Материалдар / Эссе жазуға үйретудің оңтайлы әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе жазуға үйретудің оңтайлы әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе туралы мақала
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе жазуға үйретудің оңтайлы жолы

Қазақ тілі - Қазақстанның бірден-бір мемлекеттік тілі. Сондықтан елімізді мекен еткен барлық, мейлі ол басқа ұлт өкілдері болсын, Ата Заңымызда атап көрсетілген мәртебелі тілді білуге, білмесе – үйренуге, оны күнделікті тірлікте пайдалануға тиісті.Ең алдымен, мектеп ұстаздары, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жас жеткіншектердің ­санасына, олардың жан дүниесіне осы бір қастерлі ұғымды қалай да сіңіре білуі қажет?

Еліміздегі жалпы орта білім беретін мектепті бітірген түлектер қазақша сөйлеп, түсіне білгенін қанағат етіп қана шықпауы керек. Оның уақыты өтті. Бүгінгі таңдағы мектеп бітірушілер мемлекеттік тілде сауатты жаза білетін, өз ойын, танымы мен парасатын жинақы түрде жеткізе алатындай дәрежеден табылуы қажет. Қазіргі кезде күн тәртібіне өткір түрде қойылып, айтылып жүрген функцио­налдық сауаттылықтың бір ұшы осында жатқан тәрізді.
Білім және ғылым ми­нистр­лігінің №509 бұйрығында атап көрсетілгендей, негізгі орта білім курсын аяқтаған 9-сынып оқушыларының тапсыратын мемлекеттік емтиханында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша эссе жазу сынағы енгізілді. Мен, өз басым, осы шешімді оң қабылдадым. Өйткені эссе жазу арқылы оқушы тілді меңгерудегі сауаттылығын көрсетіп қана қоймайды, ұстамды ой айтуға, өз пікірін дұрыс-бұрыстығына қарамай, бүкпесіз жеткізуге мүмкіндік алады. Осы сынаққа оқушыларды бастауыш сыныптардан, содан кейін аралық сыныптардан бастап жаттықтыру керек.
Оқушының берілген тақырыпты қаншалықты түсін­гендігін кіріспе бөлімінен-ақ айқын байқауға болады. Эссенің негізгі ой желісінде оқушы келтірген дәлелдері мен аргументтері арқылы өз ойын ашық та анық көрсетуге талпынады. Кейбір оқушылардың оқшау ойлары да, оқыс пікірлері де негізгі бөлімде көрініп жата­тындықтан, эссенің шыншылдығы мен әсерлілігі арта түседі. Сыныпта кейде көзге түсе бермейтін оқушылардың арасынан эссе жазуға келгенде ерекшеленіп шыға келетіндері де бар. Осы жерде ол баланың бойынан шығармашылық қабілеттің, тіл мен әдебиетке бейімділіктің жылт еткен ұшқынын байқап та қалуға болады...
Эссенің қорытындысында кіріспе мен негізгі бөлімде айтылған ойлардың тобық­тай түйіні, шағын шығарма иесінің ұста­нымы, жеке көзқарастары, сыни пікірлері мен ұсыныстары көрініс табады.
Жалпы эссе жанры балалардың белгілі бір тақырыпқа қатысты өзіндік көзқарасы мен позициясын айқындап, өмірде тұлға ретінде қалыптасуына әсер етері сөзсіз. Осы себептен де, өз басым эссені оқушының жазу өнерінің қыр-сырын мектеп қабырғасында жүріп үйренуіне септігін тигізетін бірден-бір ұтымды да ұшқыр, жинақы түрдегі ыңғайлы жанр екендігіне көзім жете бастады.
Мен ұстаз есебінде ең алдымен, эссе жанры­ның табиғатын, шығарма жазудан айырма­шы­лығын, әрі-беріден соң білген адамға оның өте оңтайлы екендігін жүйелі түрде түсін­діруге күш салдым. Көп ұзамай-ақ нәти­жесі айқын көрінді. Жанр сырын тез түсініп, жап-жақсы дәрежеде эссе жазуға қол жеткіз­ген шә­кірт­терімнің шағын туындыларын сынып болып талдап, талқылай бастадық. Мұның өзі оқушылардың пікір алуанды­ғын қалып­тас­тыруға, әріптестерінің көзқарастары мен ұсы­ныстарын сыйлай білуге, бір сөзбен айт­қанда, дискуссия мәдениетін игеруге септігін тигізді.
Нәтиже беретін қандай да болмасын әдіс-тәсіл тар шеңберде, бір мұғалімнің жетістігі деңгейінде қалып қоймауы керек. Өз тәжірибем бойынша оқушыларды эссе жазуға баулудың оңтайлы тәсілдерімен бөліскім келді.

Эссе жазу туралы жалпы түсінік

Эссе – адамның (оқушының) өзі ойлаған, оны толғандырып жүрген немесе жалпы ұсынылған тақырып туралы жазбаша берген шағын шығармашылық жұмысы, тақырып бойынша өзіндік көзқарасы. Эссе шығармашалық өздік жұмыс болғандықтан, тақырыптық ой (идея) аяғына дейін сақталуы тиіс, тақырыптан ауытқуға болмайды.
Эссе жазғызудың мақсаты – таңдалған тақырып немесе көңілде жүрген мәселе бойынша оқушының ойды логикалы түрде нақты жеткізе білуін және тақырыпты аша білуін анықтау.
Эссе жазғызу міндеті – оқушыны ойын жеткізе білуге дағдыландырып, тереңдетіп дамыту.

Эссенің құрылымдық, өлшемдік сипаты:
Кіріспе – 30%;
Негізгі бөлім – 50-60%;
Қорытынды – 10-20%.

Мазмұндық өлшемдері:

- эссе мазмұны таңдалған тақырып (мәселе) бойынша нақты баяндалуы тиіс;

- қарастырылған мәселе (тақырып) қысқа өлшемде нақты ашылуы тиіс;
- ой ашық, деректер дәл берілуі тиіс;
- оқушының өз тілімен, мәнерімен, бірақ әдеби тіл нормасы сақталып, тіл мәдениеті негізге алынып жазылуы қажет.
- эсседе сілтеме көп қолданылмауы тиіс.


Эссенің сандық өлшемі:
5-сыныпқа - 70 -80 сөзден; 6-сыныпқа - 80-90 сөзден; 7-сыныпқа – 90 - 120 сөзден; 8-сыныпқа 150 – 170 сөзден; 9-сыныпқа – 180-200 сөзден; 10-сыныпқа – 200-300 сөзден; 11-сыныпқа 300-400 сөзден тұратын эссе жазғызылады
7-8-сынып оқушылары жазатын эссе
кіріспе – 40-45 сөз; негізгі бөлім – 70-80 сөз; қорытынды – 50-60 сөз.

Эссе құрылымы мен жоспары: 
Эссе құрылымы оған қойылған талаптарға сай анықталады: 
1) белгілі бір мәселеге қатысты эссе авторының ойы қысқаша тезис үлгісінде беріледі (Т);
2) ой дәлелдермен бекітіліп отыруы қажет, сол үшін тезистен соң дәлелдер (аргументтер) (А) беріледі. 
Дәлелдер (аргументы) — бұл қоғамдық өмір фактілері, құбылыстары, оқиғалар, өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдар пікіріне жасалған сілтемелер және т.б. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік танытуы ықтимал
Сонымен, эссе бірінен бірі туындайтын сақиналы құрылымды болады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдалып алынған жоспар мен логикаға, ойдың дамуына байланысты). Сонымен, эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады.
Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы. Қандай да бір қатаң шек қойылмайды. Әрине, белгіленген норма бар, дегенмен, қатып қалған ештеме жоқ.

Бірінші абзац – әдеттегі кіріспе, ол эссенің жалпы көлемінің 30%-нан аспауы керек. Кіріспе оқушыға эссені әрі қарай оқуға түрткі болуы тиіс. Ол үшін философиялық шығармалардың жолдарын, деректерді, цитаталарды, сұрақтарды қолдануға болады. Кіріспеде эссенің негізгі ойы айтылып, оның мазмұны негізгі бөлімде толық ашылуы керек.

Негізгі бөлім. Ол эссенің жалпы көлемінің 50-60%-ын құрайды, онда эссенің негізгі идеясы ашылып жазылады. Оны нақты деректермен, жарқын сипаттамалармен, ой толғаулармен, цитаталар немесе өзге де ақпараттармен толықтырған жөн.

Эссенің соңғы бөлімі - қорытынды. Ол эссе мәтінінің 10-20%-ын құрайды. Қорытындыда өз әлеуетіңізді, тұжырымдарыңызды, проблемаға көзқарастарыңызды, оны шешу мүмкіндіктеріне байланысты өзіңіздің ұсыныстарыңызды және т.б. көрсетуіңіз керек.

Жаңа форматты сынаққа дайындық факультативтік сабақта осы мәліметтерді түсіндіруден басталды. Қыркүйек айында «XXI ғасырдағы ээссенің рөлі» тақырыбында ой толғау тапсырылды. Оқушылар бұрын техникалық бағыттың басым болғанын, ендігі жерде шығармашылыққа басты назар аударыла бастағанын тілге тиек етті. Төменгі сыныптарда Тіл ұстарту сабақтарында әңгіме, өлең құрастыру, өлеңді қара сөзге айналдыру немесе керісінше, сурет бойынша әңгіме т.б. жұмыстар атқарылатын. Жоғарғы сыныптарда СТО технологиясының «Сезімнен туған өлең», РАФТ, Ортада қаламсап, Венн диаграммасы т.б. рөлі жоғары. Эссеге дәйектемеге қажетті мәліметтер, афоризмдерді жаттату үшін 11-сыныптық қазақ тілі оқулығындағы жаттығуларды тиімді орындату керек. Тәуелсіздік туралы, билер еңбектері жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың, сөз зергері Ә.Кекілбаев көсемсөздерінен үзінділер жаттатып, оралымды ойларды төл сөзге айналдыруға тапсырма беремін. Диалогті оқиғаларға бай мәтіндерден («Құмырсқаның қанағаты», )мазмұндама жаздырып, сауатылықтары тексеріледі. Сол мәтіндерді ауызша баяндату арқылы сөйлеу шеберлігі қалыптастырылады.

Егер эссе көлемі 150 сөз болса Кіріспе мен Қорытынды бөлімі 50 cөзден, Негізгі бөлім 150 сөзден тұрады. Эссе шартында тақырыпты ашу үшін Негізгі бөлімнен бастаған жөн. Ол үш тезистен, әр тезис екі дәлелдемемен сипатталады. Одан кейін сол екпінмен жұмыс қорытындыланады. Ең соңынан кіріспесі жазылады.

Эссеге дайындық кезінде берілген тақырыпқа әуелі үш тезис құрастырамыз. Мысалы, «Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі» деген тақырыпқа тезистерді былай деп алдық.

1.Денсаулық – адам тіршілігінің басты байлығы... салауатты өмір сүрудің маңызы туралы (екі дәлел)

2. Ұлт саулығының тірегі-рух саулығы ( екі дәлел) (салыстырулар, балаға әсері, ықпалы)

Келесі жұмыс - тезистерге дәлелдемелер келтіру тапсырылды. Содан соң топ болып қорытынды және кіріспе жазды. Үйге тапсырма: эссені толық жазып келу

Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды: 


Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).
Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады.

Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған жөн. 

Пайдаланылған әдебиет:

1. «Эссе жазу әдістемесі» Ғаламтор материалдары
2. Иманбекова Б. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс.-Алматы,
2003.-136 б.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!