Материалдар / ЭССЕ "Мен қазіргі заман педагогімін "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ "Мен қазіргі заман педагогімін "

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ЭССЕ ұстаздарға арналады. Ұстаздың өзіне жасаған талдауы. Жұмысының нәтижесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2018
668
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі» КММ







«Мен қазіргі заман педагогімін»

(ЭССЕ)





Дайындаған: Қалиева Гүлім Жүсіпханқызы













2017-2018 оқу жыл







Мен қазіргі заман педагогімін

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, жанын салып, баланы оқытуда жалықпай еңбек ететін ұстаздар қауымы – үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.

Әрине мамандықтар көп. Дегенмен, өмірден көп мамандықтардың ішінен білімділікті, біліктілікті, іздемпаздықты, мейірімділікті талап ететін ұстаздық мамандық. Міне осы киелі мамандықты жүрек қалауыммен тандап,алдыма жан-жақты икемделген Қазақстанның болашағы қазақ азаматтарын тәрбиелеу мақсатын қойдым. Мен қазіргі заман педагогімін. Себебі, мен жаңалық пен жаңашылдыққа жаным құмар ұстазбын. Мен қазақ елінің болашағы жалынды жастарды тәрбиелеу үшін үнемі ізденіс үстінде жүремін.

Ұстаз ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып,жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті тұлғаны білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Осы жолда менде еңбек етудемін. Демек тек жаңашыл ұстаз-болашақ кепілі! Міне осы ұранмен өскелең ұрпақты сауатты да салауатты, өнерлі де мәдениетті, шымыр да ширақ етіп тәрбиелеу мақсатында күнделікті сабақты нақтылы оймен жоспарлап, әртүрлі тәсілдерді қолданып,оқушыларымды жаңалыққа жетелеп отыру – менің күнделікті жауапты ісім. Осы жауапты істі атқаруда дәстүрден тыс сабақ үлгілерін, оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, оны сабақта ұтымды қолдана білу мақсатында ұстаздық шеберлігімді арттырып келемін.


Ал , қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел ,шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді тұлға даярлау әр ұстаздан талап етіліп отыр. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды білім берудегі басты бағытым деп білемін.

Шығармашылық – адамның өмірінде өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Оқушының шығармашылығын үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Шығармашылық жұмыстарды орындату , балалардың бақылау, байқау қабілеттері артып, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйретеді. Ал, осыған сай қазір білім беру жүйесінде қарқынды өзгерістер болып жатыр. Ол өзгерістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды талап етеді. Заман талабына сай жұмыс жасау, оқытудың жаңа технологиясын еңгізу арқылы белгілі мақсатқа жетуді көздеймін. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с.

2015-2016 оқу жылы бойынша «Зерде аудандық ғылыми жобалар байқауында » «Атамекен аясы,адамның жан саясы» тақырыбында ғылыми жобалар қорғап нәтижесінде Жұмабек Нүргүл аудандық І орынды иеленді.

2016 жылы 15 желтоқсан «Көк тудың желбірегені-қазақтың асқақ беделі » атты Республикалық мектеп оқушыларының шығармалар байқауының орта топ 11-14 жас аралығындағы байқауға 3- сынып оқушысы Уахит Мерей Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өлеңдер жіберіп, 3 орын иеленді. Мерейдің жетекшісі ретінде мағанда алғыс хат келді.

2016-2017 оқу жылы Қазақ тілінен «Түбірлес сөздер », Ана тілден М.Шаханов «Төрт ана» , М.Жұмабаев «Аққала» , 2016-2017 оқу тоқсандағы жетістіктеріміз сыныбымыздан Сабырова И,Каликова аудандық ғылыми жобалар байқауына қатысып, Сабырова И «21 ғасырдағы ою-өрнектердің қолданысы. » тақырыбында жоба қорғап, «Ізденімпаз», Каликова А «Балапан арнасындағы мультфилімдердің пайдасы мен зияны» тақырыбынды жоба қорғап «Жас ғалым» номинациясына ие болды.



2016-2017 оқу жылы қорытындысы бойынша аудандық алғыс хатын алдым. 2017-2018 оқу жылы бойынша мен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып ауысып қызымет жасаудамын . 6,8,11 сыныптарға қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен сабақ берудемін. І тоқсан бойынша 6-сыныпта «Мәтіндермен жұмыс» , 8-сыныпта «Бастауыш» тақырыптарында ашық сабақ өткіздім. Тіл мамандары бірігіп «Үш тұғырлы тіл болашаққа жол » тақырыбында апталық өткіздік. «рәміздер- отаншылдық сезімінің бойтұмары»шығармашылық байқауының аудандық кезеңінін жүлдегері марапатын алдым.


2017-2018 оқу жылы бойынша «Зерде аудандық ғылыми жобалар байқауында » Сабырова И аудандық І орынды иеленді. Каликова А ІІІ орынды иеленді.

Қазіргі таңда 5-9 сыныптар аралығында әдебиеті пәнінен әдістемелік құрал дайындап отырмын. Сонымен қатар «Мәтінмен жұмыс» тақырыбында 8-9 сыныптарға арналған таңдау сабағын құрастырудамын.

6-сынып қазақ тілінен -100 пайыз, әдебиеттен -100 пайыз ,8-сынып қазақ тілінен 100 пайыз ,әдебиеттен -100 пайыз , 11-сынып-50 пайыз білім сапасын көрсетіп отыр.

Нұрхан оқулары -2018 аудандық байқауда 8-сынып оқушысы Мәлік Торғын ,6-сынып оқушысы Мияссар Илияс қатысып Нұрхан ұрпақтарының марапаттауларына ие болды. Катев «Жарқын болашақ» қазақ тілі және әдебиеті

Олимпиадасына Уахит Ақбота «Тілші әдебиетшілер» бөліміне қатысып, 43 балл жинап «Білімпаз»номинациясына иеленді. «Жас ғалымдар» бөліміне Жақсылық Балнұр «Қазіргі кездегі бесіктің сипаты қандай?» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап ІІ орын иегері атанды.


Сонымен қатар мектепішілік Абай оқулары-2018, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыптарында әдеби кештер ұйымдастырдық Сыныптан тыс жұмыстар қатары өз алдында жүргізілуде.


ІІІ тоқсан бойынша 8-сыныпта ,6-сынып оқушыларымен ашық сабақтар жүргізілді.


Иә, 3 айлық деңгейлік курста оқымасамда, өз бетімше ізденіп, оқығандардан тәлім алып, өз сабақтарымда жаңа технологияларды тиімді пайдаланып жүрмін деп сенімді айта аламын. Себебі мен әр сабағыма ұқыпты даярланып , оны көрнекі құралдарды пайдалану арқылы тартымды, әсерлі етіп өткізіп жүргенім әріптестеріме аян.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Шығармашылық – адамның өмірінде өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Оқушының шығармашылығын үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Осы орайда айта кетерім, өз сыныбымның ата-аналары тарапынан үлкен көмек алып отырғаны. Оқушыларға беріліп отырған шығармашылық тапсырмаларды қызықты әрі талап пен талғамға сай орындатуға , интернет желісін пайдалану арқылы қосымша мәліметтер жинауға, әр түрлі жұмыстардың орындалуын қадағалауда олардың еңбегі зор деп білемін. Ата-аналар ұжымына алғысым шексіз. Шығармашылық жұмыстарды орындату , балалардың бақылау, байқау қабілеттері артып, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйретеді. Ал, осыған сай қазір білім беру жүйесінде қарқынды өзгерістер болып жатыр. Ол өзгерістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды талап етеді. Заман талабына сай жұмыс жасау, оқытудың жаңа технологиясын еңгізу арқылы белгілі мақсатқа жетуді көздеймін.

Өз сабағымда оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолданамын. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке , сынып көшбасшысы болуға ынталандырады. Оқушылардың шығармашылығын дамытудың басты жолы сабақ, сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегиялардың әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты.Өзім ана тілі пәнінен баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдіс-тәсәлдерді қолданамын.

  1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқытып, оқушыларға өздері басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.

  2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап, аяқтауды оқушыға тапсыру.

  3. Ертегіні ұжым болып тыңдау.

  4. Ұйқас ұсынуарқылы өлең шығару.

  5. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу. (ЭССЕ)

  6. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  7. Өтірік өлең құрастыру.

  8. Мәтін бойынша сурет салу.

  9. Жұмбақтар шығару.

  10. Мақалалар , құттықтаулар, хаттар жазу.

  11. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрап, жоспар құру.

  12. Ақын-жазушыларға, әңгімен кейіпкерлеріне постермен жұмыс жасау

  13. Өтілген тақырыптарға қосымша мәлімет іздеу ( кітаптардан, интертет желісінен) т.т.с

Сонымен қатар қазақ тілі, математика, дүниетану , орыс тілі пәндеріненде осы сынды әдіс- тәсілдерді үнемі пайдаланып отырамын.

Қазіргі кезде қоғамға қажетті мамандықтар тез бейімделуді, ептілікті,

шапшандылықты, ерекше ойлау қабілетін, қиындықтан шыға білуді , адамдармен тіл табыса білу өнерін қажет етеді. Бұл қасиеттердің барлығы да шығармашылық жолдан басталады.

Оқушылардың өзін-өзі тануға ұмтылуы , ізденуі табиғи құбылыс. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Ал , қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел ,шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді тұлға даярлау әр ұстаздан талап етіліп отыр. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды білім берудегі басты бағытым деп білемін.

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Мектеп- кеме, білім- теңіз,

Бұл екеуі бір егіз.

Ғалым , дана, данышпан,

Тәлім алған ұстаздан.

Жаңашылдық жаршысы,

Балаларға қамқоршы,

Білімімен әрқашан,

Алға бассын қолға алған игі ісі.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!