«Көзқарас»
Эссе «Балалардың тәрбиесіне –
тәрбиешінің көзқарасы»»
Рахимбекова Айжан
Асылхановна
«Ақбота»
балабақшасы
2018
жыл
Эссе. «Балалардың
тәрбиесіне – тәрбиешінің көзқарасы»
«Не ексең соны орасың» деген
қазақта сөз бар. Мұның бала тәрбиесіне қатысып айтар болсақ,
жастайынан қандай тәрбие берілсе, сол оның өмірдегі ірге тасының,
қалануы. Дүниеге шыр етіп келген бала алдымен анасымен әкесінен
тәрбие көрсе, келесі кезекте балабақшадағы тәрбиеші деп көп нәрсе
үйренеді. Тіпті алғаш сөйлеуі, өз бетімен қасықты ұстап тамақтануы,
былдырлаған тілдерінде төрт жол тауып айтуы – мұның бәрі
тәрбиешілердің үлесінде. Балалабақшаға келгенде, бүлдіршін ол
ортаны жатсынып, айналадағыны бөтенсінеді. Сол кезде, өзім тәрбиеші
болып қызмет атқарып іс – тәжірибемнен білемін, баланы неғұрлым
мейірлене өзіме жақындатсам, соғұрлым ол соған дағдыланады. Яғни,
тәрбиешінің мейірімділігі оның сөзінен ғана емес, көзінен көрініп,
шуақ төгіліп тұру керек. Кез – келген адам өзгенің баласын, өз
баласындай көріп, бауырына тарта алмайды. Ал осы қасиет тәрбиешінің
бойында болуы шарт.
Балабақша – бала тәрбиесін
қалыптастыратын шағын үй болса, тәрбиеші - баланың «екінші анасы»,
тәрбие тәлімі дамытушы адам. Баланың тәрбиесі ата- анаға да
тәрбиешіге де ұстазға да өте маңызды. Елім деп өтер, патриот
азаматты тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Жастайынан бойына жақсы
қасиеттерді дарыту, оның ақыл, зеректігін байқау, бағалау
жұмыстарын мерзімді қадағалап, орындап отырған дұрыс тәрбие
бастауы.
- Тәрбиешіде саналы ұрпақ
бірден қалыптаспайды. Баланың жүрегінен орын алып, көңілінен шығып,
тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында үзілмейтін қарым – қатынас
орнайды. Сол қарым – қатынасты орнату үшін тәрбиешінің ой
қоржынында көптеген амал, тәсілдер болса, бәрі орынды. Өмірді енді
танып айналадағыны көріп, сезініп, ұғынып жатқан шағында, балаға
дұрыс бағыт – бағдар берсе, сол беті бағытынан таймайды. Көзі ашық,
көкірегі ояу азаматтың алғашқы баспалдағы сол балабақша қабырғасы,
ондағы тәрбиешісі. Өзім осы салада қызмет етіп келе жатқан жылдарда
әр түрлі мінеззді, психологисы әр түрлі балаларды кездестірдім.
Әрине балалабақшаға алғаш келген сәтте балаға да, ата – анаға да,
тәрбиешіге де қиындау, яғни бір біріне үйренісу дағдысы. Осы
үйренісу кезеңі өткен соң ғана, бала тәрбиесіне басты назар
аударылады. Сөйлеуі, ойлауы, қабылдауы, зеректісі, шапшаңдығы,
алғырлығы, міне осы қаситтерді байқай отырып, бар қасиетті дамыту,
жоқ қасиетін қалыптастыру – тәрбиешінің
міндеті.
Біздер тәрбиешілер көп
уақытымызды балаға арнаймыз. Алдымызға келген әрбір тәрбиеленуші
ерекшеліктерін анықтаймыз. Себебі, әрқайсысы жеке дара тұлға.
Бізден бірнеше жыл бойы тәрбие алып, өзіне – өзі сенімді бала
тәрбиеленіп, келешекке нық басар азамат болып жатса – бұл біздің
жетістігіміз тәрбиешінің басты мақсаты. Тәрбиеші болу – қиындығы
мен қызығы қатар жүретін мамандық. «Басы қатты аяғы тәтті» болып
жататын да осы балабақшадағы кезең, сәт шығар. Менің мақсатым –
елімізге үлес қосар, ел ертеңін ойлап, оған бар жан – тәнімен
бойлап, осы бір кірпіш дүниеге, кетігін тауып, қаланатын, абыройлы,
арманы асқақ азамат тәрбиелеу. Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын,
және менен тәрбие алған балаларым ер жетіп, алғашқы тәрбиеші
ұстазым деп келіп, сәлем беріп жатқандары зор қуаныш, мәртебе
санаймын.
«Тәрбие көзі – тал бесік,
тәрбие басы – ұстазда» деп аяқтар едім.
Тәрбиенің бастау көзі
елдегі,
ұстаз бенен тәрбиеші тең бе
еді?!
Данышпанды дананы да
үйреткен.
Тәрбиеші ұстаздардың
еңбегі.
«Тәрбиеші апайым» деп
ұрандар.
Арасында, алғыр да бар, қыран
да бар,
Ата – аналар менің балам
қандай деп,
Тәрбиеші апайлардан
сұраңдар.
Өкіземіз балалармен сан
айды,
Екінші ана деп те – бізді
атайды.
Еңбегіміз еш кетпесін
балаға,
Сыйлаңыздар тәрбиеші
апайды.