Материалдар / Эссе. Дені сау ұрпақ ұлт болашағы

Эссе. Дені сау ұрпақ ұлт болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұрпақтарымыздың денсаулығы үшін педагог пен ата-ана алдындағы міндеттер туралы айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2024
936
16 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе.

Дені сау ұрпақ ұлт болашағы

Адамзаттың мәңгі өмірде қалуы дені сау ұрпақтан болады. ХІХ ғасыр мен ХХІ ғасыр аралығында ұрпақ саулығы қаншалықты өзгерді. Қымыз-қымыран ішіп, балғын қозының етін жеп, құрт сорған,даладан құнарлы өсімдіктер пайдаланып өскен ата-бабамыздың денсаулығы әлдеқандай еді! Ал қазір ше? Чипсы жеп, кола ішіп, пісте шағып, темекі тартқан балалардың ертеңін біреу ойлар ма екен? Саудагерлер пайданы табуды көздесе, қалтасы жұқа ата-ана арзан, құрамында түрлі химикаттары толы тәттілерді сатып алады.Ал, еліміздің кейбір экологиясы өте нашар аудандарында тұратын балалардың жағдайы ше? Бүгінгі таңда, оқу орындарында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап емес пе? Денсаулық үшін күрес – әрбір адамның міндеті. Әлі оң-солын толық ажырата қоймаған мектептегі жас буынға сол міндетті насихаттау – біздің, педогогтардың парызы. Әр ұлттың денсаулық күтуде өз қағидасы бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 пайызы қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты екен.Денсаулықтың нашарлауы қозғалыс күшінің азаюы салдарына, қимылдың кемуі, дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндіріс және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар мен зиянды әдеттердің көбеюі себеп болады.

Бала денсаулығы - бұл оның биологиялық мәніне сәйкес келетін ағзаның өмірлік белсенділігі, баланың физиологиялық және жүйке-психикалық дамуының үйлесімді бірлігі (NPD), қоршаған ортаға функционалдық бейімделу және ауруларға және жағымсыз сыртқы әсерлерге төзімділігі. Педагог пен ата-ана бала денсаулығына ең алғашқы жанашырлар. Себебі мына технология, кибернетика заманында қозғалыссыз отыру, ұзақ уақыт ұялы телефонда отыру, таза ауамен тыныстамау, дұрыс тамақтанбау балалар үшін өте қауіпті. Сондықтан педагог өз сабақтарында балалардың бойында салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру қажет.

Дене қимылдарын жасау

Цифрлық ресурстармен жұмыс жасауға белгілі уақыт қою

Таза ауамен тыныстау

Табиғи өнімдерді қолдану

Жүйкесіне күш түсірмеу

Оқушылардың дені сау болу үшін ұстаздар оған жақсы дәстүрлер мен әдеттерді сіңіріп, салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі мен оны іске асырудың жолдарын үйретуі қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ