Материалдар / Эссе « Сөз тазалығы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе « Сөз тазалығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздары мен оқушыларға арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2019
11533
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым:

Сөз тазалығы



Сөз тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас кейбір жерлері кездеседі. Тілдің мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал, тілдің тазалығын бұзатын, оған нұсқан келтіретін факторлар аз емес. Оларға, мәселен, ана тіліндегі баламасы бола тұра, басқа тілдерлен енген сөздерді қалай болса солай жұмсау (варваризмдер), жергілікті мәні бар сөздерді (деалектизмдер) талғамсыз қолдану, мамандыққа байланысты шағын ортада кездесетін сөздер (профессионализмдер), сондай-ақ құрбы-құрдастардың,  әзіл-қалжыңы аралас адамдардың арасында сөзге кірістірілетін тілдік құралдар (жаргонизмдер) сияқты жайлар жатады.

Әрине, бұл аталғандар мүлдем қолданыстан шығып қалуға тиіс деген жаңсақ ұғым тумауы керек. Әңгіме олардың жөнсіз пайдаланыла бермеуінде болып отыр. Ал, көркем шығармадағы кейіпкер сөздерінде, тиісті ортаға байланысты олардың жұмсалу реттері болатынын теріске шығармаған жөн.

Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің қолданыс аясы мен болашағы зиялы қауымды едәуір алаңдатып отырғаны белгілі. Осы тұста Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деуі Қазақстандағы тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындайды десек, қателеспейміз. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қаласақ та, қаламасақ та, мемлекеттік тіл – тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі болуы керек. Тіл – ұлттың өзіндік бейнесін анықтайтын, рухани келбетін көрсететін төлқұжаты сынды. Ол – ұлттың өзгеден ерек табиғи даралығын анықтайтын жалқы белгі. Осы белгіміз бен рухани құндылығымызды жоғалтпас үшін «сөз тазалығын» сақтай білуіміз керек.

Сөз,сана,ой,тіл тазалығына мысал келтіргім келеді: «Сөздің аса мол кені көркем әдебиетте жинақталған. Мысалы М Әуезовтың  20 томдық шығармаларында сөздің саны 30 мыңнан астам. Қара сөздің қас шебері М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында 16983 сөз қолданған. Мұндай деректі өзге де әйгілі қаламгерле тілі жайындағы статистикалық деректермен салыстырсақ, цифр сыры ашыла түседі...» Міне, нағыз шеберлік пен сауаттылық,сөз бен тілдің тазалығы!

Өз ойымды қорыта келе,сөз тазалығын сақтау және оны құрметтеу әрбір намысшыл азаматтың міндеті деп білемін.Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау көрсете отырып, өз ана тіліміздің көркеюіне үлес қосайық дегім келеді.

Сөз бен тілдің тазалығын сақтайық,

Еліміздің ақ үмітін ақтайық.

Қазақ тілі – анаң тілі,біліп қой,

Туған тілді құрметтейік,баптайық.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!