Материалдар / Эссе -ұстаздың құндылықтың бағдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе -ұстаздың құндылықтың бағдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз болу-жүректің батырлығы, Ұстаз болу –сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Ұстаз болу-адамның асылдығы,- деген Ғафу Қайрбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз-мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ат а Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе, қоғам өзгерсе де, қажеттілігін жоймайтын үлкен мәселе-шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл-қиыннның қиыны. Себебі әр адам-қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі-өзінше бір әлем. Ал сол ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз-бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2017
1247
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Эссе-педагогтың құндылықты бағдары

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу –сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу-адамның асылдығы,-

деген Ғафу Қайрбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз-мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ат а Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе, қоғам өзгерсе де, қажеттілігін жоймайтын үлкен мәселе-шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл-қиыннның қиыны. Себебі әр адам-қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі-өзінше бір әлем. Ал сол ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз-бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан –жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та-ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттермен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу бала кезімнен арман еді. Отбасымызда педагогтар бар., өз туған жеріне ең алғаш мектеп ашып бала оқытқан арғы атам ашқан мектептің орны белгісіз. Бұны «Шіркін, атамның ұстаздық еткен жылдары туралы деректерді білсем ғой»,-армандайтынмын. Жылдар өтті... Дегенмен деректер табылмаса да, сол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен абыройға кенелуіме мен бір адамға қарыздармын, ол-ұстазым Аристотель», -десе, Абылайханның Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.

Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,оны дүнижүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ал XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек?Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш –жігерін, парасат –қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі-белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі-жоғары беделді адамдарға ықпал етуші адам. Мектептегі ұстаз-баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешірі біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді., тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол-өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іскедеген қызығушылықпен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаздың осыншама қадір –қасиет, құрметке бөлінуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен , жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.Ұлы ағылышын ағартушысы Уильям Уорд:

Жа й мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шаттандырады, дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару,өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын –еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты-саяси –экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген 21 ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», -деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.

Педагогтік шеберлік-дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәжижесі. Мұғаім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты. Біздер . мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады.

-Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

-Қызметке бейімділігі

-Кәсіптік білімі мен біліктілігі

-Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

-Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені-өзіңді- өзің тану. Ұстаз өзін –өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Баланың дүниеге көзқарасын, оның сенімін, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу үрдісінді, білім беру мен оқыту, кездерінде негізгі рөлді мұғалім атқарады. Сондықтан да сабақ үстінде жүріп жатқан саяси-идеологиялық бағытты, сол сәтте ешкім де өзгерте алмайды, себебі сол идеялық бағытты сабақ үстінде анықтаушы –мұғалім.

Сабақтан барлық жүйесі ғылыми негізде жүргендіктен, оқушының санасы сол тәрбие үдірісінің негізінде дамиды. Бала дүниеге белгілі бір қалыптасқан сана- сезіммен келмейді.Себебі сана ең алдымен –қоғамдық жеміс, сол адамның қоғамдық өмірінің барысында пайда болып дамиды. Атап айтқанда, баланың және оның санасының қалыптасуы, өзі өмір сүріп отырған ортасы мен табиғатқа қатынасы арқылы пайда болады.

Оқушының санасы өздігіненпайда болмайды, ол тек қана ата-анасы мен мұғалімнің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Сондықтан мұғалім өз мамандығының патриоты, ұйтқысы болу керек. Мұғалім шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде сол оқушы жанының инженері де, оларға адамгершілік қасиетті енгізуде мүсінші. Ол өз ісінің шебері бола отырып, жоғары мәдениеттілігін оқушы мен ата-анасының сезімтал досы болуы керек.

Тәжірибелі және ісіне шебер мұғалімдер өз тәжірибесіне сүйене отырып, өзі оқытатын пәнді біліп қана қою жеткеліксіз екенін мойындайды. Себебі мұғалімдік мамандықтың ерекшелігі сол-сол оқушыға пәннің мазмұнын баяндау кезінде ғана тәрбиелік ықпал жасап қана қоймай, сабақ үстінде берілетін нұсқау, ақыл –кеңестерге қоса, өзінің өнегесі және іс-әрекеттері арқылы, жеке басының қасиеттері негізінде оқушыға ықпал жасауы керек.

Мұғалім оқушы алдында беделді, өнегелі болса, ондай адам оқушының ойында мәңгілік сақталады. Сондықтан да мұғалім өзінің сол пән бойынша білімін дамытып, сабақтың әдіс-тәсілдерін арттырумен қатар өзінің мінез-құлқына, сырт пішініне де ерекше көңіл бөлгені жөн, себебі оның мектепке , мектептен тыс кездергегі тәртібі мен іс-қимылдары жүздеген көздердің бақылауынан өтіп жатады. Қоғамды демократияландыру және білім берудегі реформаларды тереңдету жек адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуда, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер –білім беру жүйесінде, оның ішінде мектепте Қазақстан тарихынан білім беруде, жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке тәрбиереу, жаңа адамды қалыптастыру дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу қажеттілігін жүзеге асыруды талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту, олардың іскерліктерімен шеберліктерін қалыптастыру, өздігінше білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжрибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту –өте маңызды мәселелер болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін, өздігінше атқаратын ой-еңбегін арттыруда оқушылардың өздік жұмысы ерекше орын алады.

Отансүйгіштік –адамның өзінің туып –өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!