Материалдар / Эссе Баланың арманын ұрлаған - жемқорлық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе Баланың арманын ұрлаған - жемқорлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзекті мәселелердің біріне айналған баланың арманына кедергі туғызатын жемқорлық туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2021
208
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

«Баланың арманын ұрлаған – жемқорлық»

Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң.

Абай

Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. Үйлі боламыз деп шешім қабылдаған әрбір жастарға үлкен міндет жүктеледі. Қазақта «Үйлену оңай,үй болу қиын» - деген мақал бекер айтылмаса керек. Үй болғаннан кейін ондағы шаруа, отбасы ғана емес, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек. Себебі, баланы кішкентай кезінен тәрбиелеу ол үлкен – міндет саналады. Көбіне ұл баланы әкесі,қыз баланы анасы тәрбиелейді. Ондағы өнеге ұлыңа қанша ұрысып та, жекіп сөйлесеңде үндемей шыдайды. Себебі,ол әкенің зәрін көріп өскендіктен, келешекте де қор болмасы сөзсіз. Қыз баланы анасы тәрбиелесе қыз баланың сыры, құпиясы анасына ғана мәлім. Анасының тәрбиесінде болған қыз бала әдемі, қылықты, сыйлай білетін жан болып шығары сөзсіз.

Жоғарыда көрсетілгендей Абай атамыздың нақыл сөзі қайсымызға болсын ой салары анық. Себебі, ананың махаббатын,әкенің қамқорлығын көрмей,сезінбей өскен бала ортадан тыс қалып, түрлі жағдайларға ұшырап жатады. Ол әрине кезінде берілмеген балаға деген махаббат. Ата – ана кеш түсінгеннен не пайда.

Қазіргі заман бәсекелестікті қажет ететін заман деп білемін. Менің ортамда болсын, естіп білгенім болсын бір – бірінен қалыспайтын адамдар. Менде бір сұрақ туындайды?! Барлығы дерлік адамдардың жағдайы келе бермейді. Неге ең білікті, білімді, білсем деп тұрған балада қаражат жеткіліксіз, қоғамнан тыс тұрмақ түгілі қатарға қосыла алмай қала береді?!

Ал неге бар мүмкіншілігі бар бала тырыспайды? Неге білімге, жарысып биік шыңға ұмытылмайды. Ондай бала кемде – кем! «Жұмысы жоқтық, аздарырар, адам баласын»- демекші бәріне тірелетін ақша. Бала болып өсіп келе жатырған соң, бәрін армандайды, қиялдайды, менде болса екен деген ойға түсе береді. Кейде теледидардан түрлі тағдырларды көріп жаным ауырады. Кейде көшеде кетіп бара жатып еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ақша сұрап, қол жайып отқанын көріп тағы да қынжыламын. Десек те, оған кім кінәлі? Балаға жеткіліксіз махаббат бермеген анама, әлде қиын тұрмысты жастайынан көріп келе жатқан бала ма? Ойымда түрлі сұрақ..

Айтып өткенімдей, екі жас шаңырақ көтергенде балалы болатынын біле тұра неге үйленуге қадам басқанда – ақ ойламайды екен. Қазір бәрін өлтіретін ақша. Көздерін байлаған – ақша. «Періште алтын көрсе, жолдан таяды» - демекші, өз бауырында жатқан баласын сатып, ақша қылып жатқандар қаншама. Үйде тұрмыс жағдайы төмен болып, баланы түрлі жаман істерге жұмсайтындар да қаншама.. Құлдық өмірде жүрген балалар да қаншама… Менің жаным қатты ашиды. Ата – ана үшін емес. Баланың арманын ұрлаған ата – ана үшін. Неге бала қиындық көруі тиіс. Бала деген Алланың берген аманаты емес пе? Менің, тіпті достарымның ата – аналары, тұрмыс жағдайы, не кием, не ішем барлығы бар. Неге ол балаларда ол аздық етеді. Сол бір тірелетін мәселе махаббаттың жетіспеуі, өлгенде де қалатын ақшаның жоқтығы.

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге. Ата – аналар мынаны білсе ғой, шіркін! Әрбір дүние есігін ашқан сәбидің өз несібесі бар! Қалай ол десек?! Бала біріншіден бар мұңыңды бір сәтте ұмыттырып кететін құдды бір ғажайып. Бала бір құттай нәрсенің ашылуына себепші. Өйткені, бала дүниеге келген соң көп жағдай өзгеріп жатады. Бәрі оңынан болып жатады. Тіпті, үлкендеріміз «баланың несібесі ғой, шіркін» - деп таңқалып жатады. Тағы бірде, бала ес жиғаннан бастап, үйдегі мәселені көріп, сезіне бастайды. Тұрмыс – жағдайды, мәселелерді толық түсіне бастайды. Ол көбіне ер адамға ауыр болып келеді. Кейде ашуына ерік беріп, қара жұмыс жасап, қолғабыс көрсетіп, жүретін балалар да бар. Олар жағдайға қарап қалған адамдардан мың есе ақыл – ойы артық болып өседі. Бай -байлығын айтып массатанады. Ал қара жұмыспен мал тапқан адам кейін өз жемісін көреді. Қиындықпен жасаған әрбір ісің, түбі бір берекесін береді. Арамдықпен жасаған әрбір істе берекетің кетеді. Абай атамыз « Есектің артын жусаң да, мал тап» - дейді. Әрқашанда өмірде берілген екі жолда бірі ақ жол, бірі қара жолда адаспай, ақ жолда айнымай жүру керек. Қара жол әрине жемқорлық, нашақорлық, ұрлық секілді қиындыққа апаратын жол.

Әрбір адам ақшаның жоқтығынан баланың өмірін құртады. Оны жаман жолға салады. Қорқыту, үркітумен өскен бала өмір бойы сол қараңғылықпен өтері сөзсіз. Кемде – кем ол қиындықпен күресіп, жеңіп шығатын адам. Жаман жолға кірген әрбір адам одан оңайлықпен шыға алмасы сөзсіз. Қазір бала тұрмақ, үлкен адамдар да жаман жолдың етегінде жүр. Бірақ үлкен адамдардың өзі кезінде бала болған. Оларда балалық махаббатты сезінбеген немесе жетпейтін ақша, қиын тұрмыс. Ащы судың етегіне ерген әрбір адам өмірі құртылғанша азапты күндермен күреседі. Оған қарап өскен бала өзін бақытсыз сезініп, өмірден баз кешіп ол да, қара жолақтың қараңғылығын көре бастайды.

Қорытындылай келе: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-дейді. Яғни, бала тәрбиесі отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасында алған тәрбиесі баланың адам болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Әрбір баланың мінез –құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады. Баланың арманың ұрлағанша, баланың арманын біліп, оған орындалуына үлкен көмек бергеніміз абзал. Бала ол – көз қуаныш. Түбі әрбір баланың ойлайтыны ата – анасы, бауырлары. Балаға қиындық көрсетпеу керек деген сөзге келіспеймін. Қиындық көріп өсу керек бірақ жаман жолмен емес, қиындық әке мен ананың қадірі, бар мен жоқты көріп, үйрену керек. Бармын деп тасынып, жоқпын деп жасынбау керек. Баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу! Дұрыс тәрбие көріп өскен бала бақытты, ойын ашық айта алатын, ортасынан қалмайтын, білімді, озық азамат, азаматша болары сөзсіз! «Қолымызда бар алтынымызды бағалайық»-деп аяқтағым келеді!



Құдайберді Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1-інші курс студенті Сәлімгереева Гүлназ Сәлімгерейқызы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!