400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Мейірімділік әлемді құтқарады" 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық деңгейін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ



«Әлемге мейірім сыйла!»



Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Сүйіспеншілік, қайырымдылық сезімдері ең әуелі әр адамның өз отбасынан бастау алуы керек. Әлемге мейірім шуағын шашу – ол адамзатқа, табиғатқа, жан – жануарға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық деп білемін. Әлемге мейірім төгу – адамның ішкі сезімінің бір бөлігі. Мейірімді болу – өзге адамға жан жылулығы, ізгі ниеті мен лебізін білдіру деп түсінемін. Ал, табиғатқа деген мейірімділік ағаш отырғызудан, өсімдіктер егуден басталады.

Жүсіп Баласағұни бабамыз «Кір тигізбей ұста ойыңның өрісін, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деген. Егерде адам баласы шын ниетімен мейірімді, қамқоршы болса, онда сол адамға соншалықты сауап жиналады екен. Жақсылық жасау адамның жан дүниесінде ұйықтап жатқан сезім, оны оята білу керек. Сенің өмірде жасаған әр бір сауапты істерің, мейірімділігің бір тамшыдан жинала келе жылғаға, жылғадан өзенге, өзеннен теңізге айналады. Сол теңізден мейірім тамшысы әр балаға жетіп жатса ұрпақтың ертеңі айқын болмақ.

Қазіргі әлемде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, қаншама адамдар карантин есебінен үйлеріне жете алмай қалды. Дәрігерлер күні – түні емханада, ата – анасына, туыстарына, балаларына жете алмай, сағыныш сезімінде жүр. Адамзат бір – бірінің мейірім шапағатынан айрылды. Себебі, төтенше жағдайдың ортасында қалып, дүрбелең шығарып кетті. Дүние жүзі осындай қиын жағдайға дұшар болғанда, адамдар бір – бірімізге мейірімізді болып, қамқорлық жасайық. Әсіресе отбасымызбен бірге болайық, отбасымызға мейірімділікті шексіз төгейік. Сонда ғана мейірімділік арқылы бар әлемді құтқара аламыз.













Еркінбек Айнұр Исатайқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
3782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі