400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе ХХІ ғасыр ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға алғаш мұғалім туралы эссе жазғызғанда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ХХІ ғасыр ұстазы: мінсіз және білімді» (эссе)

ХХІ ғасыр – ақпараттар ғасыры. Өйткені осыған дейін ғылым мен басқа салалаларда ашылулардың барлығы ашылып болды. Ендігі басымдық адами құндылықтарға берілуде. Бұл дегеніміз – заманға сай ақпараттарды барынша сіңірген, жаңаша біліммен қаруланған мінсіз адамның ғасыры туды деген сөз. Ал осы жерде мінсіз тұлға қайдан шығады, оны кім тәрбиелейді деген заңды сұрақ туындайтыны сөзсіз. Бұл мәселеде шешуші де басты жауапкершілік мұғалімдерге келіп тірелетіні даусыз. Себебі, келешек ұрпақтың кемелденуіне ең жауапты тұлға – біз, яғни, мұғалімдерміз.

Қазіргі таңда біржақты білім беріп, нәтижеге жетуге болмайтынын бәріміз де жете түсінуіміз керек. Неге десеңіз, бүгін берілген білімнің ертеңге жетпей ескіріп қалып отырғаны жасырын емес. Әлемдік өркениет көшіне ілесеміз десек, өзіміз соған лайықты ұрпақ тәрбиелей алуымыз қажет. Бұл жерде мәселе тағы да мұғалімнің кәсіби білімі мен білігіне келіп тіреледі. Заман талабына сай шәкірт тәрбиелеу үшін өзіміз сол талапқа сай болуымыз керек. Яғни, өзіміз мінсіз болуымыз керек.

Мінсіз мұғалім: ол – кім және қандай болуы шарт. Енді осы мәселе жөнінде аз-кем ой өрбітсек... «Мінсіз» сөзіне тілдік тұрғыдан кемшілігі жоқ, талапқа сай, әмбебап деген түсініктеме беріледі. Сонымен, мінсіз мұғалім деп, менің ойымша, тек білімді болып қана емес, сол білімді шәкірттеріне дарыта білетін, жан-жақты әдіс-тәсілдерді меңгерген, сол әдіс-тәсілдерді тиісінше сәтті қолдана алатын, сабағына сабақ деп емес, оқушының болашағы деп қарайтын кәсіби маман.

Мінсіз мұғалім: білім беруге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін әрі бағдар беретін; сабақта әрбір оқушының нені қалайтынын сезіне алатын; оқытудың басты мақсатын анық білетін және мақсатқа қол жеткізу жолдарын терең түсінетін; дайын білім мен идеяларды ұсына салатын емес, оқушылардың сол білім мен идеяларды өздері ала алатындай жағдай туғыза беретін маман деп білемін.

Қазір бір қалам, бір дәптермен кіріп сабақ өткізе салатын заман емес. Мұны ұстаз да біледі, оқушы да түсінеді. Сондықтан мінсіз мұғалім оқушымен ойы үндесетін, бірлескен іс-әрекеттің нәтижеге бағытталуын қамтамасыз ете алатындай болуы керек. Бұл жерде оқушының қалауы мен білімнің берілуін біріктіре отырып оқыту қажет. Сонда ғана біздің сабағымыз қызықты, сонымен бірге нәтижелі, мазмұнды болары анық.

Қазақтың баласы әлемдегі кез-келген халықтың (немістің, ағылшынның, кәрістің, сингапурдың, т.б) балаларынан кем емес, керісінше, ұлттық тамырдан ажырамаған, тарихын сыйлай білетін, ұлтжанды екені барша әлем мойындаған аксиома. Ендеше, осындай ұлы халықтың ұрпағы неге әлемдік көшке ілесе алмауы керек? Сондықтан, біздер, мұғалімдер, мойнымыздағы ұлы мақсат жолындағы зор жауапкершілігімізді сезіне отырып, болшақ ұрпақтың білімді болуы үшін барынша еңбектенгеніміз жөн. Әйтпесе, бүгінгі ұрпақ біздің жіберген қателігімізді ешқашан кешпейді.

Бастауыш сынып мұғалімі: А.Е.Сакипкалиева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
1850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі