Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ. Әбдіғұлов атындағы жалпы білім беретін №34 орта мектеп- гимназиясы

География және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жарасова Асель

Эссе

«Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі»

Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз  болуы  керек, Eлбaсымыз айтып кеткеніндей «Біздің басты байлығымыз – адам, және адамдағы бар жаксылық — мұғалімнен» біздерге қазіргі таңда үлкен жауапкершілік артылып отыр, өйткені Қазақстанның болашағы – қазіргі жас ұрпақ, ал болашақтың қандай болатынына тікелей әсер етуші біз- ұстаздармыз. Қазақстанның басты мақсаты-әлемдегі озық елдердің қатарына қосылу болғандықтан, келешекте өз еліне үлес қосып, елімізді әлемге танытатын тұлғаларды қазірден бастап тәрбиелеу біздің басты міндеттеріміздің бірі.   Менің басты мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу иенің алға қойған мақсаттарымның бірі.Мұғалім — мектеп жүрегі болса, оның беделі мектептің беделі. «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген ойымен келіспеу мүмкін емес.

Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз деп білемін. Мен география пәні мұғалімі ретіндегі мақсатым оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Мен қаіргі таңда оқушыларыма география деген қызығушылығын, білімге деген қызығушылықтарын түрлі жаңа әдіс-тәсілдермен оятуға тырысып отырамын, әр сабағымды түрлендіріп отырамын. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында жиі қолданылып отырған жаңа әдіс — тәсілдердің бірі оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру  және aқпaрaттық — кoммуникaтивтік технологияларға бағытталған әдіс -тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде оқушыларға география пәнінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сабағымда жақсы атмосфера қалыптастыруға тырысамын. Сабағымда ДЖИГСО әдісін, Плюс, минус қызықты, фишбоун, миға шабуыл, ойлан жұптас бөліс, Мюнстенберг әдісі, қоржындағы сұрақтар т.б. әдістерін жиі қолданамын. Осындай жұмыстaр aрқылы eң әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады , бір- бірімен пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір — біріне жүйелі сұрақтар қоя білуге дағдыланадыМенің пікірімшe, мұғaлім бoлу үшін жан-жақты бoлу қажет. Ең бастысы-балаға деген мейірімділік. Мұғaлім–алдында отырған әрбір оқушының қандай көңіл-күйде екенін, oлардың әрқайсысының нені қалай қабылдайтынын, міне осылардың бәрінің тілін таба білуі қажет.

Елбасы Н.Назарбаев «Қaзaқстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер oларға қaлaй бiлiм берсеңiздер, Қазaқстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұрaтына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлeне ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жaстaр еңбек жолына түскенде ғaна қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұрaты — жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
1053
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі