Материалдар / Эссе: "Менің курстағы күндерім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе: "Менің курстағы күндерім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал функционалдық сауаттылық , жаңаша оқыту тақырыбындағы курста болған күндеріме арналған. Ұстаздарға пайдасы тиер деген ниетпен жариялап отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе : "Менің курстағы күндерім"



Міне, қыркүйек айымен бірге курсымыз да аяқталып келеді. Осыдан тура он күн бұрын курсқа қатысушы өзім секілді өңшең "жиырма бес" қара көз "Өрлеудің" бірінші қабатын өзімізге меншіктеп, тосылыңқыра сабақты бастап едік. Енді аз уақыт ішінде мәтін талдап, "оқу сауаттылығы", "аспекттің қыры", "жағдаят", "чилинджер" терминдерін түсініп, біраз ақпарат алып қалдық.Бұрын ақпарат бес жылда ескіретін болса , қазіргі ғылым мен технология дамыған уақытта, жарты жылдың ішінде ескіретін болған.Ұлы Қытай философы Конфуций : "Мұғалім мен оқушы бірге өсуі керек" -деп айтқандай, қазіргі мұғалім өз білімін жетілдіріп отырмаса, заман талабына ілесе алмай қалады.

Біздің екі жұмалық курсымыз әрине қызықты өтті. Күн сайынғы лекциялар, теориялық білім мен практикалық жұмыс біздің көңілімізден шықты. Топ жетекшіміз Рысқаным Сағынбайқызы өзінің біліктілігімен бізді баурап алып, "бақ суарған бағбандай" әрқайсымыздың бетімізге бір үңіліп, қайта-қайта түсіндіріп, бар ақпаратты бізге сіңіруге тырысты. Белсенді оқыту стратегияларын шеберлікпен пайдалана білген топ жетекшіміз бізге әр минутымыз бен секундіміздің қымбат екенін өзіндік тұлғасымен дәлелдеп берді. Курстан түйгеніміз, 2012 -2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары мен Елбасымыздың Жолдауы негізінде пайда болған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз - алған білімдерін өмірде пайдалану, адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе білуі болып табылады.

Жалпы дамыған басым елдер мойындап отырған функционалдық сауаттылықты дамыту-Қазақстандық оқушыға қажетті норма.Яғни, әлемдік білім стандартына сәйкесті мектеп бітіруші түлек құзіреттіліктің жеті бағытын меңгеруі керек.Осы функционалдық сауатттылықты дамытсақ қана қоғамның жаһандануы , ақпарат желісі мен интернет желісі дамыған заманға ілесе алатын, ұлы ақынымыз Абай айтпақшы "нұрлы адамды" тәрбиелей аламыз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев аңсаған : "Бәсекелестікке қабілетті -50 ел "қатарына кіретін боламыз.Білім берудің прадигмасы өзгерді, енді біз "Өмірлік білім алмаймыз, өмір бойына білім аламыз".Білім берудің өз-өзіне , Отанына,еліне деген құрметі, ашықтық, азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастық ,қарапайымдылық, бауырмалдық, отбасына қамқорлық, шығармашылдық секілді құндылықтарды бойына сіңірген оқушы -болашақ ХХІ ғасыр адамы деп тануға болады.Біздің , осы екі жұмалық курстан алған түйініміз міне, осылай. Біз-мұғалім-фасалитатор немесе мұғалім-чилинджер рөлін атқаратын болдық!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!