Эссе «Азамат тәрбиелеу:
отбасы, мектеп, қоғамдық ұйымдар»
Біліктілік арттыру курсының
тыңдаушысы
Отбасы тәрбиелеу
институты
№5 топ Кубентаева Ардак
Курмангазиновна
Шығыс Қазақстан
облысы
Өскемен
қаласы
«Ахмер орта мектебі»
КММ
Біз сендердің білікті маман,
болашағы жарқын отаншыл
азамат болып өсулерің үшін
барлығын жасап келеміз,
сендер үшін білім беру мен
ғылымның ең озық жүйесін жасаудамыз.
Н.Ә.
Назарбаев
Өзімнің ойымды Елбасымыздың
осы бір жолдарынан бастағым келіп отыр. Оның себептері көп,
жан-жақты және өзекті. Бүгінгі ғасыр мақсаты – қоғамның
нарықтық қарым –қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және
рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды
құрушы іскер икемделген,жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру болып табылуда. Азамат тәрбиелеу мәселесі
қашанда үлкен маңызға ие. Баланың жеке тұлға болып
қалыптасуы сәби кезінен басталады.Ол үшін балаға барлық жағдай
жасалуы тиіс.Өмірге келген әрбір бала бақытты болуға тиісті.
Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі.Сондықтан балаға тиісті
дәрежеде жағдай жасап, мектеп, ата-ана, қоғам болып, денсаулығын
жақсартып,өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру
біздің ортақ мақсатымыз. Елімізде жыл сайын 2 мәрте «Отбасы күні»
мейрамы аталып өтіледі, 15 мамыр дүниежүзілік отбасы күні болса,
2013 жылдан бері қыркүйек айының екінші жексенбісі Қазақстандағы
Отбасы күні болып бекітілген. Бұл күннің әрбір отбасы үшін алатын
орны ерекше деп ойлаймын, оның бала тәрбиесіндегі маңызы да зор.
Заманның талабы бойынша мектептерде ата-аналармен жүргізілетін
жұмыс түрлері де түрлендіріліп алынады ата-ана, оқушы, педагогтар
арасында құрылған «Ынтымақ» қоғамдастағы бала тәрбиесіндегі кез
келген мәселелерді бірігіп шешіп отыруы қуантады және де бұл
қоғамдастыққа сол мектепте құрылған «ЖанҰя» отбасы клубы қолдау
көрсетіп, көмекке келіп өз үлесін қосып отырады.Бұл жерде атап
өтетін жайт «Жан Ұя» отбасы клубының құрылуына 2014 жылы қазіргі
біздің оқып жатқан оқуымыз Отбасы институты себепші болған,
мектебіміздің тәжірибелі психологы осы Отбасы институтының түлегі
еді, осы жерден алған білімімен «Жан Ұя» отбасы клубын құрып,
нәтижелі жұмыс көрсетті, мен ол кісінің сол бағыттағы жұмыстарына
тамсана да қызыға қарайтынмын, енді қарап отырсам мағанда сол бақыт
бұйырыпты, осы жерден білімімді толықтырып, жетілдіру. Отбасы
институтының ата-ана мен бала, мектеп үшін қосатын үлесі зор. Бұл
мекемеге айтар алғысым шексіз.
Ата-аналарға, балаға қолдау
көрстететін тағы бір қоғамдастық туралы айтқым келеді, қаламыздағы
Отбасы және балалықты қолдау орталығының жұмысы (ЦПСиД) биыл өзінің
10 жылдығын атап өтті, ондағы әрбір маманның тиянақты, жүйелі
жұмысы азамат тәрбиелеуде балаға, ата-аналарға сондай-ақ мектепке
де көп көмегін тигізіп келеді. Соңғы жылы ашылған облыстық «Ақ
ниет» инклюзивті мектебі де бізді қуантады, кез-келген мүмкіндігі
шектеулі баланың толық қанды азамат болып өсуіне мемлекеттің жағдай
жасап отырғаны бойға сенім ұялатады.
Мектебімізде «Балалар
ауылының» (Детская деревня) тәрбиеленушілері болғандықтан оны атап
өтпей кете алмадым, себебі қоғамдастық болып тәрбиелеу сол жерде де
көрініс табады бұл жердегі азаматтық, патриоттық тәрбиенің орны
ерекше, ол жердегі қызметкерлердің үлкен жүректері бар дер едім,
өйткені ата-аналарынан көрмеген жылулық пен махаббатты,
қамқорлықты, тәрбиені олар сол жерден алады, бұл жерде тәрбиеленген
балалардың болашағы бар, ол балалар елін сүйетін, патриот, алған
тәлім-тәрбиелері, білімдері көрініп тұрады, олар жан сүйсінетіндей
талантты, білімдері терең, жан-жақты балалар, әрине жүректерінде
жара да жоқ емес, бірақ олар нағыз азамат деген атауға лайықты,
ата-аналарынан айрылған болсада олар ата-аналарын жақсы көреді,
болашақтарына сенеді, өйткені мемлекет оған жаңдай жасауда екенін
олар біледі.
Мен қазіргі балалар бақытты
деп ойлаймын, қарап отырсақ қаншама мүмкіндік пен жағдайлар
жасалған. Барлығы да балалар үшін жасалуда. Ендігі мәселе осы жас
буындарымыздың жасалып жатқан мүмкіндіктердің барлығын дүрыс
пайдаланып бақытты өмір сүруге талпынуы.
Сөзімді М.Әуезовтың сөзімен
аяқтасам деймін:
Қай істің болсын өнуіне үш
шарт бар: ең әуелі-ниет керек,
одан соң- күш
керек,
одан соң-тәртіп керек. Мен бұл
өсиет сөзін баршамызға тілер едім.