«Жұбан Молдағалиев-дала жыршысы» Манасбаева Асылжан Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы Сұрыптау бекеті, «№ 137 негізгі орта мектебі»КММ 6 «А» сынып оқушысы Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Т. Ташмагамбетова
"Жұбан Молдағалиев өлеңдері - мол дүние, әрі алуан сипатты сырлы жырлар"(М.Әлімбаев ). Дала жыршысы, 1920 – 1988 жылдары өмір сүрген қадірлі азаматымыз, ақын – Жұбан Молдағалиев рухына бас ие отырып,биік белес ақынымыздың шығармашылығына көз жүгіртейік. Ақынның өз елінің тәуелсіздігін көрсем деген арманның жүзеге асқандығын,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезіндегі сурылып шығып, өз пікірін, ойын айта білгендігін де білеміз. Ұлы Отан соғысына қатысты. Алғашқы өлеңдері 1939 жылы газет бетіне басылды. Алғашқы жыр жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы шықты. Жұбан Молдағалиев қаламынан туған «Мен – қазақпын», «Кісен ашқан» тағы да басқа поэмалары үшін ең жоғарғы деңгейде жазылған. Ақын қазақ халқының тарихы туралы «Мен – қазақпын» атты толғауында қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады. ...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым, Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым. Сансыз басты диюдай сан тіріліп, "Мен — қазақпын" дегенді айта тұрдым, — деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрып" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізді. Енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді: ....Күй емес пе, ботасыз нар идірген? Ән емес пе, аққудай жар ілдірген? Жыр емес пе жүрекке жел бітірген? Олар барда қалайша тарылды іргем? — деп, қазақ халқының ән-күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді, Текке қанын төккен жоқ Аманкелді. Кең далаңда керіліп, атыңды атап Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді... — деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті сақтауға үндейді. Мен — казақпын қаныммен, сүйегіммен. Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен, — ... Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып. Қазақстан гербі де, жалауы да, — деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады. Қалың қазақ Қастерлейді Жұбанын, Жырларымен Қандырған ел құмарын.Сара сөзден Сұлу сарай тұрғызып,Өз қолымен Жаққан сөнбес шырағын- деп дала жыршысы «Жұбан ақын жырлары біздің өмірімізге тарихи із қалдырғанымен ерекшеленеді, оның жырларында Отанға деген Сүйіспеншілік, туған жеріне деген сағыныш, анаға, қазақ әйеліне деген сыйластық, болашақ қазақ елінің қасиеті арқылы көрініс тапқан».Жыр қыраны Жұбан ақын мәңгі жасай бермек!