқиға еді. Кешегі күн – бүгінгі тарих. Десек те, қазақ елінің көрмеген қорлығы, жүрмеген жері, қашпаған тауы қалмаған шығар, сірә, деп қаламын. Қанша қиыншылықты бастан өткерсе де, тәңірімнің сынына төтеп беріп, бұл сұрапыл оқиғаны да жеңді. Алайда, сол кездегі жоңғар әскерлерінің қазақ жеріне баса көктеп кіріп, малын, үйін ойрандап, елдің басы ауған жаққа ыдырап кетуіне себепкер болуы халықты кедейшілікке, аштыққа, үлкен азапты күндерге әкеледі. Сол кездің өзінде қанша адамды өлім құшып, қанша отбасы өз адамдарынан айырылып, қанша бала жетім қалды. Бұл сұмдық көріністі көз алдыма елестетсем, жанын шүберекке түйіп, еңіреген баласын арқалап бара жатқан ананы көрем, шайқалған шаңырағын иығына іліп алған әкені көрем, күнімнен көрім жақын деген алтын құрсақ әжені көрем, ұрпағым аман болсын деген атаны көрем. Азапты жылдардың ақ құрбандарының бұл азапты күндері біз үшін сабақ болуы тиіс деп ойлаймын.

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мынау заман қай заман - қысқан заман,
Басымыздан бақ құсы ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен қар борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман, -

деп жырлаған қайран халқым -ай! Қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды бұл өлең жолдарынан шұбыра келе жатқан қара халықтың қиын да азапты қадамдарын көремін.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы туралы тарих пәнінен, әдеби кітаптардан оқығаным бар еді. Негізінен, мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға ұшырады. Қашан да жауға берілмейтін, өз күшіне бірте-бірте енген қазақтар мың жеті жүз жиырма алтыншы жылы үш жүз батырлары, қолбасшылары бірігіп, құрылтай өткізеті. Осы құрылтайда әр рудың басшылары жауға қарсы аттануға бел буып, шешім қабылдайды. Сол кезден бастап жоңғарларды бірте-бірте қазақ жерінен қуа бастайды. Қазақ батырларының көрсеткен ерліктері, қазақ халқының бірлігі «Аңырақай» шайқасында жеңіске жетуге себеп болды. Бұл оқиға қазақ есінде мәңгі қалатын өшпес із болмақ. Болашақ ұрпаққа үлкен сабақ болмақ. Қазақтардың қайтпас қайсарлығы, еліміздің осындай бейбітшілік күнде өмір сүріп жатқанымыздың жемісі. Ақтабан шұбырынды оқиғасының мәңгі тарихта қалуы ұлы жеңіске жетуінің, ұлы дала болуының бейнесі ретінде есте сақталады.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасының басталуы мен аяқталуы туралы деректерді жинақтай келе Абылай ханның даналығының арқасында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтағанын көреміз. Жоңғар елінің ішкі алауыздығын тудыру арқылы, сыртқы қорғаныстарын әлсіретіп, жаулап алған қазақ жерлерін қайтарып алды.

Қазірде, қазақ елі небір қиыншылықты бастан өткеріп, өз тәуелсіздігін алды, өз еркіндігін алды. «Қазақстан» деген атпен дербес мемлекет болдық, өзіміздің ұлттық рәміздеріміз бар. Мен осындай қайсар рухты қазақ жерінде өмірге келгенімді мақтан етемін. Сөзімнің дәлелі болсын деп, өз туындыммен ой-толғауымды аяқтағым келеді:

«Елім – ай» жырлап өткен қазағым,

Ақтабанмен шұбырып кеткен қазағым.

Алқакөлге сұлап түскен сәтіңді,

Ұмытпаймын, жырлап өлең жазамын.


Қаратауды көш бастаған қазағым,

Көшкен сайын жоқ тастаған қазағым.

Аштан құлап, әлсіреген сәтіңді

Ұмытпаймын, жырлап өлең жазамын.


Батыр бабам қорған болған қазағым,

Өз өмірін құрбан қылған қазағым.

Ерлікпенен жеткен осы кезіңді,

Ұмытпаймын, жырлап өлең жазамын.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!