Материалдар / ЭССЕ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ- МҰҒАЛІМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ- МҰҒАЛІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйікті мамандықтың қыр-сыры жайлы ой.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
3293
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Менің мамандығым – мұғалім

Уақыт зымыранында кідіріс жоқ, зулап жатқан тоқтамас ағын сияқты. Кеше ғана алаңсыз балалық шақтың ауласын шарлап, шексіз арман құшағында жүргенбіз. Бүгін міне, зерденің негізін қалайтын, адамның адам болып қалыптасуында зор үлес қосып, ең қасиетті шаңырақтың туын көтеріп, мәртебесін айшықтайтын қасиетті мамандық иесімін. Менің мамандығым – мұғалім. Мен- келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Менің осы мамандық таңдауыма үлес қосқан әдебиет пәні мұғалімім. Мамандық иесі болу үшін алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені білім арқылы адамның қабілеттілігі артады, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Осы арман мені жетелеп, 2003жылы, Астана гуманитарлық колледжіне, одан әрі Көкшетау университетіне әкелді. Өмірдің әр қилы жолында түрлі жағдайлар болады емес пе?! Сондай түрлі кедергілерде мен біраз уақыт мамандығымнан қол үзіп қалдым. Бірақ менің санамнан балалық арманым ешқашан үміт отын сөндірген емес. Мен сол уақыттар аралығында түрлі мамандықтарда жұмыс істеп көрдім. Мәселен, сатушы, тәрбиеші. Осы аталған салаларда шын беріліп істесем де, дәл қазіргідей рахаттана, демала, шабыттана жасап көрмеппін. Өз мамандығым бойынша жұмыс істегелі биыл 5 жылға жуық уақыт өтіпті. Осы уақытта түйгенім: Ұстаз болу үшін жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқу керекпіз. Өзің шын мәніндегі «үлкен оқушы» болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Өмірде талай ұстаздар болады. Ал мектептің ұстаздары–бастаудың басы болып табылады. Сондықтан да мен өзімнің әр сабағымда оқушылардың бойына Отансүйгіштік пен парасаттылықты, ізгілік пен адамгершілікті қалыптастыруда аса мән беремін. Әдебиет ол - халқының тілін, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін танып білуде зор рөл атқаратын – ар сабағы, адамдықтың сабағы. Әл-Фараби бабамыз: " Адамға, ең алдымен, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі",-деген екен. Біліммен егіз тәрбиенің бастау бұлағы ата-ана арқылы сіңсе, бұл ретте ұстазының да ролі зор екені сөзсіз.

Еңбегімнің еш кетпей еленгеніне қуанамын. Оқушыларым мектепішілік, қашықтық, аудандық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Оқушыларымның көздерінен жанып тұрған отты көргенде , шаршағаным сейіліп, бір демалып қаламын. Мен еш шүбәсіз мұғалім менің –мамандығым деп айта аламын. Сабаққа дайындалғанның өзінде бір идеядан бір идея туындап шыққанда шабыттанып, балаша қуанып мәз болып, мектепке жеткенше, оны оқушыларыммен бөліскенше қатты асығамын. Сабаққа кіргеннен оқушылармен бірлесе жұмыс жасап, талдап, олардың жоғары деңгейлерде жауаптарын тыңдағанда, рахаттанып бойыма күш-қуат алып шыққандай әсерлер болатын кездер болады. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жандүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.

Заман талабына сай оқушыларды оқытып қана қоймай, оқыта отырып дамыту керек. Қазақта: « Бір кісі құдық қазса, мың кісі су ішеді » деген қанатты сөз бар. Жер бетіндегі барша мамандық иелерін білім нәрімен сусындатып, зейінін ашатын сан-салалы ғылым сырын ұқтыратын маман иесі екенімді сезінгенімнің өзі бақыт деп ойлаймын. Иә, қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың алғашқы баспалдақтарында білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғырту процестері жүріп жатыр. Әлемде болып жатқан жаhандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегейлі өзгерістер әкелуде. Жаңа заманның жас жеткіншектері жаhандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей. Ақпарат легі өте көп. Сондықтан бүгінгі ұстаз олардың сапасымен тәрбиелік мәніне көп көңіл бөліп отыруы керек Мен өз жұмыс барысында осындай ұстанымдарымды басшылыққа аламын . Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті - ұстаздардың қолында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Мен өз бойымда осы қабілеттің болғанына қуанамын. Сөз соңында айтқым келетіні – оқушылар үлкен өмір жолында қандай мамандық таңдаса да, нағыз адам болып шыққаны әрбір ұстаз үшін маңызды. Мен осы жолға титтей де болса үлес қосып жүргенімді мақтаныш санаймын. Табиғат берген қабілетімен жұмыс істеген адам бақытты. Себебі ол өзі бақытты болса, айналасындағы адамзат та бақытты.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!