Ардақты
ұстазым
Ұстаз-
адам өміріндегі анадан кейінгі
тәлім-тәрбие беретін екінші жан. Шыр
етіп дүниеге келген әрбір адам үлкен өмір табалдырығын бірінші
ата-анасының, содан кейін
ұстазының ақыл-кеңесімен бастайды. Ақын да,
жазушы да, ғалым мен батыр да ең алдымен ұстаз алдынан өтеді.
Шәкірт мектеп табалдырығын ең алғаш аттағанда жылы жүз, әдемі
күлкімен қарсы алатын, ол-алғашқы ұстаз. Сондықтан да,
алғашқы ұстаздың айтқан кеңестері, берген
тәлім-тәрбиесі ешқашан ұмытылмақ
емес.
Тарыдай болып кіріп,таудай болып шығатын білім ордасындағы жалғыз
сүйенішіміз, ол-ұстаз. Барлық ұстаздардың
ішіндегі ең жақыны, ең жанашыры-алғашқы ұстаз. Алғаш қолымызға
қалам ұстатып, алғаш әріп тануды
үйреткен-алғашқы ұстаз. Алғашқы
ұстаз-әр бір үйдің еркесін қолына
алып, еркеліктерін көтеруші. Алдындағы шәкірті қанша бұзақылық
жасаса да, соған алаңдап, уайымдайды. Мысал ретінде айта кетейін,
мен бір ұстазды көрдім. Бастауыш сыныпта оқытқан оқушыларына барып,
өз ақыл-кеңеесін, сабақ үлгерімдерін
айтып жүрді. Ол шәкірттері сол кезде
10-сыныпта оқыды. Осындай жанашыр
жан-алғашқы ұстаз ғой.
Қазіргі таңда жұмыс жасауда, сабақ беруде өзгерді. Әрине, жұмыстың
жеңелі жоқ. Дегенмен, қазір бәрі қиын. Әсіресе, ұстаздар үшін.
Қазір сабақ беру барысы өте күрделі, әрі қызықты. Күрделілігі сол
ұстаздар қағазбасты болды. Ал қызықтылығы сол, оқушылардың
қызығушылығы, сергектігі артады.
Өз сөзіме дәлел келтірсем, қазір жаңа бағдарлама бойынша оқушылар
топтастырып оқыту, сабақ барысында сергіту және сабақты электронды
түрде өткізу. Жаңа бағдарлама бойынша көп жаңашылдық болу керек.
Сондай жаңашылдықты өзіне және шәкіртіне сіңіру үшін ұстаз мықты
әрі жаңашыл бола білуі керек.
Өз сөзімді қорытындыласам, ұстаз-әрдайым жанымызға жақын,
жанашыр жан болып қала береді. Оның жүрегімізден алған орны ешқашан
өзгермейді.
Ұстаз-қандай заман болса да, өз
мәртебесін, өз білігін жоғалтпайды. Ол әрдайым қайсар, әрі ақылды,
сұлу және мейірімді болып қала береді.
Құрметті ұстаздар қауымы алдағы келе жатқан мерекелеріңізбен шын
жүректен құттықтаймын. Әрдайым шәкірттеріңіз қуантып, биіктерден
көріне берсін.