Материалдар / Эссе Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сайысқа керек шығармашылықты дамыту үшін көмегі бар. Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы туралы және бұл пәннің бізге берері мол екендігі жөнінде айтылған. Мектепте оқушылардың шырағын жағу арқылы, өзімнің де шырағымның жанғанын сезіп, шығармашылыққа шабыттанғанымды байқадым. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ бергеніме қуаныштымын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
990
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«А. Байтұрсынов атындағы №5 ЖОМ» коммуналды мемлекеттік мекемесінің «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Абаева Назира Турсыновна



Эссе

Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін

Өзін-өзі тану пәні өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге, жалпыадамзаттық құндылықтарға үйретіп, адамның өмір сүруге деген құштарлығын арттырады. Өзін де, өзгені де, әлемді де танып, шығармашылыққа, шабытқа және шырақ болып жануға жетелейді. Оқушылардың бойында әлемдік мәдениетті бағалап, ұлттық қасиеттердің болуын, отбасын, туған елін, жерін сүюге үйретеді.

Казіргі өмірде басты мақсаттардың бірі жастардың бойына адами-рухани құндылықтарды, қайырымдылықты, әділдікті, махаббатты, бақытты бағалай білуді сіңіріп, тәрбиелеуді талап етеді. Осыған байланысты 2010-2011 оқу жылынан бастап, өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы енгізілді. Сол жылы өзін-өзі тану пәнінен сабақ беру маған нәсіп етті. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ бергелі менің өмірімде өзгеріс енгенін байқадым. Мені қайта өмірге алып келген, менің шырағымды жаққан осы – «Өзін-өзі тану» пәні болып табылды. Себебі, 2009 жылы ең аяулы, ардақты, қымбатты, теңдесі жоқ асыл анам дүниеден өткен еді. Сол себепті, өмір сүру мен үшін қызықсыз болып кеткендей болды. Еш-нәрсеге қызықпай, көңіл-күйім көтерілмей көңілсіз болып жүрген кезімде, мені оятып, өмірге құштарлығымды арттырған осы - «Өзін-өзі тану» пәні болды. Бұл пән мен үшін баға жетпес құндылық. Олай дейтінім, ұстаз болу, ұрпақ тәрбиелеу атты ұлы іске бала кезімнен жүрекпен армандаған едім. Міне, ғажайып мамандықтың алғашқы ұстазы болғаныма ризамын. Мектеп менің екінші үйім, ыстық - ұям. Мен мұнда шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беру арқылы мен өзіме ерекше бір күш - қуат, қайрат жігер аламын. Бойыма осындай жігер қайрат дарып отырғанда бар ынтаммен ізденіп, мектептің жүрегіне айналып, оқытып отырған шәкірттерімді сүйе отырып, нұрымды шашып, жарқырап қызмет етемін. Қазақ даналығында «Шырағың сөнбесін» деген әдемі айтылған қанатты сөз бар. Шырағың сөнбесін, расында да, баланың шырағын жағу бұл астарлап айтылып отырған екі сөзден құралған сөз тіркесі. Алайда мұның астары өте терең әрі күрделі басқаларды үйрете жүріп, өзің де бойыңа көп нәрсені сіңіретін жауапты қызмет.

Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық-адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса маңызды. Өйткені оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалардың психологиясын талдай отырып, жас ерекшеліктеріне орай бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына арналған ұстанымдарды қалыптастырып, балалардың жас ерекшелерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді, ойын, жаттығулар, әңгіме, ән және жағдаяттарды пайдалану арқылы мақсаттарға қол жеткіземін.

Сабақтарда пайдаланатын жағымды күйге келу, ән айту, әр түрлі әдіс-тәсілдер, ізгілікті педагогтардың әңгімелері, аңыз әңгімелер, дәйексөздер, насихаттар, сол сияқты адамды жандандырып, күш-қуат, жігер беріп, оқушыларды ішкі жан дүниесін оятады.

Бала бойына білім нәрін себетін, рухани-адамгершілік дәнін егетін, басты тұлға ұстаз. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі оқушыны оқытудан алдын сүю керек. Әр қайсысына көңіл бөліп, бәрін бірдей көріп, үнемі күлімсіреп, әрбір сабақты қызықты өткізіп, ішкі қабілеттерін ашуға көмектесіп, шабыттандырамын. Шабыт адамға қанат бітіріп, белсенділігін арттырып, қабілетін ашады. Әрине оқушыға сен шабыт сыйлай алсаң, қанат бітіре алсаң, сенен керемет адам жоқ сияқты. Оқушы үшін мұғалімнің аузынан шыққан әр жақсы сөзі, сабақтағы пайдаланатын әр түрлі әдіс-тәсілдер және дидактакалық материалдар үлкен шабыт сыйлайды. Әсіресе, шығармашылық әдісінде оқушылар неге жетік екендігін байқатып, ішкі жан дүниесі ашылады, яғни шырақтары тұтанып жанады. Әрбір шығармашылығы бар оқушылар өлең шығарады, сурет салады, алдын-ала өтетін жаңа тақырыпқа байланысты әңгімелерді, сахналауды ұйымастырып келеді, ұялшақ-ұяң оқушылар ашылып, пікірлерін жетік жеткізіп, қабілеттерін көрсетеді. Кейбір оқушылардың мінездері өзгеріп, саналары тазарып, оқуға, өмірге деген құштарлығы артады. Әр түрлі тақырыпқа орай қабілетті оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқып беріп, суреттерін салып, әр түрлі бұйымдарын жасап, өнерлерін көрсетіп, өздерінің неге жетік екендіктерін байқатады. Міне, шырағы жанған осы емес пе? Сол шырақты сөндірмей, мәңгілік жануына жағдай жасау міндетім деп білемін.

Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінен-ақ пайда болады. Сондықтан да әр балаға рухани күш иесі ретінде қараймын. Мұндай көзқарас баланың белсенділігін арттырады, білімге деген құштарлығы көбейеді. Балаларға сеніммен қарап, қолдап-қуаттап, жақсы сөздер, мадақтау сөздерді айтып отырамын. Мысалы; жарайсың, керемет, сенің қолыңнан барлық іс келеді, мен саған сенемін, сен ақылдысың, сен жігерлісің – деген сияқты сөздерді жиі пайдаланамын.

Өзін-өзі тану пәнінің ерекшеліктері мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы. Оқушылар өз сезімдері, ойлары мен әрекеттері басқаларды тыңдауға, оларға ізгілікпен және шыдамдылықпен қарым-қатынас жасауға дағдыландырады. Әрине бұл отбасындағы және ұжымда өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде жүзеге асады. Көбінесе, оқушылар қандай мамандық таңдарын білмей адасады, «Ата-анам кандай оқуға түс десе, соған түсе саламын»- деп, немқұрайлы қарайтын, өзін тани алмай жүрген оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау жасауға да, осы пән көмектеседі. Тіпті, мамандық туралы тақырыптарда оқушылар өздерінің қандай мамандық иесі болғысы келетін ақылдасып, кеңес сұрайды. Олардың қабілеттеріне орай мамандықты таңдау керектігін айтып, ата-аналарына да түсіндіруге тырысамын. Сүйіспеншілікпен баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырып, мамандық таңдауда жаңылмауға үйретемін. Осылайша ұл-қыздарды тәрбиелей отырып, олардың шырақ болып жануына көмектесемін. Яғни, тек қана рухани-адамгершілікке үйретумен ғана шектелмей, олардың өмірден өз жолын табуына, жеке тұлға болып, білікті, білімді маман иесі болып қалыптасуына да жетелеймін. Демек, халқымыздың өркениетті қоғамда еркін өмір сүріп, биік шыңнан көрінгені біздің мақтанышымыз, яғни жас ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда. Сондықтан, менің алдымда әр бір оқушы ертеңгі күні адамгершілігі мол, елімізді өркендетуге үлес қосатын, ойы, сөзі, ісі бір жерден шығатын, барлық тірі жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани байлығы мол жеке тұлға болып қалыптасқанын қалаймын. Өзін-өзі тану - өмірді тану үшін адам өзін жақсы тәрбиелеу үшін ең алдымен, өзінің мүмкіндіктерін тану керек. Қиын да, қызық мамандық ешқашан жалықтырған емес, керсінше өмір сүруге құлшынысымды арттырып, шығармашылыққа, жаңа жолдар мен шешімдер қабылдауға, жаңашыл әдіс-тәсілдер іздеуге итермелейді. Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімді, күш-жігерімді, жаңашылдығымды шәкірттерімнің шырағын жағу үшін бағыттаймын.

Әр адам алғашқы ұстазын ұмытпай жадында сақтайды. Сол сияқты мен де «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі болғаныма қуанамын.

Еліміздің ертеңі үшін білімді, білікті азамат тәрбиелеу ұстаздардың қолында екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн. Тәуелсіз еліміздің жастарының шырағын жағайық!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!