Материалдар / Эссе: Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе: Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе: Ж.Молдағалиевтің " Мен қазақпын" поэмасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2019
3391
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасындағы

рухани жігер, ұлттық код ұғымдарының

көріністерін дәлелдеп жазыңыз.


Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы - «Мен қазақпын» поэмасы. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы болды.

Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркем деп жырлап білді. Әсіресе, еліміз егемендік алып, қазақтығымызды, оның азаматтық жолындағы «Мың өліп, мың тірілген» күндерін еске алғанда, Жұбан аға жыры тым бүгінгіше естіледі.

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде табыстым мұң тілімен,

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімен түн түрілген, - деген өлең жолдарында ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің «Қазақ» екенін ағынан жарала ерекше шабытпен жырлауы – оның ерекшелігі бір көрінісі десек қателеспейміз.

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағаның, бірақ зарлық бәріне төтеп беріп, елдігі мен салтын сақтап қалғанын мақтана асқақтата жырына қосады.

...Қарсыласпай өлмедім,қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан қайта тұрдым,

Сансыз басты дидай сан сүміріп,

«Мен - қазақпын» дегенді айта тұрдым», - деп, оқырманды жігерлендіре түссе, енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді.

...Күй емес пе, батасыз нар идірген?

Ән емес пе, аққудай жар ілдірген?

Жыр емес пе, жүрекке жел бітірген?

Олар барда қалайша тарылды іргелі? - деп қазақ халқының ән-күйінің даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында:

Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін, жер күндікті,

Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең

«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті,- деп бүгінгі егемендікті жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске-

Айта бергім келеді, айта бергім,- деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезімін, ақындық даңқын көтере түседі.

Қорыта келе, қазақ болып өмірге келіп, сол қазақтың жоғын жоқтап, қуанышына ортақтасуды осы өлең арқылы танитынмыз. Ұлан ғайыр еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығын сақтап, болашақ ұрпаққа көздің қарашығындай қалдыруды бізге Ж.Молдағалиев өсиет етіп, бойымыздағы патриоттық рухты оятып кетті.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!