Материалдар / Эссе "Елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеймін"

Эссе "Елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеймін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілер үшін өте қажет. Эсседе 10 жылдық педагогикалық тәжірибем негізінде тәрбиешілерге бала тәрбиелеу кезіндегі ізденіс, жаңашылдық баяндалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
470
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе


Елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеймін


«Басқалар байқамағанды көре білу жетістікке жетудің негізгі кілті» Роберт Кийосаки.


Мен өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялай білетін педагог-тәрбиешімін. Балабақшаны жайқалып тұрған бақша деп есептесек, кез-келген бала гүл есебінде болмақ. Олай болса, сол гүлді баптап, күтіп-бағып өсіретін бағбан тәрбиеші емес пе? Гүл – бала, бағбан- тәрбиеші. Мен алдыма алғаш келген әрбір баланы ашылмаған сыр, құпия дер едім. Әр баланың жүрегіне жол табу қиынның қиыны. Бала болып күлу, бала болып ойнау арқылы өзіңнің жылы лебізіңмен сыйлы бола алмасаң, құр қаталдықтан дәнеме де шықпайды. Екіншіден «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» деген халық даналығын өзіме мақсат етіп алғанмын. Қалалық, облыстық сайыстарда бағымды сынап, жүлделі орындардан көрініп те жүрмін. Мәселен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби-сазды сайысында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша жүлделі І орын иелендім. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу мен сапалы білім беру ісіндегі ерен еңбегім үшін балабақша әкімшілігінен марапаттауға да ие болдым. «Зейін» ІІ Республикалық олимпиадасының, «ПОНИ», «URKER MITEC» ұйымдастырған конкурстарда І орын иеленіп, үздік педагог-қызметкер атағына ие болғанмын. Мен «үйренуден жалықпай, үйретуден аянбау» ұстанымын берік ұстанамын. Әр сабағымда жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізіп, білгенімді әріптестеріммен де бөлісіп, шеберлік сағатын, тәжірибе алмасу сабақтарын әрдайым өткізіп отырамын.

Тәрбиешінің әр күні ізденістен тұруы шарт мен үшін. Алдымдағы баланы әуелі мейірімділік пен шапағатқа, одан кейін ақыл мен парасатқа, соңында ғылымға, еңбекке баулу керек деп білемін. Бұл Ұлы істе жүргеніме міне биыл табаны күректей 10 жыл. Алдыңғы буын шәкірттерім облысымыздағы, республикамыздағы мен-мен деген мектептерде біліп алып, сан байқауларда шашасына шаң жұқтырмас жүйріктер сапында төбе көрсетуде. Менің шәкірттерім Республикалық сурет байқауы, ҚР Тәуелсіздігі мен Ата Заң күніне арналған байқауларда, зияткерлік марафондар, олимпиадалар мен түрі білім бәсекелерінде үздік шықты.

Жетістікке жеткен адам іс әрекет жасайды, жетістікке жеткісі келмеген адам бүгінгі ісін ертеңге қалдырады. Мен жанымдағы әр шәкіртіме иненің көзіндей болса да білім нәрін себуге тырысамын. Менің ойымша, тәрбиеші ұғымы арнаулы білімі бар адам деген құжаттың аясында қалмауы қажет. Бұл өте тар мағына мен үшін. Үлгілі, өнегелі, адамгершілігі мол, өмір тәжірибесіне бай адам ғана ұстаз атты ұлағатты атқа лайықты болады деген ойдамын.

Ізгілік жаршысы, еліміздің ертеңгі кемел азаматтарын тәрбиелеуші құрметті де қадірлі әріптестерім, сіздердің барлықтарыңызға өз істеріңізге жауапкершілікпен қарап, ұстаздық жолдағы Ұлы белесте қанаттарыңыз талмасын деген тілек білдіргім келеді.


Сандигул Сонговай, Павлодар қаласы №19 балабақша тәрбиешісі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ