Материалдар / ЭССЕ "Білім кілті – кітапта"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ "Білім кілті – кітапта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
3379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім кілті – кітапта(эссе)Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашы. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашының еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шындаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек. Бүгінгі күні кәсіби шеберлік- кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным. Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі ең әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады. Алдына келген ауру адамға ем жазатын дәрігер болса, алып жатқан білімін қосымша оқу-біліммен толықтыруға көмектесетін мамандық иесі- кітапханашы. Кәсіби шеберлік, білімділік, әсіресе кітапхана саласы ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте. Біздің кітапханамыз мектептің бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Біздің барлығымызға да ортақ міндет- әрбір оқушының өзінің керек кітабын тауып қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасау. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшелінеді. Себебі, кітапханамызда күн сайын жаңалыққа толы сәттер, жаңа келген газеттер, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар бізден кереккітаптарын алып қана қоймай, сонымен қатар өздеріне керекті кең мағлұматты кітапханашыдан алып жатады. Осылай кітапханамызда жұмыс күні жалғасып жатады. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады. Сөйтіп, кітапханашы мен оқырмандардың және ұстаздар, ата-ана, қоғамдық ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар жалғасады. «Білім мен тәрбие құстың қос қанатындай» - дегендей, бала бақыты білім. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді. «Тамыздығын тапсаң, тас та жанады» деседі халқымыз. «Тәрбие адам етеді, тәрбиесіздік надан етеді» дегендей дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық. Ыбырай Алтынсариннің «Туы бірдің түбі бір, жолы бірдің жүгі бір» деген аталы сөзіне ден қойсақ, бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар. Мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Терең білім мен қатар сапалы тәрбие беру- әрбір парасатты кітапханашының абыройлы борышы. Осы борышты мен Теректі ауылы № 30 орта мектебінің кітапханасында 2013 жылдың қазан айынан бастап атқарып келемін. Мектебіміздің кітапханасы шағын болғанмен, атқаратын қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Кітапханада көптеген жұмыстар атқарылып жатады. Көптеген іс-шараларға көрмелер, стендтер және альбомдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды қабылдау, кітап қорымен жұмыс жасау, оларды оқырмандарға насихаттап таныстыру.Мектеп кітапханасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Біріншіден, ол-кітапханалық норма мен ереже, екіншіден, ол-қазіргі заманға сай мектептің оқу тәрбие процессінің сұранымына толық жауап беруге тиісті.Мектеп партасында отырған жасөспірімдер мен бүлдіршіндерді рухани байыту – кітапхананың төл ісі. Сондықтан біздің кітапхана өзіне мынадай міндеттер қабылдайды:
  • Жан-жақты дамыған баланы тәрбиелеуге ат салысу;
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, оқу деңгейін көтеруге жәрдемдесу;
  • Мектептің педагог қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін көтеруге көмектесу;
  • Халқымыздың салт-дәстүрін, қол өнерін насихаттау.
Кітапханашы кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, компьютер технологияларын өз жұмысында пайдаланып, қолдана білетін, мемлекеттік тілмен қатар орсы, ағылшын тілдерін меңгерген, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс. Кітапханалар оқырмандарға жаңа дәcтүрде қызмет етіп, өздерінің жұмыс процесстеріне жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен ендіруде. Бұл кітапхана мамандарынан шеберлікті, жаңаша білімді, біліктілікті талап етеді. Кітапхана жұмысының алға қойған мақсаты да айқын. Ол- еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы: «Ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз керек», - деген сөздерін тірек те отырып, жас ұрпаққа түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап, жасөспіріпдердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойындағы ана тіліне бағытталған сүйіспеншілігін кітап оқу арқылы нығайту болса, міндеті:
  • Педагогтар мен оқушыларды оқуға тартуда тиімді жұмыс формаларын анықтау;
  • Оқушылардың ақпараттық коммуникативтік біліктері мен дағдыларын анықтау;
  • Ақпараттық жолмен оқырмандар назарына дәстүрлі емес кітап көрмелерін ұсыну.
Иә, кітапхана – кітаптар мекені. Кітап – білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.«Кітап – рухани азық» - дейді қазақ халқы. Кітап оқырмандардың жан-жақты білімін, ой-өрісін кеңейтеді. Сондықтан біз, мектеп кітапханашысы, «Білімнің бастауы – кітап», - дейді келіп, кітап мәртебесін көтерумен бірге мектептегі жаңалықтың жаршысы, елімізде болып жатқан әрбір уақиғалардың насихатшысы екендігімізді өз ұстанымызда көрсетуіміз керек.Мен кітапханашы болғаныма мақтанамын. Өйткені кітапханашы – мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – кітапханашы мамандығы.Олай дейтінім, осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таныдым. Менің түсінігімдегі кітапханашы – рухы таза, ой-өрісібиік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші. Жаңа заман талабына ілесу – әр кітапханашының міндеті деп білемін. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені кітапхана болса, кітапханашы – тілімізді, дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық дер едім. Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие құралы.Кітап – сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйретуші. Сендердің кітаптан үйренерлерің өте көп.сондықтан кітапты көп оқу керек. Кітап – алтын қазына. Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді. Сондықтан кітапты қастерлеп, қадір тұтыңдар, оны биікке қойыңдар деймін!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!