Эссе; Хамза Есенжанов

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе; Хамза Есенжанов

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар жетістігін толықтыру үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ-нің

11 «А» сынып оқушысы

Ибраева Алина,

жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нурмуханова Венера Султановна



Эссе «Хамза Есенжанов»

О, пенделер, көзіңді ашып қарашы,

Алыс емес,

Тал бесік пен тар бесіктің арасы.

Қас-қағымдай мына қысқа өмірде,

Бір-біріңе ғашық көзбен қарашы

Әдебиетiмiздiң тарихында өзiндiк орны бар белгiлi қаламгер

Хамза Ықсанұлы Есенжанов қазақ халқына талай тың дүниелер сыйлады. «Ақ Жайық» трилогиясы кезiнде оқырманды елең еткiзген кесек туынды болатын. Көрнекті жазушы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының иегері Хамза Есенжанов кесек туындыларымен қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосқан дархан дарын иесі. Хамза Есенжановтың қиын да қызық шығармашылық тағдырына көз тоқтатып, көңіл аударар болсақ, оның қолынан шыққан өнер туындыларының өзіне тән ерекшеліктерін байыптап байқасақ, бәрінен бұрын жазушының қаусырымы мол эпикалық құлашын аңғару қиын емес. Көрнекті қаламгер есімін бүкіл қазақ жұртына, оқырман қауымға «Ақ Жайық» романы танытса, толқыны жағаға соққан асау

Жайық өңірінің Алашорда кезіндегі тарихи өмірі, халық шежіресі

жазушы Хамза Есенжанов арқылы танылды десек артық айтпаймыз.

Осы күнгі әдебиеттану ғылымы кемеліне келген ғылым. Өйткені,

орыс тілінде де, қазақ тілінде де әдебиет тарихы ғылыми түрде әлдеқашан жазылып, айнала жұмырланып, ғылым біткеннің жалпы өрлеуіне сай келетін пәнге айналып кетті. Сонымен бірге оның төл теориясы мен ғылыми сыны да көңілге толымды дәрежеде. «Ақ Жайықтың» бас қаһармандары қандай десек: Оралда 1918 жылы бірінші облыстық Совдеп құрған жандар. Олардың басшысы Петр Дмитриев Орал гимназиясының оқытушысы, Петроград пролетариатының өкілі. Бірнеше жыл каторгада болып, айдалып келген большевик. 1861 жылы құлдықтан құтылған Ресей қарашекпенінің баласы. Екіншісі юрист Бақытжан Қаратаев. Үшінші Доссордың жұмысшы мектебінде істейтін мұғалім Павел Червяков. Жұмысшы Петр Парамонов, Меңдігерей Есмағамбетов, Әбдірахман Әйтиев, солдат Иван Белан…Совдептің тұңғыш председателі, жалынды үгітші, шешен Дмитриев Оралдың атамандар басқарған әскери үкіметінің қолында өлім жазасына кесілген түні у ішіп өлді. 23 Совдеп мүшесі дарға асылды.

Халық қозғалысында түрлі топтардың күреске шығатыны анық.

«Ақ Жайық» романында жалшы, балықшы, егінші, орыс, қазақ

шаруалары сол ұлы кезеңнің шындығына сай теңдік жорығынан өз орнын алған сияқты. Қарсы тараптан бейнеленген генералдар мен атамандар, қазақтың буржуазияшыл оқымыстылары, байлары мен старшиналары тұрмыста қандай болса, кітапта да өз рольдеріне шақ бейнелерін тапса керек... Көркем әдебиет қаһарманы өмірде болған қайраткерлердің құр

көшірмесі емес деген пікірді ескерттік. Қажырлы Әйтиев пен Меңдігерей Есмағамбетовтің, Белан мен Гречконың бейнелері көркемдеу құралымен сырланған, жұмырланған бейнелер. Алайда, тарихи шығарманың салыстырмасы қасында тұрады. Ол тарихи (ғылыми) еңбек. Сондықтан көркемдік дәлдік тарихи дәлдіктен алшақтауға жол жоқ. Әйтпесе, шығарма нанымдылық деген сөздің астары сынды. Сол үшін жалғыз ғана адам бейнесі емес, жердің, судың айнала қоршаған тіршілік шеңберінің бәрі танымал болуға тиіс.

Хамза Есенжанов екінің бірінің батылы бармайтын үлкенге құлаш сермеді, әдебиетіміздің нар жүгін арқалауды ниет етті. Әдебиетіміздің бағына орай, осы екі тілегі де орындалды. Жазушы халық өмірін кең қамтып, тұтас бір тарихи кезеңнің панорамасын жасап қана қойған жоқ, ол ел тірлігіне терең бойлап, оның қалың қабатына ой жүгіртіп, түрлі сырларын ашты. Естен кетпес көркем бейнелер, ұрпақтан ұрпаққа жетерлік, тозбайтын, өлмейтін ұлттық мінездемелер жасады. Хамза Есенжанов қоғамдық өмірге де белсене араласты. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, «Жұлдыз» журналының редколлегиясының мүшесі болды, жас әдебиетшілерді тәрбиелеуге көп күшін жұмсады. Жазушының шығармашылық қызметін партия мен үкімет жоғары бағалады. Ол

Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен марапатталған. Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды . Осындай тамаша шығармашылық және қиын тағдыр иесі болған Хамза Есенжанов қазақ әдебиеті төрінен алатын орны қашанда биік, парасаты жоғары. Алмағайып заманда өмір кешіп, өзі туған өңірдің тұтас бір тарихи кезеңі мен тұлғаларын мәңгілікке сомдап кеткен дархан дарын, пайымды парасат иесі ұрпақтар есінде мәңгі сақталып, шығармалары мәңгілік рухани мұра болып қала береді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
914
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі