400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Эссе жазудың тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бітіруші 11-сынып оқушыларын қорытынды емтихан кезінде эссе жазуға дайындау үшін, түрлі сайыстарға енген эссе номинацияларына дайындау үшін ұстаздарға арналға іс-тәжірибе жинағы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Талапкер ауылының жалпы орта

білім беретін мектебі

Байсеркеева Ж.Т.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





Эссе жазудың тиімді жолдары

Өркениеттер өрге қарай қарыштап дамып жатқан заманда білім саласы да кенже қалмақ емес. Күн өткен сайын бұл салада да тың жаңалықтар, тосын идеялар орын алып келеді. Ол ұрпағымыздың әлемдік дәрежедегі биік ареналарды бағындыруына жетелейді. Осы тұста әлемдік деңгейде түрлі салаларда, тіл білімі бағытында негізі қаланған шығармашылық жұмыс эссенің алар орны ерекше. Оқушының ой-санасы, біліммен қаруланған әрбір азамат эссе жаза алу қабілетімен ерекшеленеді. Міне, сондықтан еліміздің білім саласында да пәндік олимпиадалар, түрлі сайыстар, тіпті, ғылыми зерттеу жұмысының өзінде де эссе жазу бөлімі бар. Жоғарғы оқу орындары да арнайы гранттар үшін эссе жазу конкурстарын ұйымдастыруда. Ал мектеп бітіруші 11-сынып түлектері үшін мемлекеттік емтиханда міндетті түрде эссе жазады. Орта білім беру мекемелерінде эссеге арналған элективті курстар берілгенімен, министрлік бекіткен арнайы оқулық, көмекші құрал жоқтың қасы. Ғаламтор ақпараттары ғылыми тілде немесе тікелей аудармалар арқылы берілгендіктен меңгеру де қиындық туғызады. Семинарларда, түрлі сайыстарда оқушылардың эссе жазу кезінде абдырап, ұстаздардың да көп қиналатынын байқадым. Сондықтан 11-сынып білім алушыларына арнап «Эссе жазудың тиіміді жолдары» атты іс-тәжірибемді жарыққа шығардым.

3 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында, дарынды оқушылармен жұмыс барысында эссе жазуға үйретудің түрлі жолдарын қарастырдым. Түрлі курстар оқыдым. Республикалық деңгейде эссе жазудың майталмандарымен тәжірибе алмастым. Сөйтіп, эссе жазудың тиімді жолдарын іріктедім. Нәтижесінде шәкірттерім облыстық, республикалық пәндік олимпиадар мен түрлі сайыстардың жеңімпаздары атанып жүр. Тіпті биыл ғана мектеп бітіріп, ақылы оқу орнына түскен бір оқушым эссе жазып, грант ұтып алды. Міне, осындай жетістіктерге жету жолындағы түрлі әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибемде жинақтап, «Эссе жазудың тиімді жолдары» деген тақырыпта әдістемелік көмекші құралымен бірге бағдарлама жасап шықтым.

Бұл курстың мақсат-міндеті оқушылар тақырыпты түсінуге жетелеу. Кілт сөзді анықтап, кілт сөзге түсінік беру маңыздылығы, тезис жайлы толық ақпарат беріп, тезис қоюға бейімдеу. Эссе құрылымының әр бөлігі бойынша жан-жақты ақпарат беру. Эссе түрлерімен таныстырып, олардың әрқайсысына эссе жазғызып үйрету. Ал эссе жазу оқушыны сыни ойлауға, жұмыс барысында бастан-аяқ логикалық бір ізділікті сақтауға, өзіндік көзқарасын білдіріп, аргументтер мен фактілерді орнымен қолдана білуге, анализ жасауға, ойды түйіндей білуге үйретеді. Сонымен бірге көп ізденуге, қолданар ақпараттарды сараптап, жүйелі түрде, нақты беруге бейімдейді. Оқушыны эссе жазуға үйрету тек жазылым барысында ғана емес, сонымен бірге дебаттық сайыстарда да өз пайдасын тигізеді. Эссе түрлерін, талаптарын, эссе жазудың тиімді жолдарына «Бір сөйлем» әдісі, «20 минут» техникасы, ПОПС формуласы, «Фрайер» әдістерінің алар орны ерекше. Өз көзқарастарын қалыптастырып, сыни ойлауға жетелейтін, DEAL, FILA әдістері, «Мені жалғастыр»т.б. ойындардың, дебаттық сайыстардың берер көмегі зор.



Shape1

Осындай түрлі әдіс-тәсілдерді оқушыларды жалықтырып алмайтындай етіп әр тақырыпқа сай етіп жүйеледім. Білім алушы өз жетістіктерін анықтау үшін әр тапсырмаға мақсатқа сай дескриптор құрдым. Соңында әр сабақтың өтілуіне байланысты кері байланыс ұсындым. Сонымен бірге практикаға баса назар аудардым. Тәжірибе болмай тек теориямен шектелу нәтиже бермесі анық.

Бағдарламаны жүргізу кезінде білім алушыларға қойылатын талаптар, ұстаз үшін қысқаша әдістемелік нұсқау, курс барысында қолданылатын әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Аталған бағдарлама 11- сынып оқушылары үшін 34 сағатқа құрылған, аптасына бір сағат.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
06.12.2023
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі