Материалдар / Эссе «Жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті»

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, бүкіл елдің бүгінгі таңдағы бас ауыртарлық проблемасы. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсініктің өзі «параға сатып алу”деген мағынаны білдіреді. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу,яғни лауазымды адамдардың сатқындығы деп сипаттайды.Ал өзіміздің ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Мейлі орыс тілі сөздігі, қазақ тілі сөздігі болсын жемқорлыққа бір-ақ анықтама.Ол-сатқындық.

Сыбайлас жемқорлық әдетте күшті әрі зиянды жағынан кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсерін тигізеді.Оның қауіптілігі сонша, біріншіден, билік басындағы адамдар жеке басының қамын көздеп , мемлекеттік саясатта өз айтқандарын жүргізеді,екіншіден, мемлекеттік бюджеттің табысын азайтып, тығырыққа тірейді,үшіншіден билікке сенімсіздік қасиетін туғызады,тіпті адамгершілікке де қауіп төндіртеді.Себебі, адамдар санасында,әсіресе жас ұрпақтарда, жақсы өмір сұру ,өмірдің рахатын көру-ол халықты жеу,пара алу, өз лауазымын асыра сілтеп пайдаланып,өз қара басының өамын ойлау деген түсінік қалыптасуы әбден мүмкін.

Қазіргі таңдамұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау, емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын ретінде шоколад беру , жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, мұнің барлығы пара берумен тең.Пара берудің арқасында қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алады.

«Шындық жоқ жерде сұмдық көп» деген осы.

Сөзімді қорытындылай келе жемқорлық- қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.Осы арада бізге жүктелген міндет ол- жемқорлықпен күресу. «Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда барады» демекші,бізден кейінгі ұрпаққа әр ата-ана,аға, әпке үлгі-өнеге берсе,адалдыққа,даналыққа,дұрыс жолдан таймауға үйретсе- міне біздің баянды болашағымыздың кепілі.

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер,ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!