Эссе
«Абай мен қазақ –егіз
ұғым»
Абай Құнанбайұлы ғұлама,
ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы,
аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны
сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі,
тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, тілі, рухы көрініс
тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде
бағаланып,қазақ төрінен ойып тұрып орын
алуда.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық
мерейтойына орай өткен жыл Абайдың шығармаларынан үзінді оқудан
көптеген эстафеталар болып өтті. Мектеп оқушыларынан бастап ел
азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор
қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға
ұласты.Семейде,Алматыда Абай оқуларынан республикалық көлемдегі
жарыстар өткізілді.Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын
тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты
тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын
мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін.Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы
айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу
мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту
арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашатынымыз
анық.Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін.
Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан емес,
керісінше күн санап Абай нақылдарының, әрбір айтқан сөзінің қадірі
артып келеді. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани
азық болатынына мен сенімдімін.Сондықтан халқымыздың рухани
жаңғырту жолында оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды
пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізген
жөн. Мен қазіргі таңдағы қазақ
қоғамының рухани өмірінде, ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше
тұлғаның өмірі мен шығармашылығының мәні, Абай мұраларының қазіргі
қоғамға қаншалықты қажет екендігі және «Абай мен қазақ-егіз ұғым»
деген ойды кеңінен дәлелдегім келеді.
Рухани жаңғыру-ұлт болашағы
демекші,шын мәнінде, бұл – ұлттық
мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін
құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы
ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға,
жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға
шақырған.
Елбасымыздың: «Заманалар
ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі
айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын
ашып, жаңа сырларына қаныға түсеміз деген сөзіне мен күн өткен
сайын көзім жетіп отыр.
Абай әрдайым қазақ халқымен
мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын
биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі
ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын
аңғартады.
Абайдың шығармаларына зер
салсақ, оның үнемі жастарды алға жылжуға, өсіп-өркендеуге шын
ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін
байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда. Абай қазақтың
дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай
мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктерді бағындыра алмайтынын
да айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп
тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру
керектігіне назар аударды. Осындайда Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар
ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиеті есіме
оралады.
Абай туындылары бүгінде
ұлттық тәлім - тәрбиенің негізгі оқулығы рөлін атқаруда. Осы мақсатта мектептерде абайтану пәні енгізіліп оқытылуда.
Абай білімі терең болғандықтан, оның шығармаларында дүние, өмір,
тіршіліктің мағынасы, қоғам мен заман, болашақ туралы толғаған
ойлары да аса терең.Ендеше осы тереңдікті оқушыларға ұғындыру
ұстаздан талай дүниені талап етеді.
Абай - мәңгілік тақырып. Әр ұрпақ Абайды өзінше танып, өзінше оқып,
өзінше танытады. Дәл қазіргі уақытта рухы мықты ұрпақ тәрбиесі үшін
Абай құдіреті қажет болып отыр. Әр адам баласы Абай әлеміне үңіліп,
Абайға бет бұрғаны дұрыс. Әрбір азамат Абай қарасөздерін өзінің
дұрыс жолға салар бағдаршамындай көруі керек. Себебі дана Абайдың
айтқан әрбір сөзі саналы адамның көкірегіне ой салып, адамшылық
жолға тәрбиелейтін өсиеттен ғана тұрады.
Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа,
адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.Ендеше осы Абай
мұрларын ұрпаққа үлгі ете отырып, санасына сіңіру мақсатында Қанипа
Бітібаеваның еңбегі ерен деп мақтанышпен айта
аламын.
Данышпан ақынды әлемге әйгілі
ету мұраты кеше де, бүгін де күн тәртібінен түскен жоқ. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты
мақаласында жекелеген ұлтты ұлы тұлғалары арқылы тану мәселесін
айта келіп, шетелдіктер «Қазақ елін – Абай елі» деп білуі тиіс
деген еді. Өзгелерге танытатын, өзіміз танитын Абай тағылымы
қандай? Мұны әйгілі мұғалім Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тәжірибесі
мен оқу-әдістемелерінен табамыз.
Қанипа Омарғалиқызы Абай
туындыларын оқытуға негізделген екі, Мұхтар Әуезов шығармаларын
оқытуға бағытталған үш кітап жазды. Бұл – іргелі еңбектер санатына
енген, ұлттық білім беру саласын байытқан туындылар. Әдіскер-ұстаз
осы әдіснамаларында кеңестік кезеңде қалыптасқан хакім хақындағы
қасаң түсініктердің қалыбын бұзуға күш
салды.
Бұл тұжырымдардың қазіргі
кезде де мәні зор. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр.
Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш
сермеу екенін көріп отырмыз.Ал біздің мақсатымыз – осы көшке ілесіп
қана қоймай, алдыңғы қатардан көріну.Ол үшін ең алдымен, білім беру
саласын заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар
атқарылғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де олқы тұстар
бар. Бірақ біз
мойымаймыз,өйткені мен көш жүре түзелетінін білемін.Сол үшін де
біздер, жастар көп жұмыс жасауымыз қажет.
Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл
үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не
беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен
бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», –
дейді.Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де
оның тілін меңгерудің маңызы зор.Ал қазіргідей жаңа тарихи
жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар
аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар ағылшын
тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп
тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана
тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай,
ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот
болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз.
Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде.
Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы
жаңалықтар адамға қанат бітіріп, алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана
озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз
сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің
озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді. Мұндай
кезде өзіміздің таптаурын, жадағай әдеттерімізден бас тартуымыз
қажет.
Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек.
Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды –
қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.
Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын
қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар
әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық
сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін
өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру –
ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі екендігіне
сенімдімін.
«Рухы күшті, дені сау, білімді ұрпақ - ел
келешегі, келбеті», - деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбие тал бесіктен бастау алып, шеберлікпен, бірізділікпен алтын -
ұя мектепте ұштасып жатса, нәтижелі болары даусыз. Бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіне өте қажетті мәселені көтеріп отырған Абай тағылымы
арқылы жастардың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрлі
дәнін егуді басты мақсат етіп алған ұстаздардың тәрбие құралы деуге
болады. Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның
тағылымы - тәрбиенің де қайнар бұлағы. Мына өтпелі дәуірдің кейбір
келеңсіз жағдайларының жас ұрпақтың аман алып қалудың да бірден -
бір емі - Абайға жүгіну, Абайға үңілу дер
едім.Қорытындылай келе,
«Абай мен қазақ- егіз ұғым» деп мақтанышпен айта аламын!